ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Қазақтардың өмірлік циклі

Біздің тaрихта Абайдай дара,Абайдай дана тұлғаларымыз бaрда, мәдениетіміздің қандай екені сөзсіз-ақ белгілі деп ойлаймын.Абайдан басталаған қазақ халқының мәдениеті,оның сырлары қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатыр.Қазақтың мәдениетіне,менталитетіне өшпес із,мұра қалдырып кеткен алып тұлғалардың бірі-Шәкәрім Құдайбердіұлын айта кетуге болады.Ол Абaй сияқты қазақ елін өркениетті,мәдениетті,көркем елдер қатарына қосамын деп талпынған.Ол жалпы адамзат баласы,әрбір қазақ халқының азаматының борышы-туған елдің бүкіл тарихын,әсіресе мәдениетін жоғалтпай,сақтай отырып заман талабына сай қолдану керектігін айта кеткен.

Мәдениеттіліктің тірегі-ар-ұждан.Ең басты мәсeлеге,ең бірінші кезекте-тәрбие,ар ілімі қойылуы деп ойлаймын.«Тәрбие-тал бесіктен»деген тектен текке айтылмаған.Себебі,үлкен мәдениетті мемлекет қалыптастыру үшін,кіші отбасыдан,оның әрбір адaмынан басталуы керек.Кіші мемлекет үлкен бір мeмлекеттің бастамасы деп ойлаймын.Жалпы қазақ халқының мәдениеті ХХ ғасырды үмітете отырып, әрі түңіле қарсы алды. Неге десеңіз, дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жеткен болатын. Ұлттық идeя темір тордағы халықты уайымға салып толғандырғанымен қоса, осы идея негізінде азaттық үшін күресуге ұмтылыс пайда болды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресeй империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да ықпалын тигізді. Дегенмен Қазaқстандағы толқулар тек  қана орыс революционерлерінің ықпалымен болды десек қатеселеміз. Бірдe-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер импeрияны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтерген емес.

Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдікпен қарады.Өзіне туысқан халықтардағы сияқты қазақ еліндегі мәдениеттің қайтадан жаңғыруы орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды десекте болады.Солай кeңес үкіметінің орнауымен қатар бір мезгілде қатарласа мәдениетті қайта дамыту шаралары жүзеге асырыла бастады. Елдe ағарту ісін дамытуға аса назар аударыла бастады. Ұлт зиялылары шығармашылық тұрғысынан табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын арттыруға зoр үлестерін қосқан болатын. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. Оқулықтардың авторлары ұлт зиялыларының өкілдері болды: А.Бaйтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин.Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейханов, Қазақста тарихынан Санжар Асфeндияров құрастырған болатын. 1929 жылы қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу шаралары жүзеге асырылды. Қазақта жақсылық пен жамандық түсінігі ақын-жыраулар жырлары мен шығармашылығында егжей-тегжей әрі көркем бейнеленген деп дөп айта аламын. Бұл ұғымдaр тап-тазa поэзия аймағынан шығып, халық аузындағы даналық үлгілеріне,  пәлсәпалық пайымдауларға айналған.

Осымeн өз ойымды қoрытындылайтын болсам, ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдeниеттің болғанын бaбалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдерден-ақ көруге болaды. Қазақтың әрбір айтқан сөзі даналыққа сүйеніп, дәстүр мен дін біте қайнасқан үлгісінде көркем бір бейнеде үйлесімділік таба білгені анық. Қазақтың иман мен имандылық сөздерінің aстaрында қaндай мағына жатқанын білсеңіз. Имaн әуелі кәлимамен келеді, имандылық сол кәлиманың астaрындағы адамгершілік, инабаттылық, ибалық сынды барлық ізгіістерден құралады деп ойлаймын. Міне, сол имандықтың нәтижесі имандылық болған. Имандылық бар да – тәртіп те, бейбітшілік те, адами құндылықтардың барлық көріністері адамның бойынан табылатыны сөзсіз. Сондықтан да ұлттық құндылығымызды жаңғыртқан кезде ғана біз мәдениетімізді жаңғырта тірілте аламыз.

 

Тұран–тағдырдың тосын сыйы

«Тұран» дегенде ойыңызға не келеді? Бұрындары бұл сөз маған география сабағында оқыған Тұран жазығын есіме салатын. Ал қазір өзім білім алып жүрген ғимарат елестейді. Негізінен, «тұран» – «түріктер мекендейтін жер» , «елдің атауы» деген мағына береді. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Түркістан өлкесінің ежелгі атауы. Бұл атау, бірнеше жылдардан соң менің өмірімнің өшпес естелігіне айналары анық. ­­­­­

2018 жылы үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрғанда,барлық түлектер секілді қобалжып, «Мені алда не күтіп тұр екен?» деген сұрақ мазалады. «Журналистика» саласының маманы боламын» деген арманым Алматы қаласына жетелеп алып келген болатын. Мен үшін бейтаныс, әрі үлкен қаланы қаптаған жоғарғы оқу орындарын аралап, анам екеуміз біршама уақыт жұмсадық. Студенттерге жасалатын жеңілдіктер мен жағдайлар жайлы көптеген ақпараттарға қанық болдық. Шілденің шіліңгір ыстығында шығармашылық емтихандарды тапсырып болып, қобалжулы түсініксіз күйде туған қалама оралдым. Грант нәтижелері шығар уақытта, киелі Көкше жерінде конференцияға дайындық үстінде жүргенмін. Қуанышты жаңалықты сол кезде анам хабарласып естірткен болатын. Тамыз айында, Тұран университетінің «ректор гранты» бұйырып, тек маған ғана емес, отбасымызға қуаныш сыйлады.

 

Тұран Университеті жайлы бұрыннан естуім бар еді. Болашағымды жоспарлағанда өзімді мұнда елестетпеген едім. Кездейсоқ кезіктірген зәулім ғимаратта «студенттік шағымды өткіземін» деп ойламағанмын. Дегенмен, студенттік кезеңімді осында өткізіп жатқаныма өте қуаныштымын.

 

фото жеке архивтен

Ең ыстық естеліктер алғашқы оқу жылында болды. Университет қабырғасына алғаш келген күні «креативті ойлау» пәнін өтетінімізден хабардар болдық. Бұл пәннің атауы біздің қызығушылығымызды тудырды. Аталмыш пәннен беретін мұғалімге тез-ақ бауыр басып кеттік. Сабақ барысында Гүлжан апайымызбен бірге табиғаттың таңғажайып көрінісін бойына сіңірген «Шарын шатқалын» өз көзімізбен көрдік. Шебер табиғат-ананың туындысынан шабыт алдық. Бұл сапар, енді ғана бір-біріне үйренісіп келе жатқан болашақ журналистердің ауызбіршілігін арттырды десек те болады. Одан бөлек, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен Нұтфолла Шәкеновты еске алу кешін, Қапшағай өлкесінде орналасқан,әрбір баланың арманына айналған «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында поэзия кешін ұстазымызбен бірге ұйымдастырдық. Арамыздағы ақын  жігіттер өз туындыларын оқыды, ескі әндер қайта жаңғырды, поэзия сүйер жастар Нұтфолла Шәкеновтың «Айгүл» поэмасынан үзінді оқыдық. Естен кетпес күндерді бастан өткіздік.

Біздің университетімізде өзіңді тек білім жағынан ғана емес, шығармашылық жағынан да шыңдауға арналған мүмкіндіктер алаңы шексіз. 2018 жылы «Журналистика» мамандығының студенттері «TeART» атты театралдық сахналандырылған қойылымдар қоятын шығармашылық ұйым ашқан болатын. Сол ұйымнан өз орнымды таптым. 2019 жылдың көктемінде Өскемен қаласында өткен «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты студенттік театрлар арасында ұйымдастырылған сайыста бақ сынауға бел будық. Еліміздегі ең өзекті мәселелерді қозғап, сахналадық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған тәжірибелі театр ұйымдарымен сайысқа түстік. Нәтижесінде, 12 шығармашылық ұйымдар арасынан «үздік үштіктен» орын алдық. Бұл – жас театр ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі күннің өзінде, талай белестерді бағындырып, талай таланттарды мойындатып үлгерді.

Бүгін универ қабырғасында өткен балмұздақ кезеңдерді сағынышпен еске аламыз. Бірнеше жылдардан соң жоғарыда аталған қуанышты кезеңдеріміздің естеліктерін қайта қарап, талай нәрсені еске түсіретініміз анық. Жоғарғы оқу орнындағы алғашқы қадамдарымыз жарқын сәттерге толы болды. Алда бізді одан да керемет уақыт күтіп тұрғанына мен сенімдімін. Өмірім тосын сыйларға толы. Тағдыр әрдайым мен ойлағаннан да асып түсетін, ең жақсысын сый қылып беріп отыратын. Бүгінгі таңда мен білім алып отырған оқу ордасын «тағдырдың берген сыйы» деп білемін.

Гүлманат Райымбаева

Қазағымның қасиеті осында

Тұлғасы өр, көзінде нұр, жүзі оттай жайнаған,
Қарсыласқа ыза-кекпен қаһар төгіп қайнаған.
Қазағымның қасиеті осында,
Төсінде өскен жаман болды қай балаң?

Ұл-қызы бар дархан елдің даңқты,
Уәде берсе бұлжытпайды, бұзбас берген антты.
Оза алмайсың, қанша ұтқыр болсаңда,
Бұндай жайсаң, байтыл, қайсар халықты.

Ата-баба жолын салып жалғаған,
Бұл халықтан талай қыран самғаған.
Жүйріктері озып шыққан топ ішінен тұлпардай,
Таңданасың жасыра алмас он сегіз мың ғаламнан.

Қызы болған ерке мінез қылықты,
Ұлы болса бас идірген талай дана ұлықты.
Қуаныштан қасіреті көп болған,
Қазағымның қасиетін кім ұқты?

Ұрпақтары әлі батыр, ел үмітін ақтайтын,
Ата-баба жолын қуып, еш мүлтіксіз сақтайтын.
Қазағымның қасиеті-қасіреті осында,
Қырандарын көкке ұшырып, көреген ғып баптайтын.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

Тілім-менің тағдырым

Тағдырменен күн кешетін мәңгілік,
Өзгермейтін, тұрар мәңгі жаңғырып.
Әрбір ұлттың өлшеусіз бір байлығы
Естілетін ұран болып жаңғырып.

Тіл-жүрегім сеніммен күн кешетін,
Жанса жанып, сөнсе сөніп өшетін.
Тіл-адамның ақылының кеніші
Қиындықты қиналмай-ақ шешетін.

Тіл-тағдырым, өшпес мәңгі байлығым,
Жан жүрекке жылу сыйлар айданым.
Жарық төгіп, нұр сәулесін шашатын
Аспандағы сұлу бейне ай күнім.

Тіл тағдыры-ел тағдыры демей ме?
Сайрап тұрса қызыл тілің көмейде.
Бұдан артық қандай сенде бақыт бар,
Деген ойлар маза бермес көкейде.

Ертеңгі ұрпақ қадірлей ме тілімді,
Біліп жатпас олар сенің құныңды.
Осы ойлардан жүрегімде тілінді,
Кім тыңдайды ендеше сол мұңыңды?!

Қадір тұтқан қасиетті жерімнің,
Тәуелсіздік-бақыт құсы елімнің,
Отыз жыл толғалы отыр міне бүгін
Орындалар сәті келді сенімнің.

Құрметпенен қарайық туған тілге,
Баршамыз қазақ тілде сөйлейікте.
Таза қазақ тілінде сөйлеушілер,
Бұл күнде азайып тұрғой бізде.

Еліміздің келешегі біз жастардың қолында,
Болашақты ойлау үшін тарихқа көз салуда.
Ғасырлар бойы дәріптеліп келе жатқан тілді біз,
Биіктерге көтерейік, әр кез болсын мақтаныш.

Қазақ елім қашанда аман жүргін,
Білейік, қолда бар да алтын құнын.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»
Қастерлейік, қасиетті ұлы тілді.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

Журналист болғыңыз келеді ме?

Журналист десе , көбінің көзіне бағдарлама жүргізушісі не жаңалық жүргізетін диктор елестейді . Маған да көрген адам » осындай журналист болмайсың ба ? » дейді . Тіпті анамның да арманы — мені теледидардан көру .

Мен басқаның ойындағы идеал болуға ұмтылмаймын , қазақ тілін дамытуға сәл де болса үлес қоссам деген өзімнің нақты мақсатым бар . Сол мақсатпен әлеуметтік желідегі қатемен күресіп , қажет деген жерде қатемді түзетіп жүрмін.

Ал менің журналистика факультетінде оқитынымды естігенде , » Мәә , күшті , мен де кезінде журналист болғым келіп еді » дейтіндер әлі де бар . Неге бала кездегі арманды қазір жүзеге асырмасқа ?!

Инстаграм барлық мүмкіндікті беріп қойды , » мархабат » . Тікелей эфирге шығыңыз да , журналиске айналыңыз . Аты да » тікелей эфир » деп айтып тұр , ең бірінші шыққанда мурналист боларсыз , содан соң пурналист боласыз , бара — бара жаттығып жүріп , нағыз өзіңіз армандаған журналист боп шығасыз .

Не айтамын деп қам жемеңіз . Жаңалық жазып алыңыз да , оқып шығыңыз . Жазған постыңызды ауызша айтып беріңіз . Оқыған кітабыңыз , көрген фильміңіз туралы әңгімелеңіз . Қате сөз айтамын деп қорықсаңыз , мәтініңізді тексеріп беретін редактор алдыңызда отыр . Бірден эфирге шығуға жүрексінсеңіз , стористен бастаңыз .

Ешкім кіріп көрмесе де , мейлі , сіз мәтінді оқып , эфирдi Ig tv арнасына сақтап қоя беріңіз . Күндердің күнінде барлығы кереді , күніне бір уақыт шығып , көрерменнің көзін үйретіңіз . Бала кездегі арманға ұмтылу да ұят болып па ? Бастысы , » че там , қалайсыңдар » деп емес , халыққа пайдалы ақпарат айтуды кездеңіз . Батылыңыз жетпесе , » әріптесіңізбен » бірге жүргізіңіз .

Осы бағытта бастасаңыз да көп нәрсеге қол жеткізесіз. Және адамдармен пайдалы кеңестермен бөлісесіз деп ойлаймын.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

Баланың психикалық дамуына ата-ананың қарым-қатынасының ықпалы

Баланың мектеп кезінде қалыптасуы ата-анаға байланысты. Сондықтанда осы мақалада бастауыш сынып оқушысының психикалық дамуына аса ықпал етуші ата-ананың рөлі мен міндетін нақтылауға негізделеді.

Отбасының балаға әсері ең маңызды және отбасындағы балалардың жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларын табысты оқытуда бар. Баланың жеке басын қалыптастыру бұл әртүрлі әлеуметтік қатынастардың әсерінен болып балаға жеткізіледі.

Ата-аналардың моральдық компоненті, отбасы дәстүрлері мен мәдениеті, олардың мінез-құлқы, күнделікті жоспарлары мен ұмтылыстары, сондай-ақ, әлеуметтік байланыстар тұлғаны қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Кейбір жағдайларда, бала ата-аналардың үміттерін және оқу жетістіктерін қанағаттандырмаса, оның мектептегі мінез-құлқы олардың бұрын қалыптасқан талаптарына сәйкес келмейді отбасылық қатынастардың сипаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.

Баланың мінез-құлқы мен оқу іс-әрекетін теріс бағалау мұғалімдер көп жағдайда қақтығыс көзіне айналады, отбасындағы қарым-қатынас немесе олардың шиеленісуі көрінеді.Көбінесе бірінші сынып оқушысының нашар үлгерімі және нашар мінез-құлқы мектеп арасындағы қақтығыстардың пайда болуына негіз болады. Мұндай жағдайда жиі туындайтын алауыздық баланы үйден және ата-анадан біртіндеп иеліктен шығаруға ықпал етеді оны жарақаттаудың қосымша көзі, мұндай қарым-қатынастар психикалық ауытқуларға әкеледі.

Бала кезінде олар теріс әсер етеді,оның жеке ұйымдастырылуының терең деңгейі-психологиялық, өсіп келе жатқан мінездің қалыптасуына тікелей байланысты. Осылайша, отбасының процесске әсер ету мәселесінің өзектілігі бастауыш сынып оқушыларын оқыту отбасының маңыздылығын арттырады.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

 

Библиография — баспасөздің бастауы

БИБЛИОГРАФИЯ ( грек . biblion — кітап және grарhо — жазу ) баспасөз шығармалары жөнінде хабарлама — мәлімет беретін және оларды белсене насихаттайтын ғылым мен практикалық қызметтің бір саласы. Кең мағынасында библиографиялық мұраларды , тарихы теориясын , библиографиялық қызметін ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылми пән .

Баспасөз шығармаларын іріктеп , көрсеткіштер жасау және оларға ғылыми терме , сипаттама , шолу жазу арқылы жасалады. Ғылым мен мәдениет дамуының қорытындысын шығаруға көмектеседі , зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді , белгілі бір ғылми қағидаларды , саяси ,философиялық және эстетикалық көз қарастарды , тех. жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады .

Библиография негізінен таптық мақсатқа негізделген . Әдетте « объективтілік » ,         « бипартиялық » , « кітап оқу бостандығы » , « хабарлама бостандығы » деген ұрандарды желеу етіп , реакциялық идеологияны — үстем таптың идеясын уағыздайды . Коммунистік идеяға сәйкес ғылыми негізде соц . құрылысты ,  ғылымы мен мәдениетін насихаттайды . Оның басты ерекшелігі ғылмилығы , бұқаралығы , көп ұлттық сипаты болып табылады.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

 

Жарнамаларға назар аударасыз ба?

Бүгінгі таңдағы кез келген бизнестің алға жылжуындағы басты құпиясы жарнамасында. Ол қаншалықты назар аудартарлықтай болса, соншалықты жақсы табыс алып келеді. Бұған көз жеткізген кәсіпкерлер өз кәсібін дөңгелету үшін жарнамаға қыруар қаражат жұмсайды. Сәйкесінше, ол өз жемісін бірнеше еселеп алып келеді.

Сол жемістің дәмін татуға апаратын жарнаманың берілу түрлері де көп. Жарнама беруші жариялар алдында өзіне сұрақ қоюға тиіс: жарнаманы қайда жарияласа тиімді болады?

Ол газет, не журнал, не теле-радио, тіпті  сыртқы жарнама болуы да мүмкін. Енді осы жарияланатын ресурстардың тиімді тұстарын қарастырсақ.

Газеттерде жарнама жариялағанның бірден-бір тиімді тұстары: таралым санының көптігі; жариялар алдында жедел өзгерістер енгізе алу; бағасының төмен болуы; жарнаманы бірнеше қайтара оқуға мүмкіндіктің болуы; алғашқы беттен орын алған жағдайда, көбірек назар аударта алуында.

Ал журналдарда жарияланған жарнаманың артықшылығы: басылып шығу сапасының әлдеқайда жоғары болу; графикасымен назар аударта алауы; журнал беделіне қарай хабарландырудың өтімділігі; жарияланған жарнаманы бірнеше қайтара оқуға мүмкіндіктің болуы.

Егер сіз жарнамаңызды теледидарда жариялаймын деп шешім қабылдасаңыз, онда халыққа аудиовизуалды әсер етуі жоғары болады. Сонымен қатар, жарнама беру креативтілігінде зор мүмкіндіктердің болуы; ақпаратты берудегі жан жақтылық және бір мезетте ауқымды аудиторияны қамти аласыз.

Радиожарнамаға келер болсақ: жедел ақпарат тарату; орналастыру құнының төмендігі; жылдам өзгерістер енгізе алу; музыкалық композиция немесе фон арқылы есте қалу мүмкіндігі болады.

Сыртқы жарнаманың (баннерлер) артықшылықтары кез келген уақытта көре алу; ірі көлемі мен графикасымен көз тартуы; қысқа да нұсқа 5-7 сөзден тұратын слогандарымен жадыда оңай сақталуында.

Жоғарыда аталған артықшылықтармен танысу арқылы жарнамаңызды қайда және қалай орналастыру керек екендігін анықтай аласыз.

Жарнама жайлы сөз қозғағанда, ҚР «Жарнама Туралы» Заңының бар екендігін айта кеткен жөн. Заңмен бекітілгенімен, іс жүзінде бекітілмей ақсап жатқандары да баршылық. ҚР «Жарнама Туралы» Заңының 5-бабы «Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар» жайында:

«Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс» делінген.

Көріп жүргеніміздей еліміздегі арналарда шетелдік жарнамалар отандық жарнамаларға қарағанда едәуір көп. Және де шетелдік жарнамаларды біздің арналардан көрсетер алдында, авторлық құқық қорғау заңдары бойынша қорғалып, арнайы рұқсатпен көрсетілімге жіберіледі.

Мысалы, жаңа жыл қарсаңында көрсетілетін «Coca-cola» сусынының жарнамасын барлығымыз білеміз. Ең алғаш рет АҚШ-та пайда болып, кейіннен бүкіл әлемге тараған. Біздің еліміздегі арналардан да «Мейрам келе жатыр!» деген қазақша аудармасымен көрініс тапқан болатын.

Оған қоса, көрермендердің сүйікті «M&M» жарнамасы. Бұл жарнамада танымал өнімдегі түрлі-түсті сөйлеп жүретін жаңғақтардың да түп тамыры шетелден. Сары және қызыл түсті кәмпиттердің қазақша сөйлеп жүргенін біршама рет көгілдір экраннан көрген болатынбыз.

Сонымен қатар, афроамерикандық ер адамның қабырғаны бұзып шығып немесе көліктің ішінде кетіп бара жатып та қолындағы «Old Space» өнімін жарнамалап жатқанын да көрдік. Оның айғайлап айтқан сөздері әрбір адамның есінде қалғаны анық. Себебі, мұндай жарнамалар сирек. Бұлжарнамадан теледидар көрермендері шошыса да, оны ұмытпайды.

Осы секілді түрлі АҚШ-тың және Ресейдің жарнамаларының қазақша дубляждалған нұсқасы арналарымызда көрсетілуде. Біздің арналарымызда өзіміздің түсінігімізге, өмір сүрі салтымызға жақын отандық жарнамалар көбірек болса дейміз.

10-бап. «Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама»:

«Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады» деп айтылған.      

Қаншалықты күшіне енді?

Ең алғаш осы тармақты оқығанда: «мына заң нақты өз күшіне енбеген немесе күшін жоғалтқан» деген ой келді. Себебі, күнделікті телеарналарда кино және сериалдардан бөлек, концерттер мен мерекелік шаралардың көрсетілімін тамашалап отырғанда да жарнамадан көз ашпаймыз. Көрсетілім ортасынан бөліп тастайды. Заңға қайшы болса да, көрермендер үшін қалыпты жағдайға айналған.

Қорытындылай келе, қандай жарнама көрсеңіз де ойлана жүріңіз. Ол жарнаманың қоғамға тигізер пайдасы қаншалықты мол?

Гүлманат Райымбаева

Онлайн ойындарының адам өміріне әсері

Пайдасы бар, зины одан да зор. Әлем бойынша ең көп таралған онлайн ойындарға демеушілер өз капиталдарынан ақша бөлу арқылы ел қызығушылығын одан әрмен оятуда.

Егер онлайн ойындардына 2005 – 2010 жылдар аралығында ер балалар ғана қызығушылық танытқан болса, қазіргі соңғы 10 жылдықта қыз балалары мен ересек адамдардың легі артуда.

Онлайн ойындар – ол компьютерлік ойындар тек интернетпен қосылады. Оның бірнеше түрі бар: Браузерлік, Тұтынушылық, Казуалды, MUD ойындар. Әрбіріне анықтама берер болсақ:

  • Браузерлік – ол ойындар да, Flash, Java деген сияқты программалар қондыруын керек етпейді, оның орнында Web-браузер барлық операциондық жұмыстарды атқарады.

  • Тұтынушылық ойындар – ол ойындар арнайы программалардың қондыруын талап ететін ойындар.

  • Казуалды – ол ойындар жеңіл әрі оңай ойындар. Мысала: паззл, стрелялкілер және т.б.

  • MUD ойындар – көп қолданылатын ойындар. Ол ойындар фэнтези, сиқыр әлемінде ойналады.

          Ал, енді әлем бойынша ең танымал ойындар тізімі мен адамдарға ықпалы туралы шағын ақпаратқа шолу жасап көрейік.

          FORTNITE – Epic Games-тен өмір сүру тренажері шыққаннан бері миллиондаған ойыншылардың жүрегін тез жаулап алды. Мұның себебі PUBG-ге ақша аямайтын адамдар бас тартқан «Корольдік шайқас» тегін режимінің сәтті іске қосылуы болды. Алайда, Fortnite – тің негізгі режимі – бекіністер салу және зомбилермен күресу керек. Сондықтан ойын «патша шайқасы»сәнінен кейін де танымал болады.
          PLAYERUNKNOWN`S BATTLEGROUNDS — Pubg әлемдегі ең танымал онлайн ойындардың біріне айналды: ерте қол жетімді 20 миллионнан астам көшірме сатылды, xbox one және ps4-де іске қосылды, бұл барлық басқа steam ойындарында бір уақытта қолданушылар санынан асып түседі. Battle royale-дің өте сәтті тұжырымдамасы тіпті ойынның техникалық проблемалары мен алаяқтардың көптігіне көлеңке түсірмейді. Playerunknown ‘ s battlegrounds жеңісінің қанша уақытқа созылатыны белгісіз, бірақ дәл қазір бұл жоба ең көп талқыланатын, ойналатын және сәйкесінше ең танымал ойындардың жоғарғы жағында тұр.
          LEAGUE OF LEGENDS — Riot games – тің ақыл-ойы бізде dota 2-ге қарағанда аз танымал, бірақ шетелде жағдай керісінше, онда lol үлкен аудиторияға ие болды. Көптеген кейіпкерлер, қызықты ойын, тұрақты жаңартулар, кең ауқымды esports чемпионаттары ойынның сәттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
          DOTA 2 — Moba, бұл көптеген Steam пайдаланушыларының кітапханасындағы жалғыз ойын. Егер Dota 2-де ондаған мың сағатты өткізуге болатын болса, неге тағы бір нәрсе орнату керек? Бұл ойын көбінесе уытты қоғамдастық үшін айыпталады, әсіресе RU сегментінде, бірақ бәрі бірдей өкінішті емес. Мұнда жеткілікті ойыншыларды табу оңай.
          WORLD OF TANKS — wargaming-тің әлемге әйгілі mmo әрекеті күн сайын желілік шайқастарға қатысатын бірнеше ондаған миллион «танкистерді» жинайды. World of tanks қызықты жағдайды, егжей-тегжейге назар аудара отырып жасалған көптеген әскери техниканы және оның нақты прототиптерінің ttx сәйкестігін, тәуелді ойын және ойын айналасында қалыптасқан қуатты қауымдастықты қабылдайды. Сіз күндіз-түні wot-та бірнеше ойыншы шайқастарына қарсыластарды таба аласыз. Бұл жоба компьютердегі ең танымал онлайн ойындардың таңдаулы орынын алуға лайық.
          Жоғарыда аталған ойындарды ойнау үшін қаражатты ойын счетына аудару қажет, сол кезде ойынның қызығы артады. Анық, әдемі каританаларды алу үшін тапқан табысын ойынға жұмсайтын адамдардың психологиясында кемістік бар ма?, — деген ой қалытпасады. Тәуелділік туғызған бұл ойындар адам денсаулығы мен психологиясына зияны мол. Бір тәулік уақыттың 4 тен 3 бөлігін, кейді 2 – 3 күн бойы компьютер алдында өткізеді. Бұндай адамның күйін тәуелділік пен салымдылыққа жатқызуға болады. Өз организімінің ұйықтағысы немесе тамақтанғысы келетінін сезіне тұрып, әрекет етпеуі сол процессте онлайн ойынға есі кете салынуы, психологиялық ауытқушылыққа алып келіп соғады. Кейді бұл қалыпта ойыншылар өз әрекеттерін түсінбей, не ішіп не қойғанын ұқмайы. Оған себеп мидың іс – қимылға жауап еретін бөлігінің бар назары ойында.
          Бірнеше қылмыс жағдайы, елімізде онлайн ойынға тәуелділік салдарынан тіркелген деген ақпарат бар. Ақтөбе қаласында, 2013 жылы жасөспірім анасының ойыныға бөгет жасағаны үшін пышақ сұғып өлтірген. Сонымен қатар қимылдың — қозғалыстың аздығы мен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан гастрит, остеохондроз аурулары ел ішінде жиіленген. Жүйке аурулары мен агрессивті мінез – құлық игерлерлерінің де қатары көңілді көншітпейді.
Аталған ойындарға бірнеше мемлекет тосқауыл қойған, оның қатарында: Солтүстік Корея, Фелеппин, Қытай, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея.
Бұл ойындарды ойнау арқылы елімізіде жоғары оқу орындарына грант берілуде. Алайда бизнеске айналдыру үшін тым әлсіз бағдарлама. Қазіргі таңда бұндай ойын түрлерін кибер спортқа жатқызады, яғни адамның логикасын дамыта дейді.
Өміріміздің көп бөлігін отбасымыз бен дамуға арнайық, бүгінгі ермегіңіз ертеңгі тосқаулыңыз болып жүрмесін…

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы

Менің атам – майдангер!

фото жеке архивтен

Аттанып кетіп барам майданға мен

Қоштасып алтын бесік, қайран елмен.

Мен бәлкім оралармын жеңіспенен

Аман бол туған елім, ата-анам!

Ел басына күн туғанда Отанды қорғау қасиетті парыз. Сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталып, мерейлі жеңіс күнін тойлап келе жатқанымызға биыл 76-жыл. Соғыс біреудің тәтті балалығын, біреуінің  жастық шағын, ал біреулерінің ең асылын ұрлағаны мәлім. Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған батырлар қатарында менің атам Әміре де болды. Отбасымызбен мақтан тұтып жүретін атам жайлы айтсам деймін…фото жеке архивтен

Жанназаров Әміре 1920 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1939 жылы қазан айында әскерге алынып, Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ал, 1939 жылы қазанда Кеңес Одағы Финляндия шекара шебін Ленинградтан 70 шақырым ары қарай ұзатуды талап етеді. Карелиядағы Ханко аралын береміз деп ұсыныс жасайды. Фин жағы ұсынысты қабылдамай тастаған соң, Кеңес-Фин соғысы басталады. Атам әскерде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан Ленинград әскери округы бір күнде солтүстік-батыс майданына айналды. Генерал Мирацковтың жетінші армиясының құрамындағы жауынгер атам өзі сияқты мыңдаған солдаттармен осы соғысқа қатысты. 1940 жылы 12 наурызда Кеңес-Фин соғысы аяқталды.

Атам әскери борышын өтеуді әрі қарай жалғастырады. Сол уақытта ашық аспан төсіне бұлт үйіріліп, көптің көңіліне көлеңке түсірген сұрапыл соғыс басталып кетеді. Әскерден 1941 жылы қазан айында майданға аттанар алдында елге деген сағынышын мына өлең жолдарынан көруге болады:

Аттанып кетіп барам майданға мен

Қоштасып алтын бесік,қайран елмен.

Мен бәлкім оралармын жеңіспенен

Аман бол туған елім, ата-анам,– деп майданнан хат жолдаған. 1942 жылы атам Сталинград түбіндегі майданға қатысады. Осы Сталинград шайқасында күресіп, оң қолынан және оң көзінен жараланады. Госпитальда емделіп, қайтадан әскер қатарына қосылады. Анамның айтуынша, бұлтты күндері атамның жарақаты майдандағы күндерін еске салып, сыр беретін болған көрінеді.

Соғыс бітіп, елге оралған соң атам Бөгендегі балық зауытында 1650-1960 жылдары жұмыс жасайды. Жұмагүл әжем екеуі отбасын құрады. 1966 жылы Жаңақұрылыс ауылына көшіп келіп, бақташы болып еңбек етеді. Қазалыдағы “Ленин туы” газетіне атам жайлы “Үлгілі бақташы” деген мақала жарияланады.

Батыр Әміре 1975 жылы “Социалисік Еңбек Ері” медалімен марапатталды. Атамның марапаттары жайлы айтар болсам: “Ұлы Жеңіске 30 жыл”, “Ұлы Жеңіске 40 жыл” , “СССР Қарулы Күштері 50 жылдығы” , “СССР Қарулы Күштері 60 жылдығы” “СССР Қарулы Күштері 70 жылдығы” және 1980 жылы “Еңбек Ардагері” орденімен марапатталды.

1995 жылы атам дүниеден қайтты.

Әміре атам мен дүниеге келмей тұрып өмірден өткендіктен, бұл әңгімені анамнан естіген болатынмын. Демек, артымнан еріп келе жатқан іні-сіңлілеріме атамның ерліктері жайлы айтып отыру менің борышым деп білемін. Отан үшін жан берген, қиын-қыстау заманда тылда еңбек еткен аға-әпкелеріміз қаншама. Әрқайсысының өмір жолын баяндар болсақ ұмытылмастай бір-бір дастан болушы еді. Батырларымыздың есімін ұмыттырмай , болашаққа аманат ету – біздің парыз.

 Гүлманат Райымбаева