Географиядан ҰБТ сұрақтары (ІІІ нұсқа)

0
152
Иллюстрация: Freepik.com

1. География ғылымы зерттейді.
A) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын.
B) Жердің Күн жүйесіндегі орнын.
C) Жердің табиғатын, халқын, оның шаруашылығын.
D) Жер бетінің жеке аймақтарын.
E) Табиғат денелері мен құбылыстарды.

2. Жер бетінің ірі масштабта жасалатын сызбасы
A) План
B) Аэрофотосурет
C) Карта
D) Сурет
E) Фотосурет

3. Геохронологиялық кесте арқылы … жүргізіледі
A) Ғасырлық жыл санау
B) Биологиялық жыл санау
C) Физикалық жыл санау
D) Астрономиялық жыл санау
E) Геологиялық жыл санау

4. Хан-тәңірі массивін ашқан:
A) Х.Колумб
B) П.П.Семенов-Тянь-Шаньский
C) И.В.Мушкетов
D) К.А.Северцов
E) И.П.Фальк

5. Ақтөбе облысы аумағында орналасқан тау …
A) Қаратау.
B) Маңғыстау.
C) Ұлытау.
D) Мұғалжар.
E) Шыңғыстау.

6. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан қорық
A) Алакөл
B) Қорғалжын
C) Марқакөл
D) Қаратал
E) Батыс Алтай

7. Жердегі әр жарты шардағы негізгі ауа массаларының саны
A) 3
B) 6
C) 4
D) 5
E) 2

8. Қоңыржай белдеудегі дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі зона:
A) Дала
B) Шөлейт
C) Шөл
D) Тундра
E) Орман

9. Лобнор көлінің табиғатын сипаттаған ғалым
A) С.П.Семенов
B) Ш.Ш.Уәлиханов
C) А.Гумбольдт
D) М.Лазарев
E) Н.М.Пржевальский

10. Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым
A) Ш.Уәлиханов
B) И.Мушкетов
C) В.Докучаев
D) Л.Берг
E) Қ.Сәтпаев

11. Өзбектер … көп қоныстанған.
A) Батыс Қазақстанда
B) Орталық Қазақстанда
C) Солтүстік Қазақстанда
D) Оңтүстік Қазақстанда
E) Шығыс Қазақстанда

12. Қазақстан мен Татарстан келісім-шарт негізінде … автомобилін елімізде құрастыруда
A) Маз
B) Газель
C) Краз
D) Камаз
E) Белаз

13. Кварц құмы өндірілетін облыс:
A) Павлодар
B) Қарағанды
C) Қызылорда
D) Жамбыл
E) Солтүстік Қазақстан

14. Қазақстанның өнімін негізгі сатып алушылар.
A) Австрия, Венгрия.
B) Қырғызстан, Мексика.
C) Бельгия, Дания.
D) Ресей, Қытай.
E) Молдова, Украина.

15. Жер көлемі жөнінен дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет
A) Бразилия
B) Қазақстан
C) АҚШ
D) Қытай
E) Ресей

16. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен жетекші орындағы ел
A) Ресей
B) Үндістан
C) АҚШ
D) Жапония
E) Франция

17. Молдова жеміс-жидек жинаудан ТМД елдері арасында … орын алады
A) 1
B) 2
C) 5
D) 3
E) 4

18. Мекке, Мeдина … орналасқан.
A) Иранда
B) Кувейтте
C) Сауд Аравиясында
D) Иорданияда
E) Оманда

19. Африканың солтүстігіндегі басым дін
A) Христиан.
B) Ислам.
C) Проваславия.
D) Будда.
E) Индуизм.

20. Табиғат зоналары климаттық белдеулердің атымен аталады
A) жазықтарда
B) тауларда
C) материктерде
D) мұхиттарда
E) аралдарда

21. …..көлінен Көк Ніл ағып шығады
A) Эир.
B) Ньяса.
C) Чад.
D) Тана.
E) Виктория.

22. Шөлдерде өсетін ағаш тектес өсімдіктер
A) Кактус
B) Сексеуіл
C) Жүзім
D) Қамыс
E) Емен

23. Жоңғар Алатауының биік таулы өлкеге айналған кезеңі:
A) Каледон
B) Архей
C) Байкал
D) Мезозой
E) Альпі

24. Орал қаласында … шығарылады.
A) мұнай өнеркәсібі үшін жабдықтар
B) рентген аппаратурасы
C) құрылыс жабдықтары
D) механикалық, арматура, жел двигательдері
E) ауыл шаруашылық машиналары

25. Латын Америкасының қазіргі кездегі егеменді елдерінің саны.
A) 39
B) 22
C) 44
D) 33
E) 29

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ