Өңделген тері атаулары

0
2994
Freepik.com

Қайыс — иленіп,өңделген түрі;

Таспа — иленген, тақыр теріден тіліп алынған қайыс;

Үйек — ірі қараны үйектеп сойып, бөлек тігіп алынған  бір қарыс шамасындағы бауыр терісі;

Опайке — бұзау терісі;

Былғары — жылқы, сиыр терісінен өңделген тері;

Көзел — иленген ешкі терісі;

Шегірен — жұмсақ иленгенқой-ешкі терілері;

Сақтиян — аса жұқа теріден иленген;

Құрым (хром) — жақсы иленген, жұқа, әдемі;

Көн — малдың иленбей кептіріліп қатты күйге түскен терісі;

Ұлтан — өгіз терілерінің сауырынан иленген, шымыр да қатты былғары;

Сірі — етіктің өкшесіне қағылатын қатты көн;

Жарғақ — жүнін тақырлап қырып тастаған, иленген өңделген тері және құлынның жүнін түсірмей өңделген терісі және т.б.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа да ақпараттар:

  1. Тері өңдеу шеберлігі. Аң мен мал терісін илеу

  2. Адамның іс-қимылына байланысты тыйымдар

  3. Бойтұмар, базарлық байғазы ырымы туралы

  4. Қазақ халқының ырымдары. Ақсарбас, көз тию, тізе бүгу туралы
  5. Ырым мен тыйымдар туралы. Ұшықтау, үшкіру, айдар қою тағы басқа