Бала – жарқын болашағымыздың иесі

0
2467

Білім беру айрықша кәсібіміз,

Құралған адалдықтан нәсібіміз.

Бақытты етсек бала- сәби, ұлмен қызды,

Сонда ғана алшы түсер асығымыз.

Бала – жарқын болашағымыздың иесі, балабақшамыздың киесі, таусылмас берекесі, қызықты мерекесі екендері әмбеге аян. «Бар жақсылық – балалар үшін» деген ұранмен бар білім біліктілігімізді, ынта – жігеріміді сарп етпей, сапалы да саналы ұрпақ көру құр қиялдағы елес ғана. Ал, мен үшін болашағымыз балаларға деп барды салып, шүмектеп жүріп тер төгу үлкен мақтаныш, айтулы абырой болып қала бермек. Біздің көз алдымыздығы сәбилер біреуі бір үйдің еркесі болса, бірі серкесі, енді бірі тағдырдан тілеп алған жалғызы. Сол үшінде бұл балалардың бәрі дерлік мойынға алған аманат.

Кей кездері баламенен баламыз!

Ақыл айтар олар үшін данамыз.

Тәрбиелеп өсіруге,бағуға,

Барды салсақ жетер әбден шамамыз.

Себебі бала жанының бағбаны тәрбиешінің мойынға алған жүгі салмағы да сұрауы да баршылық.

«Білім  —  инемен құдық қазғандай». Сол құдықты ерінбей қазып, түбіндегі шәрбатқа шөлдерін қандырмас бұрын, сірә дә алдымен тәлімді тәрбие керек десем артық айтқаным емес болар. Балаға ең алдымен анасындай мейірім , әкелеріндей қамқорлықты сезіндіре отырып сәби жүректеріне жол  таба білуде, бүгінгі заман талабы, әрі ең басты сұраныстары. Әрине  азаннан қара кешке дейін қасымызда болған балалар  біздерге бауыр басып қана қоймай біздерден яғни, тәрбиешілерден тәлімді мінез- құлық, сарқылмас сабырлықты да жадыларына түйіп өсері ақиқат. Бабамыз қазақ: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілесің» — деп текке айтпаса керек. Міне осы айтқандай, әрбіріміз тәрбиеші, әрі мейірбан анасындай ақыл мен білімді, аналық мейіріммен, даналық үлгіні де жандарына сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болмақ. Жас шыбықты қалай қарай исең солай қарай бой тіктеп, еңсе көтереді. Сол үшін де бала жанын ігілікке баулып өсірейік.

Ұстаз болып биіктерде қалықтайық,

Енжарлық жалқаулықты танытпайық.

Балаға ғылым – білім үйретуде,

Жанымы шаршады деп, жалықпайық.

Бұдан артық бала жанына бағбан болам деген тәрбиешілерге қандай талап қойылуы мүмкін?

Осы айтқандай , өзіміз қалап таңдаған жанымыз сүйіп істеп жатқан мамандығымызды зор абыроймен, мақтаныш сезіммен атқарсақ ғана армандар ақталып, үміттер жүзеге аса берер. Бұл үшін әрине еңбек, еңбек және еңбек етудің жолдары. Себебі, бұл мамандық менің мақтанышымәрі абырой, атағым.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Ұлт болшағы 100 нақты қадам» деп, соның ішінде бала тәрбесіне баса назар аударғаны бүгінгі заман ағымында өз көрінісін байқатуда.  Бір жағадан бас,  бір жеңнен қол шығарып, бір тудың астында өмір сүріп келеміз. Елбасымыз : «Нұрлы жол – болашаққа  бастар жол» деп өз жолдауларында болашақ егелері балаларымыздың бақыты үшін аз еңбек етпегені де белгілі. Көзі ашық, көкірегі ояу кісілер осы уақыт аралығында қаншама мектептер мен ауруханалар, балабақшалар мен бөбекжайлаар заман талабына сай өркен жайып келеді емес пе ?! Солардың бірі өзім еңбек етіп отырған Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылындағы  «Бал Хадиша»  бөбекжай балабақшасы. Балабақшамыз заманауи сұранысқа толық жауап бере алатындай дәрежеде 120 балаға мінсіз қызмет етіп келеді. Тәрбиешілердің барлығы да біліктілік талабы сай өз мамандықтарына байланыста арнаулы оқу орындарында білім алған маман иелері. «Бала – көзіміздің нұры, көңіліміздің гүлі» дегендей  болашағымызды тек қана солармен байланыстыра аламыз. Сол үшін барымызды салып, басқаның емес өз баламыздай бауырға басып, мейірім төксек, оларда бейне бір гүл сияқты жайқалып өсері дәлелденген нәтиже. Осы орайда сол балғын бала – сәбилерге арнап жүрек жарды жырымды жаныма арқау еткім келеді:

Балабақша– бал күндердің арнасы,

Бала сәби бабалардың жалғасы.

Зәулім сарай , әсем сұлу ғимарат,

Мұның  бәрі – Тәуелсіздік арқасы.

 

Бала – бақыт деген Ұлы данамыз ,

Солармен  бірге бақыт табамыз.

Тәуелсіздік   жасап ғаламда,

Аман болсын бала- сәби анамыз.

 

Балабақша заманауи үлгісі,

Келер мұны барлық сәби білгісі.

Өсіп- өніп қазақ елі қарыштап,

Үзілмесін баланың пәк күлкісі.

Баламен байланыстырған болашағымыз баянды келешегіміз  кемел болсын демекпін.

 

Акжан Шахдатханова

Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылы

  «Бал Хадиша » бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ