Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)

0
497
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Ежелгі Қытайдағы ұсақ мемлекеттерді біріктіруді жүзеге асырған патша:
    A) Конфуций.
    B) Ашока.
    C) Сыма Цянь.
    D) Кир.
    E) Цинь Шихуан.
  1. Ежелгі Римнің қоғамдық-саяси өмірінде табысқа жетудің негізі болған өнер:
    A) ақындық
    B) шешендік сөйлеу
    C) мүсіндік
    D) актерлік
    E) суретшілік
  1. «Орыс қалаларының анасы» атанған қала:
    A) Псков
    B) Кострома
    C) Мәскеу
    D) Новгород
    E) Киев
  1. Үндістанды ашқан саяхатшы:
    A) Христофор Колумб.
    B) Америго Веспуччи.
    C) Васко да Гама.
    D) Фернан Магеллан.
    E) Бартоломеу Диаш.
  1. Англиядағы феодалдық топтар мен парламентті жақтаушылар арасындағы азамат соғысының басталған жылы:
    A) 1642 ж.
    B) 1641 ж.
    C) 1644 ж.
    D) 1643 ж.
    E) 1640 ж.
  1. Германияның «Барбаросса» жоспары бағытталған ел:
    A) КСРО
    B) Шығыс Еуропа
    C) Англия
    D) Франция
    E) АҚШ
  1. Бұл храмда 200-ден астам мүсіндер бар және төбелері алтын жалатылған тақтайшалармен қапталған:
    A) Гелиополь храмы
    B) Мемфис храмы
    C) Фивы храмы
    D) Ур храмы
    E) Ниневия храмы
  1. Ұлы Карлдың көрші елдерге жасаған жорықтарының саны:
    A) 53
    B) 47
    C) 49
    D) 48
    E) 45
  1. Император Юстиниан билік құрған жылдар:
    A) 505-527 жж.
    B) 520-560 жж.
    C) 540-575 жж.
    D) 530-565 жж.
    E) 527-565 жж.
  1. ХІ ғасырда Британ аралдарын жаулап алған Нормандия герцогі:
    A) Вильгельм.
    B) ІІ Генрих.
    C) ІІІ Генрих.
    D) Гарольд.
    E) VI Генрих.
  1. Санкт-Петербургтың іргетасы қаланған жыл:
    A) 1713 ж.
    B) 1709 ж.
    C) 1732 ж.
    D) 1722 ж.
    E) 1703 ж.
  1. ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» қара түстілерге қатысты ұсынған идеясы:
    A) Африкаға қайтару
    B) сайлау құқын беру
    C) әлеуметтік қолдау жасау
    D) жер беру
    E) сауаттылығын ашу
  1. Бенгалдық ақын және жазушы Рабиндранат Тагордың романы:
    A) «Орман патшасы».
    B) «Күйреу».
    C) «Құмырсқалар елі».
    D) «Біздің заманның ерлері».
    E) «Азапты жолда».
  2. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасының негізгі міндеті:
    A) Дүние жүзін бөлісуді реттеу.
    B) Жаңа экономикалық аймақтар құру.
    C) Революциялық-демократиялық қозғалыстардың ошақтарын құру.
    D) Отарларды бөліске салу.
    E) Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  3. Англия отарлары стерлинг тобы атты ұйым мүшелігіне енді:
    A) 1930 жылы
    B) 1932 жылы
    C) 1934 жылы
    D) 1937 жылы
    E) 1931 жылы
  4. 1941 ж. Германияның КСРО-ға шабуылына Үнді Компартиясының көзқарасы:
    A) пацифистік
    B) Қолдаушылық
    C) Айыптаушылық
    D) реваншистік
    E) Бейтараптық
  5. Португалия Европалық Одақ мүшелігіне қабылданды:
    A) 1977 ж.
    B) 1986 ж.
    C) 1988 ж.
    D) 1987 ж.
    E) 1980 ж.
  6. “Уотергейт жанжалына” байланысты өз еркімен биліктен кеткен АҚШ президенті:
    A) Р. Никсон.
    B) Дж. Картер.
    C) Р. Рейган.
    D) Б. Клинтон.
    E) Д. Кеннеди.
  7. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» дастанының авторы:
    A) С.Мұқанов
    B) М.Шолохов
    C) М.Горький
    D) А.Твардовский
    E) В.Маяковский
  8. 1801 жылы Египетте жеңіліске ұшыраған мемлекет:
    A) Ресей
    B) Испания
    C) Италия
    D) Ұлыбритания
    E) Франция
  9. 1870 ж. 19 шілдеде …
    A) Екінші империя жарияланды
    B) Париж Коммунасы орнады
    C) Франция-Пруссия соғысы аяқталды
    D) Франция-Пруссия соғысы басталды
    E) Герман империясы жарияланды
  1. 1906 ж. халықаралық кездесуде бұл араб елінің «тәуелсіздігін» құрметтеу туралы шешім қабылданды:
    A) Марокконың
    B) Египеттің
    C) Араб әмірлігінің
    D) Кувейттің
    E) Алжирдің
  1. 1921 ж. ауыл шаруашылығындағы ЖЭС бағытының мәні:
    A) Ұжымдастыру.
    B) Жерді жалға беруді тоқтату.
    C) Ұсақ жеке шаруашылықтарды тарату.
    D) Кулактарды тап ретінде жою.
    E) Салғыртты салықпен ауыстыру.
  1. 1969 жылы Референдумда Шарль де Голль ұсынған екі заң жобасы:
    A) Францияның жаңа әкімшілік құрылысы туралы және Сенатты жаңарту туралы.
    B) Өнеркәсіпті жетілдіру және карточкалық жүйе енгізу.
    C) Экономиканы дамыту және отар елдерді бөлу туралы.
    D) Басқару жүйесі және сайлау туралы.
    E) Еуропалық бірлестік туралы.
  1. 1958 ж. құрылған Біріккен Араб республикасының мүшелері:
    A) Иордания мен Палестина
    B) Сирия мен Египет
    C) Бахрейн мен Катар
    D) Алжир мен Ливия
    E) Иран мен Ирак

Ұқсас материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ