Ozattar – үздіктер энциклопедиясының үшінші басылымы жарық көреді

0

«Ozattar энциклопедиясы» мекемесі республикамыздағы білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген педагогтар мен дарынды оқушылардың есімдерін жинап, баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің  энциклопедиясын (бұдан әрі энциклопедия) жариялайды.  Энциклопедияның бірінші және екінші басылымы 2018, 2020 жылдары А4 форматта, түрлі түсті, алтын түстес өрнекпен өрнектелген қалың мұқабада жарық көрді.  Энциклопедияға республикамыздағы білім беру ұйымдарынан үздік деп танылған 3000-ға жуық білім саласының озаттары енгізілді.

Энциклопедияға өтініш беруші мамандардың педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Өтінімдерді қабылдау жұмыстары үшін ақылдастар алқасы құрылады.

Энциклопедияға енгендерге «Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгілері сыйға беріледі.

Қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 20 қазан мен 10 желтоқсан аралығы. Өтінімдер ozattar.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

Жобаның ақпараттық демеушісі – «Martebe.kz» республикалық ақпараттық білім порталы.

Ozattar.kz – Қазақстан білімділерінің энциклопедия сайты – 2017 жылы «Жылдың сапалы инновациялық жобасы» халықаралық байқауының жеңімпазы. 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды (2-қосымша).

Толық ақпаратты +7 708 440 76 93  телефоны арқылы білуіңізге болады.

 

Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы жобасының ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
    • Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясының осы ережесі (әрі қарай – Ереже) құжаттар қабылдау және ұйымдастыру тәртібін анықтайды (әрі қарай – энциклопедия);
    • Педагогтар мен оқушылар Ozattar.kz сайтына тіркеліп, тегін онлайн портфолио жинақтай алады;
    • Энциклопедия жайлы қосымша мәліметтер және толық ақпараттар kz және martebe.kz республикалық білім сайттарында жарияланады;
    • Энциклопедияға қабылдау 2021 жылдың 20 қазан мен 10 желтоқсан аралығында жүргізіледі;
    • Энциклопедияға ЖОО оқытушылары мен студенттері, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері енгізіледі;
    • Энциклопедия шығаруда арнайы ақылдастар алқасы құрылады. Ақылдастар алқасы құрамына білім саласына еңбегі сіңген педагогтар кіреді;
    • Баспа өнімін алу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.
  1. Баспа өнімін шығарудың мақсаты мен міндеттері:
    • Мемлекет басшысы қабылдаған «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының жүзеге асырылуына үлес қосу;
    • Білім саласы қызметкерлері мен дарынды оқушы жастардың есімін баспа және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
    • Республикамыздағы білім беру саласы үздіктерінің есімі жинақталған сапалы баспа өнімін жинақтап шығару.
  1. Энциклопедияға құжаттар қабылдау тәртібі мен өткізілуі:
    • Құжаттар электронды форматта Ozattar.kz@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады;
    • Өтініш пен құжаттар қазақ тілінде қабылданады;
    • Өтініштер толық қаралып, сараптаудан өткізіледі және кері қайтарылмайды;
    • Талапқа сай безендірілмеген және мерзімінен кеш жолданған материалдар қабылданбайды.
  1. Энциклопедияға құжат тапсырушылар үшін қойылатын талаптар:
    • Өтініш берушілердің педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
    • Өтініш берушінің облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардан алған жетістіктерінің саны 5-тен кем болмауы керек;
    • Құжаттар мекеме басшысының ұсынуымен немесе жеке қатысушылардың өтініші арқылы қабылданады;
    • Өтініш құжаттары мен төлем жарнасы бір файлда жіберілуі тиіс;
    • Энциклопедия жинақтау барысында талаптарға сай келмеген өтініштер жарамсыз деп танылып, төлем жарнасы кері қайтарылады;
    • Энциклопедияға байланысты сұрақтар Ozattar.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ЖАЙЛЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:

  1. Өтініш берушінің толық аты-жөні; (Міндетті)
  2. Қызмет атқаратын немесе білім алатын мекемесінің толық атауы (Облыс, аудан, қала, ауыл, мекеме атауы толық жазылуы керек); (Міндетті)
  3. Жазбаша түрде соңғы 5 жылдағы жетістіктері (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі рет-ретімен жазылуы керек); (Міндетті)
  4. Сапалы 3х4 суреттің электронды нұсқасы (файлдың ішінде JPEG форматта); (Міндетті)
  5. Кітап жеткізілетін мекен-жайы, индекс; (Міндетті)
  6. Электронды почтасы мен байланыс нөмірі; (Міндетті)
  7. Мәліметтер Word форматында Times New Roman 14 қаріп түрімен жіберілуі тиіс (Файлдағы символдар саны 1500, сөз саны 200-ден аспауы қажет). (Міндетті).

Маңызды! Құжаттарды бір папкаға жинақтап, папка атауын қатысушының толық аты-жөнімен (файл, сурет, төлем квитанция атауы) сақтап, жіберуіңіз шарт. Бұл жинақтау барысында сіздің өтінішіңіздің дұрыс қаралуына әсер етеді.

2018, 2020 жылдары жарық көрген энциклопедия мұқабалары

 

Энциклопедияны алу құны: қызметкерлерге – 12 000 KZT (он екі мың теңге), оқушыларға – 10 000  KZT (он мың теңге). Ұйымдастырушылар тарапынан жалпы ұстаздар қауымы мен оқушы жастар үшін арнайы жасалынған «Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгілері барлық қатысушыларға сыйға беріледі.

«Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгілерінің эскизі

 

 

 

 

 

МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Энциклопедияға енген педагог мамандарға «Құрмет грамотасы», оқушы жастарға «Мақтау қағазы» беріледі. Жинаққа бір мекемеден 20 адамнан көп өтінім берілсе, ұйымдастырушылар аталмыш мекемеге «Үздік ұжым» номинациясын (арнайы плакетка) тағайындайды. Марапаттар кітаптармен бірге өтінімде көрсетілген мекен-жайға 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін жеткізіледі.

ТӨЛЕМ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУ ЖОЛДАРЫ

Біздің реквизиттер:

TOO «Энциклопедия Ozattar»

БИН: 200240013733

KZ03722S000010344838

Банк атауы: АО «Kaspi Bank»

БИК: CASPKZKA

Кбе 17 Кнп 859

Төлем мақсаты: «Ozattar» энциклопедиясына ену үшін (Для участия в энциклопедии «Ozattar» согласно письму от 20 октября 2021 года).

 

  1. Төлем жарнасын kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу. Ол үшін kaspi.kz-ке кіріп «Образование» – «Школы и Курсы» бөліміндегі «Энциклопедия Ozattar» атты батырманы басып, қажетті ақпараттарды толтырып төлем жасай аласыз.
  2. Кез-келген банк бөлімшелері немесе Қазпочта арқылы жоғарыдағы реквизит арқылы төлем жіберуге болады.

 

«Ozattar» энциклопедиясына қатысты барлық сауалдарға жауапты келесі телефон нөмірі арқылы біле аласыз: +7 708 440 76 93

Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

0
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы
№130 Абай атындағы орта мектебі,
математика пәні мұғалімі
Әлиакбарова Перизат Дастанбекқызы

 

«Ұстаздың алар орны ойлана қарасаң биіктей береді,үңіле қарасаң тереңдей береді,қол сазсаң қарсы алдыңда,айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы елу мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен  жылжу саясаты қоғамымыздың  барлық саласында түбегейлі зор өзгерістер енгізіп,жаң талаптар қойылып отыр.Соның ішінде келешек ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің   жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектеніп,ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел келешегін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдарын шешетін азаматтар.Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету- мұғалімнің басты міндеті.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,шаршамай еңбектенеді.Сол уақытта ғана еліміз көкке шарықтап, әлемге елді танытады.Елді өсіретін де,елді төмен түсіретін де – білім.Сондықтан қолда бар амалдарды, тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде.

Жоғарыдағы пікірде терең мағына жатыр.Сол үшін де қазіргі ұстаз  — ертеңгі болашақ кепілі.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап,өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы  —  ақпараттандырылған, жан – жақты ,дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеуі. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңек етуі керек.Оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру шарт. Өйткені, қазіргі оқушыларымыз өте сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді қалт жібермейді, көгілдір экраннан, интернеттен әлемдегі жаңалықты көңіліне құйып, бойына сіңіреді. Осындай жан-жақты зерделі оқушының кез келген сауалы мен сұрағына жауап беруге мұғалім дайын болу керек. «Беделі жоқ ұстаздың берері де жоқ», – демекші ұстаз қауымын ойландыратын үлкен мәселе – мұғалім мәртебесі, мұғалім құзіреттілігі.Сондықтан да математика пәні мұғалімі болғандықтан,өзімнің сабақ өту барысымда смартфонның гаджеттің де пайдасын үйретудемін.Яғни көптеген бағдарламаларды пәнімізде қолдануға болатынын көрсетудемін. Атап айтқанда, «KAHOOT»,  «Quizlett»,   «Pliccers», «Nearpod»  қосымшаларымен жұмыс жасап жүрміз.

Педагог  —  бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық тарихи тәжірибені тасушы.  Халықтың  қоғамдық — мәдени  тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың   мираскерлігі көп жағынан Мектеп – мұғалім рөлімен шартталған.Мұғалім мамандығы,оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық  және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады.Педагогикалық іс –әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагг сонымен бірге ,қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай , педаггтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (блімдік)  жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар  жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды.Даралық субъект  бола отырып, педагг әрқашан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын,оның мақсаттарын,пәнін,құралдарын,әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.

Осы орайда  «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Н.Назарбаев өз жодауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Мұндай жауапты жүктемені, яғни, бұрыннан бергі ұстаздың негізгі функционалдық міндетін нәтижелі орындау үшін Елбасы айтқандай әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдісіне атсалысуы керек. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген инновациялық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздардың келе жатқан  кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, әрбір саралы  еңбектеріне сәттілік тілеймін!

Qaztest.kz республикалық қашықтық олимпиадалары басталды

0
Балабақша тәрбиешілеріне арналған олимпиада

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы үздік педагогтарды, үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен озат оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында Республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Аталмыш олимпиадалардың тапсырмалары кәсіби мамандармен жоғары деңгейде әзірленген. Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін шыңдап, пайдалы білім алатындығына сенім мол.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2021 жылдың 15 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығы.

Олимпиада қорытындысы автоматты түрде шығарылып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 9785922; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 Мұғалімдер мен оқушыларға арналған республикалық пәндік қашықтық олимпиадаларының кестесі 

МҰҒАЛІМДЕР

 

Бастауыш сынып мұғалімі

 
Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)  
Дүниетану 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Жаратылыстану 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Математика 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 60  
Қазақ тілі 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
«Бастауыш білім беру педагогикасы» олимпиадасы 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  

Жоғары сынып мұғалімі

 
Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)  
Қазақ тілі 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Қазақ  әдебиеті 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Ағылшын тілі 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Орыс тілі 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Орыс әдебиеті 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Биология 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
География 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Математика 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 90  
Химия 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 90  
Физика 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 90  
Өзін-өзі тану 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Информатика 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Қазақстан тарихы 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Дүниежүзі тарихы 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Құқық негіздері 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Сызу 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Музыка 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Психология 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  

Мектеп дейінгі ұйым қызметкерлері

 
Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)  
«Мектепке дейінгі педагогика»олимпиадасы 15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 60  

ОҚУШЫЛАР

 

Бастауыш сынып оқушылары

(2-4 сыныптар)

 
Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)  
Дүниетану

(2-4 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Жаратылыстану

(2-4 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  
Математика

(2-4 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 60  
Қазақ тілі

(2-4 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50  

Жоғары сынып оқушылары

(5-11 сыныптар)

 
Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)
Қазақ тілі мен әдебиеті

(5-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50
Ағылшын тілі

(5-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50
Орыс тілі

(5-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50
Биология

(7-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50
География

(6-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50
Математика

(5-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 90
Физика

(7-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 90
Химия

(7-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 90
Қазақстан тарихы

(5-11 сыныптар)

15.09.2021 ж. – 25.12.2021 ж. 50

 

Buying food тақырыбында ашық сабақ

0
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Жабағылы жалпы негізігі білім беретін мектеп

Тақырыбы: Buying food

Пән: Ағылшын тілі

Педагог: Атимова Зухра Айбулаткызы

2020-2021 оқу жылы

Сабақ:  Ағылшын тілі.

Сынып: 6

Тақырыбы:                    Buying food

Сабақтың мақсаты: Саналатын және саналмайтын зат есімдерді, some,any, much, many-ге қатысты тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін нақтылау.Денсаулыққа пайдалы немесе зиянды тағамдар жайлы ашық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.Тапсырыс беру туралы өздігінше диалог құрғызу арқылы оқушылырдың қызығушылығын оятып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.Салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме: Оқулық авторы: Т.Аяпова, З.Әбілдаева 6-сынып Ағылшынша-қазақша сөздік

Ресуртар: Мазмұнды сызба, маркер,аудио-визуалды құралдар,смайлик,АКТ

Күтілетін нәтиже: саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата алады,денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар жайлы сұрақ-жауап ұйымдастыра алады, жұп болып диалогқа түсе алады.

Түйінді идеялар: оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау,түсінігін толықтыру

Сабақты өту кезеңдері            Мұғаліміс-әрекеті          Оқушыларіс-әрекеті

1.Org.moment

2.Психологиялық хал-ахуалды қалыптастыру

Мұғалім ағылшын тілінде ұйымдастыру тәсілін жасайды-Бірлесіп жұмыс жасау атмосферасын қалыптастырады

Оқушылар бір-бірімен ағылшын тілінде сәлемдеседі, кезекші тұрып,сыныпта кім жоқ екенін анықтайды,шаттық шеңберге тұрып бір-біріне ағылшын тілінде бүгінгі сабаққа жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушыларды топқа бөлу :

Мозаика әдісі бойынша тағамдарға байланысты үш топқа бөледі

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

I-топ Grape                  II-топ Banana                     III-топ apple

Оқушылар білімін бақылау. Ой қозғау.

Өткен сабақты пысықтау мақсатында саналатын және саналмайтын зат есімдерге қатысты тапсырма беріледі. 1)Countable and uncountable nouns. Look at the blackboard and find countable and uncountable nouns (слайд1) 1.grape 2.juice 3.book 4.rain 5.sugar 6.fish 7.tea 8.cheese 9.snow 10.box 11.tomato 12.milk 13.salt 14.pen 15.butter 16.plate 17.soup 18.bread 19.meat 20.knife

2 )Тағамдарға байланысты «ойлан,тап» ойынын ұйымдастырады.Жеміс ағашына аталған жемістерді оқушылар тауып іледі.

1)One red fruit, one green fruit, one yellow fruit.

2)Two kinds of food which are made from milk.

3)Three things people have for breakfast.

Оқушылар тақтаға саналатын және саналмайтын зат есімдерді бөліп жазады. 2)Жеміс ағашына тағамдардың атауын тауып,топ болып жұмыс жасап іледі.Осылайша бүгінгі сабақтың негізгі идеясын өздері ашады.

Бағалау критерийі:

Сабақты бастамас бұрын мұғалім бағалау критерийлерімен таныстырады. Өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Оқушылар бағалау парақшаларын алады да сабақтың соңына таман өз білімдерін бағалап шығады.

Жаңа білім

                                                        Джиксо әдісі?

Тағамды сатып алу тақырыбында 7-тапсырмадағы диалогты түртіп оқу әдісі бойынша оқытып, аудармасымен жұмыс жасатады.Осы диалогқа ұқсас 3 топқада «In the restaurant» сұхбатын рольдік ойын ретінде жұп болып диалог құруға тапсырма береді.

b)Тағамға қатысты III-топқа сөзжұмбақ беріледі,қай топ қанша сөз табады?

Make a word from these letters.

M V C O F I S U H T F H LEC H E E I E K G U J A M S F H A M E A T H

O O A B EE F N R E S T G E G  Y E G H

Оқушылар 7-тапсырманы оқып, мазмұнымен жұмыс жасайды. «In the restaurant» рольдік ойынды мазмұнды сызбаға түсіріп,ортаға жұп болып шығып қорғайды. III-топқа бірдей сөзжұмбақ берілгендіктен ,оқушылар тағамға қатысты көбірек сөздер табуға тырысады.Табылған сөздерді жұмыс дәптеріне жазады.

Түсіну:

Discuss with your partners.

Which basket has healthy food?

Which basket has unhealthy food?

Exercise:4 on page 54

Read the sentences. Circle 1 or 2.

Cұрақ-жауаптарын толықтыру мақсатында Джиксо әдісімен топтар бір-біріне беріп толықтырады және грамматикадан some and any-ге қатысты 4-жаттығуды жұмыс дәптеріне орындайды.

Сергіту сәті

If you’re happy and you know it сергіту сәтін орындатады

Оқушылар тілдік дамуы артып,сергіп алады

Бекіту:

Инсерт кестесімен жұмыс

1) Match the nouns to make new words.

1.traffic a. list

2.swimming b) apple

3.concert c) lights

  1. tooth d) card
  2. shopping e) hall

6.pine f) paper

7.post g) brush

8.Writing h) pool

9.Answer the questions.

What would you like for (breakfast, dinner, supper)? (слайд 2)

Инсерт кестесімен жұмыс

Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Ағылшын тілінде тағамдардың атауын білемін.

Саналатын және саналмайтын зат есімдерді,much,many,some,any-дің қолданылуын,дүкендерде сауда жасауды үйрендім.

Алдағы уақытта құрған диалогтарды іс-жүзінде қолданғым келеді

Оқушылар сабақты сұрақ-жауап түрінде бекітеді,топ болып ағылшын тілінде сөйлем құрайды.

I would like biscuit and tea for breakfast.
I would like meat and fish for dinner.
I would like cake and juice for supper.

Инсерт кестесімен жұмыс жасайды.

Бағалау:

Топтың топты бағалау парағын толтырып,таныстырады. Өзін-өзі бағалау парағын толтыру

Бағалау парағын толтырады

Рефлексия

Бүгінгі сабақты оқушылардың қай дәрежеде меңгергендерін Блоб ағашын белгілеу арқылы анықтайды. Жарайсыңдар! Бір-бірімізді мадақтайық (стикерге ойларын жазу)

Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жазып қалдырады. Блоб ағашын белгілейді.

Үйге біліп келу

Write the story about «In the shop» ,Ex:12 page 56

Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады.

ДРАКУЛАНЫҢ МАХАББАТЫ (әңгіме)

0
Дракуланың махаббаты

Жылдар бізді ажыратып, адамдар арамызға от салмақ болды. Бірақ уақыт пен кеңістік біздің бірге болғанымызды қалады,  –

Дракула.

1

Ғасырлар тоғысында қанішерлер мен адамдар ежелден жау. Алайда қанішерлер мен адамдар арасындағы ұзақ жылға созылған жауластықтың күндердің күнінде алапат соғысқа айналатынын  ешкім болжап білген жоқ еді. Жасынан барлығын соғыспен шешуге құмар адамзат баласы  қанішерлерге бірінші боп соғыс ашты…

          Соғыс ешкімді де аяған жоқ. Қаншама адам жақынынан айырылып, қайғыдан қан жұтты. Адамдардың ауыр қайғысы қанішерлер үшін ғанибет болды. Олар күндіз ғаяр қарғаларға, ал айлы түнде жарғанаттарға айналып, қандықасаптан қалған өлі адамдардың қанін шауқың қандыра сорды. Бірақ хадденінен асқан қанішерлердің арасында адам қанын ішпегенмен, бүткіл энергиясын биһүш қылып жұтатын қанішерлер бар болса керек…

Әкесімен бірге қанды фарағатты аралап жүрген жас Дракула кенет алыстан рауа жүзді бүлдіршінді көрді. Алты жасар қыз екі өліктің жанында фетан ағлайып (еңіріп жылап), мәдетке біреуді шақырып отыр. Қайғы мен қасіреттің мазлүміне түскен ғажиз қызды аяудың орнына Граф Фур ұлына никәрдің қанын  түгін қалдырмай ішуді бұйырды. Дракула әкесінің шешіміне түбегейлі қарсы шықты. Ол қыздың қанын ішуден бас тартты.

  • Әке, бұл бәйкүнә сәби ғой…
  • Сары маса құрлы жоқсың ба?
  • Әке, мені дұрыс түсініңіз…
  • Сен маған қарсы шыққын келді ме?
  • Бірақ…Әке…
  • Көзінді жоғалт, – деді Граф Фур.

Дракула шарасыздықтан әкесіне көндікті. Ол бейкүнә  қызды арқалап, басы ауған жаққа кетті. Кебек ұндай аппақ өңді қыз Дракуладан он жасқа кіші. Сұңғақ Дракуланың жасы он алтыда, ал пұшайман кішкентай қыздың жасы нәбірі алтыда еді. Аққұба қыздың ныспысы – Сара еді. Сара табиғатынан өте сұлу болатын. Сараның қарақаттай бұп-бұйра қара шашы өзіне жарасымды-ақ еді. Ал  моншақ көздері мөлдіреп тұратын. Оймақ қызыл ерні құлпынай іспетті Сараның өзі фарфор қуыршықтан аумайтын. Қыздың арық болғаны сондай ол Дракулаға еш салмақ түсірмеді.

Қанішер бозбала қайда барарын білмей састы. Бір уақытта Дракула «Алма алыңдар! Алма!» деген біреудің жаңғырық дауысын естіді. Дракула дауыс  шыққан жаққа қарай адым басты.

  • Бұл – жәрмеңке ғой! Дракула, қарашы, анда цирк! – деді қыз зор қуанышпен.

Дракула өзінің адамдар қоныстанған жерге келгенін түсінді. Олар атақты Қоянды жәрмеңкесіне кепті. Қоянды жәрмеңкесі 1848 жылдан бері Қарқалы уезінде өнімді жұмыс атқарып келеді. Қарқалы казак станциясынан 52 шақырым жерде орналасқан бұ жәрмеңке жыл сайын маусым айының 15-нен шілде айының 15-не дейін өткізіліп тұрады. Алғашында небәрі 2  шақырым аумақты қамтыған жәрмеңке қазір 5 шақырымға дейін алқапты алып жатыр. Жәрмеңкеде Қоянды пошта бекетінің ғимараты, банк һәм Судья орталығы орналасқан. Дракула дәл қазір сол Судья орталығының ішінде жазаға тартылуда.

  • Сонымен, соңғы рет сізден өтініп сұраймын. Сіз өз қылмысыңызды мойындаудан бастартасыз ба? – деді үкімші Дракулаға оқты көзін қадап. Дракула үндемеді. Сот Дракуланың жауабын тағатсыздана күтті.

Дракула өзі өлімнен арашалап алған қызбен жәрмеңкені аралап жүр еді қыздың қарыны удай ашып, Дракуладан жеуге бірнәрсе сұраған. Сол кезде жәрмеңкеде алма сатып тұрған көпес екі пұшайманға алма берген-ді. Дракула алманы асап жегенде көпес оның азу тістерін байқап қалып бүткіл жәрмеңкеге «Халайық! Ау-халайық! Қараңдар! Бұнда қанішер жүр!» деп айғаламасы бар ма? Қанішер деген қарғыс атқыр сөзді естіген жергілікті полиция өкілі Дракуланы сот бөлімшесіне тұтқындап әкетті. Ал ғажиз қызды балалар үйіне тапсырды. Дракула қоштасар сәтінде қызға «Мен қайтып ораламын! Естимісісің?!» деп ашына айғалады. Полиция қызметкерлері «Иә, көреміз» деп Дракуланың екі қолына кісен салып, сот үкімшісінің алдына әкелді. Міне, он алтыға енді қадам басқан Дракула адам баласын туған әкесінен құтқарып қалғаны үшін сот алдыңда жауап беріп жатыр. Сот оны жазалы деп тауып зыңданға тастады. Дракула абақтының жалғыз көз терезесіне қарап ән салды. Бұ кезде балалар үйінің терезесінің жанында Дракуланы күтіп отырған алты жасар бүлдіршін өзін бір өлімнен құтқарып қалған Дракуланың саулығын тілеп, мұңлы әуендете бастаған еді…

                                                                                                             2

Арада талай жылдар өтті. Балалар үйінде тәрбиеленген Сара жасы он сегізге келіп  бой жетті. Сара балалар үйіне келген сәтінен бастап мерекелік іс-шаралардан қалыс қалмай, концертте өнер көрсететін. Ол алғаш алты жасында күміс көмей дауысымен ән шырқап, оқытушылар мен балаларды таңғалдырған еді. Сараны көрген Опера балет театрының директоры балалар үйінің қазымыр басшысы Бипаз ханымға баланың болашағы жарқын болатынын һәм оны өзімен театрға алып кетіп, «Театр жұлдызы» тәрбиелесі келетіндігін айтқан еді ханым сәл шыдамдылық танытуын өтінді. Қыз кәмелеттік жасқа келісімен театрға аттанатын болды. Міне, сол күптен күткен сәт те келіп жетті. Сара он сегізге толды. Енді «Театр жұлдызы» атанбақ. Сара балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қимай қоштасып, күймеге жыламсырап отырды.

  • Сара, біз сені сағынатын боламыз!
  • Қош бол!
  • Ақ жол!
  • Сенен ұлы әнші шығады! – деп балалар атты арбаның артынан жүгірді. Шайтанарба басқан жерін бұрқыратып, театрға қарай шаңдата жөнелді.

Періштелердің үні көкке жетсе керек. Сараны ертең Опера баллет театрының аса құрметті қонағының өзі тыңдамақ. Сара бар өнерін салып ән салуы қажет. Әйтпесе бар дайындығының құр бекер болғаны. Сара түнгі он екі жарымда опера баллет театрының кең залында ән шырқайтын болды. Сағат он екіге шейін ат арба опера театрына жетсе игі. Бірақ шайтанарба белгісіз қарауытқан «қонақүйдің» жанына барып тоқтады. Қарғалар қарқ етіп, келген қонақтардың басынан зымырап ұшып өтті. Сара шайтанарбадан түсіп жатып бұ қай жер екенін опера баллет театрының басшысы Саймасай мырзадан сұрады. Саймасай мырза бүгін осында түнейтіндерін айтты. Ал театрға таңсәріде жол жүрмек. Бір кезде қонақүйдің есігі аңқия ашылды. Саймасай мырза тоңғаннан ішке зып етіп кіріп кетті. Сара сыртта дағдырап тұр. Саймасайдың туған інісі әрі көмекшісі Дархан (Дархан – Сарамен құралыптас бозбала) Сараны жұбатып ішке кіруін өтінді. Сара ішін тартып қонақүйге кірді…

Қонақүй. Іші тым-тырыс. Сара, Дархан және Саймасай залда сіресіп тұр. Сара айналаға көз салды. Ірі картиналар қабырғаларға бой түзепті. «Қарашы» деді Сара Дарханды жанына шақырып жатып азу тісімен ақсия күлген қара мырзалардың суретіне таңдана қарап. Бұл – қанішер отбасының галериясы еді. Атақты Граф Фурдың үйі. Сара мен Дархан оны білген жоқ. Олар картиналарды тамашалауды жалғастырды. Әр картинаға мұқият қарады. Саймасай мырза қонақүй күтішісін іздеп кеткен еді. «Әй, мында келіндер» деп екі жасты шақырып алды. Сара мен Дархан бір-бірімен көз түйістіріп қалды да Саймасайдың қасына келді.

  • Бұл – Астра ханым. Бізді қонақүйге тегін орналастыратын болды. Бүгін Қонақүй басшысының туған күні екен, – деді.
  • Рас па? Шын жүректен құттықтаймын! – деді Сара. Сараның екі езуі екі құлағында. Шамасы қонақүйде тегін түнейтіндеріне қуанса керек.
  • Мен де… – деді Дархан дауысын сәл шығарып.
  • Оны мырзамен көріскенде өзіне бірақ айтарсыздар, – деді Астра ханым шақырусыз келген қонақтарға тіксіне қарап.
  • Қашан? – деді Сара таңдана.
  • Бүгін салтанатты балда… – деді Астра Ханым жоғары қабатқа көтеріліп жатып. Барлығы оның артынан сатыға көтерілді.
  • Бүгін балл бола ма? Ғажап! – деді Дархан төменен жоғарыға айғалап.

Балл. Жиналған жұрт  «Театр жұлдызы» мен оның сыншысын асыға күтуде. Бір кезде салтанат залында үстіне қызыл көйлек, басына қызыл долана жемісіне ұқсас бедерлі әшекей таққан бойжеткен пайда болды. Қыз сұлуығымен жұртты тәнті етті. «Өнерімен бізді тамсандыра алады ма?» десті жұрт. Заллдағы шу тыйылмағасын опера-баллет театрының безгек қаққыш бастығы Саймасай мырза Сараға қонақүй басшысын күтпей-ақ ән сала беруін көзбен бұйырды. Өйткені Астра ханым солай депті. Сара да мырзаның ишарасын ұққандай ән сала бастады.

Сара:

Бақытты боламын дедім өзінмен,

Үміт отын жағып ішімнен.

Сенің іздеген сайын менің,

Алау болып тұтанады жүрегім.

Арайлап атқан таңның сәулесімен,

Сені терезенің алдында күттім мен

Сенім ұялаттың жүрегіме,

Ғажайып дауысынды, ғажайып дауысынды

Естірту арқылы өзіме

Сен жарық, ал мен көлеңке

Қанатсыз құсы едік мына әлемнің,

Сен жарық, ал мен көлеңке

Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің

Заллда қанішерлердің қара мантиясын жамылып алған бойы аңсағай, бөрене аяқты, кең иықты да кең жауырынды, жазық маңдайлы, сүйір мұрны қалың ернімен келіскен, аққұба жүзі ай сәулесімен шағылысқан, қарауытқан қабағынан жақұт көзі жарқырай көрінетін  боп-боз өңді, ұзын қара шашты, жезтырнақты, сымбатты Дракула пайда болды. Қонақүйдің құрметті де қадірлі басшысы дегендері кезінде Сараны ажал аузынан құтқарып алған, бүгінде жасы жиырма сегізге толған Дракула болып шықты.

Сыртқы тұлғасы орта жастағы ерлерге ұқсайтын Дракуланың ұзын сирақ саусақтары әртүрлі қымбат зүбәржат тастармен көмкеріліпті. Он саусағына он түрлі жүзік таққан Дракула мысықтабандап кафель баспалдақтан түскенше жұрт оған таңдана қарап қалыпты. Дракула өткір жанарымен заллды бір сүзіп шықты да  қоңыр дауысымен Сараға жақындап ән сала бастады.

Дракула:

Әлемнің жауһар туындысындай,

Айналдым екі көзінен,

Ғашықпын деген сөзінді,

Ұқтым ғой мен сол бір көздерінен

Арайлап атқан таңның сәулесімен,

Таңғы рауанның лебімен,

Ыстық демінді сездім мен.

Жаңа өмірге келгендей,

Сол бір ыстық сезімді кештім мен.

Сен жарық, ал мен көлеңке

Қанатсыз құсы едік мына әлемнің,

Сен жарық, ал мен көлеңке

Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің

Сара мен Дракула:

Жарық пен көлеңке

Қанатсыз құсы едік мына әлемнің

Жарық пен көлеңке

Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің

Сара:

Сен жарық…

Дракула: Ал мен көлеңке…

Сара мен Дракула: Биігіне ұмтылып едік мына жалған дүниенің

Ән бәсен әуенмен аяқталды. Сара Дракуланы жазбай таныды. Сараның көзін жас жуып жіберді. Сара Дракуланы қатты құшақтап алды. Дракула да мойнына асылған сұлу бойжеткенді кеудесінен  итерген жоқ. Қайта барынша құшақтап алды-ақ. Жұрт аң-таң. Дархан мен Саймасай самсөз тартты. Дархан ашулы. Қаны басына шауып тұр. Қызғаныш пен реніш танго биіне салып алауланып өртенуде. Сара Дракуланың жәудір жанарына бір қарады да  жылы құшағына құлады. Дракула сирақ саусағын бір сілкіп баллдың аяқталғанын білдірді. Жұрт үйіне  тарады.

  • Сізбен танысқанымызға өте қуаныштымыз, мырза – деді Саймасай Дракулаға жағымпазданып. Дракула үндемеді.
  • Дракула мені бір өлімнен арашалап қалған, – деді жанарына үйірілген жасты сүртіп жатып Сара. Дракула үнсіз қарап тұрды.
  • Солай ма? Қуаныштымын. Менің ныспым Дархан, – деп қолын Дракулаға ұсынды Дархан. Дракула қолын бермеді. Тек жауап ретінде басын изеді.
  • Ә…Біз ертең жол жүрейін деп жатқанбыз. Бірақ бүгін кетуіміз керек екен, – деді Саймасай мырза қанішердің қаупінен сескеніп. Ақыры ұзақ үнсіздіктен кейін Дракула жауап қатты. Дауысы қоңыр әрі зілді екен.
  • Сара, менімен қалуға дайынсың ба? – деді Сараға қарап. Сара «Маған ойлану керек…Жауабымды ертең беремін» деп бөлмесіне жүгіріп кетті. Ол есігін тарс жауып алды.

Түн. Сағат тура бірді соқты. Сара керуетте ояу жатыр. Ол әрі-бері дөңбекшіп ұйықтай алар емес. Сара көзін бір ашып, бір жауып еді – біреуді байқап қалды. Сара орнынан баяу көтерілді көзін айқара ашты. Қараса әлдебіреу жанында отыр. Бұл – Дракула еді. Дракула үстіне қан қызыл бархыт халат киіп алыпты. Мойнында ерлер алқасы бар көрінеді. Дракула Сараға жымия қарады. Ол «Бақта серуендегін келе ме?» деді. Сара басын изеді. Қанішер мен бойжеткен баққа серуенге шықты. Дракула Сарасыз өткен он жылын әңгімеледі. Сара да оны асыға күткенін мәлімдеді.

  • Білесің бе, дәл қазіргі сәт мен үшін өте ыстық. Бұндай сәттер әлі де көп боларына нық сенімдімін…Бірақ менің ән салуым керек-ақ. Мен уәде бергенмін. Театрда бір рет ән саламын да қайтып келемін. Ант етемін. Сенен тағы да айырылып қалғым келмейді… – деді Сара Дракуланы қатты құшақтап алып.
  • Сара, Сара, – деді Дракула Сараның қос иығынан мықтап ұстап. – Сен – Дракуланың махаббатысың. Ал Дракула ешқашан өзінің махаббатының азап шегуіне рұқсат бермейді. Уайымдама. Бәрі де жақсы болады. Театрда өнерінде паш еткен соң осында қайтып ораласын. Сосын біз…біз…  –   деп Дракуланың айтқаны сол еді біреу оның ту сыртынан оқ атты. Сара шыңғырып біреуді көмекке шақырды. Ешкім жауап қатпады. Дракула қан атқылаған кеудесін ұстап жерге етбетінен құлады.

Театр. Сара мағмұм ән шырқады. Жұрт барабанша қол соқты. Сара театрдан шыға бергенде Дархан ғайыптан пайда болды. Ол Сараны  тоқтатып мән-жайлы түсіндірмек болды.

  • Тыңдашы, мен сенің амандығынды ойладым. Ол қанішер ғой. Егер ол саған бір нәрсе істегенде мен өзімді ешқашан кешірмес едім, – деді Дархан жалбарына сөйлеп.
  • Жер бетінде аласапыран орнағанда сен қанішер деген адам менің өмірімді ажал аузынан сақтап қалды. Туған әкесі мына пұшайманды өлтір деп бұйырғанда ол мені тірі қалдырды. Меніңше, нағыз қанішер мына сенсің. Оған еш күмәнім жоқ. Дракула ешқашан бұндай қадамға бармас еді, – деп Сара жыламсырап сөйледі де көзіндегі жасты сүртті.
  • Қанынды ішпек болғаны аздай, сананды улап үлгеріпті, – деді Дархан мысқылдап. Сара оны үнсіз тыңдап тұрды да тілге келді.
  • Енді сен мені мұқият тыңда. Мен саған өлсем де тұрмысқа шықпаймын. Армандаушы да болма! Осыдан Дракула жайлы тағы бір ауыз сөз айт мен сені кісі өлтіргенін үшін абақтыға жабамын. Тек Дракуланың өлер алдында айтқан өтінішіне бола сен әлі қара жер басып жүрсің, – деп Сара күймеге отырды да Дракуланың хатын оқыды. Хатта былай деп жазылыпты:
  • Жылдар бізді ажыратып, адамдар арамызға от салмақ болды. Бірақ уақыт пен кеңістік біздің бірге болғанымызды қалады, –  Дракула. Сара көзіне еріксіз жас алды. Ат арба басқан жерін бұрқыратып жүріп кетті.

Дракуланың үйі. Сара дастархан үстінде әлденіп отырған Дракуланы көріп қатты таңқалды. Дракула аман екен. Сара Дракулаға жүгіріп барып  мойнына асылды. Дракуланың махаббаты өзіне қайтып оралды. Дракула Сараға сөз салды. Сара қуана-қуана оның ұсынысын қабыл алды. Сара жауһар жаны жомарттықтан жаралған Дракулаға тұрмысқа шықты. Олар бақытты ғұмыр кешті.

Соңы. 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің
филология бөлімінің 2 курс студенті.

Театр құбыжығы (әңгіме)

2

Өткенге өкінудің еш пайдасы да  жоқ. Бірақ мені өткен емес, жаралы жүрегімдегі кекшіл сезім өртейді. «Театр құбыжығы» атанған сәтім мандайыма жазылған қарғыс таңбадай болды. Бұл таңбаны кімдер һәм қашан қойды дейсіздер ме? Сіздер! Менің «Театр құбыжығы» болуым тек сіздердің айыптарыңыз! Естеріңізде жоқ па? Ал мен сіздердің естеріңізге түсірейін…

Сол жылы сарша тамыздың жалпақ кезі. Анам дүниеге шекесі торсықтай егіздерді алып келді. Алайда, олардың егіз екенін жалғыз әкем білуге тиіс еді. Түнгі үш жарымда емхана дәрігері әкеме жалғыз сәбиді ұстатты. Бұ кезде туған анам ес-түссіз палатада жатқан болатын. Әкем «Сәбидің сыңары қайда?» деп бас дәрігерден сұраса, әлгі дәрігер басын  төмен түсіріп, кешірім сұрайды. Ызаға булыққан әкем дәрігерге сұрақты адуындап қойып, желкесінен жұдырықтап ұстай жөнеледі. Сонда дәрігер әкемнің қаһарынан, анамның уайымынан қорқып, медбикеге баланы алып келуін көзбен бұйырады. Егіздің сыңарын бауырына басқан медбике дәрігер мен әкемнің жаңына адымдап келеді де, сәбиді жыламсырап көрсетеді. Бас дәрігер әкеме баланы бермес бұрын сабырлы да салмақты үнмен:

— Мырза, өзіңізді қолға алыңыз! – дейді де әкемнің жауабын күтеді.

Ұсқынсыз балапанды қолына алған әкем өз-өзіне  біраз келе алмай, бас дәрігерге баланы қайтарып береді. Әке мен баланың қауышу сәтінің қайғылы аяқталатының сезген дәрігер баланы медбикеге табыстап, басқа палатаға апаруын өтінеді де әкемді тыныштандырмақ болады. Табиғатынан қатал әкемнің мінезі оған жіби қоймайды. Ол егіздің сыңарының ұсқынсыз екенін көргенде, одан лезде құтылуға асығады. Дәрігер әкемнің өтініші бойынша, менің анама: «Егіздің сыңары өлді», –  деп жеткізеді. Анам қос сәбидің дауысын естігендігін әкем мен дәрігерге айтып, қанша ақталса дағы, олар жомарт анамның сөзіне құлақ аспайды…Сымбатты ағам анам мен әкемнің шексіз махаббатына ие болып, отбасының бақыты мен базарына айналады. Ұсқынсыз іні дүниеге алғаш келген сәтінен қоғамнан шеттетіледі. Бейшара ұсқынсыз баланың тағдыры тар жол, тайғақ кешулерге толы болады. Оны қоғамның жазасынан құтқарар жалғыз адамдар –  асырап алған отбасысы еді.

Өмір деген қызық қой? Ұсқынсыз болғанын аздай, жарық дүниенің мазағын көруге міндеттісін. Бағыма орай, мен бұның бірін де көрмедім. Себебі, мені өгей анам мен әкем өз қамқорлықтарына басып, қатыгез адамдардың санасыз әркеттерінен құтқарып қалды. Олар маған білім мен тәрбие беріп, қоғаммен бірге өмір сүруге мүмкіндік сыйлады. Жарты бетімді жапқан бетперде алтын әкемнің шеберлігінен туған! Басқа балалар менімен ойнамай қояды деп әкем жарғақ құлағы жастыққа тиместен, түннің бір уағына дейін ағаштан бетберде жасап берді. Осылайша, Гастон Лерудің «Опера елесіндей» мен ғажайып ақ бетпердеге ие болдым.

Жиырма бірінші ғасырда дүниеге келіп, жиырма бірінші ғасырдың құбыжығы болу қалай екен дейсіздер ме?! Ғажап! Ғажап екен! Сұрықсыз түрдің пайдаға асыруға болатынын мен енді түсінгендеймін! Ұсқынсыз дидарымның арқасында адамдардың ішкі жан дүниесін оқуға үйрендім! Көшеде кезіктірген бейтаныстардың жан алқабаның картинатсын мен бірден сеземін де, көремін…«Дүниеге келбетсіз бала келсе, қоғам оларға арқаларын қояды. Сымбатты бала әрқашан қоғамның көркі», – деп жырлайды санасы тайыз біреулер! Тіпті, ішкі дүниесі сұрықсыз болса да, қоғам оларды сүйеді» –  дегенді естідіңіздер ме?! Мен естідім?! Өгей анам да, әкем де естіді! Шарасыздықтан үндемеді. Бастықтарға қалай қарсы шықсын?! Адамды сыртқы келбетіне қарап сынауға болмайды ғой! Ажарсыз екен деп, адамды қоғамнан алшақтату дұрыс па? Айтыңыздаршы?! Бұл  –  адамдыққа жатады ма?

Ұсқынсыз баланың тағдыры ұзын пойызға мініп, тұманды жолға тартты. Пойыз өз жолаушысын жақынына табыстайды емес пе? Менің тағдырлық пойызым бөтен жандардың қолына өтті…Қаным бір болмағанымен, жүрегім олар үшін жаратылғандай еді. Театр әртісінің үйінде ұл бала келуге тиіс болатын. Әлсіз әйелдің денсаулығы баланы жарық дүниеге аман әкелуге жарамады. Әйелінің ендігі сынаққа төзе алмасын сезген күйеуі ұсқынсыз баланы, яки, мені асырап алуға бірден келісті. Анам жатқан палатаның қарама-қарсы бөлімінде менің өгей әкем қайғыдан қан жұтып отырды. Бас дәрігер әлсіз өгей  анама мені ұстатты да, өлі сәбиді туған анама дәлел ретінде көрсетті. Өгей анам кеңпейіл жан еді. Қанша сұрықсыз болсам да, ол –  анама еш әсер етпеді. Мені жылы құшағына басып:

— Қараңыздаршы! Менің ұлым қандай сұлу! Қандай сымбатты! – деді.

Өгей әкемнің көзін жас жуып жіберді. Мен ұсқынсыз ғана емес, мейірімді анамның туған баласы емес едім…Осылайша, мандайым алғаш сәби шағымда тау мен тасқа тиді. Бірақ, бұл – тағдырымның ауыр болатындығын білдірмейтін. Сәби өзінің болашағының жарқын болатындығына сенді. Өгей ата-анасы да іштей үміттенді.

Жылдар өтіп, айлар өзендей ақты. Келбетсіз сәби ержетіп, он үш жасқа толды. Театрдың жоғары қабатынан анасы мен әкесінің қойылымын қарап, өзін шексіз бақытты сезінді. Залда отырған адамдардан оқшау болса да, жәудір көзін жұмып, олардың арасында қойылымды тамашалап отырғандай көз алдына елестетті.Бірақ…Бірақ қысқа бақыттың ұзын болмасын кім білген?! «Ол жерде не істеп тұрсың?» – деп бейтаныс біреу баланың желкесіне жармасты. Бүйкүнә бала шыңғыра жаздап, қойылымға кедергі келтірмес үшін өзін әрен тежеді. Бөгде кісі баланы сүйреп, төменгі қабатқа әкелді. Жоғары қабатқа шығып, қойылым көргендігін ауыр қылмысқа теңеп, баланы ұрмақшы болғанда: «Жоқ! Олай істеуші болмаңыз!» – деген бір  кішкентай қыздың зілді дауысы естілді. Жұдырықтың қақпанына іліккен әлсіз де сұрықсыз бала көрікті қызды көріп, шағын бақытқа қайта кенелгендей болды. Ақ аққудай аққұба, көмір қара шашты, таңқурай ерінді, кірпігі ұзынша, тал шыбық, он үштер шамасындағы қыз нәзік қолдарымен баланы бөгде кісіден тартып алып, адуынды да кекті жүзбен бөгде мырзаға қарап: – Егер, оны ұруды тоқтатпасаңыз, мен сіздің атыңыздан шағым түсіремін! Менің кім екенімді ұмытпаңыз! Әкемді шақырғанымды қалайсыз ба?! – деді. «Ханым, мені кешіріңіз!» – деп бөгде мырзаның айтқаны сол еді әлгі қыз бота көзін қылыштай өткірлеп – Менен емес, мына баладан кешірім сұраңыз! – деді нық дауыспен. «Бала? Бала дейсіз бе?» – деп шошқадай тырқылдады мырза. «Енді кім?» – деді қыз сұрлана түсіп. «Театр құбыжығы» деңіз! Театр құбыжығы! – деп томпақ танауымен қоса күлді бөгде ер адам. «Бұл театрда бір-ақ құбыжық бар! Және де ол сіз!» – деп айғалады қыз.   Қыздың дауысы жаңғырықтай бүткіл театрды шыр айналып шықты.

Қыздың ащы айғайын естіп, театр директоры олардың жанына жетіп келді. Ол бұнда не болып жатқандығын сұрады. Қыз болған жайды үтір-нүктесіне дейін тәптіштеп айтып берді. Әлгі ер адам сөгіс естіп қана қоймай, жұмыстан аяусыз қуылды. Бозбала қыздың жүзіне қарап ішінен:

— «Үміттің сергелдең қақпанына түсіп, қорқынышқа арқа сүйей отырып, мен сенің бархыттай нәзік қолынды сұраймын», – деді.

Жалғасы бар…

 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау университетінің филология бөлімінің 2- курс студенті

Құлтемірдің махаббаты (әңгіме)

0

3056 жыл. Хасіл ғаламшары. Құлтемірлермен болған қанды соғыс. Адамдар құлтемірлердің жойқын шабуылынан қорқып, оларды түгел дерлік қырып тастаған. Майор Орасан бастаған топ құлтемірлердің жойылғандығына көз жеткізу үшін Хасіл ғаламшарын кезіп жүр. Оның жанында жомарт да жас адьюдант Азат бар. Күл-қоқыстардың арасынан бір де бір құлтемірдің жыбыры не ізі байқалмайды. Тоқтаңыздар! Азат құлтемірдің баласын көрді! Екі көзі ғауһардай жарқыраған кішкентай құлтемір қоқыс үйіндісінің артына барып тығылды да, ыңылдап қоя берді. Құлтемірлердің қанды қаңқасына оралған қоқыс төбешігінің жаңына Азат келіп, құлтемірдің баласын іздеді. Ол қанға балқыған құлтемір анасын құшақтаған кішкентай құлтемірді көрді. Денесі аяқ-қолынан ажыратылған құлтемір-ана сызды жерде баласын жұбатып жатыр. Көмір қара жердің үстінде түрі адамнан аунымайтын құлтемір бала анасының басынан сипап, көмекке шақыруда. Өз көзімен көрген аянышты көрініс Азаттың жүрегін елжіретіп, жасаған ісіне өкінуге әкелді. Азат мөлтілдеген жаспен, құлтемір баланың қасына барып отырды. Құлтемір-ана Азатқа қарап:

— Өтінемін, менің баламды құтқарыңызшы. Ол сіздерге риясыз қызмет ететін болады! Өтінемін! – деп ақты демі таусылғанша өтініш айтумен болды.

Қара ойыс жердің бетінде жатқан құлтемір-ананың бетін жас жуып жіберіпті. Аяғы денесінен ажырап, бөлшектенсе де ұлын ойлаумен әлек. Қызыл қан басқан темір денесіне алты жасар баласын жатқызып, адам баласынан көмек сұрауда. Түрі адам кейіпті, бірақ ішкі-құрылысы темір мен сымнан құралған құлтемір-ананың жүректен шыққан сөзіне Азаттың көңілі құлазып кетті. Құлтемірлер де адам сияқты жылай алады деп кім ойлаған? Өздері жыламақ түгілі ет пен сүйектен жаралған пенденің жүрегін жаралай алады. Жүрегіне оқтай қадалған ауыр да аянышты сөзге Азаттың көңілі босап, жылап жіберді. Ал жаралы қанды қолымен темір баласын құшақтаған құлтемір-ана о дүниеге мәңгіге аттанды. Адам мен құлтемірдің әңгімесін сырттай Орасан майордың тобы бақылап тұрды. Азат құлтемір-баланы жетектеп, Орасан майордың жаңына келді. Орасан майордың баланы жерге алып кетуіне қаншалықты қарсы болатынын іштей сезіп, біліп тұрса дағы, Азат батыл қадам жасауға бел буды. Адам баласынан ешбір айырмашылығы жоқ іспетті көрінетін құлтемір баланың қара шашынан бір сипады да, Азат ұзақ үнсіздіктен кейін тілге келді:

— Құрметті, майор Орасан мырза, мына баланы жерге өзіммен бірге алып кетуге рұқсат етіңіз! – деді.

— Азат, адьюдант жолдас, құлтемірлермен болған қандықасаптан кейін бұлай айтуға қалай дәтіңіз барды?! Оның үстене ол адам баласы емес! Құлтемір! Түрі ғана адам! Ішкі жан дүниесі құлтемір! – деп олардың сөзіне қыстырылысты Орасан майордың жанындағы өткір тілді жас адьюдант Әбділхақ.

— Ол құлтемірдің (адам-робот) баласы болса дағы, түрі адам болып көрінсе дағы, ішкі-жан дүниесі сіз айтқандай сым мен темірден жаралмаған! Мына сіздің құлтемір еместігіңізге күмәнім бар! – деді жомарт Азат.

— Тоқтаңыздар! Бүгінгіге жетеді! Азат мырза, баланы алып, ғарыш кемесіне отырыңыз! Барлықтарын айтқанымды істендер! Жерге уақытты тоздырмай жетуіміз қажет! – деп Орасан майор ғарыш кемесіне кетті.

— Майор! Майор! – деп Орасан мырзаның бұйрығына келіспей Әбділхақ безгек қақты.

Майордың оң батасын алған Азат жадыраңқы жүзбен алты жасар құлтемір баланың жанында тізерлеп отырды да  оның теңіздей тұнық көзіне қарап: «Сен енді құлтемір емессің! Адамдар арасында бақытты да баянды ғұмыр кешетін боласың!» – деп жымиды. Адамның сөзіне сенер-сенбесін білмеген кішкентай құлтемір-бала одан алшақ тұрды да: «Өтірік айтасыз! Сіздер менің анамды өлтірдіңіздер! Енді менің де көзімді жоймақшысыздар!» – деді жыламсырап. Бірақ жылағанмен, оның көзінен жас ақпады….Құлтемір-баланың назы орынды еді. Ішкі-құрылысы темірден жаратылғанымен, санасы адамдардікіндей нәзік баланың сөзіне Азат ашуланбады. Азат құлтемір-адам баланың жаралы жүрегін жылы сөзбен емдемекші болып оған бір табан жақындады да:

— Қорықпа, мен сенің анаңның өтінішін жерге тастамаймын. Сені есейген соң өз еліне қайтаруға сөз беремін! – деді.

Бала Азаттың сөзіне келіскендей сынай танытты. Анасының қираған бөлшек денесіне көз тастады да Азатты қатты құшақтап алды. Азаттың көзінен маржандай жас тамшылап ақты. Құлтемір-адам(Робот-адам) баланың сол бір ыстық сезімі Азатқа таныс болатын. Туған анадан айырылудан асқан қарғыс та, қылмыс та жоқ шығар бұл фәниде! Ата-анасыз өсудің, өмір сүрудің азап екенін аса жақсы білетін Азат құлтемір-баланың басынан жаймен сипады да оған күлімдей қарап:

— Мен сені түсінемін! Мен де сен сияқты ата-анадан ерте айырылғанмын. Менің не әкем, не шешем жоқ! Мен саған қамқор әке болуға сөз беремін! Жақсы ма? – деді.-

— Жақсы! Тек мені ержеткен соң осында қайтаруға сөз беріңізші! Үлкен жігіт болғанда мен өз үйіме, осы жерге оралсам деймін. Сонда ата-анам маған риза болады ғой? – деді құлтемір-бала (робот-адам бала).

Небәрі алты жасар құлтемір-баланың жалынды сөздері Азаттың санасына жаңа серпін, жаңа ой бергендей болды. Азат баланы құшақтап алды да, ғарыш айлағына әкетті. Адамдардың ғарыш кемесі Хасіл ғаламшарынан ұзап кетті…

Жалғасы бар…

 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау университетінің филология бөлімінің 2-курс студенті.

 

 

ЕКІ ЖҮРЕК – БІР ТЫНЫС: ЗОМБИ

0

Әңгіме

І бөлім

         Елге  аса беделді, қадірменді адамдар арасында «Аристократ» деген ұғым бар. Әсілінде, бұл ұғым қазақтың «Сабаз» атты сөзімен тетелес болса керек. Әр жүрісі  мен қадамы жинақы, сөзі мен ойы тиянақты болатын кісілерді жұрт «Сабаз» деп атайды. Сабаз жандар тумысынан серілер сияқты өте таза, ұқыпты келеді. Алайда үстіне ақ қиім мен шұлғы киіп, маңғаздана жүрген  жеке тұлғалардың бәрі сабаз бола бермейді. Сонда біз кімдерді сабаз деп тануымыз қажет? Сабаз түсінігі жайлы нақты тоқтамға келу мүмкін емес. Өйткені, қос қауым өкілдері сабаз жайында әртүрлі ой таратып, пікірге саяды. Назыры, Әйелдер қауымы үшін сабаз жігіттер бірде ақылды, адамгершілігі мол, жомарт адам ретінде саналса, енді бірде сандығына алтын сыймай, хадденінен асқан тәкаппар, қу, өте ақылды  сараң байлар болып көрінеді. Ал ерлер қауымы «Сабаздың» парагдигмасын мүлдем басқаша қабылдайды. Құдды, жанарларына ерекше көзілдірік таққандай, «Сабаздарды» ән мен күйді жанына серік еткен жаңа ғасырдың, яки, дәуірдің сал-серілері деп біледі. Бәлкім, сондықтан да болар, соңғы кездері Көкшетаудың баллынан сері жігіттердің шықпайтыны.

Шар бөлмені сал-серілік өркениетті жоғары бағалай алатын қыздар мен жігіттерге толтырған балл бұ жолы өз миссиясын басқаша орындады. Баллға ән мен күйден мүлдем хабарсыз  екі жас келіп жаңа махаббат дастанының кірпішін қалап, тарихи уақиғаның аңыз кейіпкерлеріне айналды.

Көкшетау. Балл. Салтанатты залда қобыздың сарыны ойнап, қонақтар демалуда. Төрт қабырғасы тең бөлменің әр бұрышында беделді қонақтарға арналған үстелдер бар. Дөңгелек үстелді айнала қоршап, әңгіме-дүкен құрған бай отбасылар бұнда аз емес. Әскери шені жоғары мырзаларды  бала-шағасымен баллдан көру – қалыпты құбылыс еді. Болашақта балаларының өздері сықылды әскери адам болатындығына нық сенімді мырзалар ұлдарын әдейі баллға ертіп әкеліп, жаңа таныстармен байланыстыратын. Алайда  әскери атағы бар кісілердің барлығы ұлды емес еді. Мәселен, Рақым Төрехан мырзаның айдай сұлу, ақылына көркіне сай үш бойжеткен қызы бар-ды. Ол ұлы жоқтығына қаймықпайтын. Керісінше, үш қызын әскери өнерге баулып, өздерін қорқауға жатықтыратын. Рақымның ұлы жоқтығын айналасындағылар келемеже қылып, күлкі ететін. Мысқыл күлкінің шырмауын тоқыған жандардың бірі Рақым мырза отырған үстелге жайғасып, отбасысын сынай бастады. Ол әуелі өзін таныстырып, кейін Рақымның жеке басына тиісуге құлшына кірісті.

— Амансыздар ма? Ныспым Шыңғыс Баймырза Әбділхақұлы. Сіздің үш қызыңыздың барын естіп, арнайы қолқамен келдім. Әрине, мен бірден үш ұлымды үйлендірмеймін. Ең алдымен, бойжеткен қыздарыңызды сынақтан өткізгенім жөн, – деп зілді сөйледі.

— Менің қыздарым сатылатын тауар емес, мырза. Қыздарым өз қалауларымен тұрмысқа шығады, – деді Рақым Төрехан мырза.

— Солай ма? Қыздарыңыз күресуден басқа не біледі, екен? Оларды тіпті шаруа да әйелдікке алмас, – деп мысқылдады Шыңғыс Баймырза.

— Олай болса, шаруа алмайтын үш қызды сіз неге айттыруға келдіңіз? Оның үстіне біздің тағдырымызды болжайтындай сіз кім едіңіз? Есіңізде болсын, бір жаратқанның алдында барлығымыз теңбіз. Мейлі, байдың, яки, кедейдің баласы болайық, бәріміз де жер деп аталатын бір ғаламшардың қара топырағын басып жүрміз! – деді дауысын көтеріп адуынды Лиза. Лиза он сегізде еді.

— Тұңғыш қызыңыздың әскери жаттығуларға епсіз екенін есіткенмін. Бірақ қолына кітап алып, кітап жазатындығын түрінен көрініп-ақ тұр. Жасына жетпей, ақыл айтады өзі. Есіңізде болсын, жұмыртқа әтешті үйретпейді, – деді Шыңғыс Баймырзаұлы Лизаға екі көзін қадап.

— Менің қызым жұмыртқа әтешті үйрететіндей ақыл айтты, – деді Рақым Төрехан мырза жымиып.

— Қыздарыңызды қаққанда қанын, соққанда сөлін алатындай тәрбиелеңіз, – деді Шыңғыс Баймырза орнынан түрегеліп жатып.

— Қызым өзінің ғана емес, мұқым әйелдердің ар-ұятын қорғады, – деді Рақым Төреханның егде анасы Айқара Сұлтанқызы.

— Айқара ханым, сонда сіздің қыздарыңыз үлкен кісілерге атылу арқылы өз ар-ұяттарын қорғайды екен ғой! – деді Шыңғыс Баймырза.

— Кішіге үлкен кішіпейілдік жасамағанда, кіші неге үлкенді құрметтеу керек? – деді қыздардың екіншісі, он алты жасар Сара.

— Сондықтан, жағдайдың контексіне сүйеніп, әрекет ету қажет, мырза! – деді Лиза да орнынан ат тұрып.

— Шеннің бұнда маңызды орын алмайтындығын енді түсінген шығарсыз, – деді Айқара әже.

— Бастысы бас деңіз! – деді қыздардың кенжесі, он үш жастағы Зере жымиып.

— Әлбетте, – деді Айқара апа жасанды күлкімен жымиып.

— Менің қыздарым сынақтан өткен шығар? – деді Рақым Төрехан күлгендей болып.

— Сіз бұған әлі өкінетін боласыз! Шеннің орны әлі сіздердің бастарыңызға шыбын-шіркейдей бәле болып жабысатын болады! – деп Шыңғыс мырза орнынан түрегелді де, долданып залдан шығып кетті.

— Біздің де кеткенміз жөн болар, –  деп Рақым Төрехан мырза үйіне қайтпақ болып, сыртқа асығыс шықты.

Лиза бір затын ұмытып кетіп залға қайта оралғанда бағанағы өздері отырған үстелде беймәлім жігіттің  барын көрді. Бейтаныс жігіт әлде біреуді тосқандай жан-жағын барлап отыр. Лиза үстелге жақын келіп, жігіттің жөнін сұрады. Жігіт Лизаның келгеніне разы болғандай, орнынан бірден тұрып, бикешке ізеттік танытты. Лиза оған қарама-қарсы отырып, бастапқы сауалын қайталады. Қара шашы дудар, аққұба, қалың қасты, үстіне қара кәстүм мен аяғына жылтыр қара түфли киген галстукті өте көрікті әрі сүйкімді жігіт Шыңғыс Баймырзаұлының кенже ұлы –  Ұлан Баймырза Шыңғысұлы болып шықты. Ұлан ағаларына қарағанда өжет, қайсар, бірақ, тікмінезді болатын. Ол айтқан ісінен қайтпайтын бірбеткей еді. Оның ешкімге керексіз, тіпті  соғыста іске жарамайтын осы бір жағымсыз мінезін ең бірінші болып онымен жүздескен Лиза байқады. Ұлан Лизаға баллда бірге билеу жайында шарт жасады. Шарт орындалмаған жағдайда, Ұлан Лизаға анасынан асыл мұра болып қалған жалғыз бойтұмарды қайтармайды. Лиза Ұланның шартын түсінді. Лизаның би билеп, ән сала алмағандығын Ұлан жақсы пайдаланып қалмақ. Осылайша, Лизаның ар-намысын бүткіл залдың алдында айрандай төкпек.

– Сіз әкеңіздің ар-намысын қайтарып алу үшін менің қасықтай жиналған намысымды барша қауымның алдында ұяған айранға ірің салғандай ластап төкпексіз! – деді Лиза Ұланға өткір жүзі мен тілін қадап.

–  Дәл солай. Енді әкемнің намысын ақтап алуым қажет қой. Әйтпесе, оның ұлы деген атым қайда? –  деді Ұлан мысқылдап.

–  Қыздың намысын таптау сабаз жігіттерге тән өнер емес, – деді Лиза көзінен жасын шығармауға тырысып.

–  Ал сіз менің әкеме осы сөзді айтқанда өте сенімді болғансыз,  – деді Ұлан бойтұмарды қалтасына салып, залдағы сұлу қыздарға жымия қарай.

–   Бұнымен не демексіз? –  деді Лиза қабағын түйіп.

–   Шартты орындамасаңыз, бойтұмар басқа бойтжеткеннің мойнынан табылады. Ертең баллдың бірінен өз бойтұмарыңызды бөгде сұлу қыздың алқа мойнынан көрсеңіз, таңқалмаңыз, –  деді Ұлан алма шырынын ішіп жатып.

– Сіз мен ойлағанан да нашар адам екенсіз! Керісінше, сіздің фактикалық қылығыңызға мына мен таңқалуым қажет! –  деп Лиза  стақан ішіндегі алма шырынын Ұланның үстіне  әдейі шашып жіберді де, залдан жыламсырап шықты. Ұлан су-су болған қарақат кәстүмін ақ орамалмен сүрттіп жатып «Қарғыс атқыр!» деді.

Лиза опера-баллет театрының мұздай суық кафель баспалдағына екі тізесін құшақтай отырып алды. Оның мөлдір жанарынан ыстық болып жас ақты. Оттың жалынындай аққан жас Лизаның бетін жуып жіберді. Жалғыздықтан күңіреп отырған Лиза кенет әлдебіреуді ағаштың арасынан байқап қалды. Қара бейне қараңғыда баяу жылжып келеді. Лизаның есіне зомби түсті. Ол өзін қорғай алатын кез келген затты қара жердің бетінен іздеді. Лизаның айтқаны дәл келді. Қалың ағаштардың ішінен зомби атып шықты. Лиза әпкелері секілді күресу өнерін жақсы меңгермесе де, логикалық ойлау жүйесі аса жақсы дамыған еді. Сондықтан, өзіне қарсы шапқан зомби бейбақтан қорықпады. Керісінше, найзасын алып, қасқайып тұрды. Лизаның найзасы өзіне деген шексіз сенімдік пен батылдылық болатын. Ал көрінбес қалқаны – тәуекелшілдік десек еш қателеспеспіз. Дегенмен, соғысу өнерінен бейқабар жас қыздың көзінен қорқыныштың көлеңкесін байқамау мүмкін еместей еді.

Бір кезде оқ атылып, зомбидің басын жерге домалатып түсірді. Лиза дір ете қалды. Оның жанына шашы қою қоңыр, қабағы түсіңкі, тұнық әрі мейірімді көзді, аңсағай келген бір сымбатты жігіт жақындады. Қолына мылтық ұстаған жігіттің сұлу жүзі жарықтан айқын көрінді. Жігіт Лизаның нәзік қолынан ұстап, өзінің сәйгүліне отырғызды да:

– Тезірек үйге қайтыңыз. Зомбилер жақындап қалды, –  деді ол жан-жағын барлап.

–  Бірақ мен атты бағындыра алмаймын. Бұрын атқа отырмағанмын,  –  деді Лиза.

– Тіптен жақсы, –  деп жылы дауыспен бейтаныс жігіт Лизаның алдына отырды да, шаба жөнелді. Олар Лизаның үйіне қарай беттеді.

Осы кезде Ұлан даладағы шуды естіп, тысқа шықты.  Ол зәулім театр ғимаратының жанында алыстағы екі адамның сұлбасын көріп, жалғыз қалды…

ІІ бөлім

Лизаның үйі. Зомбилерге кезіккені аздай, Лиза мен оның құтқарушысы жаңбырдың астында қалған. Малмандай су Лиза бөгде жігітпен үйге кірді. Айқара ханым екі немересімен бірге Лизаны һәм жаңа қонақты зор қуанышпен қарсы алды. Өзін күтпей баллда жалғыз қалдырып кеткендеріне Лиза реніш білдірді. Зомбилерге жемтік бола жаздағанын өкінішпен тыңдаған әжесі одан кешірім сұрап, асығыс әрекеттеріне әкесінің тығыз жұмысы себеп болғандығын айттып ақталғандай болды. Екі сіңлісі де әжесінің сөзін жаңғырттып, Рақым Төреханның зомбилерді ұясымен құрту үшін лагерьге аттанып кеткендігін әңгімеледі. Лиза кең залдың  ортасындағы ыстық пешке қолын тақап, жылытты. Үсті-басынан дымқыл ауа тартқан бөгде жігіт үй иесі Айқара ханымнан келісім алып, пешке біраз жылынып алды. Айқара асүйде немерелерімен бірге тамақ пісіріп жатқанда, Лиза пештің айналасында бейтаныс жігітпен сөйлесіп тұрды.

–  Сіз өзіңізді таныстырмадыңыз? –  деп Лиза әңгімені бірінші болып бастады.

–  Зомбилердің арасында еркін әңгіме тарқату мүмкіндігі болса, мен қуана-қуана сізге өзімді таныстырар едім, –  деп езу тартты сымбатты жігіт. Оның күлкісі өзіне жарасымды-ақ еді. Тұнық көздері жүрегі таза, кеңпейіл жан екенін танытатын. Ал жылы сөздері күнге жылынғандай сезім қалдыратын. Емен ағашының қалың сабағындай қою шашы ұшақ іспетті алға тікірейіп тұратын. Аңсағай бойына жада бітім құйып қойғандай еді. Лиза күліп жатса дағы, келбетті жігіттің бойындағы барлық әсемдікті тұтқиылдан бақылап тұрды.

–  Менің ныспым Лиза Төрехан, – деп оған қолын ұсынды Лиза. Лиза өзінің бұл қылығына таңқалды. Тікменізділігі басым Лиза бұрын-соңды ешкімге бірінші болып танысуға қадам жасаған емес. Ол керек адам өзі іздеп табады деп ешкімді менсінбейтін. Ескі дағдысы мен принципі есіне түсті ме, Лиза дереу қолын ала қойды.

–  Менің есімім Алан Шыңғысұлы, –  деп оның қолын ұстады жігіт.

Лиза «Шыңғысұлы» деген сөзді ести сала, оның қолын сілкіп жіберді. Шыңғыс мырзаның ұлдарымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтіндігін Лиза оған ашып айтты.

– Түсінемін. Алайда мен бастардпын, –  деді Алан.

– Түсінбедім? –  деді Лиза.

–  Некесіз туылған бала, –  деді Алан.

–  Кешірім өтінемін, –  деді Лиза.

– Жоқ, қажет емес… Мені әкем ешқашан  өзінің заңды туылған ұлдарының қатарына қосқан емес. –  деді Алан.

–  Ол кісі сіздің анаңызға үйленді ме? –  деді Лиза.

–  Иә, үш ұлдың (Ұлан, Шамис, Дарын) анасы көз жұмған соң, әкем менің анама үйленді.

–  Уайымдайтын еш нәрсе жоқ. Онда сіз Шыңғыс мырзаның заңды ұлы саналасыз.

–  Әкем олай санамайды, –  деді Алан.

– Лиза, тамақ дайын болды, –  деген Айқараның дауысы көрші бөлмеден шықты.

Кешкі ас. Барлығы тамақтанып отыр. Сара мен Зере Аланнан көздерін алар емес. Лиза оны байқап қалып, Сараның керемет ән салатындығын һәм Зеренің фортепианонада еркін ойнайтындығын айтты. Екі сіңлісі әжелерінің өтінішімен, өз өнерлерін паш етті. Сара халық әнін әндетіп, Зере фортепианонада әсем күй ойнады. Ауа-райы құбылып тұрғандықтан, Алан қонақбөлмеде түнеп шығуға қалды. Таң. Алан ерте тұрып әдеттегендіктен, далада әскери тактикаларды қайталап жатықты. Лиза терезеден оны көріп, қуанды.

–  Сіз кетпегенсіз бе? –  деді Лиза оған жақындап.

–  Алғысымды білдіріп барып, қоштасып кету керекпін деп шештім, –  деді Алан қылышын жерге қойып.

–  Алан мырза, сіз Ұлан мырзаның маған жасаған шартын естідіңіз бе? –  деді Лиза дауысын бәсеңдетіп.

–  Сіздердің әңгімелеріңізді тыңдағаным үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен құлақдармын,  –  деді Алан.

–  Ештеңе етпейді. Маған кеңес беріңізші, –  деді Лиза.

– Жарайды. Бойтұмар сіздің мойнынызда болады. Уәде беремін, –  деді Алан.

–  Сіз маған бойтұмарды алып бересіз бе, қалай? – Лиза.

–  Маған сенсеңіз болды. Қалғанына алаңдамаңыз,  –  деді Алан.

 

Жалғасы бар…

 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау университетінің  филология бөлімінің 2-курс студенті

Ер деген аты ғана, ісі шала…

А. бетті әрлейтін косметикалық бұйымдарға айына бақандай 200 мың теңге жұмсайды екен. Осынша көп қаражатты тек бет бояйтын құралдарға жұмсау қанша­лықты дұрыс?

Қазіргі таңда табысы жақсы мамандықтардың бірі – визажист, яғни бет әрлеуші болып тұр. Бұрын бұл қыз-келіншектердің ермегі болса, бүгінде жігіттер де оны нәпақа табар жұмысқа айналдырыпты. Әрине, бет әрлейтін ерлер шет елдерде таңсық емес. Ал бетті әдемілейтін жігіттердің біздің Қазақстанда да пайда болғаны қызық екен. Алматылық А. деген қазақ  жігітінің осындай өзіне ұнайтын ісімен айналысамын деп, отбасының, достарының және қоғамның сыны мен қарсылығына ұшырағандығы туралы телеарналардың бірінен көріп қалдым.

«Көп жігіт бұдан қорқады. Әрине, басында мен де қо­рықтым. Отбасым да біраз қарсы болды. Олар мені тоқтату үшін «бұл еркектің ісі емес»  деді. Біздің халықта «ұят» деген түсінік бар. Осы «ұят» біздің қабілетімізді тұншық­тыруда. Ал менің ұстанымым: әркім өзінің көңілі қалаған ісімен айналысуы керек», – дейді визажист жас жігіт.

Уақыт өте келе А.-ның отбасы оның жан қалауымен келіспеске шарасы қалмапты. Бірақ көпшілік әлі де оның ісіне наразы. «Отбасым менің қандай екенімді біледі. Турасын айтқанда, егер мен былай киінсем, осылай көрін­сем, осы имиджді ұстансам, онда ол мені «көгілдір» екенімді білдірмейді», – деп түсіндіреді сырт келбеті нәзік көрінетін жігіт.

А. бетті әрлейтін косметикалық бұйымдарға айына бақандай 200 мың теңге жұмсайды екен. Осынша көп қаражатты тек бет бояйтын құралдарға жұмсау қанша­лықты дұрыс? Осылайша қыруар қаржыны тек опа-далапқа ғана  жұмсағанша, одан да пайдалырақ, мәселен, жігітке тән тірліктермен айналысса дұрыс қой деген ой келеді маған.  Тіпті, олай болмаған күнде де, өзгені боян­дырғаны былай тұрсын, өзі де боянып алатын еркектің ақыл-есінде ауытқуы бар ма екен деп ойлап қаласың. Себебі, біздің түсінік мұндай субмәдениеттің дәл біздің іште қалыптасып жатқанын қабылдай алар емес.

«Өз ойым» бағдарламасына сұхбат берген С. деген қазақ жігіті де өзіне визажист болып жұмыс істеген ұнай­тынын, екі күн сайын қасын жұлатынын,  шашын бояй­тынын да еш  қысылмай айтып отыр. Мен өзім қыз болсам да, екі күн сайын қас жұлмайды екенмін. Тіпті, шыны керек, бұл жігіттердің қасында өзімді күтімі жоқ қыздай сезініп кеттім. Бірақ мен табиғи сұлулықты, рухани құндылықтарды бағалайтындар санатынанмын.

Жақсы, визажист болып істей ғой, бірақ ол ер адам­дардың боянып жүруі деген сөз емес. Иә, қазіргі таңда сән индустриясы шаң ілестірмес даму үстінде. Күнде бір тренд, жаңа бренд немесе өтімді хайп. Бірақ жігіттердің боянуы, меніңше, ұлттық құндылықтарға бай өр мінезді, рухы биік қазақ халқының табиғи болмысына сай келмейтіні анық. Қанша жерден трендті қусаң да, біз үшін рухани байлық қана нағыз бренд екені шындық.

Өкінішке орай, арамызда осындай қыз сияқты майысқан, нәзік жігіттер көбейіп келеді. Олар уақыт өте келе «жан қалауымыз осы» деп, бізден іргелерін аулақ салып, бөлек мемлекет болып кетпей ме?

Тәуелсіздік бізге көп жетістік әкелді. Әлемге жол ашылды, бір-бірімізбен мәдени, рухани құндылық­тарымызбен алмаса бастадық. Бірақ неге біз шет елге еліктеп шыға келеміз, ал қазаққа ешкім еліктемейді? Беті аулақ, бірақ елімізге жау шапса, жерімізді әлгіндей опа-далап жағып алған нәзік жігіттер қорғай ала ма?!

Мамандықты игерген дұрыс-ақ, бірақ мамандық сені басқарғаны дұрыс болмас.

Кәмелетке толмаған жастар өз істерінің құрбаны ма, әлде себепкері ме?

«Орамалды» бойжеткеннің «КНБ қызыметкері мені зорламақ болды», — деген инстаграмдағы ашық мәлімдемесі елді шулатты…
«Баланы жастан, қатынды бастан», — деген халық даналығы бекер айтылмаған болса керек. Бала кезінен дұрыс тәрбие мен ата – ана қамқорлығында өскен балалардың өзін жалғыз сезіну комплексіннен аулақ блатыны сөзсіз.
Әкесіз не шешесіз өскен балалардың «жылу іздеймін» деген оймен жаман істерге барып жататыны белгілі. Ал, ата – анасы бар балалырдың қылмысқа баруының басты себебі неде болуы мүмкін?
«Менің әке – шешем жақсы адамдар, бірақ жұмыстың көптігінен үйге тым кеш қайтады. Ал, мені мектепке күтушім апарып алып келетін. Мен ата – анаммен ойнап басқа балалар секілді уақыт өткізгім келеді. Бірақ олардың мен үшін еңбек ететінін білемін», — дейіді жасөспірім Аяулым. Асқар таудай әкесі мен аяулы анасының өзіне көңіл аударғандарын қалаған ол, өзінен 8 жас айырмашылығы бар жігітпен не бәрі 15 жасында көңіл қосады. 23 жасар жігіттің күтуге шамасы жетпей қызды алып қашқан. Жағдайды естіген қыздың отбасы бірден полицияға арызданған, сот экспертизасының зерттеуімен жастардың жыныстық қатынасқа түскені анықталған. Жігіттің үстінен «кәмелетке толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түсті», — деген айып тағылып отыр.
Ақтөбеде 15 жасар қыз бала мен 17 жасар боз баланың үлкен махаббаты үлкен дауға ұласты. Ата – аналарынан қарсылық болғандықтан, екі ғашық бірнеше рет үйден қашып, кейіннен жастар табылып 17 жасар жігіт қамауға алынған. Оған «кәмелетке толмаған жасөспірім мен жыныстық қатынасқа түсті», — деген айып тағылған. Боз баланың абақтыда отырғанына жарты жылдан асты. Қыз арызданбағанын және өз еркімен шешім қабылдағанын алға тартады. Полицияға арызданған қыз баланың анасы өз ісіне өкініп, арызды қайта алмақ болғанымен іс сотқа жіберіліп қойған. Дәл осындай ұқсас жағдай Орал қаласында да орын алды. 15 жасар қыз 29 жасар дәстүрлі емес ағымдағы жігітке күйеуге тиіп кеткен. Дегенмен іс сотқа жетпеген, себебі қыздың анасы шағымын қайтарып алып, қазының сот медициналық сараптамасын жасатуына түбегейлі қарсылық білдіруде.
Еліміздегі соңғы статистикалық мәліметке жүгінсек, 2013 – 2017 жылдар аралығында жасанды түсік жасату көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгеріске түспегенін байқауға болады. Яғни 2016 жылы 78,8 мың, 2017 жылы 80,3 мың жасанды түсік тіркелді. Ал былтырғы статистикалық дерек көпшілік назарына әлі ұсынылған жоқ.
Облыстар арасында Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлері ұятты тізімнің алдына шықса, Алматы мен Астана қалалары ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр (8,4 — 8,2 мың). 15 пен 18 жас аралығындағы жас­тарда түсік жасату осы жылдар ішінде 100 мың адамға шаққанда 0,3 мыңнан келсе, 19-34 жастағы әйелдердің түсік жасатуы соңғы жылдары сәл төмендеген (2013 жылы – 12,7 мың, 2017 жылы – 8,6 мың).
Әр түрлі көрсеткіштер бойынша әлемде тек 8,4 % -дан 35% -ға дейінгі зорлау оқиғалары полицияда тіркеледі. Ал жәбір көрген адамдар әртүрлі себептермен болған оқиғаға арызданбайды. Яғни, олардың шынайы санын анықтау өте қиын. Түсінгендеріңіздей, біз бұл материалда тіркелген құқықбұзулықтар бойынша сараптама жасаймыз. Шыны керек, ресми статистика да көңіл көншітпейді.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 120-бап «Зорлау» 1130 құқықбұзушылық және 121-бап «Сексуалдық сипаттағы зорлық – зомбылық әрекеттері» бойынша 320 құқықбұзушылық тіркелген. Осылайша, ҚР-да 2018 жылы зорлау бойынша 1450 жағдай тіркелген (олардың 1132-і әйелдерге қатысты, 231-і балаларға қатысты).
2019 жылдың алты айында елімізде 647 зорлау жағдайы тіркелді (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі). Жарты жыл ішінде қылмыстың осы түріне барған адамдар саны 405-ті көрсетеді.
«Тұлпар Тальго» пойызында зорланған қыз жайлы іс дүрбелең тудырды: зорлықшыл – жолсеріктер 2,5 жылға сотталған. Құқық қорғаушылардың, танымал тұлғалардың, әлеуметтік желілерді қолданушылар мен саналы ақыл иелерінің ойынша — бұл өте жеңіл жаза.
Осындай статистикалық оқиғаларға қоса, Қаскелең қаласында «хиджабтағы» бойжеткеннің «КНБ қызыметкері мені зорламақ болды», — деген instagram парақшасындағы ашық мәлімдемесі елді шулатты.
«Мен Умирзакова Айя Руслановна, КНБ қызметкері Нарымбаев Сабыржан Мейрамхановичтің «зорлауға әрекеттену» қылмыстық ісі бойынша жәбірленушімін.»
«2020 жыл, 11-і мен 12-ші құркүйекке қарасты түнде автокөлік салонында мені зорламақ болды. Бұл іс Алматы осылысы, Қаскелең қаласы, Қарасай аудандық ішікі істер департаметінде тіркелген. Мен такси тоқтатып, үйіме қайтпақ болғанмын. Көлікте тағы бір адам болды. Жүргізуші алдымен ол клиентті кейін мені жеткізіп саламын деді. Алғашқы жолаушыны жеткізіп салғаннан соң, басқа бағытқа бұрып тағыда бір ісім бар деді, мен қарсылық танытып, қорыққандықтан анама хабарласа бастадым. Ол телефонды көріп тартып алды. Мені орамалды қыздар сендер лассыңдар деп балағаттай бастады. Қорыққандықтан есікті қағып қарсыласа бастадым, ол ашуланып кетіп мені айдалаға алып барып тисе бастады. Басымдағы орамалымды жулып алып, тағы да балағаттады. Мені өлтіріп, көміп кетемін деп қорқытты. Көлікке бір зат алуға үңілген кезде мен қаша жөнелдім. Ол мені қуып жетіп тепкілеп, ұра бастады. Біраз қарсыласып тағы сытқып шықтым сол сәтте біздің жаққа бір машина келе жатырғанын көріп, ол қашып кетті. Көліктегі жолаушылар тоқтап мені жақын маңдағы РУВД-ға алып барды. Осы оқиғаны айтып отырған себебім, мені ол кісілер қорқытты, сотта сені кінәлі етеміз деді. Жұмыстан да шығарып жіберді. Салдарынан психологқа барып, үйден шықпайтын дәрижеге жеттім. Мені қолдап билік өкілдерінің мені естігендерін қалаймын, кінәлі жазасыз қалмаса деймін», — деп жан айқайын жеткізеді.
Соңғы карантин кезінде тұрмыстық зорлық – зомбылық пен қоса қоғамдық көлік қолданушылардың арыз – шағымы күрт өсіп кеткен. Оның ішінде автобус ішінде адамнің көп болуын пайдаланған ер азаматтардың жас қыздардың денесін сыйпалау, такси көлігіндегі харасменттер, яғни танысуға әрекеттеу, жеке бас шеңберін бұзу. Зорлауға әрекеттену, ұрлық және тағыда басқа құқықбұзушылық қылмыстары тіркелген.
Шет ел мемлекеттерімен салыстырғанда әйел теңдігі немесе харасментпен күресу жағдайлары Қазақстанда тым әлсіз болып отыр. Еске сала кетейік бұндай оқиғалар тек ересек азаматтардың арасында ғана емес, сондай – ақ мектеп оқушыларының арасында да көптеп кездеседі. Мәселең, Түркістан обылындағы мектеп жасар ұл баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған. Ал, карантин кезінде интернет арқылы мектеп жасар балаларының порно ойындары мен сайттардан видео қараулары күрт жоғарлап кеткен.
Елімізде 20% кәмелет жасқа толмаған 15 – 17 жас аралығындағы бойжеткендердің алғаш жыныстық қатынасқа түсетіндігін «Аман – саулық» қоғамдық қоры мәлімет береді. «Аман – саулық» қоғамдық қорының призеденті Бақыт Түменова жасөспірімдерге мектеп қабырғасынан бастап «жыныстық қатынас мәдениетін» түсіндіру керек деп санайды. БҰҰ әлуметтік мәселелер жөніндегі комитеті осыдан 10 жыл бұрын еліміздегі білім ошақтарында репродуктивті денсаулық пен контрацепция әдістерін түсіндіретін арнайы пән енгізу туралы ұсыныс жасаған екен. Алайда бұл бастама сол күйі қолдау таппай қалған. Ал, дін қызметкерлері жасанды түсік жасатып қоймай оған апармаудың жолдарында қарастырғанымыз дұрыс дейді.
Жас ерекшеліктерге қарамастан әр адам өз ісі үшін жауапты…
Хайдарова Сара Есмағамбетқызы