Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастар

0
5599

Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды.\r\n\r\nСаяси саладағы өзара іс-қимыл. Бүгінгі күні Қазақстан және Тәжікстан кең көлемді екі жақты қатынастар көлемінде ынтымақтастың бар саласын қамтитын елуден астам құқықтық негізі бар 70 астам келісім-шарттарға қол қойған.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 12-13 қыркүйектегі Тәжікстанға ресми сапарының барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастығын дамыту мүмкіншіліктерін талқылады.\r\n\r\nҚазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың мықты импульсы ретінде 2008 жылғы 12-13 мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмоновтың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды. Сапар нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәслелелерін жоғары деңгейде үйлестіріп, шешуге және оның басымды бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін ҚР мен ТР Мемлекетаралық Үйлестіруші Кеңесі және Сыртқы істер министрлері кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды. \r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық. \r\n\r\nТәжікстанның сыртқы саудасында Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында Ресейден кейін 2 орынға ие. Тәжікстан мен Қазақстанның 2009 жылда сыртқы сауда айналымы 2008 жылмен салыстырғанда 8%-ке төмендеп 255,1 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 240,3 млн., импорт – 14,8 млн. АҚШ долл).\r\n\r\n2010 жылдың І тоқсанында ҚР мен ТР арасындағы сауда айналымы 4709 млн.АҚШ долларын құрады (экспорт – 45,3 млн., импорт – 2,5 млн. АҚШ долл).\r\n\r\nЕкі мемлекет арасында екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында  Экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық қазақстан-тәжік комиссиясы жұмыс істейді және осы комиссияның 7-ші отырысы 2009 жылғы 8-9 желтоқсанда Астанада өтті.\r\n\r\nМәдени-гуманитарлық ынтымақтастық екі мемлекет арасында даму үстінде. \r\n\r\n2008 жылдың 20-24 қазанда Душанбеде Қазақстанның Мәдениет күндері өтті. Оның барысында қазақстандық фильмдердің көрінісі, қазақстандық аспапты және би ансамблдерінің концерттері өтті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ