Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар

0
1815

Саяси қарым-қатынастар\r\n\r\n2009 жылдың 17 маусымында Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силваның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.  Бұл – Бразилия Президентінің Орта Азия аймағына бiрiншi сапары болған. Сапар барысында Президент Силваның Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен және Премьер-министрі К.Мәсімовпен келіссөздері жүргізілді. Келiссөздер нәтижесінде екі Елбасшы арасындағы Бiрлескен мәлімдеме қабылданды.\r\n\r\nХалықаралық ұйымдар шеңберiндегі ынтымақтастық\r\n\r\n2009 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауiпсiздiк кенесінің тұрақты мүшелігіне Бразилия кандидатурасын қолдады.\r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық \r\n\r\n2010 ж. қаңтар-қазан аралығында Қазақстан мен Бразилия арасындағы тауар айналымы 181,7 миллион АҚШ доллар құраған (экспорт – 13 млн.долл., импорт – 168,6 млн.долл.); 2009 ж. үйлес мерзімде – 156,7 миллион АҚШ доллар құраған (экспорт – 0,538 млн.долл., импорт – 156,2 млн.долл.).\r\n\r\n2009 ж. 12 желтоқсанда «ҚазАгроИновация» АҚ және «Эмбрапа» бразилиялық ауылшаруашылық корпорациясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.\r\n\r\n2009 ж. 5 наурызда қазақстандық жас футболшылар (26 адам) Бразилияға «Оле Бразил» футбол-спорт мектебінде оқу үшін бір жылға ұшып кетті. Аталған шара 2009 ж. басында қол қойылған Қазақстан спорт Федерациясы және бразилиялық «Оле Бразил» футбол мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім аясында іске асырылды.\r\n\r\n2009 ж. 1-2 қазанда Бразилия Федеративтік Республикасының Даму, Индустрия және Сыртқы сауда жөніндегі Министрінің орынбасары И.Рамальо бастаған бразилиялық сауда миссиясының сапары өтті. Аталған делегация құрамына бразилиялық ірі кәсіпорындарының 40-тан аса өкілдері кірді. Сапар барысында «қазақстандық-бразилиялық бизнес-форумы» өтті, және бразилиялықтар ҚР Индустрия және сауда министрлігінің, Ауылшаруашылық министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Қазақстан Даму Банкінің өкілдерімен кездесулер өткізді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ