Деп жалғауығы қатысып ұйымдасқан құрмалас сөйлемдер

0
714
Иллюстрация: Freepik.com

Деп-ті жалғаулық қатарына жатқызып, оның құрмалас сөйлемдер құруға қатысуын анықтап айтқан Н.Т.Сауранбаев болатын. Бұл тұжырымды Н.Т.Сауранбаев 1940ж. шыққан еңбегінде айтқан.

Н.Т.Сауранбаев деп ұйымдастыратын құрмалас сөйлемдер білдіретін синтаксистік қатынасты танытатын мысалдар да келтірген. Олар мыналар:

  1. Хабар келеме деп, күн сайын күтеді.
  2. Осы алдап қолға түсіргелі жүр ме деп ойлаған Амантай уәде берген жоқ.

Бүгіндері деп анық жалғаулық болып қалыптасқаны анық. Ол күрделі процестерді басынан кешіріп жалғаулыққа айналды.

Деп ұйымдастырған салалас құрмалас сөйлемдер мынандай мағыналық қатынастарды білдіреді.

  1. Себептік қатынас

Асан бұзылады деп, біз де бұзыламыз ба? (Б.Майлин). Қорыққанын сыйлайтын жұрт, сен Керімбайдың баласы деп, сенен де ығып жүретіндей еді (Б.Майлин).

  1. Обьектілік қатынас

Басқаның реті келмес деп, өздері де ойлап отыр (Б.Майлин). Күлтай болыс болады деп, ешкім ойлана да алған жоқ (Б.Майлин). Оспан осында деп түсіндік (Б.Майлин).

Деп бастапқы лексикалық мағынасынан түгел қол үзіп кеткен жоқ. Лексикалық мағынасы бой көрсетіп тұрады.

Алдыңғы компоненттің бастауышы кісіге байланысты атауыш сөз болып келсе, ол кейде деп сөзіне тікелей қатынасып, табыс септік формасын алады да, обьект ретінде көрінеді.

Сені Керімбектің баласы деп, жұрт сенен сескеніп те жүретін.

Де етістігі екі мағынаны бойына сидырып жұмсалады: «ойлады», «сөйледі»[2]: Бала дедік, бай дедік, өмірдің көбі сонымен кетті (М.Тиесов).

Осы екі мағынасы негізінде деп жалғаулыққа ауысты.

Деп бірінші компоненттің  жетістігінде тұрып, соны екінші компонентке қатыстырады. Осы позициясына сай үтір жалғаулықтан соң қойылып жүр.

Деп арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер себептік, обьектілік қатынасты білдіретін басқа құрылымды конструкциялармен параллел жүріп жұмсалады. Бірақ бұлардың өз талғану себептері бар. Ол себептер мыналар:

  1. Негізгі коммуникативтік талапты өзінше, өзгеше жолмен білдіруі.
  2. Ауызекі сөйлеу жүйесіне жуық болуы.

Сауранбаев Н.Т. Деспричастия и их им антика в казахским языке – «Академик Нығмет Сауранбаевтың еңбектері», А.2000, 243-246 бб

Әбілқаев А. Де етісігінің мағыналары мен қызметі, А., 1958

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  4. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  8. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  9. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  13. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  14. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  15. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы
  16. Алайда жалғаулығының қатысуымен құрылатын қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ