Еркіндікті аңсаған Алаш

0
1232

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны.

Алаш зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы халықтың басына күн туған кезеңде елдің қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын.

Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай, адамгершілік, имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған азаматтар тұрды. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс тапты.

Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

Жетекшілеріміз Г. Садырова, Қ. Хамитова және Л. Құрбанованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен тәрбие сағаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында педагогикалық қарым-қатынас құралдарын, басқару стильдерін нәтижелі қолдануға педагог мұғаліміміз Р. Қасымованың дәрістері негіз болды.

Тәрбие сағатымыздың мақсаты – ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін, егемен ел болу жолында жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық – саяси қызметі туралы түсінік беру, Алаш партиясы бағдарламасын баяндап, тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау. Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі мысалында студенттердің патриоттық, ар-намыс, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Алаш қайраткерлері қоғамның өміріне белсене араласып, сан қырлы саяси іс-әрекеттерді жүзеге асырды — олар бұқаралық ақпарат құралдары, газет-журналдар құрды, бостандық идеяларын, Алаш идеяларын таратты, ұлттық қоғамдағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешті, арасында үлкен ымыраға келді. Әр түрлі әлеуметтік, саяси топтар үндеулер, өлеңдер, пікірлер жариялады, съездер ұйымдастырды, Алаш партиясын, Алаш үкіметін демократиялық негізде құрды, Алаш автономиясын жариялап, ұлтты біріктіріп, жинады.

Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап және де осындай халқымыздың біртуар азаматтарын, ұлы тұлғаларын құрметтеп, олардың жасаған ерлік істерін ұмытпай қадірлеп жүруіміз керек. Тарихи қысқа мерзімде өз халқының мәңгілігін ойластырған Алаш зиялыларының еңбегін бағалау қазіргі және болашақ ұрпақтың абыройлы міндеті деп санаймыз.

Ұлдақанова А,
Абдулла А

әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің
1-курс магистранттары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ