Экономикалық және әлеуметтік прогресі

0
1538

Кіріспе\r\n\r\n \r\n\r\nБұл  тақырыпты алғандағы мақсат еліміздегі нарықтық қатынастарының кеңеюі жағдайындағы мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асыру жән оны күшейту, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.\r\n\r\nБұл реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.\r\n\r\nТранзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге  дейін аралық бекеттерде қайта отврғызбай және қайта тиемей тасымалдау.\r\n\r\n Транзит операциялары – жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты, материалдарды , отынды және басқа материалдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.\r\n\r\nТранзиттік тауар айналымы-көтерме сауда айналымының бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен, өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.\r\n\r\nНарықты мемлекеттік реттеу— нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады.\r\n\r\nНарықтық экономика— нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру,тұтыну, бөлу, оны бағдарламау және реттеу саласын біріктіретін экономика.[2, 217 б.]\r\n\r\nЭкономикалық реттеу екі нысанда  -өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.\r\n\r\nЭкномиканы  мемлекеттік реттеу  қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.\r\n\r\nҚазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында :”  Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік,тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік.\r\n\r\nБіз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда , 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та,бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ  жететінімізге сеніміміз мол.\r\n\r\nБүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда  біз 225 пайыз ұлғайтуға қолжеткіздік, ал былайғы дүниеде ол 1.3 еседен аз болды,” –деген.\r\n\r\nҚазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрды.\r\n\r\nҚазір Ұлттық қор  5 миллиард 300 миллион доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің  алтын- валюта резервтері, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. [1,9 б.]\r\n\r\nҚазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер , Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.\r\n\r\nСонымен әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына енбей қоймайтынымызға анық көз  жетті. \r\n\r\nҚазақстанда  жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.\r\n\r\nЭкономиканы мемлекеттік реттеудің негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді. Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі. Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады.\r\n\r\nМемлекеттік реттеу— бұл экономикада жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы.\r\n\r\nНарықты экономикалы елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді. Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген. Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес  келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады.Бұлардың ең бастылары:\r\n

    \r\n

  • Экономикадағы, қаржы, заң шығару, ішкі және сыртқы саясаттардағы негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыру, мен олардың ықпал етуінде, басқаруда мемлекеттің басты тетіктерді өзінде қалдыруы;
  • \r\n

  • Экономиканың мемлекеттік секторының, яғни тікелей мемлекеттік реттеу объектілерінің бар болуы (қорғаныстық өнеркәсіп, көлік, байланыс);
  • \r\n

  • Мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін атқаруы үшін аймақтық, салалық және әлеуметтік бөлімдердегі орталықтандырылған қорлар арқылы бөлінетін, елеулі қаржы ресурстарын шоғырландыруы.
  • \r\n

\r\nСонымен, экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп тұрмыз.\r\n\r\n \r\n

Негізгі бөлім.

\r\nА) Экономикалық және әлеуметтік прогресі\r\n\r\n \r\n\r\nБүкіл дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.\r\n\r\nЕгер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың  орташа ақшалай кірісі 5 есе, ал орта айлық жалақысы 6 есе жуық, ең төменгі жалақы 25 есе, зейнетақыларының орташа айлық мөлшері 4,6 есе, жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісіге келетін салымдардың көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскені туралы айтылып тұр.\r\n\r\nЭкономикамыздың қарқынды өсуі  мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.\r\n\r\nЭкономиканы диверсификациялауға бағытталған  индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады.\r\n\r\nБәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы  мол басым салаларды таңдап алды, сол арқылы қазақстандық  кластерлер жүйесінің дамуына жол ашты.\r\n\r\nБиылғы жылдың ортасына қарай нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдарды сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек . Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, айқындайтын болады.\r\n\r\nЖаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық жүйе болып табылады.\r\n\r\nИндустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі  1млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.\r\n\r\nОған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.\r\n\r\n«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.\r\n\r\n2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық — инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:\r\n\r\nИнвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау.\r\n\r\n2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да              (4-13%) байқалды.\r\n\r\nӨткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.\r\n\r\nМұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.\r\n\r\nШетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.  \r\n\r\nИнвестициялық қызмет дегенімізшаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.\r\n\r\n2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда  10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі  45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.[8,5 б.]\r\n\r\nМашиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.\r\n\r\nӨңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.\r\n\r\nКөлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа  (19.8%) келеді.\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз  (1.3%).\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.\r\n\r\nНегізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың  жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7%  құрады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n   1- сурет . 1999 жылғы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған  ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы.\r\n\r\n2-сурет. 2002 жылғы  көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған  ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы .\r\n\r\nБүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .\r\n\r\nҮкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын  қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. [8, 3-49 б.]\r\n\r\nПрезидент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.\r\n\r\nӘлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – шарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. \r\n\r\nБұл – 2000 жылға қарағанда   7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып  жатқан шетелдік  инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.\r\n\r\nЕліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :\r\n\r\nНидерланды – 580 млн. АҚШ доллары  («Испат Кармет» ААҚ);Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);\r\n\r\nТүркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);\r\n\r\nЛихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);\r\n\r\nҰлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).\r\n\r\n1997-2001 жылдар аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім – шарт бойынша 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды.Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, бюджетке 31.4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жеңілдіктің мемлекетке 3.71 тг.[10,2 б.] Салық төлемі ретінде қайтарылып отырғанын көрсетті. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көптеген кедергілер бар көрінеді. Олар әсіресе –\r\n

    \r\n

  • Қазақстан нарығындағы , іскерлік белсенділіктің төмендігі ;
  • \r\n

  • реттеуші шаралар мен заңның шалағайлығы ;
  • \r\n

  • өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күнінің әлсіздігінен дағдарыстың орын алуы ;
  • \r\n

  • шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы .
  • \r\n

\r\n        Сонымен қатар, мемлекеттің қадағалау мен тиісті шаралар қолданудағы босаңдығы мен дәрменсіздігі коррупция мен шектен шығушылыққа келісім–шартта айтылған талаптарды орындамаушылыққа ,интеллектуалдық меншік құқығының қорғалмауына әкеліп соқтырды . Әлемдік тәжірибе айғақтағандай , экономиканы құрылымдық жүйеде қайта құру мемлекеттік , ғылыми – техникалық өндірістік және инвестициялық сакясатсыз жүзеге аспайды. Оның үстіне , халық мүддесі мен мемлекеттің ұлттық құндылықтарды стратегиялық тұрғыдан қызғыштай қорғай алуы ғана озық технологияның нәтижесін көруге мүмкіндік  береді . Мемлекеттік белсенді инвестициялық саясатты тандыру үшін инвестициялық бағдарламаларға қолдау көрсететін арнайы ұйым құру керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                \r\n\r\nИнвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік несие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт. \r\n\r\nСонымен, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу үшін  мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын қоюы керек.\r\n\r\nЕлдегі ғылыми –техникалық дамуы мен қайта қалыптасуы ғылыми зерртеу , тәжиребелік – конструкторлық және проектілік жұмыстарды барлық қаржы көздерінің есебіне шамамен  жалпы ішкі өнім көлемінің  7-8 пайызына теңестіре отырып, қолдауды , көтеруді талап етеді. \r\n\r\nИнновациялық саясатты жүзеге асыру мақсатында тәуекел салымдар белсенді түрде қолданылады.\r\n\r\nОларда мемлекеттің, ұлттық компаниялардың, банк сақтандыру компанияларының перспективті инновациялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған ұйымдардың қорлары салынады.\r\n\r\nБірінші кезеңде ғылыми және өндіріс ошақтары саналатын ірі қалаларда ғылыми-технологиялық бизнес инкубаторлары мен технопарктердің жүйесі құрылады.\r\n\r\nБірте –бірте Қазақстанда экономика салаларының құрылымы жақсарып, бесінші, сосын алтыншы қалыптың іргелері қаланып келеді.\r\n\r\nСонымен, инновациялық қордың құрылуы, технологиялық инкубаторлардың қалыптасуы мен дайындығы, инновацияны қолданатын кіші және шағын өндірістерді қолдау, ғылыми-технологиялық дамудың негізінде кәсіпорындарының технологиялық жақсаруы, тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы, кадрлер базасының қалыптасуы , лицензия, патент және технологияның сатып алынуы; перспективті ғылыми-технологиялық комплекстің жүзеге асырылуы, жоғары сапалы тауарлар шығару.  \r\n\r\n \r\n\r\nӘ) Тікелей инвестиция тарту бағдарламасы\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.\r\n\r\nТікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:\r\n\r\n— инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;\r\n\r\n— жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі).\r\n\r\n— Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті,  бірыңғай мемлекеттік органның болуы.\r\n\r\nЗаңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.\r\n\r\nБұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.\r\n\r\nМемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің\r\n\r\nбірқатарын шешу қажет:\r\n\r\n— жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;\r\n\r\n— жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;\r\n\r\n— отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;\r\n\r\n— экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;\r\n\r\n— ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;\r\n\r\n— менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;\r\n\r\n— жаңа жұмыс орындарын құру;\r\n\r\n— жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;\r\n\r\n— өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;\r\n\r\n— қоршаған табиғи ортаны жақсарту;\r\n\r\nБасқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.\r\n\r\nТікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол  ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.\r\n\r\n2002-2004 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.\r\n\r\n1993-2002 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.\r\n\r\n1997 – 2001 жылдар аралығында Қазақстанның инвестиция жөніндегі комитеті еліміздің ең басты экономикалық салаларында инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында шетелдік компаниялармен 345 келісім – шартқа отырған. Осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық – түлік өнімдерін шығару ( 19.8 пайыз) және химия өндірісі (11.1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия өнеркәсібі бойынша , 2001 жылы жалпы сомасы 95.6 млн . АҚШ долларына бағаланған 13 келісім – шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82.4 млн. Ақш долларына жетіп жығылды . Тұрғын үй , әлеумет және туризм салаларында инвестицияның жалпы көлемінің 12.8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына бағаланған шетел инвестициясы бойынша  35 келісім – шарт дүниеге келген. Және осы инвестиция негізінде 8.8 мың жұмыс орны ашылған.[11,2 б.]\r\n\r\nАса ірі инвесторлардың жоспарларын талдағанда мынадай мәселелерді байқауға болады, яғни барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ , оның кейбір  “географиялық” ерекшеліктері бар: американдық фирмалар Батыс Еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды ( ерекше жоғарғы технология және тұтыну тауарлары саласында); еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі ; Жапон Трансұлттық корпорациялары басымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады деп болжауға болады.\r\n\r\n \r\n\r\nБ) Шағын және орта бизнес туралы\r\n\r\n \r\n\r\nШағын бизнес – нарық құрылымының маңызды элементі, кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырудың динамикалық және аса иілгіш формасы. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тауар өндіру бәсекелесінде, нарық қатынастарын дамытуда, монополизацияға қайшы келетін қажетті жағдайы болып тұр\r\n\r\nЖапония , Германия Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың  барлық кәсіпорындары   санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.\r\n\r\nШағын бизнестің функциясы:\r\n

    \r\n

  • Сұраныс коньюктурасының өзгеруіне тез елеу. Тұтыну сұранысының үлкен дифференциация жағдайында аса маңыздылығы, НТП, тауар мен қызмет көрсетудің жастық номенклатурасы.
  • \r\n

  • Шағын бизнесс халықтың қаржы және өндіріс ресурстарын (оның жоқ болғанда пайдаланбаған) маңызды мобилизациялайды
  • \r\n

  • Бәсекелестік ортаның құрылуы
  • \r\n

  • Жұмыспен қамту проблемасын шешу (дамыған елдерде жаңадан құрған жұмыс орындардың 70-80%)
  • \r\n

  • Қазіргі НТР жағдайында шағын бизнесс маңызды ғылыми және техникалық бағыттарымен қатар бұзып өтуді жүзеге асырады.
  • \r\n

  • Әлеуметтік қиналу және нарықтық қатынастардың демократизациясының жеңілдетілуі (орташа класты құру)
  • \r\n

\r\nБірақ шағын бизнес ең нашар бәсекелестік жағдайда тұр, ірі бизнеспен салыстырғанда. Олардың шығындары жоғары, өәткені олардың шығарылатын өнімнің сериясы ұсақ болып келеді, құралдарды жаңарту үшін қаражаттарды жинаудың ең нашар мүмкіндігі, кадрларды даярлау, ақпараттық қамсыздандыру жағынан нашар болып келеді.\r\n\r\nСәйкесінше, ашық және жан-жақты шағын бизнеске мемлекеттік көмек жүйесінің құрылуы – оның дамуына қажет жағдайлар.\r\n\r\nЭкономикалық дамыған елдердің соғыстан кейінгі шағын бизнестің даму тарихын екі этап бойынша бөлуге болады:\r\n

    \r\n

  • 50 ж-дың ортасынан 70 ж-дың ортасына дейінгі: шағын бизнестің ірі бизнеске тәуелділігі, шағын кәсіпкерлікті экономикалық жүйенің ескірген элементі ретінде бағалануы. Бұл проблемалар өндірістің ірі сериялық және жалпы даму объективті түрде шарттастырылды.
  • \r\n

  • 70 ж-дың ортасынан қазіргі уақытқа дейінгі: НТР-дің қазіргі заманға сай этаптарының жүзеге асырудың ең маңызды формалары болған шағын бизнесті ұстануға айналған мемлекеттің экономикалық саясатының сипаты.
  • \r\n

\r\nМемлекеттік қолдаудың екі бағыты:\r\n

    \r\n

  • Протекционистік элементтерімен араласқан шағын бизнес қызметінің кең мемлекеттік реттелуі
  • \r\n

  • Нарықтық жағдайды құрудағы аса қатаң бәекелестікпен күресу үшін мемлекеттің жай реттелуі, бұнда тек күштілері ғана жеңеді.
  • \r\n

\r\nКөптеген дамыған елдерде қолданылатын шағын бизнесті қолдау элементтері:\r\n

    \r\n

  • Бюджет арқылы тікелей дотациялар
  • \r\n

  • Мемелекттік тапсырмаларды ірі кәсіпорындарда тапсыру кезінде шағын бизнес үшін юелгілі бір субмердігерінің пайызы анықталады.
  • \r\n

  • Мемлекет шағын бизнестің банкттік несиені алу кезінде кепілдеме ретінде шығарылады.
  • \r\n

  • Салық жеңілдіктері
  • \r\n

  • өзінің жеке ұызметін ашушыларға арналған мемлекеттік көптеген бағдарламалар
  • \r\n

  • капиталдың концентрациясының процесстерімен заңды түрде бақылау жүргізу, яғни шағын кәсіпорындардың дәлелденбеген еңгізулерді болдырмау үшін
  • \r\n

  • мемлекеттің барлық шағын бизнесті қаржыландыратын және несиелендіретін ұйымдарда қатысуы
  • \r\n

  • шағын бизнеске мемлекеттің ақпараттық көмегі
  • \r\n

  • кадрлар даярлау және қайта даярлауды мемлекеттік қаржыландыру.
  • \r\n

\r\nҰлыбритания. Негізгі үйлестіруше орган — өндіріс және сауда Министерствасындағы ұсақ фирмалар бөлімі. Бұдан басқа жоғары емес төлем немесе тегін көмек көрсетуші  ұйымдардың жүйелері құрылды: 1) ұсақ фирмалардың қызметі; 2) жергілікті кәсіпкерлік агенствалары; 3) еңбек орталықтары; 4) жергілікті кәсіпкерліктің дамуына көмектесетін коммуналдық ұйымдар.\r\n\r\nҰсақ фирамалардың қызметі ұсақ бизнестің ұйымдастырушылық-практикалық сұрақтармен жұмыс атқарады, мемлекет ішінде аумақтық бөлімшелері бар және басқа да ұйымдармен бірлесіп қызмет атқарады. Ол, әрине шағын бизнесті қаржыландырумен айналыспайды. Оның мақсаты — ұсақ кәсіпкерлердің қызығушылықтарын қорғау, өз жұмыстары бойынша ұйымдарға көмек, келісімдерді алу бойынша көмек, субсидияларды алуда көмек көрсету, мамндырылуға қажетті білімді алуда көмек.\r\n\r\nҰлыбританияда әртүрлі халықтың деңгейлерін байланысты ұйымдастырылған арнайы бағдарламалар және шағын бизнестің аймақтық даму бағдарламалары бар. Жеке меншік қызметінің ұйымдарына жұмысшыларды тарту. 18 жастан жоғары, 13 аптадан асатын жұмыстың болмауы, және алғашқы капиталы 1000 фунт стерлингтен төмен емес жұмыссыздар қатыса алады. Схеманың қатысушылары 1 жыл ішінде апта сайын 40 фунт стерлинг мөлшерінде субсидиялар алып отырады, әғни жұмыссыздыққа байланысты пособияға қосымша ретінде төленеді.\r\n\r\n80 – 90 жж-дың басында бұл бағдарламаның қатысушыларының саны 25 000-90 00 ға дейін өсті.\r\n\r\nСонда қорыта айтқанда, әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.\r\n\r\nМемлекеттік  кәсіпорындар мен мехахолдингтердің , ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру .\r\n\r\nСтратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің  қолы жете бермейді. Қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен  қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін несиелеу мүмкіндігі  25 млрд. теңгеге дейін өседі. [3,5 б.]\r\n\r\n  Бұның шешу жолдары: банк несиелеу кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек.   \r\n\r\n \r\n

Қорытынды

\r\n \r\n\r\nПрезидент Қазақстан халқына өзінің Жолдауында еліміздің және оның экономикасын, халқымызды бәсекеге қабілетті ету жөнінде өте жауапты міндет қойды. Мемлекетіміздің Президенті биылғы Жолдауын “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін” деп атады.  Бұл — өте маңызды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері халықаралық нарыққа мұнай, газ және қара түсті, сирек, бағалы металдармен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде белгілі бола түсуде. Екінші жағынан біз өзіміз де сырттан көптеген тауарлар аламыз, яғни, Қазақстанда ашық экономика қалыптасты. Және де біздегі сыртқы сауда көлемінің ішкі жалпы өнімге қатынасы АҚШ және Жапония секілді дамыған елдерге қарағанда біршама жоғары. Құрама Штаттарда импорттың көлемі өте мол және Жапониядан шығатын экспорт көлемі орасан екені белгілі. Оларда сыртқы нарыққа көбірек тәуелді екнімізді көрсетеді. Сондықтан бізге мемлекет ретінде қалыпты жұмыс істеу үшін тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керектігі сөзсіз.\r\n\r\nІшкі жалпы өнімнің өсу қарқыны бойынша Қазақстан бүгінде әлемдегі серпінді дамып келе жатқан елдердің бірі. Оның жан басына шаққандағы көлемі жағынан ТМД-да екінші орынғашықты және Ресейге өте жақын таяп қалды . Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1999 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 2.2 есеге артқан. 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни алты жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар, ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияны көптеген Азия елдерін,Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.  [5,2 б.]\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n 3-сурет. Жалпы  ішкі өнімнің көрсеткіштері:\r\n\r\n2004 жылы 2700 долларға\r\n\r\n2005 жылы 3207 доллар\r\n\r\n2007 жылы 3800 доллар\r\n\r\nБәсекеге қабілетті экономика құру үшін , ең алдымен, сандық көрсеткіштер сапалық көрсеткіштерге айналуы қажет. Сондай-ақ елде шағын және орташа кәсіпкерлік инфрақұрылымы да құлашын  кең жаза алмай келеді.Ең бастысы, біздегі салық жүйесі отандық тауар өндірушілердің еңсесін көтерткізбейді. Міне, осы толғағы жеткен үш мәселе таппаған жағдайда бәсекеге қабілетті отандық өнім шығара қоя аламыз.\r\n\r\nМенің ойымша, Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы нарықтарды игеруін қолдап, көтермелеуіміз қажет.  \r\n\r\nСонымен, экономиканы реттеу мен оны стратегиялық жоспарлау мәселелері экономика ғылымының арнайы саласының объектісі ретінде статусқа ие болуы керек.\r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. //Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында,Астана : Елорда , 2005ж.-8-17бет.
  2. \r\n

  3. Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік- анықтамалық // Қарағанды, 1999жылы. –217бет.
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\n                      Газеттер:\r\n

    \r\n

  1. Алшанов Р. Қазақстан экономикасы дамудың жаңа кезеңінде // Егемен Қазақстан , 5 мамыр , 2004ж .-5бет.
  2. \r\n

  3. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең –жаңа экономика //Егемен Қазақстан ,16 желтоқсан, 2004ж.-5бет.
  4. \r\n

  5. Сағадиев К.С. Бәсекеге қабілеттілікті өзіміз жасауымыз керек.//Егемен Қазақстан ,5 мамыр,2004ж.-2бет.
  6. \r\n

  7. Сағадиев К.С. Жедел жаңару жолында //Егемен Қазақстан,23 ақпан,2005ж. –5бет.
  8. \r\n

  9. Шөкенов Қ. «Шетел инвесторларының жалпы мақсаттары»//Егеменді Қазақстан -2003жылы ,қаңтар-7бет.
  10. \r\n

\r\n \r\n\r\nЖурналдар:\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасындағы статистика агенттігі . Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету. // 2002 жылы.
  2. \r\n

  3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ . /Редакциясын қараған  Б. Тортаев /- Алматы , 2003.-5-23бет.
  4. \r\n

  5. Шөкенов Қ. «Мемлекет пен инвесторлар диалогы» // Дүние журналы -2003жылы, мамыр-2 бет.
  6. \r\n

  7. Шөкенов Қ. «Инвестиция  игіліктерін ел көре бастады» //Дүние журналы –2004 жылы, тамыз-2 бет.
  8. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ