«Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)

0
11770

№ 1
Азот қышқылының мольдік массасы
A) 63 моль.
B) 63 г.
C) 63.
D) 63 г/моль.
E) 63 моль/г.

№ 2
Химиялық таңбасы О …
A) бір молекуланы көрсетеді.
B) жай заттың бір молін көрсетеді.
C) салыстырмалы молекулалық массаны көрсетеді.
D) мольдік массаны көрсетеді.
E) бір атомды көрсетеді.

№ 3
Құм мен қанттың қоспасы …
A) гетерогенді.
B) біртекті.
C) жай.
D) күрделі.
E) әртекті.

№ 4
Химиялық құбылысқа жататыны:
A) шынының балқуы.
B) судың булануы.
C) сүттің қайнауы.
D) тамақтың бұзылуы.
E) судың қатуы.

№ 5
Аллотропиялық түр өзгерістерге жататын заттар 
A) дейтерий мен озон.
B) су мен сутек.
C) оттек пен су.
D) озон мен оттек.
E) сутек пен оттек.

№ 6
Жай заттар:
A) анилин мен этилен.
B) анилин мен графит.
C) ацетилен мен анилин.
D) алмаз бен ацетилен.
E) графит пен алмаз.

№ 7
Хлор қышқылының молекуласындағы атомдардың жалпы саны
A) 7.
B) 3.
C) 5.
D) 6.
E) 4.

№ 8
Құрамында атомдарының саны көбірек молекула
A) натрий сульфиді.
B) натрий сульфаты.
C) литий ацетаты.
D) калий сульфиті.
E) калий нитраты.

№ 9
Молекулаларының саны тең болатындар
A) 30 г СаО мен 40 г MgО.
B) 8 г СuО мен 4 г NaОН.
C) 8 г О2 мен 8 г О3.
D) 16 г О2 мен 16 г СН4.
E) 56 г КОН мен 49 г Н2SО4.

№ 10
Салыстырмалы молекулалық массасының мәні үлкен қосылыс:
A) КНSО4.
B) СаSО4.
C) К2SО4.
D) Nа2SО4.
E) Н2SО4.

№ 11
Салыстырмалы молекулалық массасының мәні аз қосылыс
A) NіBr3.
B) CrBr3.
C) FeBr3.
D) АlBr3.
E) CoBr3.

№ 12
Көмір қышқыл газы 3,011023 молекуласының (қ.ж) алатын көлемі
A) 1,12 л.
B) 11,2 л.
C) 44,8 л.
D) 4,48 л.
E) 112 л.

№ 13
Күкірттің массалық үлесі көбірек қосылыс
A) SО2.
B) Н2SО3.
C) Н2SО4.
D) SО3.
E) Н2S.

№ 14
Оттектің массалық үлесі аз қосылыс
A) SеО3.
B) SО3.
C) ТеО3.
D) MnО3.
E) CrО3.

№ 15
Оттектің массалық үлесі 30% болатын қосылыс
A) Al2О3.
B) B2О3.
C) Cr2О3.
D) Fe2О3.
E) Nі2О3.

№ 16
Құрамында 70% темір және 30% оттек бар қосылыстағы темірдің валенттілігі
A) 4
B) 6
C) 2
D) 3
E) 8

№ 17
Құрамында 18,061023 молекуласы бар судың (4С және 1 атм қысымдағы)
көлемі
A) 540 мл
B) 22,4 л
C) 67,2 л
D) 44,8 л
E) 54 мл

№ 18
Ауадан ауыр газдарды көрсетіңіз
A) NO2 және CO2
B) NO2 және SіO2
C) NO және СO
D) CO2 және NH3
E) NH3 және NO

№ 19
Сутек бойынша тығыздықтары бірдей газдар
A) SO2 және NO
B) NO және CO
C) CO2 және CO
D) CO және C2H4
E) C2H4 және SO2

№ 20
Аммиак толтырылған шар …
A) әуелі төмендейді, содан соң көтеріледі
B) жоғары көтеріледі
C) төмен түседі
D) орнында қалады
E) әуелі көтеріледі, содан соң төмендейді

№ 21
Құрамында 3,011023 оттек атомдары бар натрий гидроксидінің зат мөлшері
(моль)
A) 0,1
B) 5
C) 1
D) 0,5
E) 0,4

№ 22
Ацетиленнің 8,96 литріндегі (қ.ж) сутек атомдарының саны
A) 4,8*1023
B) 0,58*1023
C) 4,8*1024
D) 4,8*1021
E) 4,8*1022

№ 23
Оттектің мольдік үлесі 0,5-ке тең болатын кальций сульфаты
кристаллогидратының формуласы
A) CaSО4*2,5H2O
B) CaSО4*0,5H2O
C) 2CaSО4*2H2O
D) CaSО4*2H2O
E) CaSО4*H2O

№ 24
Химиялық құбылысқа жатады:
A) Ерітіндінің қатуы.
B) Тұздың қайта кристалдануы.
C) Күкірт (ІV) оксидін сілтінің сіңіруі.
D) Судың булануы.
E) Ерітіндінің қайнауы.

Жауабы:

1 D
2 E
3 E
4 D
5 D
6 E
7 D
8 C
9 B
10 C
11 D
12 B
13 E
14 C
15 D
16 D
17 E
18 A
19 D
20 B
21 D
22 A
23 D
24 C

Дереккөз: Himia.kz

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ