Бір Отан! Бір Тағдыр! Бір Елбасы!

0
1260

Мақсаты:

  1. Қазақ  халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру;
  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: слайдтар  көрсету, суреттер, көрме.

Театрланған көрініс қойылымы

Сахна сыртында.

Жүргізуші: Құс ұшса қанаты, тұлпар шапса тұяғы талатын.Осынау кең байтақ жер, қазақ жері. Шығыстан шыққан күн,батысына кең даламды қимай-қимай барды. Сондай әсем жер әскерлердің соғысы, қуғындардың қонысы жұт пен қаттың мекені қорқыныштың секемі болғаны қашан. Енді Алашыма ақ намысын үкілейтін, мықтылардан үркімейтін күн туады. Себебі дүниеге сән құрып, жерді бағыттастыратын, мәңгілік елді қалыптастыратын шекесі торсықтай ұл келді.

Музыка ойнап сахнаға баласын көтерген ана шығады. Ана мен баланың биі.

Бала: Ниетпен жатқан түндей көрем. Тілекпен атқан күнді көрем. Елімді еңіретіп жүргендерін емес, бұғаудан босап күлгендерін көрем. Өркендеп өсіп толғанын мәңгілік ел болғанын көрем.

Музыка ойнап сахнаға үш би шығады

Төле би небір қилы кезеңді бастан кешірдік. Елдің ертеңі, келешегі қалай болар екен, шығысыңда нар алтай, жоңғар келер еңтейіп. Қазақ жері ру-руға бөлініп бір бірімен жауласып жүр.

Әйтеке би:  Ия,Солтүстігіңде аюдай ақырып ақ патшаның орыстары небір сылтаулармен қазақ жеріне еніп жатыр. Ол ол ма,  Отүстікте Қоқан хандығы мал мүлікті тонап, әйел бала шағаны құлдыққа алып жатыр.

Қазыбек би: Мүмкін емес қазақ жерінде батырлардың сарқ — ұрып ел басқарар ханның қалмауы.Мүмкін емес, ел бірлігінің болмауы.Сол баяғы алауыздан бірін-бірі көре алмаушылық, сен тимесең мен тиме, сенің атың тұра тұрсын, менің атым жүре тұрсын. Жоқ оған жол бермеу керек.

Төле би: Дұрыс айтасың тәуелсіз болу үшін барлық қазақ атаулыға жұмыла еңбек ету керек. Төрт құбыламызды түгендеп, еліміз үшін, жеріміз үшін аянбай маңдай терімізді төгеміз.

Әйтеке би: Бейбіт елде сән болар, бөлінген елде дау болар, даудың түбі жау болар, жаудың түбі дау болар. Шаңдата жүріп айқассақ айта жүрер кім болар қазағым.

Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, еліңнің оң болғаны. Атадан жаман ұл туса көшенің күңі болғаны.

Төле би: Рас, талай батыр елін құтқарамын деп өзін қара жерге жастандырды.

Әйтеке би: Ия, тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Асау аттай тізгінін бермейді. Қазағымның  алтын басын иілтіп, талай-талай дұшпан төрімізге төрледі. Қазақтың кең далаға бытырай қашқаны,өз ұлтының болашағы, қамы үшін  бір тудың астында, бір ханның қол астында болар. Сол туды құлатпай жаумен күресіп, кең далада қазақпын деп, азаттық үшін күресіп жауға қарсы шығайық.

Абылай хан: Уа, халқым елі болмас елдің төбесінде күн тұрақтамас төрінде жаз тұрақтамас деген. Бірлік намыс, ерлік ұранымыз болсын. Менің арманым үш жүздің басын қосу. (Үш найзаның басын біріктіреді)

Бітімгершілік татулық орнату жан жаққа шашырап кетпей, бірің аға, бірің іні өзара бірлікте елдік арқылы өзгелермен теңдікке жетейік ағайын.

 Бала: Уа, ағайын тағы да  халқым бірікті, қайтадан күн туды. Найзасына үкі тағатын атқа мінген намысты кез жетті.

Музыка ойнайды. Ақтабан шұбырынды. Сахнаға қара киінген қыздар шығады. Баланың қолын байлайды.

Бала:Елімнің аспанын тағы да қара бұлт торлады.

Әйтеуір халқым оңбады.

Жанарсың қайта сөнерсің

Басыңа түскенді көрерсің

Мың өліп, мың тірілген елім-ай. Бала отырып қалады. Сол уақытта әскери киіммен «Священная война» өлеңімен солдаттар сахнаға шығады. Сөздерін айту.

Солдаттар сөздері:

Сахна сыртында «Мен — қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын» — деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Сахнаға бір топ жастар шығады. Қайрат сөзі

Жүргізуші: Құлазыған сенің қызыл түздерің не көрмеген, не ілмеген іздерің жазылмаған тарихынның жолдарын ауыз екі аңызыңнан іздедім. Бабалардың ізін көрем аңсаған, бас имеген қалды мекен жан саған ашаршылық,соғыс зұлмат жылдарын өткізгенсіз небір зұлмат заманды. Бабаларым рахмет сендерге, жан бітірдің жазда жайлау көлдерге, көз жетпейтін ұлан байтақ жер бердің, кең дүниеге кең төл ұрпағы енгенде, егемендік ел бақытты ертеңі.

Музыка ойнайды.Сахнаға ақ мата жамылған білімгерлер шығады. «Ізін көрем» әні орындалады.

Музыка ойнайды. Сахнаға металлург қызметкерлері шығады.

Бірден сахнаға білімгерлер шығады. Хор «Атамекен»
1- Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білімгерлер!

 2-Жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Бір Отан!Бір Тағдыр!Бір Елбасы!» атты мерекелік концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер.

1-Жүргізуші: Азамат сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

2-жүргізуші: Әрине, Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

1-жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз колледж директоры Букирова Жұмакүл Оңғарбайқызына  беріледі.

2-жүргізуші: Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса — болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық! дей келе  Эльдардың орындауында «Жаса Қазақстан»  әнімен қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік! Ендеше ортамызға колледж білімгерлерін «Менің Президентім» атты  монологтарына кезек берсек.
                       Білімгер монологы. «Менің Президентім».

Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», — деуден жаңылмайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.

Үлкендердің  мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды дейді. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.

Білімгер монологы. «Менің Президентім»

Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.

Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

2-жүргізуші: Ендеше ортамызға колледжіміздің мың бұрала билейтін биші қыздарымызды  «Қазақ» биімен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе. Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына өздерінің жүрекжарды өлеңдерін арнайтын білімгерлерімізді Қошеметпен сахна төріне шақырайық!

2-жүргізуші:
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған дей келе колледж білімгерін флещмоб биімен қарсы алайық.

1-жүргізуші:  Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде әнін тарту ететін ————————————қарсы алыңыздар «Менің елім аңсаған» әнімен.

 

2-жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. Тұңғыш президент күніне арналған сценарий
  2.  1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
  3. Елбасы сенген елорда
  4. Елбасы жолы – ертеңге!
  5.  Менің Елбасым
  6. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» 
  7.  Ұлт президенті — ұлыс президенті
  8. . 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні
  9.  Н. Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры
  10.  Н.Ә.Назарбаев – егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті
  11.  Президент Н.Ә. Назарбаевтың Хакім Абай туралы баяндамасы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ