Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы байланыс

0
4178

1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігін таныды.\r\n\r\n1992 жылы қазан айында ссссссссссссссссссссссссссссссссс орнатылды.\r\n\r\n1992 жылы – Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.\r\n\r\n1992 жылы — Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.\r\n\r\nРесей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды.\r\n\r\nҚазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.\r\n\r\n2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков.\r\n\r\n 2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников.\r\n\r\nЕкі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.\r\n\r\nРесей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 17 пайыздан астамын құрайды.\r\n\r\nАнықтама 2009 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 12,4 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ресейге  қазақстан  өнімін экспорттау 3,5 млрд. АҚШ долларын,  ал ресей  өнімін  импорттау – 8,9 млрд. АҚШ долларын құрады.\r\n\r\n2010 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Ресей арасындағы  тауар айналымы  4,6 млрд. АҚШ долларын құрады (өткен жылғы  осы кезеңмен  салыстырғанда 32,6 пайызға  өскен). Қазақстаннан  экспорт 72,7%  өсіп, 1686,6 млн. АҚШ долларын құрады, ал Қазақстанға ресей импорты – 17,1% және 2951,8 млн. АҚШ долларын құрады.\r\n\r\n2009 — 2010 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің Бірлескен іс-қимыл жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда, оны өткен жылғы желтоқсанда Бурабайда Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі барысында біздің мемлекеттеріміздің Басшылары  қабылдаған. Аталған Жоспар қысқа мерзімді перспективада екі жақты ынтымақтастықтың барлық саласындағы мәселелерді шешуді қарастырады.\r\n\r\nҚазақстан мен Ресей Ресейдің магистральді құбыр желісін қолдану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелерінде өзара ықпалдасуда, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылы Атырау-Самара құбыр желісі жүйесімен мұнай тасымалдаудың  көлемі  17,5 млн. тонна мұнайды құрады.\r\n\r\n2009 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы бойынша экспортқа 34,6 млн. тонна мұнай тасымалданды, бұл 2008  жылмен  салыстырғанда 9,9% көп.\r\n\r\nҚазақстан-ресей жылу энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты одан  әрі тереңдетудің  маңызды элементі Каспий құбыр желісі консорциумын жылына 33 тен 67 млн. тоннаға дейін ұлғайтудың  принциптері  туралы меморандумға  қол  қою  болды.\r\n\r\nҚазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы мәселені шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынское» кен орндарының құрылымдарын жасау бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру белгіленді.\r\n\r\n \r\n\r\nБіздің елдер, сонымен қатар, Каспий құбыр желісі консорциумының негізгі акционерлері болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан ОПЕК мүшесіне жатпайтын елдер арасынан ЕО нарығындағы мұнай экспортерлері арасында үшінші орында (Ресей мен Норвегиядан кейін).\r\n\r\nҚазақстан газын өндірудің және оны іске асырудың артуына байланысты Ресейде газ өңдеу бойынша өзара іс-қимыл және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану белсенділігі арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрамдарының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге, одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. (2009 жылдың қорытындысы бойынша газ тасымалының жалпы көлемі 25,1 млрд. текше метрді құрады.)\r\n\r\n2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңы газ желісі құрылысындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол бойынша Тараптар түрікмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аумақтары арқылы тасымалдау үшін қолданыстағы «Окарем-Бейнеу» және «Орталық Азия — Орталық»  газ желісін қайта құруды есепке ала отырып, «Белек» (Түркіменстан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетіне дейін  Каспий маңы газ желісі құрылысын іске асыруды қаматамасыз етеді.\r\n\r\nАтом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық белсенді дамуда. МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында басқа елдердің қатысуы үшін уран байытуды қоса  алғанда, ядролық отын циклі қызметін көрсету жөніндегі Халықаралық орталық құрылып, ашылды. \r\n\r\nҒарыш саласындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. «Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды жұмыстар атқарды.\r\n\r\nҚазіргі заманға лайық «Бәйтерек»  зымыран-ғарыштық кешенін жасауда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.\r\n\r\n2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның ғаламдық жүйесінің (ГЛОНАСС) жобасы бойынша  өзара бірлескен жұмыс туралы және де ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.\r\n\r\nКүткендегідей, бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге өздерінің ғылыми-техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік береді.\r\n\r\nАвтожол және коммуникация жолдары құрылысы саласында Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда.\r\n\r\nҚазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғайтын жоба бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. «Санкт-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» жол жүру бағыты салынуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді.\r\n\r\nТрансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі өзегі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамыту бойынша шаралар қабылдануда.\r\n\r\nСу көлігі саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде, Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз бассейндерін жалғайтын су көлігі  құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.\r\n\r\n \r\n\r\n         Ақтау-Астрахань, Ақтау-Махачкала паромды желісі ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуын өз қаражаттары есебінен төлейді.\r\n\r\n Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықта біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісім жобасына қол қою үшін, сонымен қатар 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізіп  тұруда Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау бойынша жұмыстар  жүргізілуде.\r\n\r\nҚазақстан-ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады. Әр жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекет басшылары қатысуымен шекара маңы өңірлері жетекшілерінің Форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың  неғұрлым өзекті мәселелері, сондай-ақ табиғатты пайдалануда бірыңғай стандарттарды қолдану, өзендерді, су қоймаларын және басқа да табиғат ресурстарын бірлесе пайдалану туралы талқыланды.\r\n\r\n2008 жылғы 22 қыркүйектегі өткен шекара маңы өңірлері жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары оны Өңіраралық ынтымақтастық Форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешім қабылдады, ол мәжіліс Орынбор қаласында 2009 жылғы 11 қыркүйегінде өтті.\r\n\r\nҚазақстан мен Ресей арасында 1999 жылдан бастап Үкіметаралық комиссия жұмыс жасайды, оның шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері шешіледі. \r\n\r\nДәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыс одан әрі дамуда.\r\n\r\n2007 жылы қазанда білім, гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), туризм және спорт, денсаулық сақтау, жастар ұйымдарының қызметтері және тағы басқа салаларға арналған нақты шараларды жүзеге асыру жөнінде 2007-2010 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласы бойынша Мемлекетаралық бағдарламаға қол қойылды.\r\n\r\nЕкі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.\r\n\r\nСонымен қатар, 2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті Д.А. Медведевтің екі жақты кездесуі барысында 2009 — 2010 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің Бірлескен іс-қимылы туралы жоспар қабылданды.\r\n\r\n2008 жылғы  4-5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Ресей Федерациясына ресми сапары болды.\r\n\r\n2008    жылғы  22-23   мамырда   Ресей   Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің Қазақстан Республикасына мемлекетік сапары болды.\r\n\r\n2008 жылғы 5-6 шілдеде Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведев астананың мерейтойын тойлауға орай Мемлекет басшыларының бейресми басқосуына қатысты.\r\n\r\n2008 жылғы 16-17 қазанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды. \r\n\r\n2008 жылғы 29-30 қазанда Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды.\r\n\r\n2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің Ресейге жұмыс сапары болды.\r\n\r\n2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттері басшыларының бейресми басқосуы өтті.\r\n\r\n2009 жылғы 4 ақпанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік ұжымы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңес отырысы   барысында   ҚР   Президенті   Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті\r\n\r\nД.А.Медведевтің екі жақты кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келіссөздер өтті.\r\n\r\n2009 жылғы 13-14 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі\r\n\r\nМ.М. Тәжиннің Ресей Федерациясына жұмыс сапары болды.\r\n\r\n2009 жылғы 21 мамырда Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды.\r\n\r\n2009 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевтің шақыруымен Орталық Мәскеу Ипподромының 175-жылдығын тойлауына орай Ресейге сапары болды.\r\n\r\n2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VI Форумы болды.\r\n\r\n2009 жылғы 11 қыркүйекте Ақтау қаласында Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан басшыларының бейресми басқосуы өтті.\r\n\r\n2009 жылғы 15-16 қазанда Астана қаласында ҚР мен РФ арасындағы  ынтымақтастық  жөніндегі Үкіметаралық  комиссияның 13-отырысы  болып өтті.\r\n\r\n2009 жылғы 13-17 қарашада ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаевтың Ресей Федерациясына ресми  сапары болды.\r\n\r\n 2010 жылғы 16-18  қаңтарда Бүкіл Ресей  және  Мәскеу  Патриархы Кириллдің Қазақстанға  сапары болды.\r\n\r\n2010 жылғы 14-15 ақпанда РФ-да (Завидово, Тверь  облысы) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің бейресми кездесуі болды, сонымен қатар Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.Путинмен келісөздер өтті.\r\n\r\n2010 жылғы 21-22 ақпанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары болды.\r\n\r\n2010 жылғы 3-4 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің Ресейге жұмыс сапары болды.\r\n\r\n2010 жылғы 25 наурызда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның  СІМ Кеңесіне ҚР Сыртқы істер министрінің  Бірінші орынбасары Н.Әбіқаев  қатысты.  \r\n\r\n2010 жылғы 26 наурызда Мәскеуде ТМД СІМ Кеңесіне  ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Б.Саудабаев қатысты. \r\n\r\n2010 жылғы 2 сәуірде РФ Өнеркәсіп  және  сауда  министрі – Қазақстан мен Ресей арасындағы  Үкіметаралық  комиссияның ресей  бөлігінің  тең  төрағасы В.Христенконың  Қазақстанға  сапары  болды.\r\n\r\n2010 жылғы 12 сәуірде Вашингтонда Ядролық  қауіпсіздік  бойынша ғаламдық  саммиттің  шеңберінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің бейресми кездесуі болды.\r\n\r\n2010 жылғы 8-9 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің басшыларының бейресми кездесуіне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығын тойлауға  қатысты іс-шараларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы.\r\n\r\n2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі отырыстарына  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің қатысуы.\r\n\r\n2010 жылғы 21 мамырда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше  мелекеттердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы  барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Б.Саудабаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі С.В. Лавровтың екі жақты  кездесуі болды.\r\n\r\n2010 жылғы 28 мамырда Санкт-Петербургте ҚР және РФ Премьер-Министрлері К.К.Мәсімов пен В.В.Путиннің қатысуымен Кеден одағының жоғарғы органының отырысы болды, оның қорытындысы  бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын құру  шеңберінде халықаралық  шарттарды  қолдану туралы келісім-шартқа  қол қойылды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ