Қазақ әдебиетінен ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)

0
1251
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Ы.Сандыбайұлының ару қыздың сұлу сипатын аса нанымды етіп бейнелеп берген өлеңін көрсетіңіз.
    A) «Қалдырған».
    B) «Жаңғызтау».
    C) «Арарай».
    D) «Қарақат көз».
    E) «Алай көк».
  1. «Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.
    A) С. Сейфуллин.
    B) Б. Бұлқышев.
    C) А. Жұмағалиев.
    D) Қ. Аманжолов.
    E) І. Жансүгіров.
  1. Абай дүниеден өткенде Мұхтар Әуезов неше жаста екенін табыңыз.
    A) 7 жаста.
    B) 5 жаста.
    C) 8 жаста.
    D) 9 жаста.
    E) 11 жаста.
  1. М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз.
    A) «Бақыт жолына».
    B) «Мансапқорлар».
    C) «Ш.Уәлиханов».
    D) «Ант».
    E) «Бәйбіше-тоқал».
  1. Өлең ырғағының белгілерін анықтаңыз.
    A) Тармақтың өз ішінде бунақтарға бөлініп айтылуы.
    B) Өлеңнің буын саны, тармақ, ырғақ мен мағына жағынан ұйқасу үйлесімі.
    C) Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі.
    D) Дауыстың белгілі дәрежеде қайталанып отыруы.
    E) Сөздердің буын санының біркелкілігі.
  1. «Асқардан асу», «Арғымақтар» жинақтарының авторын көрсетіңіз.
    A) Ә.Қоңыратбаев.
    B) М.Әуезов.
    C) М.Мағауин.
    D) О.Сүлейменов.
    E) С.Қирабаев.
  1. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторын табыңыз.
    A) Ж.Баласағұн.
    B) С.Сараи.
    C) А.Яссауи.
    D) Әл-Фараби.
    E) М.Қашқари.
  1. Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылғанын табыңыз.
    A) Баласы қайтыс болғанда.
    B) Әйеліне уақыт жеткенде.
    C) Анасы қайтыс болғанда.
    D) Әкесі бақиға аттанғанда.
    E) Туысы өлгенде.
  1. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз.
    A) Тоқтарбай.
    B) Сарыбай.
    C) Тұяқбай.
    D) Байбөрі.
    E) Қарасай.
  1. «Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады».

Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.

A) Шалкиіз.
B) Жанақ.
C) Жанкісі.
D) Асан қайғы.
E) Бұқар жырау.

  1. Сұлтанмахмұттың қазақ ауылындағы тәрбиесіздік, қоғамдық мешеулік тудырған жалқаулық, талапсыздық, шаруаға қырсыздықты сынайтын шығармасын көрсетіңіз.
    A) “Кедей” поэмасы.
    B) “Айтыс” поэмасы.
    C) “Кім жазықты” романы.
    D) “Қамар сұлу” романы.
    E) “Адасқан өмір” поэмасы.
  1. А.Құнанбайұлының өзі шығарған өлең-әндерінің санын анықтаңыз.
    A) 10 шақты.
    B) 20 шақты .
    C) 30 шақты.
    D) 25 шақты.
    E) 15 шақты.
  1. «Аласыз қара көзі айнадайын» деген жолдағы тіл айшығын табыңыз.
    A) Әсірелеу.
    B) Астарлау.
    C) Теңеу.
    D) Кейіптеу.
    E) Алмастыру.
  1. …Жегіліп тартты үшеуі дүркін- дүркін… деген тармақтың А.Байтұрсынұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
    A) «Қасқыр мен қазы».
    B) «Ат пен есек».
    C) «Қасқыр мен тырна».
    D) «Аққу, шортан Һәм шаян».
    E) «Қартайған арыстан».
  1. Б. Майлин оқыған «Ғалия» медресесі қай қалада екенін анықтаңыз.
    A) Қазанда.
    B) Омбыда.
    C) Уфада.
    D) Троицкіде.
    E) Орынборда.
  1. Жамбылдың шығармасын көрсетіңіз.
    A) «Қазақ тілі».
    B) «Өткен күн».
    C) «Балалық».
    D) «Өсиет».
    E) «Ұршық».
  1. Қайрош бейнесінің («Қазақ солдаты») ерекшелігін көрсетіңіз.
    A) Бас пайдасын бірінші орынға қоятын адам.
    B) Адал да аңқау, тіпті ақымақ баланың романтикалық келбеті.
    C) Ғашығына жете алмай аh ұрған жан.
    D) Соғыс кезіндегі тылдағы еңбек қайраткері.
    E) Отанын шексіз сүйетін жастың типтік бейнесі.
  1. Эпостық жанрды табыңыз.
    A) Терме.
    B) Мақал.
    C) Жұмбақ.
    D) Ән.
    E) Тарихи жыр.
  1. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» өлеңіндегі «Қаф тауы» деген ұғымның мәнін ашып көрсетіңіз.
    A) Кавказ таулары.
    B) Ертегіде кездесетін тау.
    C) Белгісіз атау.
    D) Арабиядағы тау.
    E) Алтай таулары.
  1. Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қарасұр жігітпін, — деген Жүсіпбектің қай кейіпкері екенін табыңыз.
    A) Жылтыр.
    B) Төлеубай.
    C) Тойбазар.
    D) Мамырбай.
    E) Мұқаш.
  1. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Ғалидың әкесінің атын есіңізге түсіріңіз.
    A) Дүйсебек.
    B) Дүйсенбай.
    C) Байжан.
    D) Жұман.
    E) Сәрсенбай.
  1. «Құлагер» поэмасындағы Құлагердің мерт болуы суреттелетін тарауды табыңыз.
    A) “Егес”.
    B) “Ат шаңы”.
    C) “Ас”.
    D) “Ат қайтқанда”.
    E) “Жалғыз қазық”.
  1. ’’Абай жолы’’ романында Абай әкесі Құнанбайдың қаталдығын алғаш рет қай жерде көргенін анықтаңыз.
    A) Бөжейдің асында.
    B) Бөжейді сабататын тұста.
    C) Әмірді өлтірмекші болған кезі.
    D) Қодар мен Қамқа өлімінде.
    E) Кәмшатты Айғыздан айыруы.
  1. С.Мұқановтың ’’Өмір мектебі’’ шығармасы қандай роман деп аталатындығын табыңыз.
    A) Трилогиялық.
    B) Әлеуметтік роман.
    C) Тетрология.
    D) Психологиялық роман.
    E) Дилогиялық.
  1. Дулат Исабековтің «Дермене» повесіндегі “дермене” сөзінің мағынасын табыңыз.
    A) Жапырақ түрі.
    B) Ағаштың аты.
    C) Жусанның түрі.
    D) Шөптің тамыры.
    E) Дәрінің атауы.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ