Дизайнер режимі – қосымшаның интерфейсі жасалатын режим (сыртқы түрі).
Бұл режим қосымшаның әртүрлі компоненттерін таңдау және орналастыру үшін қолданылады:қосымшаны іске қосқан кезде құрылғы экранында көрсетілетін
түймелер, мәтіндік өрістер, суреттер және т.б
Жоба дизайнын әзірлеу Интерфейсі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Палитраға болашақ қосымшаның компоненті жиынтықтары (топтары) кіреді. Компоненттерге графикалық дизайнның бөлігі болып табылатын, батырмалар, таймер, сенсорлар немесе видео плейер сияқты құрылғы экранында көрінбейтін және суреттер, мәтін, мәтінді енгізу өрістері, күндер, Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылу интерфейстері жатады.
Қарау – қосымшаның экраны. Дәлірек айтқанда, экрандардың бірі. Қосымшада түрлі әрекеттер жасалатын бірнеше экранды пайдалануға болады. Мысалы, бірінші экранда нұсқаулық, екінші экранда оның функционалдық бөлігі болуы мүмкін.
Компоненттер – бұл жерде жобадағы компоненттер тізімі орналасқан.
Қосымша компоненттерінің атаулары. Компоненттерді атаған кезде мына ережені пайдалану ұсынылады компонент атауы = компонент атауы + әрекет/
Функция, ол қосымшада мына әрекеттерді орындайды: БатырмаАртқа, БатырмаӘріқарай, СуретФон және т.с.с. Компоненттерді осылай атау, олар үшін әрекеттер мен оқиғаларды программалау барысында оңай бағытталуға мүмкіндік береді.
Қасиеттер – экранның осы бөлігінде қосымша компонентінің қасиеттері орнатылады, мысалы: түсі, қаріп өлшемі, суреттер мен дыбыстар көздері, жазбалар, бастапқы мән және басқалар.
Медиа – медиафайлдардың тізімі (суреттер, видео, аудиороликтер және т.б.).
Қосымшаның экрандары. Программа жобасы көптеген экрандардан тұруы мүмкін.
Screen экрандарымен жұмыс істеу үшін, өңдеу терезесінде Экранды қосу және экранды өшіру батырмалары бар.
Қосымшаны іске қосу әрқашанда бастапқы экраннан басталады, оның дизайны басқа экрандарға өту үшін компонент жинағын қамтуы мүмкін.
MIT App Inventor ортасында экрандар саны 10-нан аспауы тиіс. 11-ші экранды жасаған кезде, экрандардың рұқсат етілген санының артуы туралы ескерту беріледі.
MIT App Inventor – Java және Android SDK программалау тілін білуді талап етпейтін OS Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеудің бұлтты ортасы, алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білу жеткілікті.
Мұнда жұмыс істеу үшін Google немесе Google Apps аккаунт болуы қажет, ал программаларды құру программалық код блоктарын пайдалану арқылы визуалды режимде жүзеге асырылады.
Бқл мобильді қосымшаны әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең – пайдаланушы интерфейсін жобалау «бұл қалай көрінеді», екіншісі – программакомпонентін программалау «олар өздерін қалай ұстай алады».
Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстануматематикалық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова
Ұқсас материалдар:
-
Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер
-
Маркетингтік жарнамалауда инфографиканы қолдану