Сөйлем мүшесі болатын сөз не сөз тіркесінің белгілері:
- дербес, толық мәнді болып, белгілі бір сұраққа жауап береді.
- Белгілі грамматикалық тұлғада тұрады.
- Өзінің байланысатын сөзімен еркін синтаксистік қатынасқа түседі.
- Сөйлем ішінде өзіне тән орны болады.
Бұл өзінің құрылысы жағынан дара (бір сөзден), күрделі (екі не бірнеше сөзің тіркесінен), үйірлі (бастауыштың, баяндауыштың қатысуымен байланысқан күрделі мүше) болады.
Сөйлем мүшелері қызметіне қарай: 1) тұрлаулы 2) Тұрлаусыз болып бөлінеді.
Сөйлемді құрастыруға негіз болатын мүшелер – тұрлаулы мүшелер.
Бастауыштың баяндауышпен байланысы үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
- жіктік жалғауы арқылы (үш жақта, жекеше, көпше)
- жалғаусыз, мағыналық байланыс, орын тәртібі арқылы
- интонация арқылы
Сөйлем – тілдің коммуникативтік мәнін айқындайтын ең негізгі бірлік. Ол жеке сөзден не олардың тіркесінен құралатыны мәлім.
Сөздер сөйлем құрамына еніп, өзінің лексикалық мағынасына түсу нәтижесінде белгілі синтаксистік мағынаға, функцияға ие болады. Сөйлем арқылы берілетін хабардың бір бөлшегі, бір мүшесі болып тұрады. Сөздерде белгілі тілдік тәсілдер арқылы қатынасы да, ұғымдарының қатынасы да беріліп отырады. Сондықтан сөйлем мүшесі әрі мағыналық, әрі грамматикалық байланыста болады.
Сөздердің сөйлем мүшесі болу қызметі олардың жеке алғанда қасиеті емес, сөйлемде бір-бірімен байланысында, қарым-қатынаста қолданылғанда ғана көрінетін мағынасы болады. Сондықтан сөйлем мүшесі категориясы — синтаксистік категория.
Сөйлем мүшелері сөз таптарынан жасалады. Сөз аптары мен сөйлем мүшелері бір-бірімен тікелей байланысады. Морфологиялық, синтаксистік категориялар ретінде оларды өзара қарым-қатынаста жұмсалады. Бірақ олардың мәндері тепе-тең емес. Сөз таптары – морфологиялық категорияда, сөйлем мүшелеріндегі — синтаксистік категория.
Сөйлемдегі сөздерді мүшеге бөлу қандай негізден туған және ол неге бесеу?
Тілдегі елеулі құбылыстардың қай-қайсысы болса да өмірден туған, тұрмыстағы объективтік болмыстың бейнесі. Тұрмыстағы құбылыстар, заттар,процестер өзара бір-бірімен байланыста, шартты қатынаста болады. Олардың байланысы сан қилы болуы мүмкін, бірақ тіл солардың ішіндегі ең жалпы, негізгі екі қатынасты ғана алады: оның бір – өзара қатынасқа келген екі заттың – белгінің процестің бірі екіншісіне тәуелсіз қатынасы да, екіншісі – тәуелді, бағынышты қатынасы.
Басқаға тәуелсіз қатынаста тұратын заттың, құбылыстың тілдегі бейнесі – бастауыш. Бастауыш – сөйлемнің не туралы айтылғандығын білдіретін, грамматикалық жағынан басқаларға тәуелсіз мүше. Ал сөйлемнің басқа мүшелерінің барлығы да тәуелді қатынастың көрсеткіші.
Баяндауыш – белгінің, процестің затқа, құбылысқа жартылай тәуелділігінің көрсеткіші. Өйткені ол бір жағынан өзі бастауышқа тәуелді. Бағынышты бола тұра, екінші жағынан сөйлемнің басқа біраз мүшелерін өзіне тәуелді етіп тұрады. Оны грамматикалық жағынан жартылай тәуелді мүше деудің себебі де осыдан.
Анықтауыш – белгілі затқа тәуелді қатынасының көрсеткіші.
Толықтауыш – заттың процеске тәуелді қатынасының көрсеткіші.
Ал, пысықтауыш — белгінің белгіге, процеске тәуелділігінің көрсеткіші. Сөйлем мүшелердегі грамматикалық жасау жолы мен тұлғасы жағынан, мағынасы жағынан жалпыланған категория.
Олар сөздердің сөйлемде өзара білдіретін мағыналық қатынасына соған сәйкес, атқаратын синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөлінеді: предикативтік қатынасты білдіретін сөйлем мүшелердегі, яғни тұрлаулы мүшелерді және предикативтік емес сөйлем мүшелері, яғни тұрлаусыз мүшелер.
Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемнің құрылысын, құрамын, мағынасын айқындайды: мысалы, екі құрамдылық, бір құрамдылық, толымдылық, толымсыздық, жалаң, жайылмалық осы тұрлаулы мүшелердің қатынасына қарай анықталады.
Сөйлемнің сөйлемдік қасиеті, предикативтік негізі осы тұрлаулы мүшелер арқылы жасалады, басты белгілері: предикативтілік, модальділік, интонация арқылы айқындалады.
Әдетте бастауышқа байланысты қалыптасқан анықтамаларда әрі логикалық, әрі грамматикалық негізде болады:
- «Сөйлем айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сананың иесі болатын мүшені бастауыш — дейміз» (қаз қазақ тілі, 1953)
- «Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш — дейміз» (мекен оқулығы)
- «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сананың кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз» (Әміров)
- «Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сананың субъектісі (иесі) болады» (Б…..)
Көріп отырсыздар, ойдың иесі! Ал: ол бірде мені қатты ұялтты. Оның мені бірде қатты ұялтқаны бар.
Сондай-ақ, сөйлемнің құрылу мүмкіншілігі мол, бастаушы үнемі субъектінің тілдік баламасы болып келмейді, кейде ол сөйлемнің құрылымының негізі (баяндауышпен бірге) басым жұмсалады: Кітап оқыды. Екеуің боп осыған көндіріңдер. Бұл сөйлемнің стильдік структуралық мүмкіншілігі кең екенін көрсетеді.
Баяндауыш сөйлемнің сөйлемдік қасиетін танытатын ең басты мүше. Сөйлемнің басты белгілері: предикативтілік, модальділік, интонация, басымдылық, басымсыздық – осы баяндауыштың тұлғасынан көрінеді.
Баяндауыштар әдетте бастауышқа бағынышты мүше ретінде алып қарайды. Ол оның бастауыштың жақтық және жекеше, көпше мәнін жұмсалуына орай түрленуіне байланысты. Сондықтан сөйлемнің бұл екі мүшесінің арасындағы байланысты – қиысу деп атайды.
Баяндауыштың негізгі тұлғасы – жіктік жалғауы. Сонымен қоса баяндауыштың қызметі сөйлемдегі оның орнын анықтайды – сөйлемнің соңында тұрады. Мен келдім. Мен студентпін. Ол студент. Күн жылы.
-нікі, -дікі: меншік иесін білдіретін қосымшаларды есім сөздеріне жалғанып баяндауыш болады.
- Баяндауыштың жасалуы:
- Оның түрлері (есім, етістік)
- Баяндауыштың тұлғасы
Баяндауыш қай сөз табына жалғанса да, шақтық мағынаны білдіруге тиіс. Продукативтілік соны талап етеді: шақтың мағына сөйлем мазмұнның болмысқа қатынасын анықатйтын басты компонент.
Бастауыш есімнен болғанда, шақтың мағынасы арнаулы синтаксистік амалдар, контекстік қоршау анықтайды. Ол студент. Ол студент еді.
Эллипс сөйлемдер: Алып анадан, болар бала бесіктен. Ақыл жастан, асыл бастан.
Бастауыш
- Мағыналық жағынан алғанда (мағыналық белгісі) бастаушы сөйлемдегі іс-қимылдың иесі.
- Грамматикалық белгісі – атау тұлғада тұрғанда (тәуелденіп те, туелденбей де, жекеше де, көпше тұлғада да) сондықтан оның сұрағы: кім, не, кімі, несі, кімдер, нелер?
- Бірақ мынаны ойланыңыздар: 1. істі субъектісі болғанымен, бастаушы болмайтын жағдай еді. 2. Бастауыш субъектіден емес, объектіден жасалатын жағдайда де бар. Мысалы: І. Маған кітапханаға бару керек. Менің кітапханаға баруым керек. ІІ. Кітап оқылды, сүт ішілді.сондықтан осы ерекшеліктердің бәрін қамтитын бір анықтама табу керек.
Бастауыштың жасалу жолдары.
Негізінен, зат есімнен жіне соның орнына жүретін есімдерден (жіктеу есімдігі) сондай-ақ заттанған, субстансивтенген сын, сан есімнен, есімшеден, тұйық етістіктен жасалады.
Мысалдар:
1. Қасен үзілген сөзін қайта бастады.
2. Шахталар мүлде өзгерді.
3. Мен осы кітапты асығыс жазғанымды айттым.
4. Бәрі де ———— — алда жатыр.
5. Ал кім барады?
6. Арбалы ауылға ——- келіп, біздің үйге бұрылдық.
7. Сендерге отызда көп.
8. Әке болу – табиғат заңы.
9. Саған тигені – маған тигені.
10. Бұрс-гүрс бірнеше рет қайталанады.
Күрделі, ——— бастауыштар
Бірнеше сөз тіркесіп күрделі бастаушы болу үшін ——- өзра тығыз синтаксистік байланыста тұруы керек.баяндауыш олардың жеке біреумен емес, тұтастай алғандағы тобымен байланыста болу керек. Мысалы: Тас көмір –————шығады. Үңгір асты – тайғанақ жай болмақ. (Ғ.М)
Күрделі сын есім, сан есім.—————————
Көшпелі келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар. Әбіш сияқтылар өзінен-өзі сытылып шығып қалмақшы. Тәрбие дегеніміз – бір адамның екінші адамға белгілі бір жақсы әдісіңді үйретуіне ықпал жасауы. Бүгін әнші Жүсіпбек келеді.
Баяндауыш
Баяндауыш – сөйлемнің ұйытқысы. Предикативтілік осы баяндауыш арқылы көрінеді (модальділік те, интонация да осы баяндауыш арқылы тиянақталады).
Бастауышқа тән белгілерді, іс-әрекетті, күрделі процесстерді.
Сөздер атау тұлғада (түбір күйінде) тұрып та, жіктік жалғауын жалғап та, (жіктік жалғауын – баяндауыштық жалғау дейді) баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі
Ұқсас материал:
- Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
- Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
- Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
- Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
- Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
- Эссе және оның түрлері
- Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
- Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
- Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
- Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
- Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
- Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы