Биологиядан ҰБТ сұрақтары (ІІІ нұсқа)

0
252

1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым
A) Ботаника
B) Экология
C) Микология
D) Микробиология
E) Зоология

2. Жасушаның мөлдір, қоймалжың заты:
A) Жасуша қабықшасы
B) Цитоплазма
C) Пластидтер
D) Вакуоль
E) Ядро

3. Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер:
A) Талшықтылар
B) Бунақденелілер
C) Кірпікшелілер
D) Ішекқуыстылар
E) Тамыраяқтылар

4. Гидраның сыртқы қабаты
A) Энтодерма
B) Бластула
C) Нейрула
D) Мезодерма
E) Эктодерма

5. Орамжапырақ тұқымдастардың жемістері
A) Қауашақ
B) Қабақ
C) Бүр
D) Бұршаққын
E) Жидек

6. Қан қысымы өте жоғары тамыр:
A) Артерия тамыры
B) Көктамыр
C) Капилляр
D) Қылтамыр
E) Вена тамыр

7. Шашақ тамырлы өсімдік:
A) Алма ағашы.
B) Қызылша.
C) Көкнәр.
D) Беде.
E) Жүгері.

8. Гүлдің жеміс түзетін негізгі бөлігі:
A) Аналық
B) Гүл сағағы
C) Күлте
D) Гүл табаны
E) Аталық

9. Қырықбуынның масақтары бар өркені
A) Жанама өркен
B) Көктемгі өркен
C) Тамырсабақ
D) Жанама бұтақ
E) Жаздық өркен

10. Бас бөлімі болмайтын ұлулар
A) жалаңаш шырыш
B) айқұлақтар
C) сегізаяқ
D) жүзім ұлуы
E) тоспа ұлулар

11. Құстардың тыныс алу мүшелері:
A) Демтүтік, желбезек
B) Өкпе, демтүтік
C) Өкпе, ауақапшықтары
D) Желбезек, тері
E) Демтүтік, тері

12. Аралас бездер
A) Қалқанша маңы
B) Гипофиз, қалқанша
C) Эпифиз және бүйрек үсті
D) Айырша және эпифиз
E) Ұйқы және жыныс

13. Нейронның ұзын өсіндісі
A) нейрит
B) дендрит
C) рецептор
D) жұлын
E) аксон

14. Көлденең жолақты бұлшықет талшығы … орналасқан.
A) тамырда
B) аш ішекте
C) қол-аяқтарда
D) қуықта
E) тоқ ішекте

15. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде
A) Өкпе.
B) Өкпе плеврасы.
C) Кеңірдек.
D) Көмей.
E) Көкет.

16. Қазіргі замандағы физиологиялық теорияға академик И.П.Павловтың қосқан үлесі
A) Қарын сөлі бөлінуінің гуморальдық жолмен реттелуін көрсетті.
B) Барлық өсімдіктер мен жануарлардың біртұтастығын дәлелдеді.
C) Ағза онтогенезінде олардың тарихи дамуының жаңа жолы салынатынын көрсетті.
D) Жеке жануардың дамуы, тарихи дамуды қайталайтындығын дәлелдеді.
E) Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын ашты.

17. Адамтектес маймылдардың хромосома саны
A) 16.
B) 26.
C) 36.
D) 46.
E) 48.

18. Тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей
A) Организмдік
B) Молекулалық-генетикалық
C) Ұлпалық
D) Мүшелік
E) Жасушалық

19. Адамның іс-әрекеттері арқылы реттеліп отыратын тірі организмдер бірлестігі:
A) Популяция
B) Биоценоз
C) Биогеоценоз
D) Биомасса
E) Агроценоз

20. Түйнек бактериялары мен селбесетін өсімдік
A) Жүгері
B) Жоңышқа
C) Арпа
D) Бидай
E) Күріш

21. Қыналардың жақсы өсуі үшін қажет:
A) Су және көлеңкелі орта
B) Құнарсыз топырақ немесе батпақты жер
C) Құнарлы, өте ылғалды топырақ
D) Оттегіне бай таза ауа, жарық
E) Қараңғы немесе көлеңкелі орта

22. Бүйректің ең қауіпті ауруы.
A) Энурез.
B) Нефрон.
C) Уремия.
D) Нефрит.
E) Цистит.

23. Фосфопротеидтер
A) көмірсу
B) фермент
C) фосфор қышқылының қалдығы бар күрделі нәруыз
D) аминқышқыл
E) жай нәруыз

24. Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен қозы мына академиктің басшылығымен алынды
A) А.Жандеркиннің
B) Б.М.Мусиннің
C) Ф.М.Мұқамбетқалиевтің
D) Қ.Ү.Медеубековтің
E) Ә.Е.Еламановтің

25. Биогенетикалық заңның авторы
A) Ф.Мюллер мен Э.Геккель
B) Ч.Дарвин
C) К.М.Бэр
D) В.О.Ковалевский мен Ю.А.Филипченко
E) А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен

Басқа материалдар: 

  1. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  2. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  3. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі
  4. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Биологиядан үлгілік ҰБТ сұрақтары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ