Блогер – сегіз қырлы, бір сырлы маман

0
1865
Freepik.com

Блогерлер – мықты бәсекелес. Желіде миллиондаған блог бар. Бір ғана WordPress.com-да 75 миллион блог бар екен. Ал оған Blogger, Tumblr және басқа да блог тұғырларды қосыңыз. Ал солардың ішінде мықты болу үшін еңбек ету қажет.

Блогерлер жан-жақты. Авторлық блог жүргізу кішігірім газет шығарумен бірдей. Бірақ оны жазатын – бір ғана адам. Өзі автор, корректор, редактор, фотограф және өңдеуші.

Блогердің арсеналында HTML, SEO, дизайн, тіпті SMM болады. Орфографиялық, пунктуациялық ережелерді білумен қоса оның техникалық білімі болуы тиіс. Бағдарлама жасауда, веб-дизайнда тінтуір қызметтері мен әлеуметтік желідегі жұмысты да біліп алуы керек. Сонымен бірге ол өзінің блогін түрлі спамдар мен фишингтен сақтауы қажет.

Блогерлер – маркетинг «білгіші». Мақала жазады, оны жариялайды. Осымен бітті деп ойлайсыз ба? Жоқ! Аудитория оның мақаласын оқып, пікірлесу керек. Осы үшін де блогерлер интернет-маркетингтің мәселелерімен танысады.

Блогерлер тәуекелшіл. Олар түрлі шараларға қатысып, өз ұсынысын жасайды. Қарым-қатынас маманының да рөлін атқарады. Блогерлер кәсіпкерлікпен де айналысады. Тұтынушыны табу, сатумен айналысу, серіктестер өнімін жарнамалау сияқты істердің барлығын блогер жасай алады.

Блогерлер – басқарушылар. Егер блог жүргізуде блогер ұжыммен жұмыс жасайтын болса, ол білікті басшы болады, яғни жасампаз авторларды іздейді, контент-менеджерлерді табады, жұмысқа бақылау жүргізеді.

Блогер өз өмірі, өз қызығушылығы жайлы ғана айта бермей, түрлі салаларда ақпарат бере білуі, өзі көрген өмірді сипаттау арқылы, өзгеге сабақ болатын жағдайларды айтып беруі тиіс. Блогерлер қоғамдық пікір құрады. Блог – бұл дискуссия жасауға арналған орын. Ақпараттық мақалалардан гөрі, блогта жазылған ақпарат ел-жұрттың әңгіме ететін мәселесіне бірден айнала кетеді. Ал абыройлы блогердің пікірі
сол бетте-ақ танымал бола түседі.

Блогерлер – мәдениетті адамдар. Өз-өзін сыйлайтын, құрметтей білетін блогер ешқашан да сенімсіз ақпаратпен бөліспейді, ешкімді арына тиіп, балағаттамайды. Блогер интернет этикасы мен ар-намыс нормаларын сақтайды.

Бұл тізімде айтылған ойларға қосылуыңыз да, қарсы шығуыңыз да мүмкін. Бірақ бір белгілі нәрсе: блоггинг – өте күрделі еңбек.

Егер блогер болуды ойласаңыз, есіңізде болсын: бәрі де тырысып көруі мүмкін, бірақ соның ішінде бірнеше ғана адам әлем мойындалған блогер бола алады. Себебі блогер – үздік мамандық!

(Дайындаған Ардақ Құлтай)

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
    Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материалдар:

  1. Жа­ңа ға­сыр­дың жа­ңа ма­ман­дық­та­ры
  2. ҰБТ-ға дайындық кезінде күйзелісті болдырмау жолдары
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес

  4. Дебат: ҰБТ қажет емес…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ