«Батыр қоян», «Тауға саяхат» кітаптарының таныстырылымы өтеді

0
2270

Азия мәдениетін зерттеу институты (Кванджу, Оңтүстік Корея) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 20 шілде 2019 жылы жас жазушы Мейіржан Жылқыбайдың «Батыр қоян», «Тауға саяхат» кітаптарының таныстырылымын өткізеді.

Таныстырылым барысында Азия Мәдениетін Зерттеу Институтының жанындағы театр «Жыл қалай басталады» ертегісін сахналандырып, балаларға кітаптар мен сыйлықтар таратылады.

 Ақпарат үшін:

Мейіржан Жылқыбай – Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тумасы. Алматы технология университетінің инжиниринг және ақпарат технологиялары факультетінің түлегі. 2008 жылы оның “Тауға саяхат” әңгімелер топтамасы Дулат Исабековтің алғысөзімен жарық көрді. 2011 жылы “Қырық бірінші өтіріктің соңы” туындысы үшін халықаралық “Дарабоз” әдеби байқауында ынталандыру сыйлығын, 2015 жылы “Саяқ” әңгімесі үшін жүлделі 2-орын алды. 2017 жылы “Батыр қоян” ертегісі Оңтүстік Кореяда үш тілге аударылып, басылып шықты.

 Күтілетін қонақтар: Дулат Исабеков, Зейнеп Ахметова, Корей Республикасының Қазақстандағы бас консулы Джон Сын Мин

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай көшесі 14, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ