Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қатынастар

0
2276

15 шілде 1992 ж. – Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнады.\r\n\r\n1993 ж. қараша – Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі   ашылды.\r\n\r\n2003 ж. қыркүйек – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық Миссиясы ашылды.\r\n\r\n2008 ж. мамыр айынан бастап – Румынияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Э.Рапчя болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси қатынастар\r\n\r\n1992 ж. шілде – Румынияның Сыртқы істер министрі А.Настасенің Қазақстанға ресми сапары орын алды. Сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Протоколға қол қойылды.\r\n\r\n1998 ж. қыркүйек – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары орын алды.\r\n\r\n1999 ж. қараша – Румыния Президенті Э.Константинескудің Қазақстанға ресми сапары орын алды.\r\n\r\n2003 ж. қыркүйек – Румыния Президенті И.Илиескудің Қазақстанға ресми сапары орын алды.\r\n\r\n2007 ж. қараша – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға мемлекеттік сапары орын алды.\r\n\r\nҚазақстан мен Румыния арасында саяси диалог белсендендірілуде, екі жақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар дамуда, сонымен қатар, БҰҰ, ЕҚЫҰ  және басқа халықаралық ұйымдардың шеңберінде екі ел жігерлері жұмылдырылуда.\r\n\r\nЕлдердің арасындағы екі жақты байланыстардың табысты дамуы мен нығаюына Қазақстанның Румынияны 2001 ж. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету арызына және 2003 ж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі сайлауында қолдау көрсетуінен, сонымен қатар, Румыния Қазақстанды 2010 ж. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету арызына қолдау көрсетуінен байқауға болады. Сонымен бірге, екі ел бір-бірін ЭКОСОС, Әлемдік Туристтік Ұйымның Атқарушы Кеңесі мүшеліктеріне өзара қолдау көрсетіп отырды.\r\n\r\nҚазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамаларын ескере отырып – 2010 ж. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету, ДСҰ-на кіруге дайындығы, «Еуропаға жол» атты бағдарламасының қабылдануы, басқа да халықаралық интеграциялық үрдістерде қатысуы, Румынияның ЕҚЫҰ-да төрағалық еткен тәжірибесі, еуропалық құрылымдарға интеграциялану тәжірибесі қызығушылық тудырады. Еуропалық және халықаралық стандарттарға сай елдің заңнамаларын кең ауқымда сәйкестендіру бойынша румындық тәжірибе Қазақстан үшін өзекті болып табылады.\r\n\r\nРумындық тарап Қазақстанның саяси, экономикалық тұрғыдан дамуына мән беріп, түрлі салалардағы, сонымен қатар, қағамның әрі қарай демократизациялану саласындағы жетістіктерді жоғары бағалайды. Атап айтқанда, 2007 жылы Румыния Президенті Т.Басеску ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына жолдаған арнаухатында Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету мүддесіне қолдау көрсетіп, бұл қадам Орталық Азия өңірінде ЕҚЫҰ үлгіқалыптары мен міндеттерінің таратылуына қолқабыс береді деп мәлімдеді.\r\n\r\n2007 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Румынияға жасаған мемлекеттік сапары Еуропалық елдермен қарым-қатынастарды тереңдету бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының басымдылықтары шеңберінде өте маңызды болып табылады және екі елдің арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық тиімді ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін беріп, күрделі қадам болды.\r\n\r\nПарламентаралық қарым-қатынастардың нығая түсу дәлелдерінің бірі екі елдің бас заңдылық органдарында депутаттық достық топтарының қызмет атқаруын айтуға болады.\r\n\r\n \r\n\r\n2005 жылғы президенттік сайлауда Румыния Парламентінің 8 депутаты және 2007 жылғы парламенттік сайлауда Румыния Парламентінің 4 депутаты бақылаушы ретінде қатысып, нәтижесі бойынша өткізілген сайлауға оң баға берді.\r\n\r\nСонымен бірге, Румыния Парламентінің 4 депутаты 2008ж. 28 маусым – 3 шілде аралығында Астанада өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысып, қазақстандық әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\nҚазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстар динамикалық түрде дамып келе жатқанын айтуға болады.\r\n\r\nРумынияның кіші және орта бизнес, сауда және еркін мамандықтар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылы Казақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 3 882,8 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде, 3 800,9 млн. АҚШ долл. – Қазақстаннан Румынияға жеткізілетін тауарлар, 82 млн. АҚШ долл. – Румыниядан экспорт. Қазақстан үшін позитивті сальдо 3 418,3 млн. АҚШ долл. құрады. Румыниядан жеткізілетін тауарлардың негізгі бөлігі металл және металдан жасалатын өнімдер (44,8%) және машиналар мен электрожабдықтар (45,5%), ал Қазақстан жақтан шикі мұнай (97,3%) болып табылады.\r\n\r\n2009 жылдың қаңтар – шілде айларында тауар айналымы — 278,1 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде, 256,7 млн. – Румынияның экспорты, 21,4 млн. – Румынияның импорты.\r\n\r\nҚазақстан-румын сауда-экономикалық ынтымақтастық келесі бағытармен дамып отыр мұнай бизнесі, машина жасау (Румын техникаларын Қазақстанға жеткізу), металлургия, көлік (ТРАСЕКА бағдарламасы, тауарлар транзиті), жиһаз, аяқ-киім және жеңіл өндіріс (Румын жиһаздарын, аяқ-киім және киімдерді Қазақстанға жеткізу).\r\n\r\nРумын жақтың ақпараты бойынша, болу елінде бүгінгі таңда жиһаз, аяқ-киім, киім және дәрі-дәрмек сату саласындағы қазақстан-румындық 11 бірлескен өнеркәсіп жұмыс жасап жатыр. Ал Қазақстанда мұнай-газ саласында қызмет атқарып жатқан 15 бірлескен өнеркәсіптер тіркелген.\r\n\r\nЕкі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселесін шешу құралдарының бірі Қазақстан-Румыния сауда-экономикалық және ғылыми техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия болып табылады. 2008 жылы 14-15 тамызда өткен Комиссияның 7-ші отырысының қортындысы бойынша әртүрлі саладағы екі-жақты қарым-қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді. Комиссия отырысында және мамандар кездесулерінде әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың негізгі мәселелері, екі елдің экономикаларына инвестициялар және жаңа технологияларды тарту мүмкіндіктері жан-жақты талқыланып, екі жақты сауда айналымының динамикасы ерекше атап өтілді.\r\n\r\nҚазақстанда көпшілікке танымал румындық «Petrom», «Upet», «Petromservice» және т.б. мұнай-газ компаниялары мұнай кен орындарын зерттеу және өңдеу бойынша жұмыстарын атқарып отыр.\r\n\r\n2007 жылғы тамыз айынан бері «Қазмұнайгаз» АҚ Ұлттық компаниясы румындық «RomPetrol Group TRG» компаниясының 75% ие болып отыр.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдени-гуманитарлық байланыстар\r\n\r\nҚазақстан мен Румыния арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар позитивті динамикаға ие болып, білімаралық байланыстардың кеңеюі байқалып отыр. \r\n\r\nЖыл сайын қаңтар айында румын оқушылары Алматы қаласында өтетін Жаутықов атындағы Математика және физика бойынша халықаралық олимпиадаға, мамыр айында қазақстандық мектеп оқушылары Бухарест қаласында өтетін компьютерлік олимпиадаға қатысып отырады. ҚР Консутитуция күніне, ҚР Республика күніне және ҚР Тәуелсіздік күніне орай болмыш елде тіркелген елшілік, Румыния мемлекеттік органдары, академиялық қоғам, БАҚ өкілдерінің және іскер адамдардың қатысуымен салтанатты қабылдау өткізіліп отырады. Қонақтар Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы саяси, экономикалық дамуы, республикадағы түрлі халықтардың бейбітшілік аясында өмір сүруі жөнінде бейнефильмдер шолып, имидждік материалдарға бөленеді.\r\n\r\n2008 жылы қыркүйек айында Румыния Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен, Қазақстаннан 10 этникалық румындар Бухарестке келді. Сапардың мақсаты қонақтарды өзінің тарихи отандарымен таныстыру.\r\n\r\nҚазіргі уақытта 7 қазақстандық студент Плоешть қаласындағы Мұнай және газ университетінде білім алып жатыр. Аталған студенттер Қазақстанда жұмыс істеп жатқан румындық компаниялардың тағайындаған стипендиялары есебінен жолданған болатын.\r\n\r\nБілім саласындағы байланыстардың негізі ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Румыния Білім, ғылым және жастар министрлігі арасындағы білім саласында ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ