Экологиялық тыйымдар

0
2713

Қазақ халқы табиғат аясында тіршілік еткендіктен, оны қастерлеп, қадір тұтқан. Адамзат баласының тіршілік көзі жан-жануар, өсімдік болғандықтан, оларды ысырап етпеуді ұрпақ құлағына құйып өсірген. қазақ экологиялық тыйымдарды қатаң сақтау арқылы күнкөріс көздерін ғана қорғап қоймай, өз денсаулықтаны ауру-сырқаудан, жазатайым  мертігуден алдын ала сақтандырып отырған.

Мұндай экологиялық тйымдарды сақтамаса, қазіргідей медициналық қызмет жоқ жағдайда түрлі ауруға шалдығып, малды, жанды күйзеліске ұшыратуы мүмкін болған еді. Осылайша табиғатқа зиян келтірмеу, оны қорғау үшін айтылған көптеегн ұлағаты сөздер қағида болып қалыптасқан.

Арам өлген малдың немесе аңның етін жеуге болмайды.  Қазақта қолдан сойылған малдың немесе басқа да адал жануарлардың ғана етін жеген. Ал өз бетімен өліп қалған малдың етін арам деп жемейді.  Оның да ақылға қонатын жері бар — белгісіз себептен өлген малда белгісіз ауру болуы мүмкін, сондықтан күмәнді оқиғадан аулақ жүргенді дұрыс көрген. Тіпті арам өлген малдың терісін де алмайды. Оны табиғи санитарлар — ит-құс, құрт-құмырсқа жеп қояды.

Көкті жұлма. Мал өсірумен күн кешкен қазақ үшін көктің, яғни шөп-өсімдіктердің қадірі ерекше. Халқымыз үшін көк-малдың бірден-бір азығы. Сондықтан оны бей-берекет жұлуға жол бермеген. Көкті жұлса,»көктей соласың» деп жамандыққа жорыған.

Құс ұясын бұзба. қазақ халқында «Құс ұясын бұзсаң, обалы тиеді» деп құстардың ұямын бұзуға тыйым салған. Құс қарғаса, үй ішіне кесапаты тиеді деп сенген. Ертеректе киіз үйіне қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кетпейінше үйді жықпауға тырысады екен. Бұл халқымыздың қарлығашты берекелікпен, бейбіт өмірмен байланыстырғанынан болса керек.

Құдыққа түкірме. Ата-бабамыз көшпелі тұрмыс салтымен өмір кешкен. Жолда кездескен құдық тіршілік көзі болғандықтан, ондағы суды былғамауды кейінгі ұрпаққа бұйырып отырған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Ырым-тыйымдар туралы басқа да ақпарат:

  1. Бойтұмар, базарлық байғазы ырымы туралы

  2. Қазақ халқының ырымдары. Ақсарбас, көз тию, тізе бүгу туралы
  3. Ырым мен тыйымдар туралы. Ұшықтау, үшкіру, айдар қою тағы басқа

  4. Ақ құйып шығару, ауыз тию, сарқыт ырымдары туралы түсінік

  5. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ