Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

0
8136
Иллюстрация: Freepik.com

Жоспары:

1) анықтауыш және айқындауыш.

2)толықтауышқа тән белгілер, жасалу жолдары. Тура және жанама толықтауыштар.

3)пысықтауышқа тән белгілер, жасалу жолдары. Жанама септіктердің толықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Бағыныңқы мүше, анықтаушы мүшелердің предикативтік қатынасқа кірігуін, сөйлемнің жайылмалануын түсіндіріңіз.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ілім қазіргі қазақ тілі синтаксис ғылымында біршама тұрақталды деп айтуға болады.

Алдымен тұрлаусыз деп – атауы туралы олай  аталуы олардың сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Әрине, термин ыңғайсыз алынған, дегенмен қазір сіңісіп кетті.

Сөйлемдерді сөйлем ететін, тұрлаулы мүшелер болса, тұрлаусыз мүшелер де солардың айналасына топталып, олар арқылы ғана сөйлемде айтылатын ойға қатысты болып келеді, сөйлемнің құрамды бөлшегіне айналады. (Әрине, олар мағыналық және грамматикалық тұрғыдан тұлғаланады).

Грамматикалық ерекшеліктеріне келер болсақ, тұрлаусыз мүшелерге тұрлаулы мүшелермен және өзара алғанда синтаксистік байланыс сипатына қарай ерекшеленеді. Ең тұрлаулы мүшелер өзара қиыса байланысса, тұрлаусыз мүшелер қабыса, меңгеріле, матаса байланысады.

Тұрлаусыз мүшелердің бір тобы бастауыштың айналасына топтанып, соның түрі жағынан анықтап, солармен тұрса анықтауыш, енді бір тобы баяндауыштың мағынасын түсіндіреді.

Оларды топтарға бөлу (—————) олардың бас мүшелерге осындай мағыналық қатынасына негізделеді. Тұрлаусыз мүшелерді топқа бөлудің ол қазіргі қалыптасқан грамматикалық принципі. Мұны әлі жетілдіру керек сияқты.

Мысалы, анықтауыш бас мүшелерге мағыналық қатынасына қарай емес, қандай сөзден жасалғаны мүшеге қатыстылығы тұлғасынан ғана бөлектенеді: (Есімге, етістікке). Қатысты сөздің алмасуынан (бірде етістік, бірде есім) олардың мағыналық қатынасы өзгеріледі деу қиын.

Тұрлаусыз мүшелердің өздеріне тән морфологиялық тұлғасы мен байланыс тәсілдері де бар. Мысалы, ілік септік анықтауыштың, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші. Матасу – анықтауыш, жанасу – пысықтауыш. Сонымен қатар, белгілі бір тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалуға бейім сөздер бар. Мысалы, сын есім – анықтауыш қызметінде ,үстеулер – пысықтауыш қызметінде.

Барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғаулар сөздердің синтаксистік қызметі әртүрлі. Олардың кейбіреулері қандай сөйлем мүшесі екендігі ажырату үшін грамматикалық формасын, қай сөз табына жататындығын ескерумен қатар, сол сөздің лексикалық мағынасын да қарау қажет болады.

Мысалы, ауылға келдім (мекендік мән). Асқарға келдім (заттық мән). Екеуі де етістікке қатысты. Тұрлаусыз мүшелерді кейде контекст, ол сөздердің лексикалық мағынасы жайлы қай сөзбен байланысатыны анықтайды. Мысалы, ол біздің ауылға жиен (заттық мағына). Ол біздің ауылға келді (мекендік мағына).

Тұрлаулы мүшелер – сөйлемдегі сөйлемді сөйлем ететін ең негізгі мүшелер. Сөйлемнің ұйытқысы. Әрине, тұрлаусыз мүшелерде де сөйлем жасай береді. Сөйлем болуы – контекс сөйлеу ————— байланысты.

Тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелерді қоршап, анықтап тұрады, осы екеуіне қатысты болады.

Оқшау сөздің сөйлем мүшесі болмайтындығы.

Мысалы: І. «Полицей приставаның дәл осы кезге келе қалуында, мүмкін. Реяновтың да қатынасы бар шығар… бер әрине. (Ғ.Мүсірепов). ІІ. Білсем, жар деп кісі үй жолдасын айтат та! (М.Ә). ІІІ. Үсен, Үсен, мынау таяз жердегі  балықтарды қарашы! (Ы.А)

Демек оқшау сөздердің сөйлем мүшесі болмайтындығы, олар сөйлемдегі басқа сөздермен мағыналық, моральдік қатынасқа енгенмен грамматикалық қатынасқа енбейді.

Анықтауыш

Анықтамасы, тұлғалық, мағыналық белгілері. Анықтауыштың жасалу жолдары. Дара және күрделі анықтауыштар.

Анықтауыш түрлері: матаспалы анықтауыш, қабыспалы анықтауыш. Анықтауыштың түрлері жайында пікірлер.

Оқулықтарда анықтауыштарға мынандай анықтама беріледі. Балықбаев: Анықтауыш – сөйлемдердегі зат есім соңына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Әміров: сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім соңына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері анықтаушы деп аталады. Акад грамматика: анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да соған қатасты болады.

Анықтауыштардың тағы бір сипаты  — анықтайтын сөздермен тығыз байланысты болады, сонымен бір топта айтылып, сөз тіркесін құрап тұрады. Анықтауыштардың білдіретін мағыналарды – заттық  түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты санаулы және тәндік белгісі.

Тұлғалық ерекшелігіне келер болсақ, атау және ілік септік тұлғалды.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер – сын есімдер. Сын есімнен болған анықтауыштар анықталатын сөздер мен қабыса байланысып, оның түр түсін, сынын, көлемін, басқа сапалық белгілерін білдіреді.

Анықтаушы қызметінде зат есімдер мен есімдіктер, есімшелер мен қимыл мекенді т.б. сөздер де қолданылады. Олар анықтауыш қызметінде жұмсалғанда тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлға арқылы өздерінің негізгі мәтіндеріне ажырап, сын сапалық, тәндік мәнге ие болады.

Зат есімдер атау тұлғада анықтауыш қызметінде жұмсалып, анықталатын сөздің заттық сапасын атайды: ата қоныс, киіз байпақ, қол сағат.

Зат есімдер ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Ол жағдайда заттың иесін білдіреді. Мысалы, Күнікенің аяулы да осы арада жанып еді (М.Ә).

Сілтеу есімдіктер атау тұлғасында тұрғанда өзі қатысты затты нұсқау мағынасында жұмасалады. (Сол кітап, сол адам).

Есімшелер анықтауыш қызметінде заттық қимылдың сапасын білдіреді. (Білген адам, оқыған қыз).

Затттық сан мөлшерлік білдіретін анықтауыш болады. Анықтауыштар құрамына қара дара, күрделі және үйірлі болып келеді.

Күрделі анықтауыштар: негізінен күрделі сын есім, сан есім, күрделі есімшелерден жасалады.

Үйірлі: Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Мен ерген ауыл емес. Біз төбесі аласа үйге кірдік.

Анықтауыштар жасалу жолдары ме байланысу тәсіліне қарай қабыса байланысқан анықтауыш және матаса байланысқан анықтауыш болып бөлінеді. Балақаев оларды сапалық анықтауыштар, меншікті анықтауыштар дейді.

Анықтауыштың сұраулары: Қандай, қай, кімнің, ненің?

Толықтауыш

Анықтамасы, тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Толықтауыштың жасалуы, құрамы. Толықтаушытың түрлері: тура толықтауыш, жанама толықтауыш. Толықтауытың өзі қатысты мүшесімен байланысы.

Толықтауыштар, әдетте, сөйлемнің баяндауышына қатысты болады деп түсіндіріледі. Ол баяндауыш, көбінесе, етістіктен жасалады да, толықтауыш іс-қимылдың әсеріне ұқсайтынына, іс-қимылға қатысты болып келетін заттарды білдіреді. Бұл – толықтауыштың мағыналық белгісі болса, тұлғалық белгілері барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларды. Мысалы, биылғы қыстың бас адамға да ,малға да әзір аса жайлы болып тұр. (М.Ә). Алғашқы кезде көмірді вагонеткамен шығаратын. Асқарда кітап көп.

Толықтауыштардың сұрағы: кім, не түбірлі болын келеді. Септік жалғанғанда тұруына байланысты.

Толықтауыштың өзі қатысты сөзбен мағыналық байланысы тығыз болады. Сондықтан ол болмаса сөйлемнің мағынасы толық айтылмайды.

Толықтауыштың іс-әрекетке, қимылға қатыстылық дәрежесімен мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және мағыналық ерекшелігі тұлғалары арқылы (септік жалғаулары) көрінеді.

Табыс септік жалғанғанда сабақты етістіктердің жетегінде айтылатын толықтауыштарды тура толықтауыш дейді. Сұрағы кімді, нені? Тура толықтауыштың мағыналық жағына келер болсақ, ол – іс-қимылға тікелей қатысы болады. Өзі толықтанатын сөзімен барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғау арқылы байланысып, іс-әрекетке, белгілі сапаға жанама түрде қатысты болатын толықтауыштарды жанама толықтауыш дейді. Сұрақтары: Кімге, неге, кімде, неде, кімнен, неден, кіммен, немен?

Тура толықтауыштың тұлғасы – табыс септігінің жалғау және жалғаусыз нөлдік тұлға түрлері.

Тура толықтауыш мынандай жағдайларда жалғаулы болып келеді:

  1. Егер арасына сөз түссе.
  2. Тәуелдік жалғаулы толықтауыш
  3. Логикалық екпін түссе.
  4. Бастауыш болуға бейім сөздер, соның ішінде әсіресе жалқы есімдер.
  5. Сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер.

Жанама толықтауыштар: барыс септік жалғауы толықтауыштардың білдеретін мағыналары:

  1. Іс-қимылдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын білдіру.
  2. Іс-әркеттің мөлшерін білдіреді. Асқар биыл отызға толады.
  3. Сапаға қатысты объектілерді білдіреді. Сөзге жүйрік, оқуға ықыласты.

Жатыс септікті толықтауыш.

Олар іс-қимыл таралған объектіні, зат құбылыстың орны тұрағы болған объектіні білідіреді. Жатыс септікте сөздер пысықтауыш қызметінде, баяндауыш қызметінде де жиі қолданылатыны белгілі. Пысықтауыш пен жанама толықтауыштың айқындауға қиындық көздейді.

Толықтауыш пен пысықтауыштың синтаксистік қызметі контекске және етістік баяндауыштың мәніне байланысады. Мысалы, жылқыда өт жоқ. Ол жылқыда болды. Асқар бірінші класта оқиды. Асқар бірінші класта отыр.

Шығыс септік жалғауы бұл тұлғадағы толықтауыш болатындар көлем кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат не басқа есімдер.

Білдіретін мағыналары:

  1. Іс-қимылға жұмсалған материалды, яғни заттық тегін, неден жасалғандығын білдіреді. (тастан сарай салғызды).
  2. Іс-әрекеттің шығу объектісін, тегін, тобын білдіреді. (Сабадан қымыз құйылды).

Көмектес септіктер.

Орын – мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ сөздерден зат есім жасалады.

  1. Істің істеул құралын, немесе істі істеу үшін жұмсалған объектіні білдіреді: Ағашты балтамен шапты. Пулеметпен атылды.
  2. Іске бірлестік қатынастағы объектіні білдіреді. Ол Асқармен бірге болды.
  3. Бір өңкей заттардың ерекше белгісін білдіреді. Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді.

Жанама толықтауыштарға туралы, жайныда, жөнінде шылаулары арқылы жалғанғандар жатады. Олар айтылған ойдың бағытын, бағдарын білдіреді. Мен ол туралы көп ойландым.

Толықтауыш өзі қатысты сөзбен меңгеріле байланысады.

Толықтауыштар құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болады.

Құлақ естігенді, көз көреді. Жұмыстың арасында әртүрлі наразылықтар, толқулар болуын сіз өзіңіз де жақсы білесіз. (Ғ.М).

Мына мысалдарға қандай? Қарулы екі жігіт саба пісуде тұр. Ол акт жазам дегенмен, не жазарын білмеді. Сессияның жұмысына қатысты.

Пысықтауыш

Анықтамасы, тұлғалық мағыналық белгілерді пысықтауыштың жасалу жолдарды, дара және күрделі пысықтауыш. Пысықтауыштың түрлері: мекен, мезгіл, сын-қимыл, мөлшер, себеп, мақсат пысықтауыштар. Олардың анықтамасы, сұрақтары, жасалу жолдары болады. Пысықтауыш пен жанама толықтауышты ажырату жайындағы пікірлер. Пысықтауыштың өзі қатысты мүшелерден байланысу түрлері. Жанасу, меңгеру, қабысу.

Әдетте пысықтауыш деп, етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысты іс-қимылдың түрін сапасын, мезгілін, мекенін, алымын т.б. белгілерін білдіретін тұрлаусыз мүшені айтады. Бұл айтылғаннан пысықтауыштың екі ерекшелігін байқауға болады: 1 – оның етістіктен болған мүшеге қатыстылығы. Ал көбінесе сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалатыны белгілі.  Демек, пысықтауыш баяндауыш мүшеге қатысты жұмсалады, соның белгі сапасын анықтайды. 2-ден жоғарыдағы анықтамадан пысықтауыш мағыналық ерекшелігі айқындалады. Мән-мағынасы тұлғасынан пысықтауыштардың анықтауышпен астасып, араласып жатады екен.

Мысалы, төрт жігіт аттан түсті – Қасен 11-12 кісілік жиынды төрт бөлді. (М.Ә). бұл сөйлемдердің құрамындағы арнайы  төрт сөздегі әр жұптағы лексикалық мағыналары бірдей болғанымен, бірақ грамматикалық мағыналары бірдей емес. Өйткені, алдыңғы жұптың бірінші сөйлемінде арнайы үстеуі зат есіміне қатысты болып, оның санын білдірсе, екіншісінде ол сөздің келдім етістігіне қатысты болып, қимыл әрекеттің санын білдіріп тұр.

Сирек жағдайда пысықтауыш есімінен болған баяндауышқа да қатысты болып келеді. Мысалы,  Мен әзірше демалыстамын. Биыл өзеннің суы мол.

Бұл мынадай жағдайларға байланысты: 1. Баяндауыш қызметінде не қимыл процестік мәні бар сөздер, не жатыс жалғаулы есімдер жұмсалған жағдайда солай болады. 2. Пысықтауыш қызметінде мұндай жағдайда тек мезгіл немесе мекен үстеулері не мезгіл мәнді сөздерден жасалады. Олардың қимылға қатыстылығы қимылдың сапасынг анықтайтын берік қатынасқан жай (өзгермейді).

Пысықтауыш мүше пысықталатын мүшесін грамматикалық тығыз байланыста болмайды, сондықтан оның сөйлемдегі орны еркін. Сөйлемнің баяндауышы мен мағыналық жағынан ұштасып жатады.

Үстеуден басқа сөз таптарының пысықтауыш қызметінде жұмсалуы, көбінесе, синтаксистік қоршауға, қандай грамматикалық тұлғада келуіне сонымен қатар кейде сөздің лексикалық мағынасының ерекшеліге байланысты болады. Көсемшелердің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы олардың етістік баындайыштардың аяғында келіп, іс-әрекеттің істелуі тәсілін т.б. білдіруіне байланысты.

Бұл көсемшенің баяндауыш болуға табиғатына байланысты сол сияқты сын есімдердің пысықтауыш болуы да, оның етістік баяндауышқа қатысты айтылуына байланысты. Ал жеке ––––– пысықтауыштық мәні жоқ зат есімдердің бұл қызметте жұмсалуы қандай септік жалғанса да, және олардың лексикалық мағынасына байланысты. Мысалы: қалам, кітап тәрізді. Зат есімдер қандай грамматикалық тұлғада қолданылып, қандай сөзге қатысты айтылса да, пысықтауыштық мәнге ие бола алады.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  3. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  4. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  6. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  7. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  8. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  13. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  14. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ