Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (ІІІ нұсқа)

0
1502
Иллюстрация: Freepik.com

1. Вавилон патшалығын құрған билеуші:
A) Ур ІІІ.
B) Семирамида.
C) Хаммурапи.
D) Навуходоносор.
E) Гильгамеш.

2. «Одиссея» поэмасының авторы:
A) Гомер.
B) Аристотель.
C) Сократ.
D) Демосфен.
E) Геродот.

3. Жүз жылдық соғыста таласқа түскен жер:
A) Фландрия.
B) Шампань.
C) Пуатье.
D) Орлеан.
E) Лотарингия.

4. 70 жасқа келгенде шіркеу сотының қысымымен өз көзқарасынан бас тартуға мәжбүр болған ғалым:
A) Д.Бруно.
B) М.Лютер.
C) Н.Коперник.
D) Г.Галилей.
E) Микеланджело.

5. Ағылшын королінің әскерін парламент талқандаған жыл:
A) 1645 ж.
B) 1643 ж.
C) 1647 ж.
D) 1646 ж.
E) 1642 ж.

6. Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қойды:
A) 1945 ж. 8 мамырда
B) 1945 ж. 2 қыркүйекте
C) 1945 ж. 9 мамырда
D) 1945 ж. 17 қыркүйекте
E) 1945 ж. 30 сәуірде

7. Заратуштра ілімі уағыздалатын шығарма:
A) «Көне өсиет»
B) «Таурат»
C) «Авеста»
D) «Библия»
E) «Інжіл»

8. V ғ. Рим империясы арқылы Солтүстік Африка жеріне өткен герман тайпасы:
A) Вестготтар
B) Франктер
C) Остготтар
D) Ағылшын-сакстар
E) Вандалдар

9. Англия мен Франция арасындағы Жүз жылдық соғыс болған жылдар:
A) 1300-1405 жж.
B) 1337-1453 жж.
C) 1326-1448 жж.
D) 1331-1451 жж.
E) 1321-1432 жж.

10. 1783 ж. Келісімшарт бойынша Англия иелігінде қалды:
A) Техас
B) Канада
C) Мексика
D) Флорида
E) Луизиана

11. 1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас:
A) Ватерлоо шайқасы
B) Марна шайқасы
C) «Халықтар майданы»
D) Верден шайқасы
E) «Қасиетті соғыс»

12. 1848-1849 жж. Италия революциясының нәтижесі:
A) Революция жеңілді
B) Джузеппе Гарибальди диктатор болып жарияланды
C) Италияның бірігуі аяқталды
D) Рим республикасы құрылды
E) Австрияны біржолата күйретті

13. Ағылшын философы Ф.Беконның «Жаңа Атлантида» кітабындағы таңғажайып арал тұрғындары бақытының негізі:
A) Әділетті қоғам
B) Байлық
C) Билік
D) Өнер мен мәдениет
E) Техникалық өнертабыстар

14. 1918 ж. 14 қазанда Австрия-Венгрия құрамынан шығып, тәуелсіздігін жариялаған мемлекет:
A) Чехословакия
B) Румыния
C) Финляндия
D) Ресей
E) Германия

15. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүл мемлекетті карагеоргиевичтер әулеті билей бастады:
A) Югославия
B) Венгрия
C) Болгария
D) Чехословакия
E) Румыния

16. 1930 жылы Вьетнамдағы коммунистік үйірмелерді біріктіру үшін жіберілген Коминтерн өкілі:
A) Ахмед Сукарно.
B) Гериндо.
C) Хо Ши Мин.
D) А. Ғани.
E) Н. Айдит.

17. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Белоруссия, Ресей Федерациясы және Украина мемлекеттері Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру жөніндегі келісімге қол қойған жер:
A) Кишинёв.
B) Мәскеу.
C) Киев.
D) Ашхабад.
E) Минск.

18. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады», — деп мәлімдеген АҚШ президенті:
A) Ф.Рузвельт.
B) Г.Трумэн.
C) Дж.Кеннеди.
D) Р.Никсон.
E) Д.Эйзенхауэр.

19. Черчилль мен Сталиннің құпия келісіміне орай КСРО-ның ықпалында болған аймақ:
A) Шығыс Азия
B) Араб елдері
C) Таяу Шығыс елдері
D) Шығыс Еуропа
E) Батыс Еуропа

20. Христофор Колумбтың туған қаласы:
A) Генуя.
B) Мадрид.
C) Лиссабон.
D) Рим.
E) Барселона.

21. Ұлы Моғол мемлекеті құлады:
A) XV ғ.
B) XVII ғ. басында
C) XVII ғ. ортасында
D) XVIII ғ. ортасында
E) XX ғ. басында

22. 1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:
A) Шаньдун түбегі
B) Амур өзенінің сол жақ жағалауы
C) Ляодун түбегі
D) Дамань аралы
E) Уссурий аймағы

23. АҚШ-тағы Республикалық партия құрылды:
A) 1845 ж.
B) 1854 ж.
C) 1861 ж.
D) 1865 ж.
E) 1870 ж.

24. Англиядағы ’’тэтчеризм’’ саясатының мәні:
A) Жалақыны көбейтті.
B) Ірі өндірісті мемлекеттендірді.
C) Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесін енгізді.
D) Ақша мөлшерін шектеді, шығынды қысқартты.
E) Кәсіподақтарды қудалау туралы заңды жойды.

25. 1969 жылғы 1 қыркүйекте Ливияда төңкеріс жасаған ұйым:
A) «Жас ливиялықтар»
B) «Жас офицерлер ұйымы»
C) «Еркін Ливия»
D) «Жас коммунистер»
E) «Еркін жас офицер-социалистер»

Ұқсас материалдар:

  1. Дүние тарихы: ХVII-ХVIII ғасырлардағы дүниежүзі
  2. Дүние жүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
  3. Жер-күн жүйесінің ғаламшары
  4. Дүние жүзі тарихынан тест сұрақтары
  5. Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ