Болашақтың ордасы

0
1243
ҚазҰУ

Болашақ мамандықты таңдау – үлкен өмірге қадам, әр адам өміріндегі өте жауапты сәт. Бұдан басқа, университет таңдауда күрделі шешім.

Мен осы бір болашаққа деген үлкен қадамымды, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебі факультетіне түсуден бастадым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті — Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Болашаққа қадам жасау барысында, дәл осы оқу орнына түскеніме еш өкінбеймін.

Ең алдымен, ҚазҰУ сөзін естігенде, оның QS жаһандық рейтингісінде 165-орында екендігі, өте мықты әрі білікті ұстаздарын, керемет аумағын айтып өтпеу мүмкін емес. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті үш тілде білім бере отырып, көп салалы білікті мамандарды даярлау үстінде. Университеттің аумағында, студент қажеттілігінің барлығы дерлік қамтылған.

«ҚазҰУ қалашығы» аталған осы бір қасиетті мекенде, кітапхана, спорт кешені, студенттер үйі, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, технопарк, интернет және медицина орталықтары өз қызметін жасап тұр. Сонымен қатар, студенттер өз білімдерін жетілдіру мақсатында, шет елдік алмасу арқылы білім алуына жағдай жасалған.

Әр түрлі ғылыми зерттеулер, иновациялық конференциялар мен форумдар іске асырылатын. Университет қабырғасында жүріп, білім мен студенттік өмірдің қызығын қатар алып жүруді үуйрендім. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әртүрлі студенттік ұйымдары және олардың ұйымдастыратын іс-шаралары әрқашанда өте жоғары деңгейде ұйымдастырылатын.

Яғни, университет аумағынан шықпай-ақ, керемет іс-шаралардың куәсі болуға, таза ауада серуендеуге мүмкіндік болатын. Осындай мүмкіндіктер мекенінде оқу, мен үшін үлкен жетістік пен мақтаныш.

Университет табылдырығын аттағаннан, болашақта еліміздің экономикасын жандандыратын керемет маман иесі болатыныма нық сенімді болдым. Енді міне осы киелі шаңырақтың түлегі болып, алған білімімді өз армандарыма қолдануға дайынмын. Білім нәрімен сусындай отыра, Қазақстанның түпкір-түпкірінен шынайы достар, керемет стунденттік естеліктер, болашаққа деген мақсат пен нық сенім ала білдім.

Болашақ студенттерге айтарым «ҚазҰУға түсіңдер! ҚазҰУ – болашақтың ордасы! Сендерді сапалы білім, жарқын және көңілді студенттік өмір күтеді!

 Габдуллин Бақытжан Ернарұлы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебінің
4 курс студенті

Жетекшісі: Бейсенбаев Жақсылық Темерболатович
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент міндетін атқарушы,

ЭжБЖМ «экономика» кафедрасында «21 ғасыр экономисті»
атты ғылыми кружоктың жетекшісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ