Бойтұмар, базарлық байғазы ырымы туралы

0
2671

Ырым — халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Солардың бірі: 

Бойтұмар. Мойынға тағылатын қастерлі зат.Қазақ халқы тіл-көзден сақтау үшін құран аяттарынан дұға жазылып оралған қағазды былғары не шүберектен жасалғанқалташаға салып алқа ретінде мойынға тағады немесе киімнің ішкі жағына іледі.

Кейбір халықтар бойтұмарға астрологиялық ишаралар немесе қасиетті кітаптардан алынған сөздерді жазады. Сондай-ақ оларға жазу жазылып, бедерлі суреттер түсіріледі. Алайда бойтұмар адамзатты түрлі бәле-жаладан, ауру — сырқаудан қорғайды деген ұғым барлық халыққа ортақ. Бойтұмар тағу — барлық халықтарға тән ерте дәуірден келе жатқан ырым.

Базарлық — алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдардың туыстарына, жерлестеріне, көрші-қолаңдарына, сыйлас адамдарынан, жас балаларға алып келген ірілі-ұсақты сыйлықтары. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрінудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Байғазы — балалардың, жастардың жаңадан киген киімі, алған заты (қамшы, шана, ер-тоқым) үшін берілетін сый. Ол  ақшалай немесе заттай беріледі. Оны сұраудың ешқандай ұяттығы жоқ.

Аластау — тіл-көзден сақтау үшін үй-ішін, жас нәрестенің бесігін арша бұтақтарын түтіндету арқылы жын-шайтандарды қашыру. Аластауды көбінесе жаңа үйге  кіргенде немесе нәрестені бесікке ең алғаш рет жатқызарда қолданады. Аршаның хос иісі таптырмайтын ем саналатын болған.

Ал қазіргі кезде аластау үшін көбінесе кептірілген адыраспан шөптері қолданылады. Адыраспен аластағанда үй ішіндегі жаман күштер мен жын-шайтандар қуылады деген сенім бар.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Ырым-тыйымдар туралы басқа да ақпарат:

  1. Қазақ халқының ырымдары. Ақсарбас, көз тию, тізе бүгу туралы
  2. Ырым мен тыйымдар туралы. Ұшықтау, үшкіру, айдар қою тағы басқа

  3. Ақ құйып шығару, ауыз тию, сарқыт ырымдары туралы түсінік

  4. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ