Дүние жүзі тарихынан тест сұрақтары

0
1915
Иллюстрация: Freepik.com

 

 1. Александр Македонскийдің қайраткерлік жолына түсуіне ықпал еткен, ғылымның көптеген салаларын сусындатқан грек ойшылы:

A) Архимед

B) Платон

C) Евклид

D) Аристотель

E) Геродот

 2. Дүние жүзіндегі алғаш рет мануфактура ашылған қала:

A) Рим

B) Флоренция

C) Венеция

D) Париж

E) Лондон

 3. Ежелгі Грекиядағы философия ғылымының негізін салушы:

A) Аристотель

B) Гомер

C) Аристотель

D) Геродот

E) Страбон

 4. ХІХ ғ. 30-50 ж.ж. Англиядағы жұмысшылар қозғалысының атауы:

A) пролетариаттық

B) луддизм

C) чартизм

D) диггерлік

E) левеллерлік

 5. XX ғ. С.Далидің шығармасы:

A) «Көгілдір салтанатты»

B) «Шегірен былғары»

C) «Азамат соғысын алдын ала сезінуі»

D) «Жоғалған иллюзия»

E) «Чайльд Гарольді»

 6. Германиямен болған соғыста КСРО-ға жақтас болған мемлекет:

A) Моңғолия

B) Үндістан

C) Жапония

D) Ауғанстан

E) Түркия

 7. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Антигитлерлік коалицияның негізі міндеті:

A) елдердің аумақтық тұтастығын сақтау

B) соғысты тоқтату, келісімге келу,берілу

C) екінші майдан ашып, соғысты аяқтау

D) Еуропаның картасына өзгеріс енгізу

E) жаппай қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру

 8. ХХ ғ. 30 жылдары АҚШ-тың сыртқы саясатта ұстанған бағыты:

A) панамериканизм, ашықтық

B) Еуропа елдерімен ынтымақтасу

C) оқшаулану, бейтараптық

D) еуроцентризмге бағытталу

E) «жаңа бағыт» шараларын жүргізу

 9. 1997 жылы Гонконг мәселесі бойынша келісімге келген елдер:

A) АҚШ, Ұлыбритания

B) Ұлыбритания, Қытай

C) Ұлыбритания, Аргентина

D) Бельгия, Қытай

E) Ирландия, Ұлыбритания

10. Осымен бұл заң «Құрама Штаттардың қорғанысын нығайту туралы Заң» деп аталатын болады.

ІІІ бөлім. (1) …Осы мақсатқа бөлінген қаржы мен мезгіл сайын Конгресс бекітіп отыратын келісімдер бойынша өз иеліктеріндегі арсеналдарда, зауыттар мен верфьтерде сол немесе өзге елдің үкіметіне қару-жарақ өндіру немесе басқа да әдістермен өткізу. Ол елдердің қорғанысы, Президенттің пікірінше, Құрама Штаттардың қорғанысы үшін аса қажет деп саналады.

(2) …Осы пункттің шарттарына сәйкес және осы мақсат үшін қор есебінен төленген және түрлі әдістермен жеткізілетін қорғаныс құралдарының құны 1 300 000 доллардан аспауы керек…

(3) Қорғаныс құрал-жабдықтарын сынау, тексеру, дайындау, жөндеу, жабдықтау, қайта жабдықтау немесе басқа да жолдармен жұмыс істейтін жағдайға келтіру болмаса жеке келісімдер негізінде, егер олардың жалпы құны осы заң бойынша бөлінген қаражаттардың көлемінен, сондай-ақ конгресс бекітіп отыратын келісімдердің жалпы мөлшерінен аспайтын болса, кез келген мемлекетке жоғарыда айтылған қызметтердің барлығын көрсету…

Мәтінде көрсетілген оқиғаның мерзімін анықтаңыз:

A) ХІХ ғасырдың 80 жылдары

B) ХХ ғасырдың 90 жылдары

C) ХІХ ғасырдың 60 жылдары

D) ХХ ғасырдың 40 жылдары

E) ХХ ғасырдың 60 жылдары

11. Рим империясының алғашқы патшасы:

A) Ромул

B) Ганнибал

C) Пирр

D) Красс

E) Тарквиний

12. 1539 жылғы Франция королі І Францискінің қабылдаған тарихи шешімі:

A) Шіркеу мен мемлекетті бөлектеді

B) Абсолюттік монархияны жариялады

C) Француз тілін мемлекеттік тіл деп жариялады

D) Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясын жариялады

E) Христиан дінін мемлекеттік дін деп жариялады

13. Ежелгі Грекиядағы өлілер патшалығын билейтін құдай:

A) Таммуз

B) Аид

C) Шамаш

D) Тиамат

E) Посейдон

14. 1912 ж. Лозанна шартына сәйкес Триполи мен Киренаиканы иеленген ел:

A) Германия

B) Италия

C) Англия

D) Испания

E) Бельгия

15. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Ұлыбритания үшін кері салдары:

A) дүниежүзілік қаржы орталығы АҚШ-қа ауысты

B) өнеркәсіп орындарын мемлекет меншігіне алды

C) импорт азайып, экспорт көлемі артты

D) Германиямен қарым-қатынасты қалпына келтірді

E) жұмыссыз қалғандарға қосымша қаражаттар қарастырылды

16. 1806 жылы Пруссия соғыс ашқан ел:

A) Италия

B) Франция

C) Англия

D) Ресей

E) Испания

17. 1917 жылы Иран аумағын бөліске салған елдер:

A) Польша, Испания, АҚШ

B) Бельгия, Голландия, Дания

C) Италия, Франция, Ресей

D) Германия, Португалия, АҚШ

E) Англия, Ресей, Германия

18. 1831 жылы «Жас, Италия» қоғамының негізін салған тұлға:

A) Фр.Криспи

B) Дж. Джолитти

C) Дж.Гарибальди

D) К.Кавур

E) Дж. Мадзини

19. … ІІ. Сыртқы Істер Министрлері Кеңесін құру.

1.Біріккен Корольдық, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, Қытай, Америка Құрама Штаттары сыртқы істер министрлері құрамы мен Кеңес құрылуы қажет.

2. а) Кеңес Біріккен хатшылығының тұрақты орны болып есептелетін Лондонда өткізетін болады.

ІІІ. Германия туралы.

….Конференцияда жеңілген Германияға байланысты Одақтастардың саясатын ұйымдастырудың саяси және экономикалық принциптері туралы келісімге қол жетті.

Бұл келісімнің мақсаты Германия жөніндегі Қырым Декларациясын орындау болып табылады…

Мәтіндегі шешімдер қабылданған коференцияны анықтаңыз:

A) Бандунг

B) Тегеран

C) Потсдам

D) Женева

E) Қырым

20. 1-бап

Осы кезден бастап, олар британдық тәжге тәуелділіктен босатылып, олар мен Ұлыбритандық мемлекет арасындағы барлық саяси байланыс мүлде үзіледі.Олар өзара еркін сауда жүргізу, соғыс жариялау, одақ құру, бейбіт келісім жасау және тәуелсіз мемлекеттер жүргізе алатын істерге толық құқы бар.

Мәтінді бойынша тарихи оқиғаны анықтаңыз:

A) президент конгреске заңды өзі ұсынады

B) АҚШ –тың «Тәуелсіздік декларациясын» қабылдау

C) АҚШ Конституциясының қабылдануы

D) Америка революциясы басындағы жағдай

E) екі палатаның мүшелерінің мақұлдауы арқылы

Бірнеше жауабы бар тапсырмалар.

21. Римнің атақты ақыны(-дары):

A) Цицерон

B) Ливий

C) Диоклетиан

D) Гораций

E) Вергилий

F) Цезарь

G) Феодосий

H) 46 дорийлік сәнді бағаналар

22. Атақты суретші Винсент Ван Гогтың соңғы шығармасы(-лары):

A) «Адасқан ұлдың»

B) «Хал үстіндегі құл»

C) «Инфанта Маргарита»

D) «Волгадағы бурлактар »

E) «Гиппократтың афоризмдері»

F) «Көгілдір салтанатты»

G) «Герника»

H) «Овердегі жаңбырдан кейінгі пейзаж»

23. Египеттің негізгі табиғат байлығы(-тары):

A) мыс

B) қола

C) алтын

D) тас

E) күміс

F) ағаш

G) балшық

H) құм

24. Ежелгі Қосөзен мәдениетіне жатады:

A) Иероглиф

B) Сфинкс

C) Аспалы бақ

D) Пирамида

E) Сына жазуы

F) Папирус

G) Күнтізбе

H) Иштар қақпасы

25. Шығыс қоғамында дәстүрлі ағартушылықтың дамуына үлес қосқан

 тұлға(-лар):

A) Рам Мохан Рай

B) Сун Инсин

C) Намык Кемал

D) У Чэньэн

E) Фукудзава Юкити

F) Мұстафа Селим

G) Ихара Сайкаку

H) Кобаяси Исса

26. Ежелгі Грекиядағы құл иеленушіліктің белгісі(-лері):

A) теңдік сақталды

B) құлдарға жер берілді

C) құлдар тәуелдікке түсті

D) құлдар зәулім үйлерде тұрды

E) құлдың баласы басқарушы бола алды

F) өнімнің жартысы құлдарға үлестірілді

G) ру және тайпа көсемдері байыды

H) теңдік жойылды

27. 1381 жылы Англияның оңтүстік-шығысында болған шаруалар көтерілісінің жетекшісі(-лері):

A) Джон Болл

B) Уот Тайлер

C) Ян Гус

D) Робин Гуд

E) Генрих Тюдор

F) Томас Мюнцер

G) Карл Мартел

H) Мартин Лютер

28. Ағартушылық идея классикалық формада дамыған мемлекет(-тер)

A) АҚШ

B) Щвеция

C) Франция

D) Германия

E) Бельгия

F) Италия

G) Австрия

H) Испания

29. XVII-XVIIІ ғасырларда Иранның дүниежүзіне даңқы шыққан

      бұйым(-дары):

A) қыш-ыдыстар

B) дәмдеуіштер

C) какао

D) тағамдар

E) орамалдар

F) әшекейлер

G) жібек

H) кілем

30. 1970-1980 жылдары қатаң монетаристік саясат жүргізілген ел(-дер):

A) Ресей

B) Жапония

C) Италия

D) АҚШ

E) Канада

F) Франция

G) Ұлыбритания

H) Германия

 

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

 

  1. Дүние тарихы: ХVII-ХVIII ғасырлардағы дүниежүзі
  2. Дүние жүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
  3. Жер-күн жүйесінің ғаламшары
  4. Жердің ең сыртқы қатты қабаты. Литосфера туралы түсінік
  5. Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
  6. ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ