Үй жануарлары, мысық және күшігі марғау (Ашық сабақ)

0
741
Дене шынықтыру

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, төлдерін тануға үйрету.

Дамытушылық:  Танымдық белсенділігін арттыру, сұрақ-жауап арқылы ойлауын, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға бір біріне кедергі жасамауға  тапсырмаларды орындату барысында ынтасын, талабын арттырып, зейінді, білімді болуға тәрбиелеу.

Қос тілдік компонент: Мысық-кошка, марғау-котенок, үй жануарлары-домашние животные.

Көрнекі құралдар: Үйлестірмелі материалдар, қайшы желім жаққыш үй жануарлар суреті, слайд, үнтаспа.

Балалар бәріміз жарты шеңбер болып тұрып қонақтарымызбен амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме?

Балалар қонақтармен амандасады

Шаттық шеңберге тұрып жасайды.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Жарқыраған күнге.

-Балалар біз бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді саяхатқа ауылға баруымен бастаймыз.

Музыка әуені қойылады Балалар қимылмен жасап (қоян, кірпі, аю болып ауылға келу.)

Ой балалар қарандаршы төрт түлікті үй жануарлары ауылда тұрады екен.Атап көрейікші кімдер тұратынын

-Балалар ауылда нелер тұрады?

-Сиыр

-Дұрыс айтасыңдар?

Сиырдан біз не аламыз

-Сүт.

Сүттен не жасаймыз? Айран ірімшік, қаймақ, құрт.

Сиыр не жейді?

-Жем,шөп жейді

Не ішеді?

-Су ішеді.

Ауылда тағы нелер тұрады.

Жылқы тұрады

-Жылқының түсі қандай?

-Қоңыр

Оның ұзын жалы және құйрығы бар.

Жылқы мінсе көлік жесе ас екен. Адамдар жылқыға мініп мал баққан түрлі ойындар ойнаған. (қыз қуу, көкпар тарту,бәйге.)

-Өте дұрыс

-Мынау ешкі ол бізге сүт береді оның жүнінен киімдер тоқып киеміз

Ал мынау ше?

-Бұл түйе екі өркеші бар одан біз шұбат ішеміз.

Ауылда тағы кім тұрады?

Ит тұрады.

-Ол не істейді?

Ит үйді қорадағы малды күзетеді.

-Балалар мысық мамық жүнді болып келеді. Ол бізде сүт ішеді, ет жейді.

-Жақсы балалар өте жақсы айттыңдар.

Мысық жылап кіріп келеді.

-Саған не болды?

-Мысық

Балалар,  мен марғау күшіктерімді  жоғалтып алдым. Сендер маған тауып беруге көмектесесіңдер ме?

Әрине көмектесеміз бе балалар?

Көмектесейік!

Енді мұнда келіп жұмысымызды бастамас бұрын мына мысық суретін ақ сүлгіні жыртып алып, мысықтың басына жабыстырмаймыз денесімен құйрығына жапсырамыз. Ең бірінші ақ сүлгілерді жыртып алып домалақтап қоямыз. Суреті бар мысықтың денесіне қылқаламның ұшын ғана желімге малып кішкентай жеріне желімді жағып алып, домалақтап қойған ақ сүлгіні жапсырамыз. Жұмысымызға кіріспес бұрын сергіту сәтін жасап алайық,

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ,

Беске,бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Енді жұмысымызды бастаймық.

Жұмыс қажет болған балаларға жекелеме жұмыс жасаймын.

Қос тілдік компонент: Мысық-кошка, марғау-котенок,үй жануарлары-домашние животные.

Ал балалар жұмысымызды жасап болсақ слайд арқылы сергіту сәтін жасап алайық

Балалардың жұмысы аяқталғанда тақтадағы көрнекіліктерді шешіп, балалардың жұмыстарын жапсырырып мақтап мадақтаймын.

Мысықтын анасы қуанып аааа менің күшіктерім қағаздардың астына жасырынып қалыпты ғой.

Рахмет сендерге балалар! Менің күшіктерімді тауып бергендерің үшін менде сендерге берер татті конфеттерім бар. Оны сендерге сыйлайын.

Сабақты сұрақ жауап арқылы аяқтаймын. Балаларды мадақтаймын.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа да материалдар: 

  1. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  2. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  3. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  5. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  6. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  7. Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ