Ертегілер еліне саяхат (Кіріктірілген сабақ)

0
13698

Білім саласы: «Қатынас»
Білім бөлімі: Көркем әдебиет және музыка (кіріктірілген сабақ)
Тақырыбы: « Ертегілер еліне саяхат»
Міндеті:
 Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту, әуен ырғағына сай қимыл-қозғалыстар келтіре білу. Қағаз қиындыларынан үйшік құрастыруға, өз беттерінше жұмыс жасау дағыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіне арналған суреттер,қағаз қиындылары.
Әдіс-тәсілдері:ертегіні сахналау, сұрақ-жауап.

Мотивациялық–қозғаушылық:
Шаттық шеңбері:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бас иеміз біз.
11Ұйымдастыру-іздестіру:
Сиқырлы пойызға отырып, «Пойыз» әнін айтып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
І-аялдамаға келдік.
Балаларға «Шалқан» ертегісін мәнерлеп айтып түсіндіру және оны сахналау.
ІІ-аялдама: «Суретпен жұмыс»
-Бұл қандай ертегі?
-Осы ертегіні суреттеріне қарап айтып беріңдерші, қане.
(Балалар сұрақтарға жауап береді.)
Балалар тағы да пойызға отырып әндетіп келесі аялдамаға жетеді.
IІІ-аялдама «Орман»
(Сол орманда аю жылап отыр)
-Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды?
Аю: Қалай жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен соған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі?-деп балалардан сұрайды.

Музыка жетекшісі: -Жылама аю, біздің балаларымыз саған ән айтып көңіліңді көтерсін.

Ән «Қоңыр қонжық»    муз: Т.Сарыбаева

  1. Қоңыр қонжық көңілді,

Міне, бізге келеді.

Шапалақтап қуанып,

Иіліп сәлем береді.

  1. Қоңыр қонжық көңілді,

Міне, бізге келеді.

Топылдатып, айналып,

Көңілді билеп береді.
Тәрбиеші:

-Біздің балаларымыз сондай әдемі,үлкен үйшікті жасай алады.
Аю саған біздің балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі.
Балалар:-Ия,біз оны жасай аламыз. ( Аю мен балалар қағаз қиындыларынан үйшік соғады).
Аю  балаларға рақмет айтады.
Сосын сиқырлы пойызға отырып,әндетіп барлығы топтарына кетеді.
VI-аялдама.  Тосын сый
Бауырсақ секіріп топқа кіреді. Балалардан сұрайды:
-Мен кіммін?
-Мен кімнен қаштым?
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Рефлексивті-түзетушілік:
Бауырсақ:-Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма?
— Егер сендер толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін.
Балалар іс-әрекетті еске түсіріп айтады.
Бауырсақ:-Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артынада сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.

Күтілетін нәтиже:
Білу: ертегі кейіпкерінің атын атауды біледі.
Түсінуге тиіс: кейіпкердің мінез-құлықтарын ажырата отырып, жақсы мен жаманды ажырата алады.
Істей білу керек: ертегілер мазмұнын айта біледі, әуенге сай қимыл-қозғалыстар жасай біледі.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ