Биогеография

0
3283
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Биогеография –бұл тірі организмдердің географиялық, экологиялық таралуы, аудандасуы,орналасуы туралы ғылым саласы. Дәлірек айтсақ,биогеграфия (биология-және география) екі саланың қосындысы, ол жалпы әр түрлі биоцноздардың, фауна мен флораның (түлердің таксондық категориялардың) таралуын ғылыми түрде қарастыруын айтамыз.   Биогеография өз саласында мына түрлерге бөлінеді: организмдер гоеграфиясы оның құрамына: микроорганизмдер географиясы,өсімдіктер географиясы, жануарлар географиясы,организмдердің жалпы георафиясы, ал оның құрамына: микробеоценоз гоеграфиясы, биоценоз географиясы, фитоценоз және зооценоз географиялары кіреді.

Кейбір авторлар (француз ғалымы Э. Мартонн,советтік ғалым В.Г.Гептнер, финдік зерттеушілері Л.Аарио және Х. Янус) олардың ойынша, Б зоогеорафия мен ботаниқалық географиялардың жиынтығы,ал (В.Б.Сочава совет ғалымы) оның пікірі, бұл географияның жалпылама жер шары бойынша органикалық зерттелуі.

Әр түрлі топтасулар, Б.зерттелуін біркелкі дамытпады.      19-ғасырдың бас кезінде жануарлар мен өсімдіктер геграфиясы туралы жалпы мағлұматтар жиналды. Немістің ұлы ғалымы А.Гумбольд (19-ғасыр)бастапқы фитоценоз географиясы зерттеуінде еңбек еткен.19-ғасырдың ортасында көп жетістіктерге жеткен И.Г Борщов, А.Шимпер,А.Грезебах. 19ғ-20ғғ аралығында Б әр түрлі  проблемалары қарастырыла соның ішінде биоценоз  (польша ғалымы И.К.Пачов, орыс ғалымдары Г.Ф.Морозов, В.Н.Сукачев),зооценоз(неміс ғалымы Э.Иегер, Ф.Даль, ағылшын ғалымы В.Шельфорд т.б).Микробоценоз және микроорганизмдер географиясы 20-ғасырда қалыптаса бастады.

Сонымен қатар таралу бағыттырына қарай: ареалдық, флоралық, фауналық,региондық, экологиялық және тарихи деп дамуында жетістіктерге жеткен.Соның ішінде ареалдық ауданға ареал-бұл түрлердің сандық таралуы,орналасуы ареалдық тұрғыдын, оларға картографиялық ареал структурасын қалыптастырған.Сол сияқты фаунанық пен флоралық- бұл да тірі организмдерің жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің таралу аймағын, ауданын, орманды,таулы, қыратты жерлерде облыстарға қалыптасуын, биомассасын, табиғи-территориялы компекстерге жіктелуін қарастырады. Жалпы организмдердің адаммен қарым-қатынасын анықтайды. Тарихи биогеграфия  бұрынғы геологиялық қалыптасу  мен қазіргі жердегі биоценоздар мен организмдердің таралуын зерттейді.

Биогеография келесі әдістерді қолданады: салыстырмалы –география (фауна мен флора ерекшеліктерін, жер жамылғасының,жануарлардың таралуын табиғи-территориялық комплекстер ерекшеліктерін салыстыру), экологиялық (органикалық әлемнің басқа табиғи-территориялық комплекстермен байланысы), сандық  (биологиялы продуктивтілік пен биомассаның таралуын қадағалау) т.б

Биогеграфия  көптеген салалармен байланысты, соның қатарында биосфера— негізін қалаған В.И.Вернадский. Тығыз баланыстағылары биоценология, экология, биогеоценология. Биогеография осы аталған салалармен бірлесіп біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді.Биогеография тарихи геологиялық даму,туу сатысынан бастап, қазіргі өмірде қалыптасуына дейінгі зерттеу хронологиясынан өткіздіретін ғылым.

Экологиялық шарықтаудың  дамуына үлкен үлес қосқан немістің ұлы ғалымы Гумбольд.А (1769-1859) өзінің осы салада алғашқы орысша кітабі жарық көріді «Идеи географии растений»онда ол көптеген ғылыми түсініктемелер мен анықтамалар енгізген, олар әлі осы күнгі дейін экология, география саласында қалданылады. Мысалы, өсімдіктер биоморфасы, түрлердің ассоциациясы өсу формациясы т.б). Мәскеу университетінің профессоры К.Ф.Рулье (1814-1858) нақты дәлелдеді, органикалық әлемнің дамуы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Рулье өзінің еңбектерінде жануарлар әкологиясына көңіл бөлген. Оның ойыцн әрі қарай жалғастырған, оқушысы Н.А.Северцев (1827-1885) болды.1885 жылы «периодические явления в жизни зверей птиц и гадов Воронежеской губернии» еңбегін басып шығарды.Бұл магистралық диссертацияның мағынасы 100 жыл өткен соң, 1950 ж. қайта өңделіп басылып шығарылды, яғни оның мағынасы мүлдем өзгерменген.Одан кейінгі кезең Экология дамуының баспалдағына жеткен кез- Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» атты еңбегі биология ғылымына соққы әкеледі.1866жылы Э.Геккель (1834-1919) экология деген жаңа терминді ұсынгады. Бұл басқа ғылым саласына үлкен жаңалықтар әкеледі. К.Мебиус (1825-1908) биоценоз туралы түсініктер енгізеді. Биоценоз- бұл экожұйенің кез-келген бөлігі.Жалпы экология 1953 ж. бастап қалыптасты.

В:И:Вернадский-биосфера туралы жаңа ой-саласын қалыптастырды. Ол атты: жердегі тіршілік-бұл жалпыплнеталық космостық, яғни биосфера заттық-энериялық жүйе,  ол үнемі  биологиялық, химиялық энерия     айналымдарымен организмдердің эволюциялық процестерімен ерекшеленіп отырады.

Биогеографияның басқа ғылым салаларымен байланысу кестесі:

Тірі жүйелер көптеген параллельді және қиылысу иерархиясын қалыптастырды.Бұдан  тірі жүйелер организмдер, популяция, экосистема, таксондар дегендерден де басқа биогеографиялық жүйелер де бар және олардың өздерінің даму стадиясы бар.

Жоғарыда атап өткендей,биогеографиялық аспект тарихи және ландшавттық топтарға бөлінеді.

Мысалы,түйелер қазірде құмды, шөлді жерлерді мекендейді,орталық Азия мен Передней шөлдері.Бұл неге?Бұл сұраққа ландшавттық биогеография жауап береді-неге түйелер шөлде мекендейді (неге субтропикалық аудандарда немесе тайга да емес), ал тарихи-неге олар орталық Азияда өмір сүреді ,ол неге Австралияда не Солтүстік Америкада мекендемейді.

Бұған екі нұсқалы жауап бар: не түйелер белгілі континеттік кедергілермен ол жерлерге жете алмады, не олар ол жақта бұрын өмір сүрып өліп қалған.Сондықтан әрбір тірі организмнің өзінің өмір сүру қалыптасу, бейімделу ерекшеліктері бар. Сол себепті  қандай да организм болсын, соның ішінде адам да өзінің туу-қалыптасу- бейімделу- таралу- орналасу- көбею-өлу кезеңдері болады.Биогеография саласы жалпылама осы сатыларды қалыптастыру, осы аталғандарды қадағалау ғылыми тұрғыда анықтама беру, зерттеу жүргізі арқылы іске асырады.Қорыта келгенде, биогеография негізгі ғылыми  салалардың қатарына енді.Б. бұл екі жақты биология, география саларында қосып қарастыру, ортақ нақтылы ұғым шығару болып табылады.Биогеография тірі организмдердің-табиғат ортасына қарай, тіршілігінің тұрақтылығына, адам-қоғам арасындағы байланысна,экологиялык бейімделуіне қарай топтастырады.           

Пайдаланған әдебиеттер:

В.Г.Гептнер «Общая зоогеография» М.1936.                                          

Воронов.А.Г «Биогеография» М.1963 его же. Некоторые проблемы биогеографий суши «Вестник МГУ География», 1968.                                              

Г.В.Науымов « Краткая история биогеграфии» М.1969 Pie Kultur der Gegenwart,herausgegeben yon Poul Hinneberg,TI3.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ