Судың маңызы мен қасиеттері (балабақша ашық сабағы)

0
11927

Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі.

Тақырыбы: «Судың маңызы мен қасиеттері»

Түрі: Танымдық-зерттеушілік.

Мақсаты:балаларды қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтарын ояту.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды судың қасиеттерімен таныстыру.(түсі, иісі);

Дамытушылық: алғашқы тәжірибелер жасау дағдыларын дамыту, ойлау, сөйлеу, ой-өрісін және білуге құмарлық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:топпен жұмыс жасай білуге, суға ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс

Таным:

Суды қоршаған ортада табуды үйрету, сумен күрделі емес тәжірбиелер жасау. Судың қасиетін зерттеу процесінде бекіту. Суға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Білуге құмарлығын дамыту.

Қатынас:

Сөздік қорын кеңейту және жандандыру.

Денсаулығы:

Судың адам өміріне маңызды екеніне түсінік беру.

Әлеуметтендіру:

Балалардың зерттеу жұмысы барысында тығыз әріптестік қарым қатынас қалыптастыру.

1 Шаттық шеңбері.

Балалар қарандаршы бүгін бізге көп қонақтар келді барлығымыз қонақтармен амандасайық.

Күндей жарқырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырып

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Табиғат дегеніміз не?

Балалар: бізді қоршаған орта.

Тәрбиеші: табиғат қандай болады?

Балалар: тірі және өлі табиғат

Тәрбиеші: тірі және өлі табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктержануарлар, гүлдер. Ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, жатады.

Есік қағылады Жалқаубек келеді қолында шырын. Жолда келе жатып  су сатып алдым.

Тәрбиеші: балалар мынау су ма?

Балалар: жоқ шырын.

Жалқаубек сен су туралы не білесін. Білмеймін.

Тәрбиеші: Балалар  Жалқаубек су туралы білмейді екн кәне біз не білеміз

Айтып берейікші.

Су қай жерде кездеседі?

Өзенде, жаңбырда,

Су бізге не үшін қажет?

Балалар:тамақ істеуге, шомылуға, қарда.

Тәрбиеші: Балалар біз Жалқаубекке судың пайдасы туралы айтып түсіндірдік. Жалқаубек судын қандай қасиеттері бар екенін көргін келе ме?

Ол үшін балалармен біздін зерттханаға барасын.

Жалқаубек зертхана деген не?

Балалар: ол жерде тәжірбиелер жасаймыз.

Тәрбиеші: ол жерде кімдер жұмыс жасайды?

Балалар: ғалымдар.

Жалқаубек: ой мен де судын қандай қасиеті бар екенін білгім келеді.

Тәрбиеші: бүгін мен зерттеуші ғалым боламын ал сендер менін көмекшілерім боласындар.Ол үшін біз арнайы киімдерімізді киеміз.

Зертханаға келу.Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз.

Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нәрсеге тиіспейміз, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз.Орындарымызға отырамыз. Балалар алдында су құйылған стакандар.

1 Судың қасиетін анықтау.

1.Су құйылады.Су сұйық зат.

2.Су иіссіз, дәмсіз.

Қолданылатын құралдар:бала басына су құйылған стакандар,бос стакандар,тұз,қасықтар.

Мақсаты: судың қасиетін анықтау: түссіз, иіссіз,  оған кейбір заттар еріп кетеді, салмағы бар құйылады,сұйық зат.

3.Су мөлдір.

Қолданылатын құралдар: су құйылған стакан,қасық.

Мақсаты:Балаларды судын ашық түсті қасиетімен таныстыру

4.Судың түсі өзгереді.

Қолданылатын құралдар:су құйылған стакандар,түрлі түсті бояулар.

Мақсаты:суға қандай баяу қоссан су сол түске айналатынын айтып түсіндіру.

3 «Батады,батпайды,жүзеді»

Қолданылатын құралдар: таз, қуыршақ, доптар, тастар.

Мақсаты:женіл.ауыр,қатты,бататын,батпайтын заттар қасиетін айтып түсіндіру.
Сергіту сәті: Ойын: «Жаңбыр мен күн»

Тәрбиеші:балалар естідіндер ме біреу жылап жатыр.

Бұл қуыршақ Айгүл  ғой добы суға түсіп кетіпті.Сен жылама біз саған көмектесеміз добынды алып береміз. Көрдің бе доп суға батпайды.

Балалар доп суға неге батпады?

Балалар: өйткені доп жеңіл.

Тәрбиеші: кәне допты алып барлығымыз суға салып көрейік.

Ал балалар мынау не?

Тас, тас қандай?

Қатты, ауыр.

Тасты суға салайық. Тас не істеді суға батып кетті, өйткені тас ауыр.

Тәрбиеші: Балалар біздін бүгінгі жұмысымыз аяқталды енді тобымызға қайтайық.

Тәрбиеші: Балалармен судың қасиетін қайталау.

 

Тақырыбы «Қ дыбысы мен әрпімен таныстыру.»

Мақсаты:Қ дыбысы мен әріпімен таныстыру.Өткен тақырыптвар бойынша сұрақтар қою арқылы пысықтау.

Көрнекіліктер: Суреттер, текшелер, тапсырмалар,қызыл,көк үйшіктер.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ — жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңберіне тұру.

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба достарым!

Амансың ба қонақтар!

Қонаққа Дымбілмес келеді.Қолында тапсырмалары бар.Білгішпек маған бәрін үйретеді,мен болсам бәрін ұмытып қала беремін.

Балалар Дымбілмеске көмектесейікші тапсырмаларын қайталайық.

1 — тапсырма

  1. Сөз неден тұрады?
  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. Сөзді неге бөлеміз?

4.Әріптерді біз не істейміз?

5.Ал дыбыстарды ше?

6.Дауыты,дауыссыз дыбыстарды қандай түсті текшелермен белгілейміз?

7.Дыбыстар сөздін қай жерінде кездеседі?

2 – тапсырма

Ойын: «Сиқырлы кубик»

Шарты:Кубиктегі түскен дыбыстардан сөз құрау.

3-тапсырма.

Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды соғайық.

Бір отырып,бір тұрып.

Шынығып біз алайық.

Дымбілмес:иә бұл біз үйреніп жүрген дыбыстар мен әріптер ғой,енді түсіндім

Рахмет сендерге.Мен Білгішпекке барайын.

Балалар бүгін біз дыбыстармен танысуды жалғастырамыз.

Мен сендерге жұмбақтар жасырамын.

1.Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.(Қоян)

2.кішкене қана бойы бар.

Айналдырып киген тоны бар.(Қой)

Осы қоян,қой сөзінің басында қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Бүгін біз Қ дыбысы мен әріпімен танысамыз.

Барлығымыз Қ дыбысын қайталап айтайық.Қ дыбысы дауыссыз дыбыс кедергімен айтылыды.Қ дыбысы біздін көк үйде тұрады.Қ дыбысынан басталатын сөздер айтылып буынға бөледі.Қой сөзіне дыбыстық талдау жасау.Сөзде неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс бар.Бір бала тақта алдында,басқа балалар текшелермен дыбыстық талдау жасайды.

Сабақты қортындылау.

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ