Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері

1
3163

Пәні: ОООП
Мамандығы: 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
Тобы: ВТ-16-01с
Курс: 3

Сабақтың мақсаты:
Бiлiмдiлік: Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктерін үйрету;
Дамытушылық Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Тәрбиелiк: Студенттерді адмагершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың типі: практикалық, дәріс, практика

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық

Сабақтың көрнекiлiгi: интерактивті тақта, слайд, оқулық.

Сабақ барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Жаңа сабақты бекіту
  2. Жаңа сабақты қорытындылау
  3. Бағалау

VII. Үйге тапсырма

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Студенттермен сәлемдесу;
  • Студенттерді түгендеу;
  • Олардың құрал — жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

2.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тіл операторлары дегеніміз не?
  2. Полиморфизмді қолданып бағдарламалар құру. Виртуальды функциялар дегеніміз не?
  3. Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері деген не?
3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері.

Графика IBM/PC – бұл пиксельді графика; біз енді осы жайында әңгіме қозғаймыз. «Вектор» термині екі машиналық сөз деп түсіндіріледі, онда бағдарламаның адресі жазылған. Ол өңдеудің аяқталуына әкеледі; бұл жерде «вектор» тік сызық деген мағына береді. Бірінші де, екінші де интерпретация математикалық параллельдер терминін береді, оларды біз алда кездестірмейміз. Бұл жердегі маңызды нәрсе терминдерді араластырмау керек.

Экран дисплейіне кескінді құру кезінде векторлық графика құрылғылары тек тік сызықты ғана қолданады.

Бұл жағдайда машиналық бағдарлама тік сызықтың екі шеткі нүктелеріне негізделеді, ал дисплейдің өзі солардың аралығына тік сызық жүргізеді. Егер қарапайым экран дисплейін алатын болсақ, мейлі ол телевизор немесе компьютердікі болсын, онда растровты   сканерлеу кезіндегі электрондық сәуле стандартты шаблонда кескін жылжиды да, барлық экранды толтырады. Ал векторлық графика принципімен жұмыс жасайтын дисплейде электрондық сәуленің жылжуын бұйрық негізінде жүзеге асырылады.

Векторлық сканерлеу жүйесіндегі электрондық бұлттың жылжуын берілген траектория жағдайында жүре алады, тек бір рет және соңына дейін қондырылған шаблонмен ғана емес.

Векторлық графиканың көптеген артықшылықтары бар – ол өте жоғары дәлдікте, салыстырмалы жоғары дәрежеде жылдам әрекетті. Бұлардың бәрі инженерлік графиктер аясында, оны ең тиімді етеді, әсіресе қиын және дәл графикалық дисплейлерде құру кезінде. Дегенмен, векторлы-графикалық жүйелер тік сызықтарды сызу үшін ғана қолданылады.

Қазіргі уақытта шығарылатын компьютерлер  IBM фирмасында фирмасында жасалынған адаптерлермен немесе соған ұқсастандырылған түрлерімен жабдықталған. Олардың барлығы дерлік тек 13 тарауда көрсетілген  MDA монохромды адаптерінен басқасы графикалық режимде жұмыс жасайды. Бұл режимде экран дисплейі біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелер – пиксельдердің біркелкілігіне байланысты, олардың жарықтандыруымен басқаруға болады.

Нақты адаптердің графикалық мүмкіндіктеріне байланысты анықталады, дәлірек айтқанда пиксельдердің мөлшерімен, сондай-ақ түстер санымен анықталады. Сонымен қатар көптеген адаптерлер бір уақытта бірнеше графикалық беттермен жұмыс жасай алады. Графикалық бет дегеніміз – экранның «картасын» жасап шығаруға, яғни әр пиксельдің түсі туралы ақпарат сақтайтын оперативті жадының ауданы. Әрі қарай  әрбір адаптерлер туралы жеке мағлұматтар береміз.

CGA адаптері

(Color Graphics Adapter – түлі-түсті графикалық адаптер) 5 графикалық режимі бар. Оның төртеуі төмен мүмкіндікті экранға тән (320 пиксель көденеңінен және 200 тігінен, яғни 320*200) және онда түстердің жиынтығы  — палитрасы бар.

Әрбір палитра үш түстен тұрады. Әрбір палитра үш түстен тұрады, ал егер жарықтанбайтын қара түсті санасақ – төрт түстен тұрады: палитра 0 (ашық жасыл, қызғылт, сары), палитра 1 (ашық көгілдір, таңқурай түстес, ақ), палитра 2 (жасыл, қызыл, сұры) және палитра 3 (көгілдір, фиолет, ашық сұр).

Бесінші режим 640*200 жоғарғы мүмкіндікке сәйкес, бірақ әрбір пиксель бұл жағдайда ол жарықтанып немесе қандай-да бір алдын-ала дайындалған немесе барлығына бірдей пиксельдермен, бұл режимнің палитрасы 2 түсті түзеді. CGA адаптері графикалық режимде тек қана бір бетті пайдаланады. ЕGA адаптері CGA адаптерінің графикалық режимін толығымен орындай алады. Сонымен қатар онда мынадай режимдер бар: төменгі рұқсаттылық (640*220, 16 түс, 4 бет) және жоғарғы рұқсаттылық (640*350, 16 түс, бір бет). Кейбір өзгерістерде монохромды режим қолданылады. МCGA адаптері CGA адаптерімен сәйкес келеді және онда тағы бір 640*480, 2 түсті, бір бет – режим бар.

Әртүрлі елуден астам процедуралары мен функциялары бар graph графикалық подпрограммалар кітапханасы pascal 7.0 тілінің бейне жасау мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Төменде осы функциялар мен процедуралардың бірқатарына қысқаша сипаттама береміз.

procedure PutPixe(x,  y : integer; Pixel : Word)- нүкте салу;

procedure Line(x1,  y1,  x2,  y2  : integer)- сызық салу;

procedure LineRel(Dx,  Dy : integer) — салыстырмалы координатада сызық салу;

procedure Line To(x,  y : integer) — көрсетілген нүктеге дейін сызық салу;

procedure MoveTo(x, y : integer) — экранды көрсетілген нүктеге жылжыту;

procedure OutText(TextString : string)- текст шығару;

procedure OutText x, y(x,  y : integer: TextString : string)- көрсетілген нүктеден текст шығару;

procedure RestoreCrtMode — текстік режимге қайта оралу;

procedure SetColor(Color : Word) — сызықтың,  нүктенің және т.б. түсін беру;

procedure SetFiUPattern(Pattern : FillPattern Type; Color : Word) — кез-келген тұйық фигураны бояу;

procedure SetFillStyle(Pattern : Word; Color : Word)- бояу,  толтыру стилін орнату;

procedure Arc (x,  y : integer; StAngle,  EndAngle,  Radius : Word)- шеңбер доғасын салу;

procedure Sector(x,  y : integer; StAngle,  EndAngle,  Xradius,  Vradius : Word)- сектор салу және бояу;

procedure Rectangle(x1,  y1,  x2,  y2 : integer)- төртбұрыш салу;

procedure Bar(x1,  y1,  x2,  y2 : integer)- боялған төртбұрыш салу;

procedure Bar3D(x1,  y1,  x2,  y2 : integer: Pixel : Word)- боялған параллелепипед салу;

procedure Circle(x,  y : integer; Radius : Word)- шеңбер салу,;

procedure ClearDevice — экранды тазалау және оны фон түсімен бояу;

procedure ClearViewPort — терезені тазалау және оны 0 түспен бояу;

procedure  CloseGraph — графикалық режимнен шығу;

procedure Drawpoly(NumPoints : ; var PolyPoints)- көпбұрыш салу;

procedure Ellipse(x,  y : integer; StAngle,  EndAngle :Word; Xradius,  Yradius:Word)- эллипс салу;

procedure FillEllipse(x,  y : integer; Xradius,  YRadius : Word)- боялған эллипс;

procedure FillPoly(NumPoints : Word; var PolyPoints) — боялған көпбұрыш;

procedure FloodFill(x,  y : integer; Border : Word)- ағымдағы түспен тұйық фигураны бояу;

function GetColor : Word — сызықтар мен контурлардың түсін қайтару;

function GetMaxX : integer — х-тің ең үлкен координатасын қайтарады;

function GetMaxY : integer — у-тің ең үлкен координатасын қайтарады;

function GetPixe(x, y : integer) : word — пиксель түсін қайтару;

function GetX : integer — х-тің координатасын қайтару;

function GetY: integer — у-тің координатасын қайтару;

  1. Графикалық режимде жұмыс істеу үшін бағдарлама басында модулге сілтеме болуы тиіс: uses graph;
  2. Модуль жұмысын нақтылау керек: initgraph(driver, mode, ‘C : \bp\bgі’); Мұндағы driver – видеоадаптердің графикалық драйверінің типін орнату параметрі; mode — оның жұмыс істеу режимін беру; ‘C : \bp\bgі’ – тіркеуі *.bgi графикалық драйверлер орналасқан каталогқа сілтеме жолы. Егер тіркеуі *.bgi драйверлер сендердің бағдарламаларың орналасқан каталогта болса, онда бұл жолды бос қалдырамыз: Іnitgraph(driver, mode, ‘ ‘);
  3. Видеоадаптердің жұмыс істеу режимін жүйенің өзі табу үшін мына функцияны жазу керек: detect.

program   proba;
uses  craph;
var   driver,  mode : integer;
begin
driver := detect;
initgraph(driver,  mode,  ‘c : \bp\bgі’);

(Бағдарламамен жұмысты аяқтау алдында графикалық режимді closegraph командасымен жабу қажет)

  1. Cабақты бекіту
  2. Полиморфизм жəне программа дегеніміз не, олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
  3. Delphi бағдарламасы деген не?
  4. Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері. 
  1. Сабақты қорытындылау

Delphi ортасы — программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта. Delphi ортасыныц 5-нұсқасынан бастап, үш жаңа интерфейстік элементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан. Осы инструменттердің көмегімен программист Delphi-дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап, оны түзету файлында сақтап қоюына болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізгі конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка. Форма жасау кезінде экранда форманың, объектілер тармағы мен объектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.

  1. Бағалау

VII. Үйге тапсырма: «Delphi ортасының графиктік мүмкіндіктері»  қайталап оқып келу.

Абилшеева Айнагул Койшигуловна

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі


1 ПІКІР

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі болса жақсы болар еді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ