Достоевский және Толстой…

0
1791

Әлем әдебиетінің қос алыбы бір заманда өмір сүрсе де кездеспеген. Л.Толстой 1855 жылы «Детство» повесінен кейін әдеби ортаға танылып, Достоевский тұрған шаһар Петербургке келеді. Тургенев, Некрасовпен танысады. Ол кезде Ф.Достоевский жер аударылған болатын. Сондықтан олардың кездесуінің реті болмайды. Достоевский «Война и мир» романын оқығасын Толстой жайлы жиі ойлап, кездескісі келген. Алайда…
Ал Толстой өз күнделігінде «Униженные и оскорбленные» романын оқып рахаттанғанын жазған екен. Осылайша қос алып бір-бірінің шығармашылығымен танысады. Қызығы олардың ортақ таныстары аз болған жоқ. Н. Страхов Л. Николаевичке 1877 жылы «Анна Каренинаны» Ф. Михаиловичтың оқығанын жеткізеді. Достоевский сізді өнердің құдайы деді. Бұл романның авторы біздің қоғамның ұстазы. Ал біз оның шәкіртіміз деген бағасын айтып барған. 1880 жылы Л. Толстой Н. Страховқа «Өлі үйдегі жазбаларды» оқығанын. Соңғы кезде көптен сүйсініп оқыған кітабым осы болды. Бұндай шығарма орыс әдебиетінде бұрын-сонды жазылған жоқ. Достоевскийдің осы бір туындысымен тек Пушкиннің жазғандарын ғана қатар қоя аламыз деген мәтінде хат жазады. Бұл хатты Николай Николаевич Достоевскийге оқып та берген. Толстойдың өзіне берген бағасына сүйсінген Достоевский: «Тек Пушкинді менімен қатар қойғаны қалай?» — деп қысылыпты. Толстойдың осы бір хатын өзіне беруін де сұрапты.
Бір-бірінің шығармашылығын жоғары бағалаған қос жазушы 1878 жылы философ Соловьевтың лекциясында болған. Бірақ бірін-бірі көрмеген. Екі алыптың тілдесуіне бұл таптырмайтын мүмкіндік еді. Алайда Н. Страховпен бірге лекцияға келген Толстой өзін ешкіммен таныстырмауды қатаң ескертіпті. Достоевский кейін Николай Николаевичтан осы жайтты білгенде: «Таныстырмасаң да неге сыртынан көрсетпедің. Тым болмаса мен оны сырттай көрер ем ғой», — деп реніш білдірген екен. Олар Мәскеуде Пушкин ескерткіші ашылғанда кездесулері мүмкін еді. Тургенев қанша көндіргенімен Толстой «Ясная полянадан» аттап баспай қояды. «Ескерткіш деген өмірдің бір күйбің тіршілігі», — деп. Достоевский дүниеден қайтқанда Толстой да даңқты замандасымен араласпағанына қатты налыған. Сыншы Страховқа жазған хатында: «Мен өмірімде ол адамды көрмедім. Жақын қарым-қатынасты болмадым. Кенет ол өмірден өтті. Мен енді ғана оның маған ең жақын, ең қымбат адам болғанын түсіндім», — дейді.
Толстойдың өміріндегі ең соңғы оқыған кітабы «Братья Карамазовы» романы екен.
Владимир Ноллетов
(апыл-ғұпыл аударма)

Жазушы Қанат Тілеуханның фб-парақшасынан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ