Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін бірікен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады.
Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі шешішісіне микродеңгейжатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады.
Басқарудың бір объектісі-мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлігімен байланысты өзіндік еркшелігі бар салалар, аймақтар жатады.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей-экономикалық саясаттяң күллі объектісі жатады. Макроэкономика – бұл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттынң мақсаттары қалыптастырылап, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады.
Басқару ғылымының мәні
Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды білдіреді.
Осылайша өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі:
- адамдарды басқару;
- еңбек құралдарын басқару.
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процессін білдіреді.Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша жіктеледі. Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарға бөлінеді:
-тұлғалар арасында;
-жүйелер арасында;
-аралас.
Басқару қатынасы мыныларға бөлінеді:
А) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас;
Б) территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;
В) салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың арасындағы қатынас;
Г) территориялық-салалық.
Басқару әдістері. Экономикалық басқару әдістері
Басқару әдістері дегеніміз тәсілдер немесе адамның іс-қызмет аясындағы амалдарының жиынтығы, белгілі мақсаттарға жету тәсілі, белгілі бір міндеттерді шешу жолдары.
Басқару әдістерін қабылдау жолдары: бъектінің сипатын және жағдайын бағалау; ұжымға ықпал жасау мақсаттарын анықтау; жеке қызметкерлердің жұмысқа деген ынталарын және ерекшелектерін білу; мақсаттарға жету құралдарын және жолдаран жасау, балама жолдарын анықтау; әдістерге түзетулер енгізу.
Басқарудың экономикалық әдістері – экономикалық құралдарды пайдалана отырып әр бір жұмысшына және ұжымды ынталандыратын, олардың мүдделерімен міндеттеріне саә келетін экономикалық механизмдер арқылы ықпал жасау.
|
|
|
Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
Жүйенің жалпы теориясы
Жүйенің жалпы теориясы-күрделі жүйенің іс-қимылын жасау заңдылықтарын зерделейтін ғылым.
Жүйе ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады. Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
- техникалық;
- биологиялық;
- әлеуметтік.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы зор. Оның басты ерекшелігі – оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.
Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме-экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті әдістерінің бірі.
Өндіріс-бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нетижесінде материалдық игіліктер пайда болады.
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы теория жүйесінде қызмет етеді. Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:
- салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақталанады;
- қажетті зерттеулер жүзеге асырылады;
- белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады.
Процестер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара байланыстардағы зерттеулердің екі формасын ұйғарады:
1)жай кездерде қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің арасындағы өз ара байланыстар қандай да бір аспектіде зерттеледі;
2)әлдеқайда күрделі жағдайда көр аспектілі тәсілдеме қолданылады.
Бизнес жүйесі және басқару
Бизнес категориясының мазмұны және оның өзіне тән белгілері
Барлық адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Бизнес-бұл іс. Алайда бизнес жай ғана іс емес, ол адамдардың арасындағы іскерлік қатынас болып табылады. Экономикада барлық «іс» өнім өндірумен және оны тұтыну саласында жылжытумен байланысты. Бизнес-бұл пайда алуға бағытталған қызмет,.Ол әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Субъектінің айналымға түсіретін капиталының болуы бизнесте маңызды орын алады. Субъект бизнесте бизнесмен немесе коммерсант деп аталады. Бизнестің өз стартегиясы мен тактикасы бар. Бизнестің стратегиялық мақсаты-әр түрлі мәмілені жүзеге асыру процесінде пайданы ең көп шамаға жеткізу. Тактикалық мақсаты-әр контрагенттік әрбір нақты себеп бойынша мәміленің нақты мерізімі мен мазмұнын, жүзеге асыру шарттарын пайдалану арқылы осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге асыру. Бизнес-істі жүргізу жүйесі. Бизнес-бұл адамдарға қажетті өнімді жасау. Бизнес-бұл біздің әлеуметтік-экономикалық жүйеміздегі орталық магистраль. Бизнес барлық бизнесмендерді қамтып, олардың қызметтерін тұтас бір арнаға біріктіреді.
Маркетингтің негізгі элементтері мыналар: маркетингтік зерттеулер мен ақпаратты жинау, өнімнің ассотиментін жоспарлау, өткізу мен сату, өткізуді жарнамалау мен көтермелеу.
Маркетинг элементтері | Оларға жататын қызмет түрлері |
Маркетинг зерттеулер мен ақпаратты жинау | Экономикалық, шаруашылық, ғылыми-техникалық, тұтынушылық. Ақпаратты жинау мен өңдеу. Маркетинг операцияларын зерттеу. |
Өнім ассортиментін жоспарлау | Өндірістің ассортименттік құрылымын анықтау мен әзірлеу. Жаңа өнім жасап шығару мен бұйымды жетілдіру арқылы бұйымның техникалық сипаттамасын көрсету. |
Өткізі мен сату | Өткізу арнасын таңдау. Сауда-бөліп тарату бөлімі арқылы тауарларды өткізу. Қоймаға қою. Тасымалдау. Өткізу ұйымдарымен байланыс. |
Жарнама мен сатуды көтермелеу | Түпкі немесе аралық тұтынушылар арасында барлық бұқаралық ақпарат құралдарын қолданып жарнамалау. Сатып алушыларды көтермелеу. Дербес жарнама. Өткізу қызметкерлерін ынталандыру. |
Қазіргі кезеңде маркетингтік зерттеулердің ең артықшылықты типтері мыналар:
- тауарды зерттеулер;
- Нарық зерттеулер;
- жарнама ұсыныстарын зерттеу;
Маркетинг зерттеушілер үнемі өздерінің қызмет ететін аясын кеңітіп отырады.Маркетингтің негізгі элементі — өнімнің ассортиментін жоспарлау болып табылады.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ