Физикадан теориялық сұрақтар жауабымен

0
11917
Freepik.com

Денелердің инерттілігінің өлшемі бола алатын физикалық шама: Масса

Өте төмен температурада металл кедергісінің күрт кеміп, жойылу құбылысы: Асқынөткізгіштік

Инерция заңын ашқан ғалым: Г.Галилей

Іштен жану қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті: механикалық энергия үлесін білдіреді.

Кристалдану кезінде дене температурасы: Тұрақты болады

Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы: Шу

Электролиз кезінде электродтарда бөлініпа шыққан зат массасын анықтайтын заң: Фарадей заңы

Электрон антибөлшегі: Позитрон

Жылжымайтын блок: күштен ұтыс бермейді.

Жылжымалы блок: күштен 2 есе ұтыс береді.

Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал: психрометр

Дыбыс биіктігін анықтайды: Тербеліс жиілігі

Кез келген инерциялық жүйеде барлық физикалық құбылыстар бірдей жағдайда бірдей өтеді. Бұл тұжырымдама: Эйнштейннің 1-ші постулаты

Тербелмелі контур: катушка және конденсатордан тұрады

Атом ядросының құрамы: Протон және нейтрон.

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде: жылдамдық тұрақты

Дене импульсінің өзгерісі: күш импульсына тең.

Идеал газ жұмысы нөлге тең процесс: Изохоралық.

Изотермиялық сығылу процесінде идеал газдың ішкі энергиясы: өзгермейді

Электрон мен протонның заряд таңбалары: электрон-теріс, протон-оң

Дененің шын және кішірейтілген кескінін беретін оптикалық аспап: фотоаппарат

Герметикалық жабық ыдыстағы идеал газдың ішкі энергиясы кемитін процесс: изохоралық салқындау

Егер біратомды идеал газ тек алған жылу есебінен ғана қызатын болса, онда газда жүретін процесс: Изохоралық

Механикалық қозғалыс: дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі

Броундық қозғалысты түсіндіруге болады: тек қана молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде

Вакуумда электр зарядын тасымалдаушылар: тек қана электрондар

Сұйықтықта электр зарядын тасымалдаушылар: оң және теріс иондар
Газдада электр тогын тасымалдаушылар: электрон және оң,теріс иондар

Металдардағы электр тогын тасымалдаушылар: электрондар

Жартылай өткізгіштердегі электр зарядын тасымалдаушылар: кемтіктер мен электрондар

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ