Қимыл есім формалы етістіктердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

0
1057
Иллюстрация: Freepik.com

Қимыл есім формаларынан сабақтас құрмалас сөйлемдерді құруға қатысатындары ретінде бұл тұста –у, -ыс, -і, -с тұлғаларын атаймыз.

-ыс, -іс, -с тұлғалы қимыл атауы (күліс, атыс) тәуелденіп көмектес септік жалғауын жалғап, бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да (барыс-ы-мен) бағыңқы компонентпен басыңқы компонентті мезгілдік қатынасқа түсіреді.

Жүк түсісімен, оны қоймаға тасыдық. Күн шығысымен, бұлт ыдырай бастады.

Бұл конструкцияларда бағыңқы компонент бір оқиғаны  басыңқы хабарлаған оқиғаның басталуына, жүзеге асуына мезгілдік меже ретінде атайды.

Қимыл есімдер етістікті предикативтік қызметке жегудің негізі болған.

Қимылды атайтын сөздер есім ретінде тәуелдік жалғауды қабылдап баяндауыш қызметінде бастауышпен грамматикалық (предикативтік) байланысқа түскен.

тұлғалы қимыл есім  (сөйлеу, жүру) үшін септеулігін қатыстырып, бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да, бағыныңқы компонент пен басыңқы компонентты мақсат мағыналы қатынасқа түсіреді.

Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішмен еңбектеп кеттік (С.Көбеев). Су тегіс жайылу үшін, сушы оны шелдеп жүргізді. Затында баланы жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасындағы жібектей нәзік махаббат жібі үзілмеу үшін екі жанды бір-біріне қоса білген иманнан да ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп, жік салмау үшін бала болмауын тілеп еді Шолпан (М.Жұмабаев).

Бұл конструкцияда бағыңқы компонент басыңқы компонент атаған оқиғаның болуына, жүзеге асуына себеп, мақсат болатын оқиғаны, іс-әрекетті хабарлайды.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Етістіктің көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  2. Шартты рай формалы етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  3. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  4. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  5. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  6. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  7. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  8. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер және оның грамматикалық-мағыналық түрлері
  11. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның танылуындағы проблемалар
  12. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалуы
  13. Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  14. -майынша, -ғалы, -гелі формалы көсемше қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ