Биологиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)

0
1235
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Ботаника ғылымы зерттейді
    A) Қарапайымдыларды
    B) Құстарды
    C) Балықтарды
    D) Өсімдіктерді
    E) Былқылдақденелілерді
  1. Жасушада біртіндеп пайда болатын шырынға толы бөлік
    A) Ядро
    B) Қабықша
    C) Цитоплазма
    D) Вакуоль
    E) Пластид
  1. Паразитті қарапайымдыларға жататын
    A) кәдімгі амеба.
    B) кебісше-инфузория.
    C) сәулелілер.
    D) қабыршақты тамыраяқ.
    E) қантышқақ амебасы
  1. Ширақ балапан шығаратын құстар:
    A) Торғай
    B) Көгершін
    C) Қарлығаш
    D) Тауық
    E) Қараторғай
  1. Қосжарнақты класының өкілі:
    A) Үрмебұршақ.
    B) Лалагүл.
    C) Жүгері.
    D) Бидай.
    E) Інжугүл.
  1. Ядросы жоқ, қызыл түсті қанның жасушасы.
    A) Фагоциттер.
    B) Эритроциттер.
    C) Тромбоциттер.
    D) Лимфоциттер.
    E) Лейкоциттер
  1. Пиязшығынан көбейеді:
    A) Қарақат.
    B) Қойбүлдірген.
    C) Раушангүл.
    D) Сексеуіл.
    E) Қызғалдақ
  1. Жемісі бұршаққынды өсімдік:
    A) Көкнәр.
    B) Асбұршақ.
    C) Картоп.
    D) Орамжапырақ (қырыққабат).
    E) Үйеңкі.
  1. Далалық қырықбуында фотосинтез процесі мына өркенде жүзеге асады
    A) Күздік
    B) Қысқарған.
    C) Жаздық.
    D) Қыстық.
    E) Көктемгі.
  1. Тек қана толық түрленіп дамуға жататын сатысы
    A) Жұмыртқа
    B) Дернәсіл
    C) Имаго
    D) Қуыршақ
    E) Нимфа
  1. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым
    A) И.И.Мечников
    B) Д.И.Ивановский
    C) А.О.Ковалевский
    D) Р.Гук
    E) Л.Пастер
  1. Гуморальдық реттелу дегеніміз
    A) Жүйке арқылы реттелуі.
    B) Гормон арқылы реттелуі.
    C) Ми арқылы реттелуі.
    D) Жұлын арқылы реттелуі.
    E) Тамақ арқылы реттелу.
  1. Тамақ жұту, сөл бөлу, асқорыту рефлекстарын жүзеге асырады:
    A) Мишық
    B) Сопақша ми
    C) Аралық ми
    D) Ортаңғы ми
    E) Ми көпірі
  1. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет
    A) Қорғаныш
    B) Қоректік
    C) Жиырылғыштық
    D) Қозғыш
    E) Тұрақтылықты сақтау
  1. Өкпенің тіршілік сиымдылығын өлшейтін құрал
    A) динамометр
    B) монометр
    C) микрометр
    D) спирометр
    E) термометр
  1. Ауызда қуысында ыдырайтын зат
    A) ақуыз
    B) аминқышқыл
    C) майлар
    D) көмірсу
    E) минералды тұз
  1. Нуклеин қышқылдары түзіледі
    A) цитоплазмада
    B) вакуольде
    C) ядрода
    D) центросомада
    E) қабықшада
  1. Тірі материя жаралымының ең төмен деңгейі
    A) Биогеоценоздық
    B) Биосфералық
    C) Популяциялық
    D) Жасушалық
    E) Молекулалық
  1. Жер бетінде тіршілік ең алғаш пайда болды:
    A) Топырақ ортасында
    B) Сулы ортада
    C) Орманда
    D) Ауада
    E) Тау басында
  1. Хлоропластары кездеспейтін ағза
    A) Балдыр
    B) Шаңжапырақ
    C) Мүк
    D) Саңырауқұлақ
    E) Плаундар
  1. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын жасыл балдыр:
    A) Ульва
    B) Спирогира
    C) Улотрикс
    D) Кладофора
    E)Каулерпа
  1. Ашу процессі деп аталады:
    A) Аэробты тыныс алу.
    B) Гидролиз.
    C) Анаэробты тыныс алу.
    D) Тотығу реакциялары.
    E) Гликолиз.
  1. Митохондрия
    A) май жинақтау органоиды
    B) тұқым қуалау органоиды
    C) ферменттерді жою органоиды
    D) көмірсуларды синтездеу органоиды
    E) энергия көзі органоиды
  1. Генді химиялық жолмен қолдан синтездеуді алғаш жүргізген:
    A) Дж.Беквит.
    B) Х.Г.Корана.
    C) Е.Сирс.
    D) В.А.Струнников.
    E) П.Берг.
  1. Құрылысы мен шығу тегі бір атқаратын қызметі әртүрлі мүшелер
    A) Атавизмдік
    B) Аналогиялық
    C) Регенерациялық
    D) Рудименттік
    E) Гомологиялық

    Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ