География: ҰБТ және КТА кешенді тестінде келетін деректер, сұрақтар және жауаптар

0
5035

Литосфера

Жердің ең сыртқы қатты қабаты жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Латынша «литос» тас деген мағына береді. Литосфераның орташа қалыңдығы 5-80 шақырым, кейбір ғалымдар 250 шақырымға жетуі мүмкін дейді.

Биік таулы аудандарда жер қыртысының қалыңдығы 70-80 кмге дейін жетеді. Жердің ішкі құрылысы мынадай қабаттардан тұрады: жер қыртысы, мантия, ядро. Жердің ішкі құрылысын анықтауда жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызы зор. Жердің ішкі құрылысының ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тереңдіктерде таралу жылдамдығының өзгеруіне байланысты Жер шарының ішкі құрылысы үш қабаттан тұратыны анықталған.

Жердің орталық өзегін ядро алып жатыр. Ядро темір мен никельден тұрады. Ядро сыртқы және ішкі ядро болып бөлінеді. Сыртқы ядро балқыған күйде, ішкі ядро қатты шар түрінде болады. Жер қыртысынан 2900 км- ге дейінгі аралықты мантия қабаты алып жатыр.
Мантия грекше жамылғы деген мағына береді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%- ын құрайды.

Литосфералық тақталар мантияның беткі қабаты астеносфера бетімен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған.

Жер серіктерімен зерттегендегі өлшеу жұмыстарының нәтижесінде тақталардың жылына орташа есеппен 2-5 жылдамдықпен қозғалатындығы анықталған. Жер қойнауын толтырып жатқан заттарды тау жыныстары деп атайды. Тау жыныстары шығу тегіне қарай үшке бөлінеді: шөгінді, магмалық, метаморфты.

Жер астындағы балқып жатқан отты заттан пайда болған тау жыныстары магмалық деп аталады. Магма грекше былғама, жердің терең қойнауында жоғары қысым мен температура жағдайында түзілетін отты қоймалжың зат. Магмалық жолмен пайда болған тау жыныстарына базальт, гранит жатады.

Жер қыртысының бетінде су, жел, т.б сыртқы күштердің әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді жыныстар деп аталады.Шөгінді жыныстар органикалық, кесек, химиялық болып бөлінеді. Судағы және құрлықтағы жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. Өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздегі өте майда жәндіктердің қалдықтарынан бор құралады.

Жердің терең қабатына батқан магмалық және шөгінді жыныстар үстінгі тау жыныстарының салмағына және жоғары температураның әсеріне ұшырап, өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары метаморфты жыныстар деп аталады (грекше метаморфоза –өзгеру). Метаморфозаның әсерінен әктас- мәрмәрға, құмтас- кварцитке айналады.

Жанартау — көмейінен қоймалжың отты зат лава тасып төгілетін конус формалы тау. Жанартаудың көмейі, кратері болады. Кратер жанартау көмейінің жоғары бөлігіндегі тостаған тәріздес шұңқыр.
Жер шарында 800 астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.

Жер бедері дегеніміз — жер бетінің тегіс емес, ойлы -қырлы болып келуінің жиынтығы. Мысалы, таулы жер бедері немесе жазықты т.б жер бедерлерінің түрлері кездеседі. Жер бедерінің пішіндерінің қалыптасуына ішкі күштер мен сыртқы күштер әсер етеді.

Ішкі күштерге (эндогендік): тау түзілу, жер сілкіну, жанартаулық атқылаулар, тақталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары жатады. Сыртқы күштерге (экзогендік): күн сәулесі, климат, су ағыны, үгілу. Жер бедерін зерттейтін ғылым геоморфология деп аталады.

Тау- айқын байқалатын етегі, беткейі, шыңы бар жазықтардан оқшау жатқан жер бетінің көтеріңкі бөліктері. Таулар биіктігіне қарай үшке бөлінеді: аласа, орташа, биік. Биіктігі 500-1000 м дейінгі таулар аласа таулар, биіктігі 1000- 2000 м дейінгі таулар орташа таулар, 2000 м жоғары таулар биік тауларға жатады.

Жер шарындағы ең биік тау шыңы Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы. Биіктігі 8848 м. Бұл шыңды адамзат баласы 1953 жылы бағындырған. Джомолунгма непал тілінен аударғанда «таулардың ана құдайы» деген мағына береді. Бұл шыңды Қ.Уалиев басқарған альпинистер тобы 1982 жылы бағындырған.

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабы жазық деп аталады. Жазықтардың негізгі екі түрі болады: тегіс және төбелі. Абсолют биіктігіне қарай жазықтар үшке бөлінеді.Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м ден төмен жазық ойпат деп аталады.Ойпаттар физикалық карталарда жасыл бояумен көрсетіледі. Мысалы: Амазонка, Каспий маңы ойпаттары.

Жер шарындағы ең үлкен ойпат — Амазонка ойпаты.Амазонка ойпаты Оңтүстік Америка материгіндегі Бразилия мемлекетінің аумағын алып жатыр. Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазықтар қыраттар деп аталады. Мысалы: Жалпы Сырт қыраты. Абсолют биіктігі 500 м ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Мысалы: Бетпақдала, Торғай, Орта Сібір таулы үстірттері.

Жер бедерінің өзгерістерінің басты қозғаушы күші болып күн сәулесі мен соған сәйкес климаттық өзгерістер саналады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі және сыртқы күштердің ұзақ уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі болып саналады.

ҰБТ — Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

Абсолют биіктігі 200 м -ден төмен жатқан жазықты атаңыз.
Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазықтардың атауын табыңыз.
Абсолют биіктігі 500 м-ден астам биіктегі жазықтарды анықтыңыз.
Алғашында шөгінді немесе магмалық тау жынысы түрінде пайда болғанымен, жер қойнауында қысым мен температураның әсерінен өзгеріске ұшыраған тау жыныстарын табыңыз.
Биік таулы аудандардағы жер қыртысының қалыңдығын табыңыз.
Бұрын теңіз түбі болып, жер қыртысының көтерілуі нәтижесінде пайда болған жазықтарды табыңыз.
Гейзерлер тараған аймақтар:
Джомолунгма (Эверест) шыңының биіктігі (м):
Дүние жүзіндегі ең ескі тауды көрсетіңіз.
Екі немесе бірнеше тау жоталарының түйісуі:
Енисей мен Лена өзендерінің аралығындағы үстіртті табыңыз.
Еуразия тақтасының Үнді -Аустралия тақтасымен соқтығысуынан пайда болған тауды табыңыз.
Жазықтардың астындағы жер қыртысының орташа қалыңдығын көрсетіңіз.
Жазықтардың негізгі түрлерін анықтаңыз.
Жанартаудың төбесінде пайда болған шұңқыр:
Жер астында болған дүмпудің жер бетіне шығатын жерін атаңыз.
Жер бедерін зерттейтін ғылым.
Жер бедерінің ең ірі пішіндерін көрсетіңіз.
Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті алқабын табыңыз.
Жер бетінің жазықтардан бөлек көтеріліп жатқан қатты тілімденген биік бөліктері:
Жер бетіне шығып төгілген магма:
Жер сілкінісі кезіндегі қозғалысты тіркейтін аспапты көрсетіңіз.
Жер сілкінісінің қуатын анықтайтын шкаланы көрсетіңіз.
Жер шарындағы ірі төбелі жазықтарды табыңыз.
Жер шарындағы аса ірі сейсмикалық белдеулер қатарын белгілеңіз.
Жер шарындағы ауданы ең үлкен ойпатты табыңыз.
Жер шарындағы ең биік тау шыңын табыңыз.
Жер шарының қатты тас қабатын табыңыз.
Жер қойнауын түзетін, әр түрлі минералдардан тұратын табиғи заттарды атаңыз.
Жер қыртысы мен жоғары мантиядағы заттардың кенет ығысуынан бір бөлігінің теңселуі:
Жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын және даму тарихын зерттейтін ғылымды атаңыз.
Жердің ішкі құрылысы:
Кварц, дала шпаты, слюданың өзара тығыз байланысуынан түзілетін тау жынысы:
Литосфералық тақталар жылына орташа есеппен қанша см-ге ығысатынын анықтаңыз.
Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын ұсынған неміс ғалымын атаңыз.
Магмалық тау жынысы:
Мантияның қалыңдығын көрсетіңіз.
Мариан шұңғымасының тереңдігін (м) табыңыз.
Материктің мұхитқа өтпелі бөлігін көрсетіңіз.
Мұхит астындағы жер қыртысының қалыңдығы:
Мұхит түбінің терең ойыстары….. деп аталады.
Мұхиттық жер қыртысының қабаттарын табыңыз.
Органикалық жолмен пайда болған шөгінді тау жыныстары:
Орташа биіктіктегі тауды табыңыз.
Орташа биіктіктегі таулардың теңіз деңгейінен орналасу биіктігін көрсетіңіз.
Пайда болуы жағынан жас тауды табыңыз.
Радиусы 3500 км болатын жердің орталық бөлігінің атауы:
Таулар бір – біріне жалғаса отырып …………. құрайды.
Таулар биіктігіне қарай қанша топқа бөлінетінін табыңыз.
Қатпарлы тауларды табыңыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ