Географиядан ҰБТ сұрақтары

0
2608
Иллюстрация: Freepik.com

1. Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар

A) масштаб

B) план

C) бергштрих

D) горизонталь

E) нивелир

2. Тынық мұхитынан келетін ауа массаларының құрлыққа енуіне кедергі келтіретін географиялық нысан

A) Кордильера таулары

B) Ұлы жазықтар

C) Калифорния түбегі

D) Аппалач таулары

E) Лабрадор түбегі

3. Солтүстік Американың тундра зонасында мекен ететін бұғы түрі

A) тауарыстан

B) барибал

C) кайот

D) гризли

E) карибу

4. Атмосфералық қысым мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар

A) изогиеталар

B) изотермалар

C) изохоралар

D) изобаралар

E) горизонтальдар

5. Қазақстандық Алтай тауының бөліктері

A) Кенді Алтай, Алатау

B) Шығыс Алтай, Батыс Алтай

C) Қалба, Сауыр, Кенді Алтай

D) Оңтүстік Алтай, Қалба, Батыс Алтай

E) Мұзтау, Тастау, Қалба

6. Қазақстанның еңбек нарығындағы экономикалық белсенді
халық саны (млн адам, 2013 ж.)

A) 8,5

B) 5,8

C) 9

D) 5,1

E) 7,3

7. 2004 жылы құрылған ең жас қорық

A) Марқакөл

B) Батыс Алтай

C) Қаратау

D) Үстірт

E) Ақсу-Жабағылы

8. Үндістанның мемлекеттік құрылысы

A) унитарлы республика

B) конфедерациялық республика

C) унитарлы монархия

D) федерациялық республика

E) федерациялық монархия

9. Оңтүстік-Батыс Азия елі

A) Ирак

B) Үндістан

C) Қытай

D) Бангладеш

E) Индонезия

10. Ең алғашқы халық санағы жүргізілген мемлекет

A) Рим

B) Египет

C) Месопотамия

D) Үндістан

E) Ресей

11. Жер бетіндегі нүктенің мұхит деңгейінен есептелетін биіктігі

A) ендік зоналылық

B) салыстырмалы биіктік

C) альпілік белдеу

D) биіктік белдеу

E) абсолюттік биіктік

12. Палеоген, неоген, антропоген дәуірлері жататын эра

A) архей

B) кайнозой

C) мезозой

D) палеозой

E) протерозой

13. Облысаралық көші-қонның көшбасшы қалалары

A) Алматы, Қостанай

B) Алматы, Астана

C) Қарағанды, Теміртау

D) Атырау, Ақтау

E) Өскемен, Семей

14. Географияда экологиялық бағыттың дамуына жол ашқан ғалым

A) С. Ремезов

B) Л. Берг

C) П. Семенов

D) И. Мушкетов

E) Н. Северцов

15. Молдованың ірі қант зауыты орналасқан қаласы

A) Унгены

B) Кишинев

C) Сороки

D) Тирасполь

E) Бельцы

16. Какаоның отаны

A) Шри-Ланка

B) Оңүстік-Батыс Азия

C) Мексика таулы қыраты

D) Бразилия

E) Эфиопия

17. Махмуд Қашғаридың еңбегі

A) «Ғылымдардың шығуы»

B) «Жоңғария очерктері»

C) «Сібірдің сызба кітабы»

D) «Диуани-лұғат ат-түрік»

E) «Арал теңізі»

18. Ертістің жылдық ағыны

A) 30 млрд м3

B) 28 млрд м3

C) 35 млрд м3

D) 18 млрд м3

E) 20 млрд м3

19. Қытаймен шекаралас ел

A) Иран

B) Өзбекстан

C) Вьетнам

D) Таиланд

E) Бангладеш

20. Елдердің шикізат түріне қарай, белгілі бір тауарды өндіруге мамандануы

A) халықаралық мамандану

B) ғаламдану

C) дүниежүзілік шаруашылық

D) бірегейлендіру

E) халықаралық құрамдасу

Бірнеше жауабы бар тест тапсырмасы.

21. «Аустралияның өлі жүрегі» атанған ауданы (аудандары)

A) астаналық аумақ маңы

B) Эйр көлі маңы

C) материктің шеткі аудандары

D) Муррей өзені бойы

E) Виктория шөлі

F) Үлкен Артезиан алабы

G) Үлкен тосқауыл рифі

H) Үлкен Суайрық жотасы

22. Кесек шөгінді жыныс(-тар)

A) малта тас

B) диорит

C) бор

D) құм

E) ас тұзы

F) кварцит

G) саз

H) мәрмәр

23. Ежелден тек Балқаш көліне тән балық (-тар)

A) балқаш көкбасы

B) балқаш алабұғасы

C) көксерке

D) аққайран

E) тұқы

F) арал қаязы

G) итбалық

H) бекіре

24. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының облыс орталығы (орталықтары)

A) Байқоңыр

B) Алматы

C) Талғар

D) Тараз

E) Қызылорда

F) Кентау

G) Талдықорған

H) Жаңатас

25. Кельт тіл тобына жататын халық(-тар)

A) португалдар

B) ирландықтар

C) голландықтар

D) шотландықтар

E) уэльстіктер

F) испандар

G) албандар

H) каталондар

26. Жер қыртысының түрі (түрлері)

A) жоталық

B) мантиялық

C) ядролық

D) минералдық

E) қалқандық

F) мұхиттық

G) материктік

H) қатпарлық

27. Жетісу Алатауының жотасы (жоталары)

A) Батыс

B) Піскем

C) Солтүстік

D) Өгем

E) Оңтүстік

F) Шығыс

G) Холзун

H) Қалба

28. Ең үлкен тіл семьясы

A) үнді-еуропалық

B) қытай-тибет

C) афразиялық

D) ніл-сахара

E) алтай

F) орал

G) чукот-камчатка

H) нигер-кардофан

29. Орталық Қазақстанның Қайрақты кен орнында өндірілетін пайдалы қазба(-лар)

A) темір

B) молибден

C) мыс

D) қорғасын

E) марганец

F) көмір

G) хромит

H) вольфрам

30. Сарқылатын қалпына келетін ресурс(-тар)

A) мұнай

B) жел энергиясы

C) күн энергиясы

D) газ

E) темір

F) топырақ

G) тас көмір

H) ас тұзы

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ