ІІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының ережесі

5
8823
ІІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының ережесі

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып, білікті педагогтарды анықтау және оларды қолдау мақсатында ІІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасын(бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары колледж, мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне жеке-жеке дайындалады.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада 2 кезеңнен ұйымдастырылады: І кезең: 2020 жылдың 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығы, ІІ кезең: 2020 жылдың 23 қазан мен 2 қараша аралығы. Қорытындысы: 2020 жылдың 4-5 қараша күні анықталады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы кубок беріледі. Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 40 педагог «Ozat pedagog» медалімен, 15 педагог бір реттік атаулы стипендиямен және 2-кезеңде 24, 25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22 телефондары арқылы білуіңізге болады.

ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІН ЖҮКТЕП АЛУ

ІІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

 1.1.           Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2.           Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kzжәне martebe.kz сайттарында жарияланады; 

1.3.           Олимпиада qaztest.kz сайтында 2 кезең бойынша  (І кезең: 2020 жылдың 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығы, ІІ кезең: 2020 жылдың 23 қазан мен 2 қарашааралығында) онлайн өткізіледі; 

1.4.           Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мұғалімдер және балабақша қызметкерлері қатыса алады; 

1.5.           Олимпиада 1-кезеңінің тапсырмалары колледж, мектеп мұғалімдері үшін педагогика, тәрбие жұмыстарының әдістемесі бойынша, ал мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері үшін мектепке дейінгі педагогика және мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәндері бойынша беріледі;  

1.6.           2-кезең туралы қосымша ақпараттар 22 қазан күні сайтта жарияланады;  

1.7.           Тапсырмаларды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі; 

1.8.           Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.           Колледж және мектеп мұғалімдерінің педагогика және психология негіздері, тәрбие жұмыстары мен оқыту әдістемесі бойынша білім деңгейін тексеру;

2.2.           Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің мектепке дейінгі педагогика және мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәндері бойынша білім
деңгейін тексеру;

2.3.           Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және республикамыздың үздік білім беру саласы қызметкерлерін марапаттау.

 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.           Олимпиада 2 кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан барлығы 50 сұрақтан тұрады.

3.2.           Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.           1-кезеңнен 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар 2-кезеңге  жолдама алады;

3.4.           Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5.           Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.6.           Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7.           Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.8.           Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.           Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.           Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.3.           Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.4.           Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.5.           Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.6.           Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.7.           Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.8.           Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.9.           Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Төлемдер әр кезеңге жеке-жеке жасалынады. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөліміндежарияланады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Бірінші кезең қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша 2 кезеңнен де ең жоғары нәтиже көрсеткен 40 педагогке «Ozat pedagog» медалі беріледі және 15 педагог бір реттік қаржылай атаулы стипендиямен марапатталады (бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). Екінші кезеңде 24-25 ұпай алған қатысушыларға «Құрмет грамотасы» беріледі. Қорытынды нәтиже, яғни медаль және стипендия иегерлері сайтта 2020 жылдың 4-5 қараша күндері жарияланады.

Ескерту! «Ozat pedagog» медалін иеленген қатысушылар қаржылай атаулы стипендияға үміткер бола алмайды. Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» кубогы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» кубогына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар.  Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІН ЖҮКТЕП АЛУ


5 ПІКІРЛЕР

  1. Олимпиаданың биыл да өз жалғасын тапқандығына қуаныштымыз

  2. Бірінші турға қатысып, екінші турға өттім. Енді екінші турдың басталғанын күтеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ