Сталинград шайқасы. Екінші Дүниежүзілік соғыс. И.В.Сталин

0

Мазмұны:\r\n

    \r\n

  1. Сталинград шайқасы……………………………………….2
  2. \r\n

  3. Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович……5
  4. \r\n

  5. Қолданылған әдебиет………………………………………8
  6. \r\n

\r\n Сталинград шайқасы.\r\n\r\n Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл  19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағсоншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал — лейтенатнт К.К.Рокоссовский) және Оңтүстік – Шығыс майданы (қолбасшысы генерал – полковник А.М.Еменко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратегиялық қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды. Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: «Уран» — Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; «Кіші Сатурн» — Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; «Шеңбер» — Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік – Батыс майдан (қолбасшысы генерал – лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал – полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімдері қосылды. Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал – фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен «Дон» армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал – мойор Р.Я.Млиновскийдің 2 – гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4 – неміс тан армиясы, 3 және 4 – румын, 8 – итальян армиялары талқандалды. Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс – фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті.  Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал – фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн. – ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қоса фашистер 32 – дивизиясынан және 3 – бригадасынан айрылып, 16 – дивизиясы соққыға ұшырады. Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс – фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық – саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданда соғысқа деген ықыласы болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын жоспарлады. Түркия бейтараптығын сақтап қалды. 1942 – 43 жылдары антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп, жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді.\r\n\r\nҚазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына таратылды. 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК – нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Умаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1 – танк армиясы мен 57 – армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери – оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзенін бойлай Сталинградтан әкелінген «Волготанкер» кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30 – ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73 – гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387 – атқыштар дивизиялары, 81 – атты әскери дивизиясы, 74 – теңіз атқыштар бригадасы, 129 – миномет полкі және 156 – жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62 – армиясының құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64 – армиясы құрамында болған қазақстандық 29, 38 – атқыштар дивизиясы Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73 – гв. атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» құрмаетті атағы қоса берілді. 1942 жылы 22 желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Қеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі Қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С.Позолотин, взвод командирі Г.Г.Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда  Сталинград (қазіргі Волгоград) қаһарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы «Сталинград шайақасы» музей – панорамасы ашылды.\r\n\r\n СТАЛИН.\r\n\r\n Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович (09.12.1879 Гори қаласы, қазіргі Грузия Республикасы – 05.03.1953, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922 – 53 жж), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945). 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» (үшінші топ) атты грузин социал – демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП – ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК – не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылдары Санкт – Петербургте жұмыс істей жріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 2 – съезінде (08.11.1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 – 22 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік – Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК – нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО – ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде «автономияландыру» (бүкіл республикалардың РКФСР – ге автономия құқығына енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1 – съезіне (1922 жыл желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П – ның 13 – съезі (1924 жыл мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын – сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің саны арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО – ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғ. Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып – жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП – ның 1956 жылы өткен 20 – съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Соц. Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі қызыл алаңға жерленген.\r\n\r\n Қолданылған  әдебиет:\r\n\r\n Қазақстан ұлттық энциклопедиясы (Алматы, 2006 жыл)\r\n\r\n(Такер Р. «Сталин, Путь к власти» 1997; Громов Е. «Сталин, Искусство и власть» 2004; Карпов В. «Генералиссимус» книга 1 – 2, Калининград 2004; Жуков Ю. «Сталин, Тайны власти» 2005; его же, «Йной Сталин» 2005; (С.Тортаев))\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі

0

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі.\r\n\r\n«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек  кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.\r\n\r\nТабиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.\r\n\r\nРесустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.\r\n\r\nТабиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың  табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.\r\n\r\nДүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.\r\n\r\nДүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары  қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен  еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.\r\n\r\nМысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.\r\n\r\nТабиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.\r\n\r\nТабиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.\r\n\r\nСонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.\r\n\r\nТабиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге  жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы  әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75%  болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар  қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

«Көшбасшы KZ» интелектуалды сайысының ойын кестесі

0

Құрметті сайт оқырмандары!  Мәртебе.кз сайты  «Ізденіс жолы»  қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып жатқан «Көшбасшы KZ» интелектуалды сайысының алдағы жүргізілетін ойын кестесімен таныс болыңыздар! \r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1-ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Мырзабай Асхат 223 9
2 Абдулатиф Әлима 1 10
3 Нұрдин Нұрдәулет Мұрагер 9
4 Кенжебек Ілияс 212 10
5 Сейтман Бекзат 218 10
6 Әбубәкір Дәуренбек 112 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

2-ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Сұлтанғали Санура 143 10
2 Өтепбергенова Асылзат 172 10
3 Төлеп Наргиз 15 10
4 Тыныштықбай Заманбек 253 10
5 Бекназар Лаура 112 10
6 Төлеумұрат Данаби 211 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

3-ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Рысбай Аружан 6 10
2 Нұрғали Меруерт 268 10
3 Шүкір Әлия 12 10
4 Әлиакбар Айзат 261 10
5 Тұрсынтай Тұрар 144 10
6 Аманжан Арайлым 5 9

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1ші айлық Мектебі Сыныбы
1      
2      
3      
4      
5      
6      

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

4ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Дәуленов Дінмұханбет Мұрагер 9
2 Аманжолова Аружан 176 10
3 Әбілтаева Жәния 187 10
4 Абдулла Нұрдана 140  
5 Ержан Рамазан 120 9
6 Әлмахан Сандуғаш 112 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

5ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Садық Нұрсадық 173 10
2 Елікбай Елдос 253 10
3 Әбіләкім Дәулет 197 9
4 Оразбек Нұрай 222 9
5 Байзақ Маржан 128  
6 Талапбек Аружан 257 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

6шы апталық Мектебі Сыныбы
1 Рзақұл Нұрайым 268 9
2 Шайзада Қайыржан 233 9
3 Зиятбек Ринат 12 10
4 Есет Азамат 144 9
5 Алданыш Мадина 112 10
6 Қожатай Балдырған 215 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

2ші айлық Мектебі Сыныбы
1      
2      
3      
4      
5      
6      

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

7ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Мейрамбек Гүлфайруз 173 9
2 Асылбекұлы Абылайхан 218  
3 Жақсыбек Нұрай 136 9
4 Назар Нұрсұлтан 144 10
5 Жалғасбай Қалыбай 23 10
6 Хали Қымбат 143 9

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

8ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Әбдір Дәулет 112 10
2 Мұқанғали Әмірхан 136 10
3 Күнсігіров Әнуарбек 120 9
4 Болат Мақсат 9 9
5 Әбдіжаппар Бибінұр 268 9
6 Оңдасынов Бексұлтан 4 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

9шы апталық Мектебі Сыныбы
1 Орынбаева Бибігүл 233 9
2 Арғынбек Нұрайлым 257 9
3 Қадірәлі Айша 101 10
4 Қайрат Ақайдын 264 9
5 Жанәбіл Мейіржан 176 10
6 Ермекбай Жамал 136 10

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

3ші айлық Мектебі Сыныбы
1      
2      
3      
4      
5      
6      

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Ақтық мәре Мектебі Сыныбы
1      
2      
3      
4      
5      
6      

\r\n \r\n\r\n Құрметті, сайысқа қатысушылар!\r\n\r\nСайыс туралы қосымша ақпараттарды төмендегі байланыс номерлерінен ала аласыздар!\r\nӘкімбек Әлібек 87021218231\r\nӘліби Көшербай 87756486635

Стандартты функциялар

0

Стандартты функциялар\r\n\r\n \r\n\r\nORD (Х)                                                       х-тің реттік номері\r\n\r\nTRUNC (Х)                                                  х-тің бүтін бөлігін шығару\r\n\r\nROUND (Х)                                                 х-ті бүтін санға дейін дөңгелетіп шығару\r\n\r\nRANDOM (Х)                                              кездейсоқ сан шығару\r\n\r\nPRED (Х                                                       х-тің алдыңғы мәні\r\n\r\nSUCC (Х)                                                     х-тің келесі мәні\r\n\r\nTNC (Х)                                                        х-тің үлкеюі\r\n\r\nDEC (Х)                                                        х-тің кемуі\r\n\r\nEOF (Х)                                                        файлдың соңын анықтау\r\n\r\nTRUE – егер F файлы файлдың соңы күйінде болса\r\n\r\nFALSE – егер файлдың соңы болмаса\r\n\r\nEOLN(F)                                                       қатардың соңн анықтау\r\n\r\nTRUE – егер F файлы қатардың соңы күйінде болса\r\n\r\nFALSE – егер қатардың соңы болмаса\r\n\r\nEOLN TRUE – егер ENTER клавишасы басылса\r\n\r\nFALSE — егер ENTER клавишасы басылмаса\r\n\r\nAND                                                              және\r\n\r\nDR                                                                 немесе\r\n\r\nNOT                                                              емес\r\n\r\nNTL                                                               бос сілтеме\r\n\r\nPROGRAM                                                  тақырып жазу\r\n\r\nCONST                                                         тұрақтыларды сипаттау\r\n\r\nLABEL                                                         таңба (белгі) қою\r\n\r\nTYPE                                                             типтерді сипаттау\r\n\r\nVAR                                                              айнымалыларды сипаттау\r\n\r\nBEGIN … END                                           операторлық жақшалар (блоктың басы, соңы)\r\n\r\nREAD                                                           айнымалылар мәндерін енгізу\r\n\r\nWRITE                                                          нәтижелерді көрсету\r\n\r\nIF…THEN…ELSE                                       шартты тексеру операторы\r\n\r\nCASE…OF                                                   таңдау операторы\r\n\r\nGOTO                                                           шартсыз көшу операторы\r\n\r\nFOR…TO…DO                                           арифметикалық цикл\r\n\r\nREPEAT…UNTIL                                       шартты соңынан тексеру циклі\r\n\r\nWHILE…DO                                                           шартты алдын-ала тексеру циклі\r\n\r\nARRAY                                                        массивті сипаттау\r\n\r\nPROCEDURE                                              процедура\r\n\r\nFUNCTION                                                  функция\r\n\r\nRECORD                                                      жазу\r\n\r\nSET                                                                жиын\r\n\r\nUNIT                                                             модуль\r\n\r\n \r\n\r\nProgram P1;\r\n\r\nUses crt;\r\n\r\nVar a,b,c: Integer;\r\n\r\nbegin\r\n\r\nclrscr;\r\n\r\nWrite in (‘a,b мәнін еңгіз’);\r\n\r\nReadln (a,b);\r\n\r\nc: = (a-2-b) – a-2*b) + 7) / (a-2+b)\r\n\r\nWrite in (‘c=’;c:b:2);\r\n\r\nReadln;\r\n\r\nEnd.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nProgram P1;\r\n\r\nUses crt;\r\n\r\nVar d,a,b,c: Reat;\r\n\r\nbegin\r\n\r\nclrscr;\r\n\r\nWrite in (‘a,b – manin engiz’);\r\n\r\nReadln (a,b);\r\n\r\nd:=a-2+b\r\n\r\nc: = (d*d+7’) / d\r\n\r\nWrite in (‘c=’;c:b:2);\r\n\r\nReadln;\r\n\r\nEnd.\r\n\r\n \r\n\r\nСтандарттық функциялар\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Математикалық функция Стандартты функциялар\r\n\r\nTurbo Pascal
(x)\r\n\r\n \r\n\r\nln(x)\r\n\r\nчисло пи. П\r\n\r\nsin(x)\r\n\r\ncos(x)\r\n\r\narc tg(x) sqr(x)\r\n\r\n \r\n\r\nsqrt(x)\r\n\r\nabs(x)\r\n\r\nexp(x)\r\n\r\nln(x)\r\n\r\nPi\r\n\r\nsin(x)\r\n\r\ncos(x)\r\n\r\narc tag(x)

\r\n 

ҰБТ: дайындық жоспары

0

Ұлттық бірыңғай тестілеуден сәтті өткен еліміздегі ЖОО студенттері ҰБТ-ға дайындалу жоспарларымен бөлісті.

ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАРЫ:

1. Дайындық орнын әзірле: үстел үстінен артық заттарды жинастыр, керек заттарыңды (кітап, дәптер, қаламсап, т.б) жаныңа әкеліп қой. Бөлмеде сары немесе күлгін түсті жиһаздарды орналастырған жөн. Олар адамның интеллектуалдық ойлау қабілетін жетілдіреді.

2. Өзіңнің «бозторғай» немесе «үкінің» қайсысына жататыныңды анықтап ал. Соған байланысты таңғы немесе кешкі уақытты пайдалануға тырыс. Әр күнге қай тақырыпты меңгеретініңді жоспарла. (Мысалы, әр күнде 2 тақырыптан) «Қай тақырыпты оқимын» деп емес, қай пәнді, қай тақырыпты қарайтыныңды біліп барып, дайындықты баста. Ең бірінші өзіңе қиын пәннен дайындалуды бастаған дұрыс. Ми сергек кезінде жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Бұл әдіс сен үшін тиімсіз болса, дайындықты қызықты әрі өзіңе жағымды пәннен баста. Келе-келе ақырындап, қиын пәндерге ауысасың. Бірақ, ҰБТ-да жоғары бал жинаған түлектердің тәжірибесінде тапсырмаларды қиыннан- ауырға қарай жүргізу әдісі жиірек кездеседі.

3. Дайындық пен демалысты кезектестір. Мысалы, 40 минут сабақ оқысаң, 10 минут миыңды тынықтыр: гүлге су құй, жағымды мелодия тыңда, жаттығу жаса, т.б. Бірден бүкіл кітапты қарап шығып, бәрін бірден жаттап алуға жүгірме. Сен үшін тиімдісі, оқыған мәліметіңнен түсінгеніңді қысқа- нұсқа етіп дәптерге жазып ал. Және әр пәннің дайындығына 1 дәптер арна, қажетті ақпараттың барлығын сол дәтерге жаз.

4. Тест орындаудан қашпа. Әр күнгі дайындығыңның соңын  әр пәннен аз дегенде 5 сұрақ тест жаттаумен аяқта. Және тест шешу жылдамдығыңды секундомермен өлше.

5. Тестке дайындық кезінде сұрақтардың қиындығын емес, өзіңнің жетістікке жетіп тұрған сәттеріңді ойла.

6. Дайындығыңның уақыты тұрақты болсын. Сонда организмің де сол уақытқа үйреніп, күні бойы сергек жүруіңе септігін тигізеді.

7. Қиын болмаса, таңертең жүгіруге тырыс. Ол мидың сергек болуына көмектеседі.

ҰБТ-ҒА 1 КҮН ҚАЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1. Көптеген түлектер ҰБТ-ға 1 күн қалғанда түні бойы кітап ақтарумен болады. Ол — үлкен қателік! Сен олай істеме. Барлық оқығандарыңды күндіз көзіңмен бір шолып өт (оқыма! Жай ғана шолып өт).

2. Кешке қарай ойыңды бөлуге тырыс: душ қабылда, серуендеп кел.

3. Ертерек киімдеріңді даярла.

4. ҰБТ-ға қажетті құжаттарыңды дайында. Ол кезде саған тестке кіру туралы рұқсатнама қағазы, жеке куәлік және бірнеше қара қаламсап керек.

ҰБТ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  1. Ертерек тұрып, тестілеу орталығына ерте бар.
  1. Тестілеуді өткізу жөніндегі хабарландыруды мұқият тыңда.
  1. Комиссиялардың айтуы бойынша бланкті толтырып ал.
  1. Тестің өту ережесі түсінікті болса, бар назарыңды тапсырмаларға аудар. Ең бірінші өзіңнің тапсырмаларыңды орында. 
  1. Уақытты алдын-ала жоспарлай біл. Жауабын білмейтін сұрақтарың болса, қалдырып кет. Кейін қайтып ораласың. ҰБТ-дан құлаған түлектердің ең көп жіберетін қателігі сол- уақытты тиімді пайдалана алмау.
  1. Өз мүмкіндігіңе байланысты қимылда. Ешқашан тәжірибеңде жоқ нәрсе істеме. Дайындық кезінде тапсырмаларды ауырдан – жеңілге қарай орындасаң немесе жеңілден-ауырға қарай жылжысаң, ҰБТ кезінде де дәл сол тәсілді пайдалан.
  1. Тапсырманы аяғына дейін оқып, түсініп ал! Тест кезіндегі асығыстық – оп-оңай сұрақтардың жауабынан да сүрінуге әкеліп соғуы мүмкін.
  1. Алдыңғы орындаған тапсырмаң туралы ойлама: мейлі ол оңтайлы шешілсе де, мейлі жауабын таба алмасаң да. Бір сұрақтың тапсырмасы екінші сұрақтың тапсырмасын орындауға зиянын тигізбеуі керек.
  1. Жауаптарды шығарып тастауды үйрен. Жауабын табу үшін сұрақтан-жауапқа қарай ғана бағыттамай, жауабын сұрақтың берілгеніне қойып, сәйкестендіру арқылы да табуға болады.
  2. Тексер! Барлық тапсырманы орындап біткеннен кейін, алдыңғы тапсырмаларыңды тексеруді ұмытпа!
  3. Ешбір сұрақты жауабын белгілеместен қалдырма. Ойыңнан болса да бір нұсқаны белгіле. 

 

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 

 Дайындаған: Әсел Сарқыт

\r\n

Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойланбақ!

0

 ҚазАқпарат — Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандық құрған кезден \r\n\r\nбасталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесу барысында айтты. Н.Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты.\r\n\r\n«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз — бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», — деді Қазақстан Президенті.\r\n\r\n Дерек көзі: ҚазАқпарат

Топырақ. Топырақтың адамзат үшін маңызы

0

Топырақтың адамзат үшін маңызы\r\n\r\n Жоспар:\r\n\r\nІ. Кіріспе\r\n\r\n ІІ. Негізгі бөлім\r\n

    \r\n

  1. Топырақтың адамзат үшін маңызды.
  2. \r\n

  3. Адам топырақты түзуші фактор ретінде.
  4. \r\n

  5. Топырақ географиясы және егіншілік.
  6. \r\n

  7. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.
  8. \r\n

\r\n ІІІ. Қорытынды\r\n\r\nІV. Пайдаланған әдебиеттер\r\n\r\n Аннотация\r\n\r\n Мен жазған курстық жұмысымның тақырыбы:\r\n\r\n«Топырақтың адамзат үшін маңызы»\r\n\r\nжұмыс 3 бөлімнен тұрады.\r\n\r\n Бірінші – кіріспе бөлімінді адамзаттың топырақты игеруі, оны егіншілікке пайдалана білуі.\r\n\r\n Екінші – негізгі бөлімінде топырақтың егіншілік пайдалану, топырақтың пайдалы қазбалардыіздеудегі маңызы және топырақтың түрлеріне байланысты олардың құнарлығының әртүрлі болуы туралы жаздым.\r\n\r\n Үшінші бөлім – Қорытынды бөлімінде қазіргі уақытта топырақтың құнарсыздануы.\r\n\r\n Топырақ құнарлығы қабілетін арттыратын әртүрлі тыңайтқыштар туралы жаздым.\r\n\r\n Кіріспе\r\n\r\n Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.\r\n\r\nАдамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.\r\n\r\nҚазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.\r\n\r\n \r\n\r\nТопырақтың адамзат үшін маңызды.\r\n\r\nТопырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.\r\n\r\n         Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.\r\n\r\n         Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.\r\n\r\n         Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.\r\n\r\n         Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.\r\n\r\n         Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.\r\n\r\n \r\n\r\nТопырақ құнарлығы.\r\n\r\nТопырақ еңбек құралы және өнімі ретінде.\r\n\r\n \r\n\r\nТопырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.\r\n\r\n         Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің түсім көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты.\r\n\r\n         Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.\r\n\r\n         Табиғи топырақ құнарлығынан көрсеткіштері – аудан бірлігіндегі жылдық өсімдіктердің үстеме өсуі:\r\n\r\nТундра үшін 10-25ц/га\r\n\r\nГүлді және шым гүлді топырақ 45-85\r\n\r\nҚара топырақты жер 90-137\r\n\r\nКаштан топырақтар 40\r\n\r\nСұр-қоңыр топырақтар 12\r\n\r\nТропикалық саваннаның\r\n\r\nқызыл және сары топырақтары 120\r\n\r\nЫлғал тропиктердің қызыл\r\n\r\nжәне сары топырақтары 325.\r\n\r\n         Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.\r\n\r\n         Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.\r\n\r\n         Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б.\r\n\r\n         Құнарлығы немен анықталады?\r\n\r\n         өсідіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар блокы тиіс:\r\n

    \r\n

  1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.
  2. \r\n

  3. Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс.
  4. \r\n

  5. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс.
  6. \r\n

  7. Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа – су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.
  8. \r\n

  9. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс.
  10. \r\n

\r\n         Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н.П.Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.\r\n\r\n         Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.\r\n\r\n         Қара топырақтың жыртылатын горизонтындағы қоректік элементтердің жалпы қоры, 1 га шақанда Н.П.Ремезв бойынша 1952ж.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Элементтер Мөлшер Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады

\r\n \r\n\r\n         Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.\r\n\r\n         Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.\r\n\r\n         Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.\r\n\r\n         Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.\r\n\r\n          Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% — ке кеміген, келесі 20 жылда 10% — ке,\r\n\r\nкелесі 20 жылда 7% — кеміген.\r\n\r\n         Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш қолдану ауылшаруашылығы дақылдары түсімін және жер құнарлылығын көтеретін маңызды тәсіл болып табылады.\r\n\r\n         Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық айналымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді.\r\n\r\nОрганикалық минерал тыңайтқыштар қосумен қатар соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі.\r\n\r\nМысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.\r\n\r\nАуылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.\r\n\r\nОлардың болмауы немесе аз болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі.\r\n\r\nТопырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп кездеседі. (Өңдеу сырқаты деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген.\r\n\r\nЖезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, марганец,молибден және сирек кезесетін элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды.\r\n\r\nМикроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде)артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі әсер етеді.\r\n\r\nКобалаттің топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариді (себебі, белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған әсер етпейді.\r\n\r\nҰсақ және ірі мүйізді малдың бұл ауруы – акобалатоз деп аталады, ол СНГ, Шотландия, Австралия және т.б. елдерде таралған. Мал шаруашылығына белгілі әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы.\r\n\r\nСу өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен роль атқарады. Түрлі өсімдік дәндері жарылуы үшін түрлі су мөлшері керек:\r\n\r\nБидай үшін – салмағының 45% қызылша үшін — 120% керек. Түрлі мәдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де әр түрлі және 200 ден 1000 т-ға дейін өзгереді.\r\n\r\nМысалы: бидай тоннасына – 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су формасын ғана яғни гравитациялық сініліп байланған суды космос күштері кері тарта алмайды.\r\n\r\nСондықтан сінірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2% — ке дейін азаяды.\r\n\r\nТопырақ ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына әкеледі.\r\n\r\nСондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті қылу оны құрғаудан сақтайтын тиімді шара болып табылады.\r\n\r\nҚуаңшылық аудандарда судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі шаралар жасалады, беткі су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру.\r\n\r\nТопырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор. Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэробты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.\r\n\r\nОттегі күрделі өсімдіктер тамыры үшін қажет. Тығыз топырақтағы газ алмасудың қиындауы, топырақ ауасында көмір қышқылының жинақталуы, топырақ артық ылғалданғанда оттегінің жетіспеуі өсімдіктің өсін тежейді.\r\n\r\nН.П.Рмезов (1963 жыл) пікірінше оттегі топырақтың барлық көлемінің 8-12% — і болса, топырақ ауасы өсімдіктер үшін қолайсыз әсерін тигізеді, ал оттегі құрамы 5% -тен кем болса, өсімдіктердің көп бөлігі өледі.\r\n\r\nТопырақтың оттегімен қамтылуы және газ алмасу деңгейін ұстау топырақ құрылмына тәуелді, ол тамыр қабатының тереңдігін анықтайды, ылғалдың топырақтағы шығынын және бөлінуін реттейді, өсімдіктердің қорек режимін реттейді.\r\n\r\nТопырақтың жақсы құрылымды өсімдіктер құлыпты өсуін қажетті шартты болып табылады. Жыртылатын горизонттың онтайлы құрылымы болып есептелетін – ұсақ кесекті түйірлі суға берік құрылым. Топырақ құнарлығына теріс әсер ететін тұздар құрамының көбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы өсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді:\r\n

    \r\n

  1. Өсімдік клеткасына су келуі нашарлап, бұзылады, себебі топырақ ерітіндсіндегі осмос қысымы өсімдік клеткасы протоплазмасындағдан жоғары.
  2. \r\n

  3. Ассимиляция және газ алмасу процестері бұзылады. В.А.Ховда зерттеуі бойынша, сортаңдау жағдайында өсімдіктерге магнии, натридің хлорлы тұздары көптеп сіңіп, маңызды химиялық элементтер – кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше есе кемиді. Тез еріген тұздар өсімдіктің жасыл бөлігінде жинақталып, фотосинтез процесін әлсіретеді. Ақырында өсімдік дамудан қалады.
  4. \r\n

  5. Сортаңдалу әсерінен өсімдік анатомиясында күрделі өзгерістер болады. Тамыр қуысы тарылады, қабыршақ қабырғалары қалыңдайды, нәтижесінде өсімдік қурайды.
  6. \r\n

\r\nТопырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен күрес, сор топырақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды мәселесі болып табылады.\r\n\r\nТопырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімі құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады:\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Табиғи құнарлылық

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Тиімді  Әлеуметті

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Жасанды тиімді құнарлылық

\r\n \r\n\r\nҒылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды құнарлылық арта түседі. Тиімді құнарлылық адамзат қоғаының дауына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дауына байланысты.\r\n\r\nӨткен ғасырда «кемуші құнарлық заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.\r\n\r\nМұндай тәжірибелер басқа да өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі басқа да факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.\r\n\r\nТәжірибе нәтижесін өндіріске енгізіп, кейбір зерттеушілер жансақ пікірге: топырақты өңдеп пайдаланған сайын топырақ құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған.\r\n\r\nВ.Р.Вильямс осындай тәжірибелердің ғылыми негізсіздігін дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік қателік бар фактодың өсімдік тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені бірнеше фактор мен өткізсе, өнім өсе түсетіні дәлелденді.\r\n\r\n \r\n\r\nАдам топырақты түзуші фактор ретінде.\r\n\r\n В.В.Докучаев деректері бойынша топырақты құраушы, оның қалыптасуына қатысушы барлық факторлар ішінде, топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек адамзат қоғамы ғана. Адамның табиғатты өзгерту процесі топыраққа тарайды. Бұл адамзат дамуның деңгейіне байланысты.\r\n\r\nЖер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесі – тыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады.\r\n\r\nБірте – бірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша жерді пар айдап пайдалану екі және үш ауыспалы геіс қолданылады. Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы төмен деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты.\r\n\r\nҚазіргі егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді, топырақты азотқа байыту үшін ауыспалы бұршақ тұқымдас шөп егуді қолданады.\r\n\r\nЖеді мелнорациялау шаралары: құрғату, суландыру, эрозияға қарсы шаралар т.б. қолданылады. Топырақ өндіріс құралы ғана емес, еңбек өнімі де болады. Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге болады.\r\n\r\nОсыларға Қырымдағы жүзім өсіруге екі мың жыл бойы пайдаланып келе жатқан плантаждалған топырақтар, Орта Азияның ежелгі суармалы жазиралары жатады.\r\n\r\n \r\n\r\nТопырақ георафиясы және егіншілік\r\n\r\nЕгіншілік те ерекше географиялық жағдайда жүзеге асады. В.В.Докучаев ілімінше топырақ түзуші факторлардың өзара әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара әрекеттесудің бұзылуытың тың жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ режимін күрт бұзып, оның қасиеттерін өзгетеді.\r\n\r\nСондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиға жағдайда пайдалы шаралар, басқа жағдайларда қолдануға келмейді. В.Р.Вильямс шөп егумен қатар жұргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың құрылымы мен азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа шөп түрлерін егеді.\r\n\r\nЕгіншілікті шөп өсірумен қатарластыру тек қара емес топырақты орталыққа пайдалы екені дәлелденуі КСРО аумағының тундрат аймағында егіншілік сирек тұстарда қолданылады. Тайга орманы аймағының оңтүстік жартысы егіншлікке пайдалы, түгелге жақын жыртылған.\r\n\r\nЕгіншіліктің ең көп тараған жері орманды далалық және далаолық аймақтар. Құрғақ дала мен далаларда егіншілік ауданы тағы да қысқарады. Бұл жерде таңдаулы тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.\r\n\r\nЕгіншіліктің таралуы топырақ табиғи жадаға ғана емес, оның мамандандандырылуына байланысты орманды дала, кейде құрғақ дала аймағында дәнді дақылдар өсіріледі.\r\n\r\nМақта егінілігі Орта Азияның сұр топырақты жерлерінде дамыған. Кендір дақылын өсіру – шым топырақты күлді топырақты жерлерде дамыған.\r\n\r\nТопырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаалар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Табиғи аймақтар Топырақтар Тыңайтқыш әсері
Орманды Күлді және шым-күл топырақты жерлер Жоғары. әк (известь)
Орманды-далалық Сұр орманды, күларалас, негіз аралас қара топырақ Жоғары. Фосфорит қосылған аймақ
Далалық Типтес, кәдімгі, оңтүстік Орташа. Көбіне топырақ
  және шабындық – қара топырақты жерлер тұрақсыз және жеткіліксіз ылғалданады
Құрғақ Каштан Әлсіз. Қуаңшылық жағдай
Шөл дала Сұр топырақтар Күшті. Суармалы егіншілік

\r\n \r\n\r\nЕгіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек. Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта георафиялық жұмыстар маңыға ие болып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nТопырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршіләік салалары үшін маңызы\r\n\r\nТопырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор.\r\n\r\nТопырақ көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Ірі совет ғалымы-медик, географ А.И.Павловский зерттеулері бойынша табиғатта жұқпалы және паразиттік аурулар «ошактары» бар.\r\n\r\nБұл ошактар ауру тудырушылардың тіршілік етуіне қолайлы орта. Сондай орта – топырақ болып саналады. Мысалы: гистоплазмоз тудырушы грибоктар тек қызыл-сары күл топырақты жылы климатты аймақта жақсы дамиды да, басқа топырақта дамымайды.\r\n\r\nИндияда соңғы кезге дейін холера (тырысқақ) ауруы сақталып келді. Оның кең тарап, адам өліміне жие әкелетінтарауы аймағы – гидроморфы топырақты (аллювиал, атыраулық, батпақты) аймақ холера дамуына өте қолайлы.\r\n\r\nТопырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады.\r\n\r\nАдам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.\r\n\r\nАдамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпейқоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі.\r\n\r\nӘсіресе, өмірлік маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді.\r\n\r\nМұндай аурулар эндемиялық деп аталады. өсімдіктер мен жнуарлар арасында ауытқулар болатын аумақты А.П.Виноградов биогеохимиялық провинция деп атаған. Шаруашылықты жоспарлы түрде дұргізгенде эндемиялық ауруларды жоюға болады. Мысалы: топырағында йод жетіспейтін таулы аудандарда ас тұзына әдейі йод араластыру арқылы зобтың ауыр түрлері жойылады.\r\n\r\n \r\n\r\n Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.\r\n\r\n Топырақта болып жатқан процестерді зерттеу гоехимиялық іздеу әдістерін жетілдіру үшін маңызды. Бұл әдістер халық шаруашылығының минерал шикізатқа мұқтаждығына байланысты ерекше мәнге ие.\r\n\r\nМинерал шикізат жер қойнауының терең не тайыз тереңдігінде жатқандықтан, ғылымдар геохимиялық әдістерді дайындап, топырақты зерттеп, пайдалы қазба кен орнының бар жоғын анықтайтын арнайы аппараттар ойлап шығаруда.\r\n\r\nМысалы, топырақ ауасын зерттеп мұнай-газ жиналуын, радиоактивті элементтер қорын анықтауға болады. Осындай іздеу әдістерін дайындау үшін, топырақта жүретін процестерді жақсы білу қажет. Сондықтан бұл салада топырақ танушылар да үлкен қызмет етеді.\r\n\r\n30-жылдарда геохимиктер металл рудасы кен орындарының айналасында руда элементтері шашырап кездесетінін ашқан. Қай жердің топырағында осы металл құрамы көптеп кездессе, сол жерде кен орны бар екені анықталған. Бұл әдіс металлометрия деп аталады. Бұл әдіс әлем елдерінде пайдаланылады.\r\n\r\nКөптеген геологтар экспедициялары металлометриялық сынақтар алып, лабораторияда арнайы анализден өткізіледі. Алынған нәтижелерді математикалық есептеп, картаға түсіреді және химиялық элементтің кен орнын табуға қолданады.\r\n\r\nМеталломертиялық жұмыстарды дұрыс жүргізіп, нәтижесін қатесіз талдап, түсіну үшін сынақ алынған топырақтың ерекшелігін білу керек. Жер қыртысы түзілген химиялық эементтер топырақ профилі бойынша заңды түрде таралып орналасады.\r\n\r\nКейбір топырақ горизонтында олар жайылып ағып кетеді не ағып кетеді. Түрлі топырата бұл түрлішеболады. Егер олардың таралу ауданын сынақты топырақ профилі құрылысын ескермей қалса, алынған сынақ үлгісінде тек измус горизонтының сынағы кем болады, ал онда кен орнына байланыссыз – ақ металл құрамы жоғары болады.\r\n\r\nСонымен қатар кен орнына жақын жерден алынған топырақта руда элементтері сумен шайылып кетіп, сынақта металл мөлшері аз болуы да мүмкін, нәтижесінде алынған деректер геологтарды шатастыруы мүмкін.\r\n\r\nБұдан да анық деректерді топырақтың түрлі фракциялары мен сығындыларын тадау кезінде алуға болады. Сіңірілген катион анализін геохимиялық іздеу үшін пайдалану әрекеті болған.\r\n\r\nЖер қыртысы түзілу процестері топырақтың беткі жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді. Сондықтан аэродром, автомагристраль, теміржолдар салу үшін инженерлік ізденістер жүргізген кезде кейбір жер қыртысын түзуші процестердің топырақтың құрылыстық сипаттамасына әсер етуін бағалау өте үлкен маңызыға ие болып отыр.\r\n\r\n Қорытынды.\r\n\r\nТақырыбымды қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса берген жөн. Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.\r\n\r\nТопырақтың құрамында тыңайтқыштың үш түрі болады. Органикалық, минералды және бактериялық тыңайтқыштар. Оларды кез келген жерге пайдаланбай топырақта қай түрі жетіспесе соны пайдаланған жөн. Мұның көп пайдасы бар. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамассыз ету қабілетін айтады. әр табиғат зонасында топырақтың құнарлығы әр түрлі.\r\n\r\nҚара топырақ — ең құнарлы топырақ. Ол орман және орманды дала зонаснда орналасқа. Топрақтың құрамы сол жердің табиғатына, яғни, өсімдіктің, жан-жануарлар дүнисіне күннің түсуіне тікелей байланысты. Топырақтың құрамында қара шірік көп болса, ол құнарлы топырақ болып саналады. Біздің Атырау облысы шөл және шөлейт зонада орналасқан. Топырағының құнарлығы өте төмен.\r\n\r\nЕліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев 2003-05 жылыдарды ауыл жылы деп атады, бұл әрине ауылшаруашылығын көтеру деген сөз. Қазір жерге де көңіл бөлінуде. Осындай игілікті стер осы жылдан әрі қарай өз жалғасын табады деген үміттемін. \r\n\r\n Әдебиеттер:\r\n\r\n 1.«Земледение с основами почвовединие и агрохимии»\r\n

    \r\n

  1. А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова
  2. \r\n

\r\n«Земледение с почвоведеним»\r\n

    \r\n

  1. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана»
  2. \r\n

  3. В. В. Добролький География почвы»
  4. \r\n

  5. Х. П. Миримонян «Почведение»
  6. \r\n

  7. «Общее земледения с почвоведеним»
  8. \r\n

  9. М. Құспанов «Топырақ, өсімдік, тыңайтқыш»
  10. \r\n

  11. Н. А. Димо «Шөлейт облыстарда»
  12. \r\n

  13. Н. А. Каинский «Топырақ, оның қасиеттері және тіршілік» 1959 ж.
  14. \r\n

Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы. Психологиялық аспектілер

0

Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы.\r\n\r\n Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.\r\n\r\nТанымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.\r\n\r\nТанымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.\r\n\r\nҚұл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.\r\n\r\nБұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады.\r\n\r\nКейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.\r\n\r\nДемек, антикалық дәуiрдiң өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой – тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.\r\n\r\nОрта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.\r\n\r\nЖалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.\r\n\r\nОқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.\r\n\r\nҚайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой – өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға «о дүниеге» дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой – өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.\r\n\r\nОқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.\r\n\r\nҚайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», — деп жазған болатын.\r\n\r\nДемек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту идеялары айтылған.\r\n\r\nМонтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.\r\n\r\nТанымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды.\r\n\r\n«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», — деген болатын.\r\n\r\nКоменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», — деп ерекше атап өттi.\r\n\r\nЯ.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн                   Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.\r\n\r\nЖ.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен  өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.\r\n\r\nЖ.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.\r\n\r\nХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.\r\n\r\nИ.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.\r\n\r\nҚазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.\r\n\r\nКөп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi  жақсы болады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл  жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге  басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.\r\n\r\nӘртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», — дейдi.\r\n\r\nЖалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.\r\n\r\nМәселен, С.Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу – тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:\r\n\r\n- психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;\r\n\r\n- денелiк дамуға – дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;\r\n\r\n- рухани дамуға — оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;\r\n\r\n- әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;\r\n\r\n- жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, — деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк – эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.\r\n\r\nАл, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды «қиын балалар» етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың мiнез – құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне тоқталады.\r\n\r\nКөпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың  бiр ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт – дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып көрсетедi.\r\n\r\nҚоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен  өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын орнының маңызы зор екенiне тоқталады.\r\n\r\nХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн негiзге ала отырып тұжырымдайды.\r\n\r\nАл, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның еңбектерi арналған.\r\n\r\nБiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, «Тарих тағылымдары» атты бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтардың мүмкiндiктерiн негiзге  алдық.\r\n\r\nБастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми – теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.\r\n\r\nСонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi.\r\n\r\nТарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндықтарын қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн көп жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы менталитетiне жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойындағы құндылықтарды дамытудағы ықпалы мол. Көп жылдық тәжiрибе барысында қоршаған ортаның бастауыш сынып оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк.  Зерттеу барысында әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл – күйiне сыртқы қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк – зерттеу жұмысында айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым – қатынаста болу арқылы табиғаттың небiр қыр сырын түсiнуге мүмкiндiк алады [2].\r\n\r\nТәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.\r\n\r\nПсихологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:\r\n\r\n-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.);\r\n

    \r\n

  • психологиялық (Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов т.б.);
  • \r\n

  • педагогикалық (Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.).
  • \r\n

\r\nБиологиялық аспект – белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама – қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.\r\n\r\nПсихологиялық аспект — тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.\r\n\r\nС.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:\r\n\r\n- объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,\r\n\r\n- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,\r\n\r\n- тапсырмаларды қою,\r\n\r\n- iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы,\r\n\r\n- мәселенi шешуге бағытталуы.\r\n\r\nПрактикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.\r\n\r\nӘлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен  байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.\r\n\r\nБұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс — әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады (Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке  тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.\r\n\r\nБелсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.\r\n\r\nПедагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:\r\n

    \r\n

  • белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi
  • \r\n

  • белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
  • \r\n

  • Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты – объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу – орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.
  • \r\n

\r\nРепродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.\r\n\r\nПедагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.\r\n\r\nАқыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:\r\n\r\n- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы – зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;\r\n

    \r\n

  • интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.
  • \r\n

\r\nАқыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi —  белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.\r\n\r\nИнтелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.\r\n\r\nТанымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.\r\n\r\nТанымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады.  Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:\r\n

    \r\n

  • Адам зейiнiнiң белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин, Т. Рибо).
  • \r\n

  • Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).
  • \r\n

  • Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
  • \r\n

  • Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).
  • \r\n

  • Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).
  • \r\n

  • Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
  • \r\n

  • Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов).
  • \r\n

  • Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
  • \r\n

  • Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).
  • \r\n

\r\nТанымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.  танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен  таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы  таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде  танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.\r\n\r\nБалалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi\r\n\r\n \r\n\r\n 

Радиоактивтіктің ашылуы. Радиоактивтілік

0

Радиоактивтіктің ашылуы\r\n\r\nАтом ядросы және элементар бөлшектер деген сөз физика курсында әлденеше рет қайталанады. Атом ядросының өзi элементар бөлшектерден тұрады.\r\n\r\nФизиканың атом ядроларының кұрылысы мен турленуi зерттелетiн бөлiмi ядролық физика деп аталады.\r\n\r\nРадиокактивтіктің ашылуы\r\n\r\nАтомдардың тұрақты еместiгi ХIХ ғасырдың ақырында ашылғанды. 46 жыл өткен соң ядролык реактор жасалды. Бiз атом ядросы физикасының тарихи ретпен жедел дамып келе жатқанын көрiп отырамыз.\r\n\r\nР а д и о а к т и в т i к т i ң — атом ядросының күрделi құрлысын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Өздерің бiлетiндей, рентген сәулелерi алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтiктiң шыны ыдысының кабырғаларының соқтығысуынан алынған-ды. Олармен бiр мезгiлде түтiк қабырғаларының жарық шығаруы байкалған. Б е к к е р е л ь ұзақ уақыт осы тектес құбылысты — алдын ала күн жарығына сәулелендiрiлген заттардың соңынан сәуле шығаруын зерттеумен шұғылданған.\r\n\r\nОның ойында мынадай сұрақ пайда болады: уран тұздарын сәулелендiргеннен кейiн көрiнетiн жарықпен қатар рентген сәулесi де пайда болмай ма екен? Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстiне уран тұзының қиыршықтарын сеуiп, ашық күн сәулесiне койды. Айқындағаннан кейiн пластинаның тұз жатқан бөлiктерi қарайғанын көрген. Ендеше, уран, рентген сәулесi сияқты, мөлдiр емес денелерден өтiп, фотопластинаға әсер ететiн белгiсiз сәуле шығарады екен. Беккерелъ бұл сәуле шығару күн сәулелерiнiң әсерінен пайда болады деп ойлады. Бiрақ 1896 ж. ақпанның бiр күнiнде ауа райы бұлтты болғандықтан, кезектi тәжiрибенi өткiзу сәтi түспедi де, Беккерель үстiне уранның тұзы себiлген мыс крест жатқан пластинаны үстелдiң суырмасына алып койған. Екi күн өткен соң пластинаны алып айқындаған кезде, онда крестiң айқын колеңкесi түрiнде дақ пайда болғанын байқаған. Бұл — уран тұздарының сыртқы факторлардың әсерiнсiз-ақ, өздiгiнен белгiсiз сәуле шығаратынын көрсетедi. Қауырт зерттеулер басталды. Рас, осы сәттi кездейсоқтық, болмаған күнде де, ерте ме, кеш пе радиоактивтi құбылыс ашылған болар едi.\r\n\r\nКешiкпей Беккерель, уран тұздарының шығарған сәулесi, рентген сәулелерi сияқты, ауаны иондайтынын, соның салдарынан электроскоп разрядталатынын байқаған. Уранның түрлiше химиялық қосылыстарын тексерiп көріп, ол мынадай маңызды фактiнi анықтады: сәуле шығарудың интенсивтiгi тек препараттағы уранның мөлшерiмен анықталады, оның қандай қосылыстарға кiретiндiгiне мүлдем тәуелсiз болады. Ендеше, бұл қасиет қосылыстарға тән емес, химиялық элемент уранға, оның атомдарына тең.\r\n\r\nУраннан басқа химиялық элементтердің өздiгiнен сәуле шығаруға қабiлетiн байқауға талпынып көру сөзсiз едi. 1898 ж. Францияда Мария С к л о д о в с к а я – К ю р и және басқа да ғалымдар торийдiң сәуле шығаратынын байқаған. Бұдан әрi жаңа элементтерi iздеуде негiзгi күш салған Мария Склодовская-Кюри мен оның ерi Пьер К ю р и болды. Уран мен торийi бар рудаларды жуйелi түрде зерттеу, олардың iшiнен бұрын белгiсiз, Мария Склодовская-Кюридің отаны — Польшаның құрметiне полоний деп аталған, жаңа элементтi бөлiп алуға мүмкiндiк бердi.\r\n\r\nАқырында өте қуатты сәуле шығаратын тағы бiр элемент ашылды. Ол радий (яғни сәулелi) деп аталды, Өздiгiнен сәуле шығару құбылысының өзiн ерлi-зайыпты Кюрилер радиоактiвтік деп атады.\r\n\r\nРадийдiң салыстырмалы атомның массасы 226-ға тең және Д.И. Менделеев кестесiндегi 88-нөмiрлi торкөзге орналасқан. Кюри ашқанға дейiн бұл торкөз бос болған. Өзiнiц химиялық қасиеттерi бойынша радий сілтiлiк жер элементтерiне жатады.\r\n\r\nСоңынан реттiк нөмiрi 83-тен жоғары химиялық элементтердiң бәрi де радиоактивтi болатындығы анықталды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Орта ғасырлардағы Сығанақ қаласының зерттелу тарихы

0

 \r\n

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ

\r\n

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

\r\n \r\n\r\nҚ. Ахметова, Г. Қылышбаева \r\n

№46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

\r\n \r\n\r\nМақсатым: Қазақстан Республикасы  Президентінің  2004-2006 жылға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи мәдени мұралардың мекенін зерттеп, өз үлесімді қоссам деймін.\r\n\r\nНегізгі зерттеу объектім: \r\n

    \r\n

  1. Қазіргі Сығанақ қаласының орнын көру.
  2. \r\n

  3. Шырақшымен кездесу.
  4. \r\n

  5. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, сұқбаттасу.
  6. \r\n

  7. Суреттерге және бейне таспаға түсіру.
  8. \r\n

  9. Мұражай қорларымен байланыс жасау.
  10. \r\n

  11. «Жанға- шипа, емге- дәру» киелі жер екендігін айта отырып, нақты мысалдарымен дәлелдеу.
  12. \r\n

\r\nСығанақ  орны Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде, Қаратау қыратының оңтүстік батыс  етегімен Сырдария өзенінің жағалаулары 15 шақырым қашықтықтағы Белқар үстіртінде жатыр. Ең алғаш көзге бірден көрінетін үлкен қырат, жал-жал болып үйіліп жатқан ежелгі қаланың  қорғандарының орыны. Қорғанның солтүстік беті жермен жексен болып шөгіп кеткен.\r\n\r\n         Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени  ошағымыздың бірі болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының ал ХІ ғасырдың екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйтқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің  астанасы ХІІ ғасырдың монғол шапқыншылығы, қазақ даласының ойран- топыранын шығарды. Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі- Сығанақ болды. 1219 ж  Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанын қиратады. 100 жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп гүлденеді. Онда талай ошақтарының бірі болған. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ деп аталса, кейін Сығанақ қаласы болып өзгерген. [2]\r\n\r\n         Қазақ жеріндегі моңғол империясының ыдырауына  байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда пайда болды. Солардың бірі ХІІІ ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген  Ақ Орда мемлекеті болды. Ақ Орда Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойынша орналасқан Сығанақ қаласы болды. 1- сызбада көрсетілгендей Ақ Орда аумағы Жошы  ханның екі баласы  Орда Ежен мен Шайбан хандарының жерін қамтыды.\r\n\r\n1219 ж Сығанақ қаласы моңғол шапқыншылығына ұшырайды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы қаланы  шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ Сығанақтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады. Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы жеті күн бойы берілмей, қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын қырып-жойып, қаланың күл -талқанын  шығарады Х ғасырдан бастап  Сығанақ  қаласы қайта салынып, қалпына  келтіріледі. (1- суретте көрсетілген). Қала жандана түседі. Қала біртіндеп Сыр бойындағы саяси эканомикалық орталыққа айналады.\r\n\r\nМонғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның оң жағалауынын Сығанаққа дейінгі аралықтарды қамтиды. Астанасы Сығанақ қаласы болды. [1]\r\n\r\n Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тараған ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген  құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен байланыс жасайды. Ерзен хан кейін Сығанақта қайтыс болып, осында жерленген. Ерзеннен кейін хан  тағына оның ұлы Мүбәрак хан (1327-1361) отырада. Мұның тұсында Сығанақта теңге соғылады. Одан кейін хандық Орыс ханға (1361-1375) тиеді.\r\n\r\n Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, Мамай Ордасын басып алады. XIV  ғасырдың аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған. Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда  тағына Ұрыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ Оғыланды хан етіп қояды. Ақ Орданың келесі ханы бірақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті  жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілхайырға тиеді. Ол  Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орда өмір сүруін тоқтатады. Сөйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары Сығанақ қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. Ақсақ Темір 1405 жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп  қалған Ақ Орда қайтадан бой көтереді. Орыс ханның немересі  Барақ хан 1423-1428 жылдары Ақ Орданы қалпына келтіре бастайды. Біақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Ақ Орданың билігі енді Жошы ханның бесінші  ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж. ж) қолына көшеді.\r\n\r\nӘбілхайыр хан мемлекеттің   құрамына өз кезінде бұрыңғы қағанаттар мен хандықтардың құрамында болған, кейіннен қазақ және өзбек халықтарын құраған көптеген  тайпалар енді- деп жазды. [3]\r\n\r\nОсылай Сығанақ бірде алтын Орда билеушілерінің, бірде ақсақ Темірдің, бірде Ұлықбектің қол астына қараған. Әбілхайыр-өзбек ханы, оның хандығы “Көшпелі өзбектер мемлекеті” деп аталған. Әбілхайыр хан Моғолстанды алам деп аттанып кеткенде, Жәнібек хан Шиелі жақтан келіп Сығанақты басып алады. Әбілхайыр хан ауырып қайтыс болады, сүйегін Созаққа қояды. Жәнібек хан Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа  береді. Сөйтіп, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468ж) болады. [4] Сығанақ халқы отырықшы болған. Онда сауда, қолөнер жақсы дамыған. Қала мәдениеті Тараз, Баласағұн, Шиғу, Сайрам, Отырар шахарларымен қатар қанат жайған. ХІІІ  ғасырға дейін Сырдың шығысында Отырар мен Сығанақта ірі қала болмаған. Олар ислам дінін Х-ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек.\r\n\r\n     Шығыстан келген қара дүлей Моңғол шапқыншылығы 1219 жылы күзінен бастап қала тұрғындарын өз қолына алған. Сонымен 1219 жылы Сығанақ қаласы күйреу жылы болды. Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін яғни 100 жылдай қалпына келе алмады. Қазір Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған  қаласы жатыр.\r\n\r\n XIV ғасырда Сығанақ қаласында Дешті Қыпшақ ұлысының ақша монеттері басылып тұрды. Сығанақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағында сан қилы ғалымдар, ақындар қолбасшылар шыққан. Соның бірі әйгілі ақын жазушы Хисамиддин Әл Сығанақи  “Хихаиа” деген кітабы да, осы Сығанақ қаласында жазылды.[5]\r\n\r\nА. Якубовский зерттеуінде Сырдың төменінде қаланы мәдинетінің туғанын айта келіп, “Билік түрлі тайпалардың қолыда болса да, оның бәрін мұсылман көпестер салған”- деп, тағы бір ұшқары ойдың ұшын шығарыпты. Бір анығы, кез-келген мәдениет сол жерді мекендеген тұрғылықты тайпалардың қолымен жасалып, олардың қоғамдағы даму деңгейін анықтаса керек. [7]\r\n\r\n        1867 жылы П.И.Лерх 1906-1907 жылы И.А.Кастанев ертедегі қала орнында болып, сол жылы Каллаур қала жәдігерлерінің жоспарын жасаған. 1927 жылы А.Ю.Якубовский қала  мұрағаттары мен сунақ мавзолейінің қала орнын сипаттап жазды. [8]   Тарихи деректерде бірде сунақ, бірде Сығанақ деген атпен түскен қала туралы мәліметтер шығыс, батыс жазбаларында ұшырасады.\r\n\r\n    Зерттеу жұмысы нәтижесінде қазіргі Сунақ ата (Сығанақ) жерінен көптеген өрнекті керамикалық бұйымдардың, ыдыстардың қалдықтары табылды. 2-3 суретте көрсетілгендей біз бұл жерде Сығанақ қаласында қыш құмыра үлгілері жақсы дамығанын көре аламыз.\r\n\r\nСығанақты зерттеген археологтардың бірі В.Каллаур (1899) еңбектерінен бірқатар тым әрі қызықты  деректер табамыз. Өзінің “Пратаколы Туркестанского кружка любителей археологии” жинағында жариялаған хабарында ол: “Сунақ-атада ең алдымен күйдірілген қыштан соғылған екі құрылыс назар аудартады. Олар осы жердегі қаламен тұспа-тұс болуға тиіс. Көлемді үлкен құрылыс үш бірдей тіреу есігі бар екі бөлмеден тұрады. Бұл бөлменің ұзындығы мен ені 9  кез”,-деп жазады. [15]\r\n\r\n         В.Каллаур екінші бөлменің астында табыт болғанын анықтаған. Бірақ оны тас басып, бөлме үстіндегі күмбездер қираған екен.  Шырақшы бұл бөлмелердің төбесіне бөрене қойып, қамыспен жауыпты.В.Калаур Сығанақ шахарының тұрғындары туралы да пікір қозғап, онда сунақтардың тұратынын айтқан. Қаланың сунақтар арасында сунақ деген атпен мәлім екенін де айта келіп Каллаур қала қираған кезде олардың Бұлған шахар, кейін Қараспан жағына кетіп, қыпшақтарға бағынғанын жазады. [10]\r\n\r\nМахмұт Қашқари “Сығанақ — оғыздар еліндегі қала” деп, ал Әбілғазының жазбаларында: “Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналсқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты”,-деп жазған. [11]\r\n\r\n     ХІІ ғасырдан бастап Ислам дінін қабыл етті. Араб жазушыларының айтуынша, Сығанақ қаласында тұрған — бір ғана қыпшақ пен  қаңлылар, оларды біріне-бірі айырып болмайды. Сығанақ солардың астанасы. [12] Сығанақ туралы 1867 жылы шахар орнын көрген Лерх 1899 жылы жол жөнекей соғып өткен В.Ю.Якубовский арнайы зерттеу жазып қалдырды. Мұнда бірер тәуліктен ғана аялдаған тарихшы-зерттеушілер қазба жұмыстарын жүргізбесе де, Сығанақ қаласының жұртын, күмбезді құрылыстардың жұрнақтарын көреді.Оларды саралап, өлшеп, суреттеп суретке түсіреді, өрнекті керамикалық бұйымдарын музейге алып кетеді. Бұл кезде жекелеген күмбезді ғимараттардың сұлбасы аман, қорған қабырғалары түгел төбе жиектері бойымен айқын көрініп жатқан уақыт екен. Якубовский қорғанды айнала қадалап өлшеп, 630 сажын екен дейді. Каллаур да солай мөлшерлеп 540 сажын деп мөлшерлейді. Каллаур да, Якубовский де олардың сәл ғана артында көне жол үйінділердің ізі жатқанын айтады. [14]\r\n\r\n Қазіргі Сығанақ қаласының жағдайы. Зерттеу нәтижесі.\r\n\r\n         Қазіргі Сығанақтың солтүстігі 275 метр, солтүстік батысы 175 метр, оңтүстік батысы 190 метр және оңтүстігі 175 метр, ал оңтүстік шығысы 320 метр  өлшемінде. Биіктігі 1,5 метр. Қала 6-7 метр шығыңқы 15 төбешікке айналған және мұнара іздері сақталған (4- сурет). 6- суретте көрсетілгендей қасында Сунақ –Ата  мешіті бар. 6- суретте көрсетілгендей маңайында құрылыс іздері төбе-төбе болып кездеседі. Ертегі қаланың үстіңгі мәдени қабаты керамика сынықтарымен толы екенін көруге болады.(2- сурет)\r\n\r\n1988 жылы және 1996 жылдары ертедегі қаланың солтүстік шығыс қорған дуалы бұрышынан жақын іш жағынан және оның маңында археологиялық барлау қазбалары жүргізілді. Зерттеу жұмысымды қорытындылау мақсатында, ауыл ақсақалдарымен және шырақшы Бақытжан ағаймен кездесіп сұқпаттастым.Ауыл ақсақалдарымен кездесіп сұқбастасқанымда Сығанақ қаласы тұрған жер диқаншылық, жартылай көшпелі мал шаруашылығына қолайлы болғанын, әрі сауда орталығы болғанын баяндады. Қаладан су құбыры пайдаланып егін шаруашылығының күшті дамығанын ерекше айтып берді. Сунақ –Ата – “Сунаның” ақ жолында деген ұғымды білдіреді деп түсіндірді. Ауыл ақсақалдарының аутуынша, Сунақ деген ұғым: Сырдариядан аққан су, арнаға нақ түскендіктен айтылған. Содықтан суы нақ ағады, яғни Сунақ деген сөзден шықан деп  түсіндіріп береді. \r\n\r\n3Сығанақта жер асты жолы бар деген мәліметтер көп кездеседі. Күрішшілер егін жеріне су жібергенде бәрі бір толмайды және де сол жерлерде тесіктер бар көрінеді. Сол тесікке тас тастаса домалап, тоқтамай кете беретін көрінеді. Біз бұдан жер асты жолы бар деген мәліметтердің рас екенін жоқа шығара алмаймыз деп, ауыл ақсақалдары айтып берді.\r\n\r\n         Шырақшы Бақытжан ағайдан “Орта ғасырдағы Сығанақ” қаласы жайлы сұрағанымда, былай деп жауап берді: Сығанақ ежелден келе жатқан қала және де Моңғол шапқыншылығы  кезіндегі үлкен қала. Сығанақты Шыңғыс ханның   ұлы Жошы хан билеген және сол жерде теңге соқтырған. Сығанақтағы мешіт бұл сол жердің халқының мешіті. Бұл мешітті  шамамен 1937-1938 жылдары Авангард колхозының  кәрістері келіп қиратқан. Осы мешіттің  кірпіштерін монша, үй және т.б. құрылысқа пайдалануға алған. Бұзған адамдар, яғни мешітке балта шапқан адам сол жерде құлап өлген.(8- сурет) Бастаған адамнан ұрпақ қалмаған. Кейбірі  ауруға шалдығып өлген көрінеді. Бұл мешітті Яссауи университетінің профессоры  Жолдасбаев 100-ден аса студенттермен бірге жазда   келіп зертеген. Жолдасбаев бастаған археологиялық зерттеу 2 жылдан бері жүргізіліп келеді. (7- сурет) Сығанақтағы археологиялық зерттеу қазба жұмысын әлі де жалғастырып, зерттеуде. Студенттер қазба жұмысында бүтін және сынық құмыралар, қыш құмыралар тапқан. Яғни Сығанақта қолөнер жақсы дамыған. Саудасына келетін болсақ, Ержановтың “Сунақтар” атты кітабында: Әр базар сайын 500 түйе сатылған деседі. Бұл дерек Сығанақ қаласының үлкен болғанын айтады. Сығанақ қаласының орны қазіргі Сунақ ата атауы  Жөлек ауылына  дейінгі   орынды қамтыған. Сығанақтың жер көлемі 45 шаршы шақырым болған. Неге?- Сығанақ қаласына тақтайлар, қоршау қойылмаған?- деп сұрағанымда, бұл мемлекеттің  меншігінде одақтың кезінде мән бермеген, 1951-1954 жылдары су тасқыны  кезінде, бейіттерді қорғанға қойған болатын. Қазіргі таңда бұл бейіттерді қайта алғызып жатыр, деп сауалдарға жауап берді.\r\n\r\n         «Жанға шипа, емге дәру» киелі  жер турасында,  Сығанақ қаласы  да  киелі екендігін айта отырып, нақты мысалдармен дәлелдеймін.\r\n\r\n         Ата баба әруағына бас иіп, жер-жерден келіп жатқан адамдар легі тоқтаған емес. Соңғы 5 жылда бабалар әруағана әр түрлі ауруларына шипа іздеп келушілерді орташа есеппен былай көрсетуге болады. (схемада көрсетілген)\r\n\r\n         Науқастардың көпшілігі\r\n

    \r\n

  1. Нәрестеге зәрулер.
  2. \r\n

  3. Бас ауруына, жүйке ауруына ұшырағандар.
  4. \r\n

  5. Ұйқысыздық.
  6. \r\n

  7. Қан қысымы аурулары т.б.
  8. \r\n

\r\nНиет етіп келе жатқандар шырақшының айтуынша ата баба әруағына бас иіп, киелі жер екенін айта отырып, түрлі ауруларына шипа іздеп келіп жатқан көрінеді нәтйжесінде, алғыс айтып жүрген адамдар қаншама. Ендеше қолда барды сақтап, қадірлей білейік дегім келеді.\r\n\r\n         4-5 – суретте көрсетілгендей, қазіргі Сығанақ қаласының орны бүгінде біраз жерді алып, төбе болып жатыр. Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе Сығанақ қаласында мәдениеттің жақсы дамығанын, онда табылған қыш ыдыстардың қалдықтары және Сығанақтан табылған қыш құмыра үлгілері дәлел бола алады. 9-суретте көрсетілгендей (XIV ғ) бұл қыш құмыра Сығанақтан табылған. Сонымен қатар бұл қыш құмыра Жахаев музейінде сақталып тұр.\r\n\r\nЖұмыстың мазмұнын қорытындылай келе, Сығанақ  қаласының  орнынан тек үйінді төмпешіктерді кездестіреміз. Бейнетаспадағы ауыл ақсақалдарының әңгімесіне назар салтын болсақ Орта ғасырда өте үлкен шақар болғанын жоққа шығара алмаймыз.Бұл қалаға археолог ғалымдар зерттеу жұмысын толық жүргізіп, ондағы бейіттерді алғызып, әлі ашылмаған құпия сырларын ашып, халыққа соны жеткізе білсе, біз одан ұтылмаймыз.\r\n\r\n         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен жүргізіліп жатқан “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде“Сунақ –Ата” (Сығанақ) қорымын қорғау жөнінде нақты іс – шаралар жүзеге асырылса, ата-бабаларымыздың алдындағы парызымызды өтегеніміз болып саналады деп,  өз жұмысымды аяқтаймын.\r\n\r\n                                                       4Қорытынды\r\n\r\n         Республика мұражайларының қорында сақталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштерін тұрақты түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етееді. Осыны мезге ала отырып ұлттық тарих күшін айрықша мәні бар мұражай қорларын қалпына келтіру мен түзеу жөнінде орталықты  құру мүмкіндігін қарау қажет деп орынды айтылған деп ойлаймын.\r\n\r\nЗерттеу  жұмысымды қорытындылай келе  көптеген әдебиеттер арқылы жұмыстың мазмұнына және ауыл ақсақалдарының, шырақшы Бақытжан ағайдың әңгімелері арқылы қазіргі жағдайына көз жеткіздім.Дәл қазіргі уақытта Сығанақ қаласы төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыздың құпиясын тығып сіресіп жатыр. Бір кездері гүлденіп тұрған Сығанақ қаласы дәл қазіргі уақытта, өзінің бұрынғы мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділер ғана қалған.\r\n\r\nСонымен қатар Орта ғасырдағы қалаларға бүгінде Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қорқыт мазарлары қорғауға алынып, қайта салынып жөндеуден өткен. Дәл осындай маңызы зор ескерткіштердің бір қатары құлап жатыр. Есімі бүкіл шығысқа әйгілі Көккесене, Сунақ –Ата,Жүніс әулие т.б бүгінде толық жойылған. Ал Қазалы жеріндегі “Бегім ана”, “Сараман қоса” қарақұмдағы “Қырық қыз” мазарлары жартылай қираған.\r\n\r\nӘзірге аман тұрғандары “Сырылтым”, “Ақтас”, “Оқшы Ата” сияқты ескерткіштері ғана. Солардың  өзі жарылып бүгін болмаса ертең құлап қалу қаупінде екенін ескерер болсақ, бұл салада атқарылар жұмыстар аз болмаса керек. Қызылорда облыс тұрғындары үшін мақтаныш тұтып, тағылым алар мәдениет мұралары баршылық. Олар мемлекеттік қорғауға алынатын халық байлығы болып табылады.Сондықтан суландыру жұмысын  жүргізетін мекемелер, ауыл шаруашылығымен айналысатын кіші кәсіпорын және тұлғалар барлық жердегі тарих пен  мәдениет ескерткіштерін қамқорлыққа алуға тиіс.\r\n\r\nБәрімізге белгілі Сығанақ қаласы қазір Сунақ- Ата ауылы болып табылады. Бір кезде Шиелі, Жаңақорған бір болғанын ескерсек, оның Ұлы Жібек Жолында орналасқанын пайдалансақ бұл қасиетті қала, әлі талай тарих тұңғиығынан тіл қатары анық.\r\n\r\nЗерттеу жұмысымды қорытындылай келе Сығанақ қаласына туристер келуге жағдай жасалса, интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып интернеттік жобалар дайындалса сайын даласындағы  мыңдаған асыл мұралардың жаңа ғасыры басталары хақ. Осы жәдгерлерімізді бар әлемге осылайша насихаттасақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын. Сонымен қатар Сығанақ қаласына, аймақ қалаларына жүргізілетін археологиялық жұмыстар нәтижесінде осы қаланың маңызы мен ролін одан әрі арттыра түседі деген ойдамын.\r\n\r\nҰсыныс \r\n\r\nӨзімнің ұсынысым:  1. Археолог ғалымдар жүргізген жұмыстары үнемі теледидар арқылы көрсетіліп отырса.\r\n

    \r\n

  1. Бейнетаспа касеталары қолға тисе.
  2. \r\n

  3. Тарихи және Өлкетану мұражайларына тапсырылса.
  4. \r\n

  5. Сығанақ қаласына туристер келуге жағдай жасалса.
  6. \r\n

\r\n5.Интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып, интернеттік жобалар дайындалса.\r\n

    \r\n

  1. Сығанақ қаласы қоршалып, тақтайлар қойылса,ондағы тұрған бейіттер түгелімен алынса.
  2. \r\n

\r\nМені толғандырған мәселе: Орта ғсырдағы Сығанақ қаласының қазіргі жағдайы және орны. Себебі ондағы бейіттер әлі де толық алынбаған. Қорғанның жоғарғы бөлігі қоршауға алынбаған.Киелі орындарды ардақтау, әрбір адамзаттың, әрбір мұсылманның міндеті екенін есімізден шығармағанымыз жөн.\r\n\r\n Пайдаланған әдебиеттер тізімі\r\n\r\n[1] Ә.Қоңыратбаев Сыр бойындағы Оғыз –Қыпшақ далалары 16.09.2005ж\r\n\r\nСыр бойы.№187 – 188\r\n\r\n[2]Сунақ Ата Сыр бойы 20.10.2004ж\r\n\r\n[3]Сығанақ. Қазақ тарихы. №3 1995 ж.7 бет\r\n\r\n[4] А. Сопыбеков. Сығанақ. Сыр өнері 23 маусым. 2006 ж №14\r\n\r\n[5]А.Ж.Жонтаева. Сыр  елінің мәдени мұралары. Қызылорда  2005 ж.265 бет\r\n\r\n[6] Ғ. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы  Жібек Жолы және  ортағасырлық Қазақстан.Алматы.\r\n\r\n      1992 ж. 16 бет\r\n\r\n[7]А.Ю.Якубовский. Развалин Сыганака. Гаймк Сообщение 1929 ж. 124 бет\r\n\r\n[8] Т.Мәмбиев. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат. Қызылорда 2000 жыл. 89 бет\r\n\r\n[9] Ә. Бәкіров. Сығанақ. Сыр бойы. 1993 ж. 7 қазан. №120\r\n\r\n[10] Ә. Әбіласанов. Сығанақ. Алматы. Өнер. 1991 ж\r\n\r\n[11] Т. Мәмиев. Қызылорда облысының археологиялық  ескерткіштер. Алматы 2000 ж. 28 бет\r\n\r\n[12]З. Жайлыбай. Сырлы Сығанақ.Ақиқат. №6, 2005ж\r\n\r\n[13] Ә. Дибаев. Сығанақ. «Тарту» 260 бет\r\n\r\n[14] Ж. Шайдар. Сыр ғұламалары. Шымкент, 2002 ж\r\n\r\n[15 ]Рүстемұлы Төлеген. «Қылауыз – Ата шежіресі» 1998 ж\r\n\r\n \r\n\r\n