Балабақшадағы алтын күз сценарийі

0
1227

Мақсаты: балалардың күз мезгілін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы бідімдерін кеңейту. Қоршаған ортадағы табиғат  өзгерістері, адамдардың еңбегі жайлы, ас атасы – нанды қадірлей білуге тәрбиелеу.  Табиғатқа қамқор болып, әсемдікті көре біліп, сезінуге үйрету.

Көрнекіліктер: безендірілген кабинет, банерде  ертеңгілік тақырыбы, шарлар, техникалық құрылғылар.

Барысы:
1. Балалар музыка әуенімен, қолдарын шапалақтап жүріп:
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті,
Қияр пісті
Қарбыз пісті
Қауын пісті
Қандай күшті – деп хормен айтып ортаға шығады.

2. Тәрбиеші : Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерге бүгінгі   «Алтын күз»  атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер дейміз.
1-бала:
Алтын сары ,қызыл, көк ….
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

2-бала:
Жидектердің
Татып дәмін,
Жемістердің
Жейміз бәрін.

3-бала:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

3. Көкөністер айтысы қойылым.( ортада қойылымға қатысатын балалар қалады, әр баланың басында немесе қолында көкөністер атрибуттары болады.)
Тәрбиеші:  Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса, сәбіз,картоп,кәдіш пен қып-қызыл піскен қызынақ , қырыққабатқа қарашы !
Көкөністер бір кезде жинала қалып дауласты.
Көкөністер:  Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз,
Ішімізден адамға
Қайсымыздан?
Тиеді көп пайдамыз.

Бұршақ: Аңсар (мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шығады: )
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен сый,
Жасаймын бәріңе!

Тәрбиеші:( Туу мына қызылша ызаланғаннан қып-қызыл боп кетіпті. )

Қызылша:  Сезім
Мен бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге,
Менсіз борщ болмайды
Венегретте үстелде.

Қырыққабат : Аружан
Мақтанғаннан  не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

Қияр:  Қарақат
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде,
Жейді  бәрі сүйсіне.

Шалқан: Әкежан
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып  көр мене дарханды!

Сәбіз:  Дидар
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де.

Қызанақ:   Асқар
Піскен кезде қызанақ ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?

Пияз:  Бекболат
Боламын мен дәмдеуіщ,
Барлық –барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Картоп:  Ержан
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатып.

Көкөністер  (барлығы):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Қайсымыздан?
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!

Келесі тамашалайтындарыңыз ән-би  «Балдырған»
(Балалар хормен әнді орындап, билейді.)

4. Тәрбиеші: Ал енді ортаға балдай тәтті жемістерімізді шақырайық. (әр баланың басында немесе қолында  жемістер атрибуттары болады )

Жемістер жыры
Алмұрт :    Сұңқар
Мен алмұртпын , алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Өрік:   Асылжан
Мен өрікппін , өрікппін
Табиғатқа көрікпін.

Жүзім:   Шәмшәбану
Мен жүзіммін , жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.

Алма:  Айгерім
Мен алмамын , алмамын ,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Шие:  Салих
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.

Жемістер бірге:
Күз  дос екен бізбенен ,
Өрік, шие, балы бар,
Жүзім,  алма тағы ба
Құлпынай мен қарақат ,
Жесең оны сен рақат!

5. Үй тапсырмасы.
Тәрбиеші:
Көкөністер сайысқа,
Саябақтан келіп тұр.
Мамамыз бүгінгі сайысқа,
Салаттарын әкеп тұр.

Ата аналар алдын ала дайындап әкелген салаттарын ортаға қойып, оны қорғайды.

6. «Мен жасырайын, сен тап » жұмбақ-ойын.

7.  Би « Билейді жапырақ »

8.Тәрбиеші :
Балақайлар айқайлап,
Мектеп іші нұрланды,
Астық жыры, шаттық жыры
Қырман басы думанды.
Нұрға бөлеп өңірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Құрметті қонақтар осыменен біздің ертеңгілігіміз аяқталуына жақын қалды , ендеше барлығымыз отырып бүлдіршіндеріміздің мына бір  қызықты сәттерін тамашалайық.  (балалардың сабақ уакытында, серуенде түскен фотосуреттерінен ықшамды слайд)

9. Қорытынды. Балаларды мадақтап, ата аналарға (сайыс нәтижесіне қарай ) грамота табыстау.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ