Оқшау сөздердің сөйлемдегі орны, қолданылу мақсаты

0
1122
Иллюстрация: Freepik.com

Анықтамасы, тұлғалық, мағыналық белгілері. Анықтауыштың жасалу жолдары. Дара және күрделі анықтауыштар. Анықтауыш түрлері: матаспалы анықтауыш, қабыспалы анықтауыш. Анықтауыштың түрлері жайында пікірлер.

Оқулықтарда анықтауыштарға мынандай анықтама беріледі. Балықбаев: Анықтауыш – сөйлемдердегі зат есім соңына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Әміров: сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім соңына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері анықтаушы деп аталады. Акад грамматика: анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да соған қатасты болады.

Анықтауыштардың тағы бір сипаты  — анықтайтын сөздермен тығыз байланысты болады, сонымен бір топта айтылып, сөз тіркесін құрап тұрады. Анықтауыштардың білдіретін мағыналарды – заттық  түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты санаулы және тәндік белгісі.

Тұлғалық ерекшелігіне келер болсақ, атау және ілік септік тұлғалды.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер – сын есімдер. Сын есімнен болған анықтауыштар анықталатын сөздер мен қабыса байланысып, оның түр түсін, сынын, көлемін, басқа сапалық белгілерін білдіреді.

Анықтаушы қызметінде зат есімдер мен есімдіктер, есімшелер мен қимыл мекенді т.б. сөздер де қолданылады. Олар анықтауыш қызметінде жұмсалғанда тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлға арқылы өздерінің негізгі мәтіндеріне ажырап, сын сапалық, тәндік мәнге ие болады.

Зат есімдер атау тұлғада анықтауыш қызметінде жұмсалып, анықталатын сөздің заттық сапасын атайды: ата қоныс, киіз байпақ, қол сағат.

Зат есімдер ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Ол жағдайда заттың иесін білдіреді. Мысалы, Күнікенің аяулы да осы арада жанып еді (М.Ә).

Сілтеу есімдіктер атау тұлғасында тұрғанда өзі қатысты затты нұсқау мағынасында жұмасалады. (Сол кітап, сол адам).

Есімшелер анықтауыш қызметінде заттық қимылдың сапасын білдіреді. (Білген адам, оқыған қыз).

Затттық сан мөлшерлік білдіретін анықтауыш болады. Анықтауыштар құрамына қара дара, күрделі және үйірлі болып келеді.

Күрделі анықтауыштар: негізінен күрделі сын есім, сан есім, күрделі есімшелерден жасалады.

Үйірлі: Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Мен ерген ауыл емес. Біз төбесі аласа үйге кірдік.

Анықтауыштар жасалу жолдары ме байланысу тәсіліне қарай қабыса байланысқан анықтауыш және матаса байланысқан анықтауыш болып бөлінеді. Балақаев оларды сапалық анықтауыштар, меншікті анықтауыштар дейді.

Анықтауыштың сұраулары: Қандай, қай, кімнің, ненің?

Айқындауыш қазіргі қазақ әдеби тілінде жиі қолданылатын, анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол адамның айтайын деген ойының әр түрлі дәлді жақтарын беруде үлкен рөл атқарады.айтайын деген ойға ерекше назар аударту үшін, я соны ерекше болу үшін қолданылады. Сондықтан да айқындауыш айтушы не жазушы адамның ойымен байланысты болады да, сол айтайын деген ойдың ерекше жақтарын берудегі құрал болып саналады.

Айқындауыш — ——— тек синтаксистік емес, синтаксистік-стилистикалық тәсіл. Мұнымен қатар, заттың я нәрсенің атын, шығу тегін көрсетіп те анықтайды. өзінің анықтайтын сөзінің соңынан айтылып,бүтін бір сөйлемнің, я бір мүшенің мағынасын дәлелдеп, айқындап көмкеруден туады.

Анықтамасы: айқындауыш өзіні айқындайтын сөзіне грамматикалық жағынан тығызт тең байланыс құрады. Анықтауыш анықталатын сөздің жетегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып дәлелдеп, анықтап тұратын бір я бірнеше сөз тіркесі. Сөз табы жағынан, өзі айқындайтын сөзбен орайлас болады. Мазмұн жағынан, өзінің алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлелдейді, мағынасын ашып дәлелдейді я көрсетеді.

Айқындауыштар – қазіргі қазақ тілінде кең етек алған синтаксистік құбылыс. Оны анықтауыштардың ерекше бір түрі ретінде қарайды. Айқындауыш адамның айтайын деген ойының кей жпақтарын нақтылап, дәледеп беруде үлкен рөл атқарады. Айтайын деген ойға ерекше назар аудару үшін, я соны ерекше бөлу үшін қолданылады. Мұнымен қатар айқындауыштар заттың я нәрсенің атын, шығу тегін көрсетеді. өзінің айқындайтын сөзнің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің, я бір мүшенің мағынасын дәледеп, айқындап, көркемдеп тұрады. Сонда бұлар анықтауыштар сияқты тек синтакситік емес, стилистикалық-синтаксистік амал.

Айқындауыш өзінің анықтайтын сөзіне грамматикалық жағынан тығызт тең байланыс құрады. Анықтауыш анықталатын сөздің жетегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып дәлелдеп, анықтап тұратын бір я бірнеше сөз тіркесі.

Грамматикалық белгісі: (Сөз табы) жағынан өзінің айқындайтын сөзіне орайлас (зат есімнен) жасалып, тұлға жағынан да бірдей болады да, мазмұн жағынан алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлелдейді, мағынасын ашып, дәлелдеді я атап көрсетеді. (мысалдар).

Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың үш түрін көрсетіп талдайды: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауы, қосарлы айқындауыш. Әбілқаев және Әбуханов соңғы екеуін бірге алып, қосалқы айқындауыш дейді. Бұл үш түрінің бір-біріне ұқсас жақтары болумен қатар өзгешелік жақтары да бар. Сондықтан әрқайсысының өзіне лайық дұрыс анықтамасын беру үшін, бұлардық өзара ерекшеліктерін еске ала отырып, жеке-жеке қараған жөн.

Оңашаланған айқындауыштар

Оңашаланған айқындауыштар —  белгілі бір ұғымды күшейту, ерекшелеу, соған көңіл бөлдіру мақсатына сай қайталанып айтылу негізінде қолданылатын айқындауыштық қатынастағы сөздер тіркесі.

Бұндағы айқындау – нақтылау, сипаттау ыңғайында болады. Осыған байланысты айқындалатын сөз қандай сөз табынан жасалса, бұл да сол сөз табынан, не соған мағыналас, тқркіндес сөздерден жасалады (Яғни затесімне я заттанған басқа есім сөзден). Сондықтан айқындауыш сөз бен айқындалатын сөз өзара теңдікте тұрып, ойдың бірлігін, тұтастығын сақтап, айқындалатын-айқындайтын қатынасқа құрылған күрделі бір ұңымды білдіреді. Осыған байланысты және қайталама ретінде құрылымынан тұлғалас болады.

Оңашаланған айқындауышта алдындағы сөздің ерекше белгісін қайталап, оған көңіл аудару мақсатымен айтылғандықтан, оған ой екпіні түсіп, интонациялық жағынан оқшауланып, ерекше әуенмен айтылады.

  • Бәрінің ортасында Ақсақ Темірдің шатырлы- алып ордасы тұр. (Мүсірепов).
  • Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр.
  • Дүниенікі дүниеде қайтады: патша – Николайды, болыс – Итбайды бізде өлтірдік.
  • Еділдің, ерке Еділдің жағасында болғаның бар ма деп бастады қарт әңгімесін.
  • Павел Михаилов, інішегім, жұртты қорғауың қорғау- ақ.
  • Бұл кітап соныкі: Омардыкі.

Бұл мысалдардан қарап отырғанымыздай сөйлемнің барлық мүшелерінің айқындауыштары, тіпті қаратпа сөздердің де болады. Оңашаланған айқындауыш қайталанған сөз (айқындалушыны) болып та келуі мүмкін: Мысалы: таза тіпті кіршіксіз таза, адам тәрбиелеп шығару, совет мектебінің міндеті.

Оңашаланған анықтауыштар кейде дараны жалпылап көрсетеді. Мысалы, ол менің, мына біздің, бақытты өмірімізді бұзушылардың басшысы. (А.Сатаев).

Оңашаланған анықтауыштар кездейсоқ емес, белгілі бір стильдік мақсатта қолданатын синтаксистік конструкция. Бұл айтайын деген ойдың әр түрлі жақтарын, әсіресе әр қилы нәзік қырларын беруде өте икемді құрал болып саналады. Көркем әдебиеттерде көптеген стилистикалық фигураларды беруде поэтикалық синтаксистік орам ретінде жиі қолданылуы осыданы.

Қосалқы айқындауыштар

Қосалқы айқындауыштар екі зат есім сөздің тіркесуінен жасалады. Бірақ, кез келген зат есімдердің ешбір мағынасына байланыссыз тіркесе салуы  айқындауыш қызметін атқара алмайды. Олар айқындауыш қызметінде  жұмсалуы үшін өзара мағыналық байланысы бар сөздерден тіркесуі керек.

Айқындалуышы – айқындауыштың қатынастағы тіркестің жалқы (адам аттары) есімдер мен заттың сапасы болатын сөздерден (атрибутивтік мағынадағы) жасаладвы. Мысалы: Шора батыр, Нұрлан инженер, Әсет ағай б.б. Сонда бұлар жас мөлшерінің, туыстық қатынастың кәсіби- ммандықтың, атақтың, меншіктіліктің дара заттарға қатыстылығын ашу, білдірунегізінде тіркелген күрделі сөздер болады.

Қосарлы айқындауыштар

Қосалқы айқындауыштар сияқты кез келген зат есімдер тәркесінен жасала алмайды. Бұлардың тіркесуінде де белгілі өзіне тән заңдылығы бар. Ең алдымен, бұлар екі жалпы есімнің тіркесі. Олар семантикалық бірлестіктегі, мағыналас, мәндес синоним сөздер болып келеді. Және олар тіркес құрағанда синонимиясы тең мағыналығы сақталып қалатын ыңғайда тіркеседі. (Әйел –ана, генерал-губернатор, қызметші-малай).

Екі жалпы есімнің бірі – заттығ атының ұғымы ретінде, екіншісі – соның қасиеті, сапасы, ұғымы  ретіндегі атрибутивтік реңкте қатынасқа түседі. Бұл қатынас затты жалпы тобынан бөліп алып, ерекшелеп, айқындап көрсетеді. Ұшқыш – космонавт дегенде оның жалпы ұшқыштардан жігі ажырап, кім екендігі (қандай ұшқыш екендігі) айқындалып тұр. (Бұлар тілімізде көп емес).

Тыныс белгілері

Оңашаланған айқындауыштар үтір, сызықша және жақша арқылы ажыратылады.

Ең оқшауланған мүшелерде баяндауыштың (—дикаттық реңк басым болса, алдыңғы жағынан сызықша, соңынан үтір қойылады). Мысалы: «Міне, орыс революциясының алып күші  — бүкіл россиялық ироледиат, өзінің бар күшін, амалдарын қолданып, сол күреске дайындауда».

«Сентябрьдің 1 күні (ертең) барлық жерде жаңа оқу жылы басталмақшы. Түнде (сағат 12 де) Москва поезы жүреді екен. ( Мезгіл үстеу – жалпы есім, жалпы есім – мезгіл үстеуі).

Айқындауыштардың анықтауыштардан және ұқсас мүшелерден өзгешеліктері

Айқындауыштың табиғатында анықтауыш сипаттау қасиеті жататындықтан, анықтауыштарға ұқсас болып келеді. Бірақ одан елеулі өзгешеліктері бар.

  • жасалатын сөз табы басқа. Содан барыпмағыналық өзгешелігі шығады. Затты сандық қасиеті жағынан емес, зат пен заттың өзара қатыстылығы, ұқсастылығы, белгілі-белгісіздігі жағынан салыстырып, нақтылау, сипаттау ыңғайында анықталады.
  • Құрылысы, тұлғасы жағынан ерекшеленеді. Бір сұрауға жауап береді.
  • Тіркестің әрбір сыңары салалас болады.
  • Орны жағынан өзгеше
  • Интонация жағынан

Сыртқы формасы жағынан оңашаланған айқындауыштар қыстырма сөздерге, біріңғай мүшелерге  ұқсас болса, қосарлы айқындауыштар қос сөздерге ұқсас. Бірақ мәндіайырма- белгілері бар.

Мысалы, мағыналық жағынан айқындауыштар қыстырма сөздер бір емес. Қыстырма сөздер ойға айтушының түрліше көзқарасын білдіреді. Ал айқындауыштың мағынасы – сөзді анықтау, айқындау, соны дәлелдеп көрсету. Грамматикалық жағынан да ерекшеліктері бар.

Сөйлемнің біріңғай мүшелерінің әрбір жеке сөздерінің беретін ұғымы, өзіне тән жеке- жеке болса, айқындауышта олай емес (айқындайтын сөзімен бір мағыналықта тұрады). Интонациялық жағынан да ерекшеленеді.

Қосарлы айқындауыш пен қос сөздің беретін мағыналары да басқа-басқа, қосарлы айқындауыш – синтаксистік категория, қос сөз – лексикалық категория.

Қос сөздің екі сөзің бір-бірінен бөлеп айтқанда өз алдына жеке мағына болмайды.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  3. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  4. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  6. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  7. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  8. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  13. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  14. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ