Етістікті сөз тіркестері: байланысу амал-тәсілдері мен формалары, синтаксистік қатынастары

0
2277
Иллюстрация: Freepik.com

Етістікті сөз тіркестері: байланысу амал-тәсілдері мен формалары, синтаксистік қатынастары.Байланысу тәсілдері синтетикалық (қосымшалар арқылы), аналитикалық (сөз тәртібі, интонация), аналитика-синтетикалық (септеулік шылаулар арқылы) болып бөлінетіні.

Сөздердің байланысу түрлері салаласа байланысу және сабақтаса байланысу болып басты екі топқа бөлінетіні.

Сабақтаса байланысудың бес түрі: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу, әрқайсысының тұлғалық, мағыналық белгілері.

Сөздерді байланыстыратын тәсілдер

Сөздер тіркескенде өзара синтаксистік байланыста болады. Ол байланысқа негіз болатын сөздердің мағынасы. Сөздердің арасында мағыналық байланыс болса ғана тіркеседі. Синтаксистік байланыс дұрыс болғанмен, мағыналық байланыс болмаса сөз тіркесі жасалмайды. (көк шөп, темір шөп).

Сөйтіп, сөз тіркесіндегі сөздердің байланысы әрі мағыналық, әр синтаксистік бірлікте болуға тиіс.

   Енді сөздерді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік амалдар мыналар:

1.Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік).

2.Шылаулар (септеулік, демеулік, жалғаулықтар: үшін,сайын т.б)

3.Сөздердің орын тәртібі.

4.Интонация (Бұл – кітап …..)

Кейбір ғалымдар қосымшалар арқылы байланысу тәсілін синтетикалық, қосымшасыз, шылау, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу тәсілін аналитикалық байланыс бар дейді.

Белгілі синтаксистік тәсілдер арқылы тіркескен сөздердің байланысының түрлері болады (байланысу формасы дейді кейде).

Оның түрлері: 1)қиысу; 2)матасу; 3)меңгеру; 4)қабысу; 5)жанасу.

Сөздерді байланыстыратын тәсілдер

Синтаксистік байланыс (қатынас) – сөз тіркесін құраудың да, сөйлем құраудың да, сондай-ақ текст құраудың да ең басты тәсілі; өйткені тұлғалық, мағыналық жақтарынан өз үйлесімін таппаған жеке сөздер сөз тіркесін де, сөйлемді де құрай алмайды.

Сөйлемді сөздердің  байланысы түрліше грамматикалық амал-тәсілдердің негізінде жүзеге асады. Мұндай амалдар өздері жалғанған сөзіне әр түрлі грамматикалық мағына үстейді, жалпы сөйлемнің табиғатымен үндесіп жатады.

Жеке сөздердің байланысы – синтаксистегі ең басты мәселе. Жеке сөздердің байланысын да мағыналық, тұлғалық үйлесімділік болуы керек. Олай болмағанда жеке сөздердің байланысы шашырандылық, мағынасыз түсініксіздіктің аясында қалып қояр еді. Мысалы, үйге келдің деген бөлшекті үйдің келдім деп айтуға болмас еді. Демек, сөйлем құрамында сөздер өзара байланысты жұмсалу үшін, жеке сөздердің өзі ең алдымен мағыналық үйлесімділікте жұмсалуы керек.

Жеке сөздер байланысы морфологиялық (жалғау, шылау) және синтаксистік амал-тәсілдер (орын тәртібі, интонация) арқылы жүзеге асады. Сөйлемдегі сөздер байланысында әсіресе, алғашқы жол айырықша. Олардың қолданылу өрісі кең. Бұдан морфологиялық амалдардың сөздер байланысында синтаксистік сипат алатынын көреміз. Морфология саласында олар морфологияға тән заңдылықтармен тексерілсе, синтаксисте сөздердің байланысу негізінде қарастырылады. (Морфология мен синтаксистің байланысын осыдан-ақ көруге болады).

В.Г.Адмони: «Самый факт и характер соединения слов может выявлятся такими грамматическими средствами, которые имеют непосредственно не синтаксический, а морфологический характер. Система надежной флексии, например, изучает исключительно большую роль в выражении синтаксических отношений, так же как личные окончания глагола. Таким образом, синтаксис, образуя такие формы связи между словами, т.е. синтаксические формы связи между словами, т.е. синтаксические формы как согласование и управление опираетсся на морфологическую форму» (В.Г.Адмони. Синтаксис современного немецкого языка.

А.Ысқақов: «Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді». (А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 1974, 40 бет).

1)Жалғаулардың ішінде септік жалғауларын жеке сөздерді өзара байланыстыруда ең бір өнімді амал деп қарастыруға болады.

Септік жалғаулары өзі жалғанған сөзін басқа сөздермен байланысы таратып қана қоймайды, сонымен қатар өзі жалғанған сөзге қосымша мағыналық рең қосады. Мысалы, ауылға келдім (белгілі бағыт), ауылдан келдім (шыққан жердің мекені). Мұндай мағыналық құбылыстар сөздердің өзара үйлесе жұмсалуы негізінде туып отыр. Тілдегі форма мен мағынаның бірлігі деген осыдан көрінеді.

   Септік жалғауының кейбір ерекшеліктері:

1.Өзі жалғанған сөзді келесі сөзге бағындырады

2.Зат есімдерден басқа сөз таптарына жалғанғанда оларды заттандырады (жақсыдан шапағат, жаманнан кесапат).

Демек, септік жалғаулары жалғанған сөзін басыңқы сөзге бағындырып тұрады, сондықтан оларды бағындырушы тұлға дейді. Басқа жалғаулар – тәуелдік, көптік, жіктік, — ондай қызмет атқара алмайды.

жалғаулы сөзбен байланыстырады. Бірақ, өзі жалғанған сөзін екінші сөзге (өзінен кейінгі) тікелей бағындыра алмайды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулы сөздер жетектеп тұрады (кітаптың бетіне жазды).

3)Көптік жалғауы да сөзді өзара тіркестіруге қатысады, бірақ ол да бағындырушы тұлға бола алмайды.

Сендер келдіңдер – мұнда бастауышқа көптік жалғау жалғанғандықтан, баяндауыш көптік жалғауында тұр. Сондықтан жоғарыдағы екі сөзде көптік жалғауларының оларды байланыстырушылық қызметі бар, бірақ көптіктің бір сөзді екінші сөзге  бағындырушы болу (септіктегідей) қызметі жоқ.

4)Жіктік жалғауы. Мұны көптеген авторлар «баяндауыштық жалғау» деп атайды. Оның себебі – олар әр уақытта баяндауыш болған сөзге жалғанады да, жалғанған сөзінің баяндауыштық қызметін айқындап, оны бастауышпен байланыстырады. М.Балақаев жіктік жалғаулардың сөздерді баяндауыш ету қызметінен гөрі оларды басқа сөздермен байланыстыру қызметі басым» дейді.

Мен көрдім.                  сені көрдім

Мен студентпін       үйге барамын

 

Жіктік жалғауы есім сөздерге жалғанбай айтылуы да мүмкін.

Сен – студент, мен – жұмысшы.

Ол – студент.

Бұл жерде мағыналық байланыс орын алған (ішкі байланыс). Жалғау арқылы болса – сыртқы байланыс.

Сөздерді байланыстыруда – шылаулардың да қызметі ерекше. Жалғаулықтар екі сөздің арасында тек дәнекер болса, септеуліктер – өздері қатысты сөздердің грамматикалық мағыналарын дәлдеумен қатар, толық мағыналы екі сөздің арасын байланыстырушы қызмет атқарады.

Мысалы: үйге дейін келдім, сен үшін келдім, жыл сайын келемін.

Септеуліктердің саны аз болғанымен, жұмсалу аясы кең.

Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдің бірі – сөздердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздер өзара байланыста болу үшін олардың белгілі бір қалыптағы орындары болуы шарт. Әрине, бұл қатып қалған заңдылық емес, ол жалпы түрдегі заңдылық. Әсіресе, жалғаулы сөздердің орын тәртібі барынша еркін болады. Өйткені жалғаулардың мағынасы ол сөздердің қай сөзбен тіркесетінін оңай көрсетеді. Ал, жалғаусыз байланысатын сөздерде ондай еркіндік жоқ, сондықтан көбіне ондай сөздердің орын тәртібі тұрақты болады. Осындай сөздердің белгілі орналасу тәртібі арқылы, біріншіден, олардың синтаксистік байланысы жүзеге асса, екіншіден синтаксистік қызметі (қатынасы) белгіленеді. (биік ағаш, темір қасық, жалт қарады т.с.с.) М.Балақаев: «жалғаусыз, тұрған орына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады». Сондықтан олардың орнын өзгертуге болмайды: өзгертсе, не байланыс үзіледі, не синтаксистік қызметі өзгереді (білімді студент, студент – білімді).

Сөйлемдегі сөздердің орнымен тығыз байланыста қарастырылатын тәсіл – интонация. Ол бастауыш пен баяндауыш есім сөздерден жасалғанда айқын байқалады. Бұл жағдайда баяндауыш жіктік жалғаусыз үшінші жақта қолданылып отырады. Асан – студент. Бұндай сөйлемде екі сөзді байланыстыруда дауыс екпіні айырықша қызмет атқарып тұр. (жазуда тура). Алғашқы сөз көтеріңкі әуенмен айтылып, соңғысынан да жігін ажыратып тұрады. Осыған орай алғашқы сөз сөйлем мүшесі жағынан бастауыш, соңғысы баяндауыш болып тұр. Ең бастауыш сөз айырықша әуенмен айтылмаса, кейінгі сөзбен арасы жымдасып, соның анықтауышы ретінде жұмсалып келді. (Асан студент).

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ