Байланыстырушы қайталама қатысып құрылатын мезгілдік қатынасты және қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

0
816
Иллюстрация: Freepik.com

Байланыстырушы қайталама қатысып құрылатын мезгілдік қатынасты салалас құрмалас сөйлемдер

Ілгері компоненттің баяндауышы өткен шақ есімше – соң (ған соң) үлгісімен қайталанып компонентті кейінгі позицияда тұрған компонентпен байланыстырады.

Қаншама күдіктенгенмен, келіні мен інісінің тарапынан сезікті ештеңе таба алмаған, таба алмаған соң тағдырдың жазуына амалсыз көнген (Ә.Асқар).

Осылай құрылған конструкцияда бағыңқы компонент атаған оқиға басыңқы атаған оқиғаның болуына мезгілдік меже ретінде қатысады: басыңқы атаған оқиға бағыңқы атаған оқиғадан соң жүзеге асқан.

Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық (грамматикалық) белгісі – қарсылықтық жалғаулықтар. Ол жалғаулықтар мыналар: бірақ, алайда, ал, әйткенмен, әйтседе, сөйтсе де,  сонда да, онда да, әйтпесе.

Жалғаулықтарды қызмет, жұмсалу ерекшелігіне сай мынандай топқа бөлеміз.

Бірінші топ: бірақ, алайда, ал.

Екінші топ: әйткенмен, әйтсе де, сөйтсе де.

Үшнші топ: сонда да, онда да.

Төртінші топ: әйтпесе.

Қарсылықтық қатынас адамның дүние, қоғамтануындағы өзара қарым-қатынасты тануындағы, ситуациялардағы жағдайларды, байланыстарды білудегі күрделі процестерді байқатады, соларды синтаксистік амалдар арқылы тілде бекіткенін көрсетеді. Қарсылықтық қатынас обьективті, субьективті көріністерге сүйеніп пайда болады. (Бұл өлкенің суы мол, әрі ауа райы салқын – Бұл өңірдің суы мол, бірақ ауа райы салқын екен).

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  4. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  8. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  9. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  13. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  14. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  15. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ