Әйтпесе, әйтпегенде жалғаулықтары қатысып құрылған құрмалас сөйлемдер

0
1445
Иллюстрация: Freepik.com

Әйтпесе (олай етпесе), әйтпегенде (олай етпегенде) жалғаулықтары арқылы құрылған қарсылықтық салалас сөйлемдер мынандай нақты қатынастарды білдіреді.

  1. Бірінші компонент болған, болатын оқиғаны, іс-әрекетті хабарлайды, екінші компонент осы оқиға, іс-әрекет болмаған жағдайда туатын ситуацияны, жағдайды хабарлайды.

Кеңтоғайдан олар салт атқа мінді, әйтпесе егістік даланы өрмектінің ауындай сызып аққан арықтардан машина жете алмайтын еді (С.Мұқанов). Өткен жылдары май дәріден қашқан өзіңіз, әйтпегенде төл мұнан да көп болар еді (Ғ.Сланов).

Осындай қатынаста құрылған сөйлемдердің жұмсалу мақсаты бар.

а) Бірінші кезеңдегі ұшыраған ситуацияны мол көрсету.

ә) Бірінші компонент  атаған негізгі оқиғаның, істің дұрыс болғанын дәлелдеу.

Кейбір құрмалас сөйлемдердің мағынасында осы соңғы мақсат үстем болады.

Сондықтан екінші компонент бірінші компонент болжам ретінде хабарлағанға дәлел ретінде қатысады.

Хат келмеген болды, әйтпесе ендігі бір соқса керек еді (М.Иманжанов).

Бригадир кеңседе жоқ болды, әйтпесе аты байлаулы тұрар еді (М.Тиесов).

Әйтпесе байланыстырған компненттердің соңғы позициядағысы субьектіге, обьектіге тән негізгі сипатты хабарлайды да, ілгергісі кем, олқы жерін (жағдайын) хабарлайды.

Бұтасы кемдеу, әйтпесе кәдімгі шалғын бетеге (Ғ.Мұстафин). Анаң бұрынғыдай емес, қартайдым, екі тізем бастырмайды, әйтпесе сарайым сау, тісім бүтін (О.Бөкеев).

Әйтпесе құрған бұл типті құрмалас сөйлемдер бірақ құратын осы мағыналас сөйлемдерге конверсиялық вариант болып жұмсалады.

Салыстырыңыз: Бұтасы кемдеу, әйтпесе кәдімгі шалғын бетеге – Кәдімгі шалғын бетеге, бірақ бұтасы кемдеу.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  4. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  8. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  9. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  13. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  14. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  15. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы
  16. Алайда жалғаулығының қатысуымен құрылатын қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ