Инновациялық менеджменттің методологиясы

0
5561

Инновация – бұл:
А) Кәсіпкерлік саласындағы әрдайым жаңару үрдісі
Б) Жаңа ойдың жаңа тауарлар мен қызметтерге айналуы
Инновация (жаңалық, жаңашылдық) – жаңа немесе жаңартылған өнімді жасау және нарыққа шығару негізінде туындаған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі немесе практикалық қызметте жаңа немесе жаңартылған технологиялардың пайдаланылуы.
«Инновация» термині латынның «innovus» сөзінен шыққан, мұндағы «in» — ішінде, «novus» — жаңа деген мағынаны білдіреді. ХХ ғасырда инновация технологиялық жаңалықтарды енгізумен түсіндірілді. Инновация терминін австриялық экономист-ғалым Й.А.Шумпетер (1883-1950 жж.)  «Экономикалық даму теориясы» (1911) атты еңбегінде алғаш қолданды. Бұл кезде инновациялар туралы сөз айтылмаған, дегенмен бұл кезде инновация деп, дамудың жаңа комбинацияларындағы өзгерулер деп түсіндірілді.

Шумпетер 5 өзгеруді атап көрсетті:

  1. жаңа техника, жаңа жаңа технологиялық үрдіс және өндірістің жаңа нарықтық қамтамасыз етілуі, яғни сату-сатып алу.
  2. жаңа қасиеттері бар өнімді енгізу.
  3. шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу.
  4. өндірісті ұйымдастырудағы және оның материалдық-техникалық қамтылуындағы өзгерістер.
  5. жаңа өткізу нарығына шығу.

ХХ ғасырдың 30 жылдарында Шумпетер инновация терминін кеңінен қолданды. Инновация – бұл өндірісте жаңа нарық және ұйымдастырылуы формасын, жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және транспорттық құралдарын қолдану және енгізу негізінде болған өзгерістер.

Инновациялық менеджменттің мақсаты – ғылымның, экономиканың және кәсіпорынның өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.
Инновация мақсаттарын төмендегідей көрсетуге болады:

  1. жаңа техникалық шешімдерді табу – ойлап шығару;
  2. ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жүргізу (ҒЗТКЖ);
  3. өнімнің сериялық өндірісін ұйымдастыру;
  4. параллельді түрде өткізуді ұйымдастыру және  дайындау;
  5. нарыққа жаңа өнім енгізу;
  6. үнемі технологияларды жетілдіру, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолымен жаңа нарықтарға шығу.

Инновациялық менеджменттің пәні болып инновациялық үрдісті зерттеу табылады. Инновациялық үрдіс – бұл зерттеме, жаңалықты жасау және енгізу бойынша жылдам дамушы комплексті үрдіс.
Инновациялық менеджменттің әдістері – жаңалықты жасау және енгізу кезіндегі зерттеудің теориялық құралдары мен практикалық басқару үрдісінің жиынтығы.
Инновациялық менеджментте келесі әдістер қолданылады:

  1. Жалпы әдістер:
  • Анализ (графиктік, салыстырмалы, баланстық және т.б.);
  • Жоспарлау;
  • Болжау (нормативті, экспертті, индексті, параметрлік);
  • Стратегиялық және тактикалық маркетинг (Моделдеу, сегменттеу, бағалау және анализ, зерттеу);
  1. Спецификалық әдістер:
  • Жүйелік анализ;
  • Факторлық анализ;
  • Экономика-математикалық моделдеу;
  • Функционалды-құндық анализ.

Жүйелік анализ – жүйелік подход негізінде объектінің қызмет етуінің екже-текжейлі анализі.

Аталған анализ түріне келесілер жатады:

  • компания менеджменті және оның бөлімшелерінің сапасы;
  • сыртқы ортаның компанияға әсері;
  • тауардың және ұйымның бәсекеге қабілеттілігі;
  • нарықтық позиция;
  • компанияның ғылыми потенциалы.

Факторлық анализ – ұйымның ішкі және сыртқы ортаның нақты факторларын анықтау және бағалау.

Экономика-математикалық моделдеу – ұйымның дамуының үлгілерін жасау кезінде олардың сипаттауына математикалық функцияларды қолдану.
Функционалды-құндық (функционально-ценавой) анализ —  объектілер мен процестерге кеткен шығындарды өтеп алу мақсатында жобаға салынған қаражаттың қайтарылымын жоғарылату мақсатында объектілер мен процестердің құрылымын кешенді зерттеу.
Аталған анализ түрінің тәсілдеріне жатады:

  • топтастыру;
  • жүйелендіру;
  • іріктеу;
  • детализазия;
  • жалпылау;
  • бақылау;
    «Инновациялық менеджмент» пәнінің басқару пәндерінің теоретикалық және практикалық сұрақтарының арасында алатын орны 

Инновация капиталды жаңа техника немесе технологияға, еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формаларына, қызмет көрсетуге, басқаруға және т.б.  салуының іске асырылған нәтижесі.
Кәсіпорындардың кейбіреуі әлде қайда сәттірек, ал кейбірі – жоқ. Мұндай айырмашылық, біріншісінің инновацияны енгізе алатын және одан пайда ала шығаратын ерекеше ұйым құра алуы, ал екіншісі бұндай ұйымды құру қолынан келмеуінің нәтижесінде туындайды.
Бизнестегі жетістіктер кәсіпкердің сабырлық және қанағаттық (қанағаттану) сезімінің пайда болуын болдыртпауы қажет. Прогрессивті технологиялармен басқарылатын қазіргі әлемде кез келген бизнес экспоненциалды түрде жедел дами түсуде. Мұнымен қоса, инновациялық басқарудың негіздері практикалық түрде тексерілуі әрқашанда өзекті. Бұл жағдайда кәсіпкер әр уақытта өзгермелі нарықтың коньюктурасынан яғни, жаңа технологиялардың пайда болуы және адам ресурстарының дамуына қарағанда бір қадам алдыда жүруге ұмтылуы қажет.
Бәсекеге қабілетті болып қалу үшін, компанияларға нарыққа бәсекелестерінің тауарлары мен қызметтеріне қарағанда жақсырақ немесе аналогына қарағанда арзан тауарлар мен қызметтерді жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, өнім мінездемесінің спектрін кеңейтуге, өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелілігін көтеру және бағаны бәсекелестеріне қарағанда жылдам түсіру керек. Олар жаңа өндірістік бағытты іске қосуда көшбасшы болуы қажет. Өсу үшін оларға мүмкін мүлдем жаңа нарық құру немесе венчурлік стратегияларды дамыту керек болады.
Төменде байқап тұрғанымыздай, әртүрлі авторлардың «инновация» туралы түсініктері көрсетілген, экономист ғалымдар инновация деп нені санау керек екені туралы бір қөзқарасты ұстанбайтынын көруге болады.

  «Инновация» түсінігіне деген көзқарастар эволюциясы

Автор «Инновация» түсінігі Ескерту
Й.А. Шумпетер Өндірісте жаңа нарық және ұйымдастырылуы формасын, жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және транспорттық құралдарын қолдану және енгізу негізінде болған өзгерістер Кадрлардың сандық және сапалық құрамына өзгерістер енгізу мүмкіндігі ескерілмеген, өндірістің нәтижелілігін көтеру міндеттілігі көрсетілмеген
Х. Хартман Практикада жаңа идеяларды, ұсыныстарды, ғылыми-зерттеу шешіміндерін және моделдерді іске асыру және қолдану Идеялардың нарыққа дейінгі қозғалысы, ұйымның кадрлар құрамының құрылымында өзгерістердің болу ықтималдылығы таңдалған идеяның міндетті нәтижелілігі қаралмаған
В.П. Лапин Адамдардың белгілі қажеттіліктерін неғұрлым жақсы қанағаттандыру мақсатында жаңа практикалық амалды қолдану, тарату және құру негізінде туындаған кешенді үрдіс Инновацияның нақты бір материалды объект, басқару-ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. инновация ретінде қарастырылмауы
Ф.Валента Өндіріс механизімінің құрылымында бастапқы кезеңіндегі өзгерістер, яғни, оның ішкі құрылымы жаңа жағдайға ауысуы (өнім, технология, өндіріс құралдары жатады) Жаңа өткізу нарығы мен жаңа шикізат түрлерін қолдану мүмкіндігі туралы айтылмаған. Инновацияның нәтижесі (қорытынды) оның мәнінің жоғалу (кері нәтиже) ықтималдылығы көрсетілді
Т. Брайн Интеллектуалды тауардың – өнертабыс, ақпарат, ноу-хау немесе идеяның экономикалық мазмұнының пайда болу үрдісі Оң әсер және идеяның нарықта өтуі міндетті болу керек екендігін атап көрсетуге болады

 Қорытынды:
Инновация – бұл бір мезеттік оқиға ғана емес, ол үнемі өзгеріп тұратын жағдайларға әсері.
Тұрақты инновациялық жүйе мәселені шешуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар ол жаңа қуаттар құрады, инновацияның болашақтағы мүмкіндіктерін ашады.
Инновация, жаңа бизнесті құру және венчурлік инвестициялар нарықтық көшбасшылардың тексерілген корпоративтік стратегиясы болып табылады.
Бұрын инновация жаңа білімнен жаңа өнімге дейінгі ара қашықтығы сызықтық траектория болып табылатын, ал қазіргі уақытта инновация бірліктік емес, сызықтық емес керісінше жүйелі болып табылады. Бұл дегеніміз, көптеген адмдардың арасында, ұйымдардың және қоршаған орта факторларының арақатынас кешенінің нәтижесі болып табылады.

Инновация бөлінбейді: «бөлшектерінің жақсы» екені, «жалпы жақсы» дегенді білдірмейді. Осы орайда, Питер Друкер – «Сізде тек ара немесе балға бар болса және сіз ешқашан тістеуік туралы естімесеңіз, сіз балташы бола алмайсыз. Тек осы барлық құралдарды бір жәшікке салған кезде ғана іс оңға басады», деп көрсетті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ