Дүние жүзі тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа идеялар

0
962
Иллюстрация: Freepik.com

1. Белгілі бір мемлекет тарихы жайлы оқулықтан оқымас бұрын ғаламтордан сол мемлекет жайлы әр түрлі қызықты мәліметтер оқып, видеолар қарап көру. Бұл пайдасыз қимыл сияқты көрінетін іс-әрекет дүние жүзі тарихына шынайы қызығуға және ақпарат қабылдағанда жалығып кетпеуге көмектеседі.

2. Тестерді кітаппен талдау. Бір сұрақты оқисың – жауабын оқулықтан іздейсің – жауап жазылып тұрған азбатцты оқисың – керегін дәптеріңе түртіп аласың. Мұндай тәсілде тест талдау сұрақтың жауабын тез және ұзаққа есте сақтауға көмектеседі. Мысалы, мен осындай әдіспен 200 шақты сұрақ талдағанда 160-тан астамын бір аптадан кейін қайталамасам да жатқа біліп тұрдым.

3. Параграфтарды құрғақ оқымай, олардан кесте, сызба, конспект, т.б. нәрселер жасау. Ақпаратты пайдалану оның эффективті есте сақталуына әсер етеді. Сосын егер бір мәтінді 2 реттен көп оқысаң миың «Мен бұны онсыз да білемін» деп сигнал береді де, автоматты түрде жаттаудан бас тартады. Ал ол мәліметпен жұмыс істесең, ол миыңнан ешқайда кетпейді.

4. Барлық оқығаныңды, түсінгеніңді басқа біреуге түсіндіру. Бір нәрсені екенші бір адамға түсіндіру – ғалымдардың зерттеуінше ең жоғары эффективтілікке (95 пайызы есте қалады) ие тәсіл. Сенің сабақ түсіндіруің 8 жасар бала да түсінетіндей болса, міне нағыз жетістік.

5. Әрбір тақырыпқа немесе тарауға анки калодасын (немесе флеш-карталар) жасау. Жыл бойы сен әр түрлі ҰБТ нұсқаларын, байқау тестерін, т.б. әр түрлі тестерді талдайтын боласың. Сол кезде әр сұрақты белгілі бір калодаға енгізіп отырсаң, тест талдап болып қалғаныңда сенде өз Жұбанышовың, Сағынғалиевың болады. Сол калодалар арқылы оқыған параграфыңды бекітсең болады. Керемет емес пе?

6. Сұрақ-жауап тест кітапшаларында кездеспейтін мәліметтерге акцент беру. Мысалы, сен Жұбанышовта бар сұрақтарды кітапта түрлі түсті маркермен белгілеп шықтың, Әр тарауға немесе тақырыпқа ашқан анки-калодаларыңдағы сұрақтарыңды да белгілеп шықтың. Яғни, қалай болса да сен осы сұрақтармен таныссың. Енлі ҰБТ-да саған еш жаңа сұрақ кездеспеу үшін не істеу керек? Әрине, оқулығыңның боялмаған бөлігіндегі мәліметті жаттау, солардан сұрақ-жауап құрастыру, керек болса, аникиге де қосу.

7. Оқу жоспарыңды жасау. Түпкі мақсатыңа әкелетін іс-әрекеттерді тізіп шығып, олардың дәл бүгін істей алатын бір бөлігін бүгін істе. Солай күн сайын жалғастыра бер. Мысалы, күніне 1 параграф жаттап, 2 нұсқа талдау деген сияқты. Өзіңе жеңіл болуы үшін жаздағы ҰБТ-ға емес, Қаңтардағы ҰБТ-ға дайындал. Дедлайн жақындаған соң өзің де қалай жанталаса бастағаныңды білмей қаласың.

Ұқсас материалдар:

  1. Дүние тарихы: ХVII-ХVIII ғасырлардағы дүниежүзі
  2. Дүние жүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
  3. Жер-күн жүйесінің ғаламшары
  4. Дүние жүзі тарихынан тест сұрақтары
  5. Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ