Болашаққа ұмтылған университет

0
1112

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі жоғары деңгейдегі телегей білім ордасы.Еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орыны және білім беру жүйесінің жетекші мекемесі.

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-«Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтер нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады. Жоғары деңгейдегі сарапшылардың пікірлерін негізге алған тағы бір агенттік, Rank ProWorldwide Professional University ҚазҰУ-ды үздік деп таныды. «Rank Pro by Subjects 2021» пәндік рейтинг қорытындысы негізінде ҚазҰУ – әлемдегі үздік ЖОО-лар арасында – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша – 351-400, «Математика» бағыты бойынша – 401-500 көрсеткіштеріне ие болған қазақстандық жалғыз оқу орны.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы университеттер қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар арасында да алдыңғы орында.

Қазіргі таңда біздің университетімізде ғылымды дамытудың барлық жолдары қарастырылып, ғылым саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру жұмыстары қарқынды жүзеге асу үстінде. Білім ордасында 562 ғылым докторы, 887 ғылым кандидаты, 438 PhD докторы еңбек етіп, 1227 магистрант білім алуда.

ҚазҰУ ғалымдары бейнеконференция, онлайн оқытуды жүргізу үшін Jinalys Room бейнеконференц-байланыс сервисін іске қосып, «Әл-Фараби-1» және «Әл-Фараби-2» наноспутниктерін алғаш рет ғарышқа ұшырды.Қазақстандық пікірлер мониторингінің ақпараттық жүйесі – OMSystem сынақтан өтуде. Әлемнің рейтингтік басылымдарында ғылыми жарияланымдар саны бойынша ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасында көшбасшы, жылына Scopus журналдарында 1000-нан астам мақала жариялайтын алғашқы университет.

Жалпы, қазақстандық авторлардың рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші жарияланымы-ҚазҰУ ғалымдарының үлесіне тиесілі. Биыл ҚазҰУ-да ғылымның барлық салалары бойынша магистратура мен PhD докторантураға бөлінген грант саны артып, оларға берілетін мүмкіндіктер шеңбері кеңейіп, мүмкіндікпен қатар оларға қойылатын талап та күшеюде. Оқытушылар білім алушыларды әрдайым ғылыми сауаттылыққа шақырады.

Ал жас зерттеушілер болса ҚазҰУ қабырғасында құрылған технопарк пен бизнес-инкубаторда жоғарғы технологиялық ойларын жүзеге асырып, сол арқылы өз істеріне инвестор тарту, серіктес табу сияқты мүмкіншіліктерге ие болып жүр. Ал мұндай жобалар ұлғая келе елге, өнеркәсіптің дамуына үлкен үлес қосып, ел экономикасына мол пайда әкелері сөзсіз.

Елбасымыз «Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» дейді. Сондықтан еліміздің тұрақты дамуы үшін алда тұрған ауқымды міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын, жылдам дамып жатқан білім-ғылымның өзгерісіне ілесе алатын, әлемдік бәсекелестікке қабілетті озық ойлы жастар қажет. Қазақстандық университеттер арасында жетекші орынды иеленетін ҚазҰУ енді алдағы уақытта 11 пәндік бағыт бойынша өтетін рейтингке қатысады.. Аталған рейтингте де ҚазҰУ көшбасшылығын дәлелдеп, алғашқылардың қатарынан көрінеді деп сенемін.

Муратова Асем Муратқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес жоғары мектебі

Ғылыми жетекшісі:
Бектурганова Макпал Саттикуловна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ