«Ертегіде қонақта» атты спорттық мерекесі

0
3460

Ересектер тобының технологиялық картасы

 Мақсаты:

  1. Балалардың жылдамдық қасиеттерін дамыту.
  2. Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту.
  3. Сенімді қатынастарды нығайтуға бағыттау.
  4. Баланың спортқа ұмтылысын, қызығушылығын қолдау.

Құралдар: себеттер, кеглилер, шығыршықтар, арқан.

Өткізілетін орын: Спорттық зал.

Сайыстың барысы.

Музыканың әуенімен балалар спорт залға кіреді, екі қатарға тұрады.

Жаттықтырушы: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар! Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?  Ертегіні қалай ұнататындарыңды тексеріп көрейін.

  1. Атам оны өсірді,

Баптап, күтіп әрқашан.

Жұла алмай қалды бір күні,

Апамды да шақырды,

Мысық, күшік бәрі кеп,

Жұлып алды жабылып.

Бұл қай ертегі?                             («Шалқан» ертегісі.)

 

  1. Орманда ол болыпты,

Ішіне аңдар толыпты.

Бәрі бірге дос болып,

Тату-тәтті тұрыпты.

Бұл қай ертегі?                              («Үйшік» ертегісі.)

 

  1. Апам оны пісіріп, терезеге қойыпты.

Жата-жата жалығып, орманға кетіп қалыпты.

Қасқыр оған жеймін деп,

Аю да оған жеймін деп.

Өлең айтып, би билеп,

Түлкі де тұр күлімдеп.

Бұл қай ертегі?                              («Бауырсақ» ертегісі.)

 

Жаттықтырушы:Ендеше балалар сайысымызды бастамас бұрын, кішкене денемізді қызыдырып алайық.

Ұйымдастырушылық кезеңі. (Шеңбер бойымен жүріп, қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүреді. Қолды белге қойып, өкшемен жүреді. Жай бір қалыпты жүріс, қолды алға созып, тізені көтеріп жүру. Қолды артқа қойып, өкшемізді қолымызға тигіземіз.)

Жаттықтырушы: Денемізді қыздырып алсақ, сайысымызды бастайық. Екі команда өз орындарына жайғассын.

І кезең: Таныстыру. Әр топтың ұрандары.

 

          ІІ кезең:«Кім тездетіп, басына бас киімін киеді».

Белгі бойынша ойыншылар кедергілер арқылы кәрзеңкеге қарай жүгіреді және бастарына бір бас киімнен киеді, сосын кейін қарай жүгіреді. Кәрзеңкені тез босатқан топ, ұтысқа ие болады!

ІІІ кезең: «Қаппен секіру»

Кеглилердің арасымен қапшықпен секіріп өту.

ІV кезең:

«Шаңғы тебу».

Аяққа бөтелкелерді киіп, шаңғы тепкендей сырғанап жүру.

V кезең:

 «Кедергіден жылдам өт!»

Шығыршық арқылы кедергілер мен қапшықтан жасалған тоннелден жылдам өту керек.

VІ кезең: «Арқан тартыс».

Жаттықтырушы: Ал балалар, қалай екен? Қазір демалып, «Үш торай» атты ертегісін тамашалаймыз (Үш торай жүгіріп келеді).

1-ші: Мен Ниф-Нифпін!

2-ші:  Мен Нуф-Нуфпын!

3-ші:  Мен Наф-Нафпын!

Қасқыр: Мен Қасқырмын. Тістерімді сықырлатып, үш торайды жеймін.

     3-ші: Ей, Қасқыр, бізге тиіспеші. Біз сенің көңіліңді көтеріп, би  билеп береміз.

Қасқыр: Ал билеңдер.

Жаттықтырушы:  Балалар торайларға көмек берейікші, бір көңілді спорттық биіміз  бар еді ғой, билеп берсек қайтеді.

Қыздар «Спорт» биін билейді.

Қасқыр: Жарайды, таңғалдырдыңдар! Мен өз сөзімде тұрамын, торайларды  босатамын.

Жаттықтырушы:  Жарайсыңдар біздің қыздар өнерлі.

Сайыстардың қорытындысы.

Әділ қазылардың сөздері.

Командаларды құттықтау.

Әуеннің ырғағымен командалар спорттық залдан шығады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ